Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / История / Рабочие программы / План урока по истории на тему "Шоқан Уәлиханов –қазақтың ұлы ғалымы"(8 класс)
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • История

План урока по истории на тему "Шоқан Уәлиханов –қазақтың ұлы ғалымы"(8 класс)

библиотека
материалов

hello_html_721d0e0c.gifhello_html_5165b4fe.gifhello_html_17e91118.gifhello_html_m435567c1.gifhello_html_6cf33495.gifhello_html_4a4fd482.gifhello_html_41719fc7.gifhello_html_3a7aae4c.gifhello_html_6084dd4.gifhello_html_m212c9552.gif Қазақстан тарихы 8 «Ә» класы

Сабақтың тақырыбы: Шоқан Уәлиханов –қазақтың ұлы ғалымы

Сабақтың мақсаты:1). Білімділік:  Қазақ халқының ұлы ғалымы Шоқан Уәлихановтың

өмірі, өмір сүрген ортасы, ғылыми ізденістері, саяхаттары,ғылымға

қосқан үлесі жайлы  оқушылардың шығармашылық жұмысы арқылы

кең түрде мағлұмат беру 

 

                                2) Дамытушылық: Оқушылардың мәтінмен жұмыс істеу дағдысына

сүйене отырып, олардың тарихи ойлау (есте сақтау) қабілетін жетілдіре

түсу, өздігінен білім алуға, ізденулеріне жағдай жасау. оқушылардың

ой-өрісін дамыту.

Шоқанды- тарихшы , этнограф, географ, өз ұлтының жанашыры ретінде

таныту.

 

                              3) Тәрбиелік:  Оқушылардың бойында ұлы ғұлама туралы тәрбиелі

әсер қалыптастыру, Шоқанның өміріне деген қызығушылық сезіміне

                               тәрбиелеу; оқушыларды рухани білімділікке, еңбексүйгіштікке,

мәдениеттілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:Шығармашылық ізденіс сабағы

 

Сабақтың типі:    жаңа материалды меңгерту сабағы

 

Сабақтың әдіс-тәсілдері:   ізденушілік, зерттеушілік іс-әрекеттері, баяндау,талдау, сұрақ-

жауап, өз бетінше жұмыс

 

Көрнекі құралдар:  Ш.Уәлиханов туралы оқушылар дайындаған  слайдтар,

баспасөз материалдары, тарихи шығармалардан үзінді,

                                   Шоқан туралы жазылған сөздер, тірек сызбалар, карта, суреттер,

үлестірме қағаздар,

                                   

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі:

Оқушы зейінін сабаққа аудару

ІІ.Жаңа сабақ:   Шоқан Уәлиханов –қазақтың ұлы ғалымы  

 - Балалар, бүгінгі сабағымыздың – күнделікті сабақтардан өзгешелігі бар. Бүгін біз  «Шоқан Уәлиханов –қазақтың ұлы ғалымы  » атты тақырыпта шығармашылық ізденіс сабағын өтеміз.

- Балалар, қай заманда, қай ғасырда болмасын мәңгі өлмес тұлғалар болады. ХІХ ғасырдың 2- жартысында өмір сүрген , қазақтың дана да дара тұлғасы, артына өшпес мұра қалдырған ұлы ғалымы – Шоқан Уәлиханов. Шоқан Уәлихановтың балалық шағы мен өмірі, ғылыми жұмыстары, саяхаттары туралы орындаған шығармашылық жұмысымызды қорытындылаймыз. 1. Ізденіс жұмысының тақырыптары:

І-топ: «Тектіден текті туар қайталанбас»

ІІ- топ: «Ғұлама-Шоқан»

ІІІ-топ: «Шоқанның саяхаттары»


 Бұл сабақтың өзіндік ерекшелігі оқушыларға алдын ала тапсырма беріліп, ізденіс жұмыстарын сабаққа пайдаланып, оқушы пікірі тыңдалады.


І-топ зерттеушілері: «Тектіден текті туар қайталанбас». Топ оқушылары Шоқанның өмірі, өскен ортасы, алған білімі туралы баяндайды. Слайд №1



Тірек сызба:

Тектіден текті туар қайталанбас

Абылай хан- үш жүздің ханы





Уәли хан






Шыңғыс





Шоқан




ІІ- топ: «Ғұлама-Шоқан». Топ оқушылары ұлы Шоқанның ғылыми ізденістері,ғылыми мұрасы туралы баяндайды. Слайд №2

          “Жоңғария очерктері”

          “Манас”

          “Ыстықкөл сапарының күнделігі”

          “Алты шаһарға сапар”

          Қырғыздар туралы жазбалар

          «Шығыс Түркістан»

          «ХҮІІІ ғасырдың батырлары туралы тарихи аңыздар»

          «Қырғыздың ата-тегі» және тағы басқа еңбектері мен қатар

  • Бейнелеу өнері саласындағы еңбектері 150 ге жуық сурет

ІІІ-топ: «Шоқанның саяхаттары» Шоқанның негізгі үш саяхаты, ғылымға қосқан үлесі жайлы баяндайды. Слайд №3

1-саяхаты-     1855 жылы Шоқан Орталық Қазақстанды, Жетісу мен Тарбағатайды аралайды.    

2 саяхаты-  1856 жылы Шоқан Қырғыз елін зерттеу экспедициясына қатысады. 

3 саяхаты-   1858-1859 жылдары Қашқарияға барған атақты саяхатын жасайды.


- Міне балалар, сіздер Шоқан туралы зерттеушілеріміз жинаған мәліметтермен таныстыңыздар. Енді осы айтылғандарға сүйеніп Шоқан тұлғасын анықтайық.


2.Топтастыру стратегиясы: Шоқан кім?. Оқушылар жұмысы тексеріледі.(Слайд 4)

Ғалым




Әскери маман

Қоғам қайраткері

Саяхатшы

Тарихшы,

C:\Users\нуркен\Desktop\загруженное.jpg



Археолог









Географ



Суретші

Зерттеуші,





3.Ой қозғау: -Енді осындағы Шоқанның ғалым ретіндегі ролін анықтайық, Кім дәлелдеп айтып береді? Енді Шоқан туралы орыс ғалымдары не дейді екен ? Оқушыларға үлестірмелі карточкалар таратып оқыту.

Естеліктер:

   «Ш.Уәлиханов өз халқын зерттеуді және онымен орыс жұртшылығын таныстыруды бірінші міндет етіп қойды. Ш.Уәлихановтың екінші ойы халықты оқыту болды»,- деп толғана жазады Н.М.Ядринцев.


 

   «Шоқанға Байрон, Гейне, Лермонтов шығармалары күшті ықпал жасаған. Шоқан өзінің орыс жолдастарынан озып, жедел жетікті. Шоқан екеумізді бір-ақ нәрсе – қазақ  даласы мен Орта Азия қызықтыра берді»,-дейді Г.Н.Потанин.


 

     П.П.Семенов-Тяншанский: «Г.Н.Потанинмен қатар Омбыда менің, әсіресе көңілімді аударған екінші бір адамым Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов болды. Ерекше қабілетті Шоқан Уәлиханов Омбының кадет корпусын зор табыспен бітірген.Кейін менің ықпалыммен Петербургтегі университетте лекция тыңдап, француз және неміс тілдерін жақсы меңгерді. Шығыстың тарихы жөнінде көп білетін тамаша оқымысты болып шықты».


 

   И.И.Веселовский: «Шоқан Уәлиханов шығыстану әлеміне құйрықты жұлдыздай жарқ етіп шыға келгенде, орыстың шығыс зерттеуші ғалымдары оны ерекше құбылыс деп түгел мойындап, түркі халықтарының тағдыры туралы одан маңызы зор, ұлы жаңалықтар ашуды күткен еді. Бірақ Шоқанның мезгілсіз өлімі біздің бұл үмітімізді үзіп кетті»,-деп жазды.



4. Өзіндік жұмыстар: 1) Ш.Уәлихановтың өмірінің негізгі кезеңдері жайлы даталарды толтырады: Слайд № 5

  • 1835 жылы-

  • 1847 жылы-

  • 1853 жылы-

  • 1856 жылы

  • 1857-1859 жылдары

  • 1859-1861 жылдары-

  • 1864 жылы-

  • 1865 жылы-

2) Кесте толтыру. Ш. Уәлихановтың өмір беттерінен не білеміз? Слайд №7


1.Шын аты


2.Арғы атасы, қазақтың ұлы ханы


3.Қай қалада білім алды?


4.Кадет корпусынан қандай лауазым алды?


5.Шоқанның орыс досы


6.Шоқанның атақты саяхаты


7.Шоқанның қайтыс болған жері?





3) Картамен жұмыс: Оқушыларға кескін карта таратылып беріледі. Осы картаға Шоқан өміріне қатысты жерлерді, болған қалаларының орнын түсіру. Тақтаға ілінген картадан көрсету.

C:\Users\нуркен\Desktop\1290164185.jpg

1. Шоқан Уәлиханов ...

Ғалым

Дәрігер

Саяхатшы

Суретші



2. Шоқан Уәлиханов

саяхат жасаған жерлер....

Қашқарияға

Ыстықкөлге

Ташкентке

Жетісуға



4) «Артығын тап!» (ауызша орындалатын тапсырма) Слйд №8











4. Шоқан Уәлихановтың ескерткіші орнатылған жер

Алтынемел

Астана

Алматы

Көкшетау

3. Шоқан Уәлиханов шығармалары.....

«Абай жолы»

«Манас»

Алты шаһарға сапар”

Жоңғария очерктері”

















ІҮ. Қорытынды. Ш.Уәлихановтың замандастары-ғалымдар, жазушылар оның еңбегін жоғары бағалады. Ш.Уәлиханов-қазақтың ғұлама-ғалымы. Түркістан мен Қазақстанды, Орта Азия халықтарының тарихы мен мәдениетін зерттеуші. Ол аз ғана 30 жылдық ғұмырында ұлы істер тындырып кетті. Қазақ халқының тарихы мен оның тұрмысын ғылыми тұрғыда терең зерттеудің негізін салды. Ш.Уәлиханов Шығыс Түркістанға сапары кезінде ұлан-ғайыр материалдар жинады: әсіресе оның қарындашпен салған суреттерінің маңызы зор. Ш. Уәлихановтың ғылыми мұрасы Қазақстан және Ресей халықтары тарихының күрделі проблемасын қамтыды. Шоқан Уәлихановтың қызметіне Орыс географиялық қоғамы мен Ресей ғалымдарының атынан баға беріп келіп, шығыстанушы ғалым, академик Н.Веселовский былай деп жазды: «Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов шығыстану ғылымында аққан жұлдыздай жарқ етті де жоқ болды. Орыс ориенталистері оны ілуде бір кездесетін ғажайып дарын иесі деп таныды және одан түркі халықтарының тағдыры жөнінде ұлы да маңызды жаңалықтар ашады деп күткен еді».

Ү. Сабақты бекіту.

  1. Шоқанның туып-өскен жері туралы не білесіңдер?

  2. Шоқанның тұлға ретінде қалыптасуына туысқандарының, әлеуметтік жағдайдың, т, өз кезеңінің алдыңғы қатарлы азаматтарымен достасуының әсері болды ма? Нақты жауап беріңдер.

  3. Шоқанның мінез-құлқы туралы не білесіңдер? Өзіңе оның қандай мінезін үлгі етіп алар едің?

  4. «Шоқан өз халқының нағыз патриоты болды». «Патриот» ұғымын қалай түсінесіңдер

  5. « Таза тақта» ойынын ойнату. Тақтаға Шоқан өмірімен байланысты бірнеше тарихи жылдар ілінеді. Оқушылар бұл жылы не болғанын айту керек. Дұрыс айтылса тақтадан ол тарихи жыл алынады. Ең соңында таза тақта қалу керек.


1855

1859-1861

1856

1853



1865




1847



1835







6.Рефлекция: Экран арқылы « Бәйтерек» суреті көрсетіледі. Балалар, бүгін барлықтарың сабақта тамаша жұмыс істедіңдер. Сендерге үлкен рахмет!


Бүгінгі сабағымызды мына «Бәйтерекпен» қалай байланыстырамыз?

http://korovin.me/travel/astana/baiterek/images/baiterek.jpgОқушылар өз ойларын айтады.

ҮІ. Оқушыларды бағалау

ҮІІ.Үйге тапсырма : Шоқан Уәлиханов –қазақтың ұлы ғалымы

  • Ғылыми зерттеулері және олардың маңызы

  • Шоқан туралы сөзжұмбақ





«Тәрбиеленушілердің жеке өзіндік дамуының жүйесіндегі жобалау» экспериментіне сәйкес

Қазақстан тарихы бойынша 8 «Ә»класында өткізілген ашық сабаққа

Талдау.

Тақырыбы: Шоқан Уәлиханов –қазақтың ұлы ғалымы Сабаққа қойылған мақсат: Білімділік:  Қазақ халқының ұлы ғалымы Шоқан Уәлихановтың өмірі, өмір сүрген ортасы, ғылыми ізденістері, саяхаттары,ғылымға қосқан үлесі жайлы  оқушылардың шығармашылық жұмысы арқылы кең түрде мағлұмат беру. Дамытушылық: Оқушылардың мәтінмен жұмыс істеу дағдысына сүйене отырып, олардың тарихи ойлау (есте сақтау) қабілетін жетілдіре түсу, өздігінен білім алуға, ізденулеріне жағдай жасау. Оқушылардың ой-өрісін дамыту. Шоқанды- тарихшы , этнограф, географ, өз ұлтының жанашыры ретіне таныту. Тәрбиелік:  Оқушылардың бойында ұлы ғұлама туралы тәрбиелі әсер қалыптастыру, Шоқанның өміріне деген қызығушылық сезіміне тәрбиелеу; оқушыларды рухани білімділікке, еңбексүйгіштікке, мәдениеттілікке тәрбиелеу. оқушыларды шығармашылықпен жұмыс істеуге үйрете отырып ұлтжандылыққа тәрбиелеу. Бұл сабақтың «Тәрбиеленушілердің жеке өзіндік дамуының жүйесіндегі жобалау» экспериментіндегі орны қандай? Сабақ негізінде 8 класс оқушыларымен жүргізіліп жатқан жобалау технологиясының тақырыбы « Қазақстанның мәдениетінің» ХІХ ғасырдағы көрнекті өкілі туралы білім қалыптастыру. Бұл сабақтың алдыңғы сабақтармен байланысы қандай, бұл сабақ келесі өтетін сабақтарға қалай әсер етеді дегенге келетін болсақ, жобалау технолгиясының жалпы тақырыбына сәйкес « бүгінгі мәдени жетістіктеріміздің бастау бұлағы- ұлттық мәдениет» тақырыбының жалғасы екендігін меңгерту. Сабақты жоспарлауда қазіргі сабақтың негізгі идеясы – оқыту – тәрбиелеу – дамытудың бірыңғай болуы басшылыққа алынды. Сабақтың жалпы функциясы: оқушының өзіндік білім алуын, шығармашылықпен жұмыс істеуін, тұтас тұлға ретінде дамуын дамытушылық және тәрбиелік оқыту негізінде қалыптастыру. Сабақты жоспарлауда оқушылардың өз бетімен оқу іс-әрекетін құруға, жобалау технологиясы бойынша жұмыс жасай білуге үйрету ерекшеліктері ескерілді. Сабақ мазмұны оқушыларға алдын-ала берілген тапсырмаларға сәйкес ізденіс жұмыстары бойынша орындалған ХІХ ғасырдың 2- жартысында өмір сүрген , қазақтың дана да дара тұлғасы, артына өшпес мұра қалдырған ұлы ғалымы –Шоқан Уәлихановтың балалық шағы мен өмірі, ғылыми жұмыстары, саяхаттары туралы орындаған шығармашылық жұмысты қорытындылау. Сабақ барысында жаңа материалды игерудің әдіс-тәсілдері: СТО әдістері, ізденушілік, зерттеушілік іс-әрекеттері, баяндау,талдау, сұрақ- жауап, өз бетінше жұмыс нәтижесін баяндау,картамен жұмыс ,слайдпен жұмыс жасау әдістері қолданылды.Осы әдістер арқылы тақырыптың ғылыми негізде меңгеріліп , 8 класс оқушылары үшін түсінуге оңайлығы, оңтайлығы,жүйелігі жүзеге асты. «Шоқан өз халқының нағыз патриоты болды». «Патриот» ұғымын қалай түсінесіңдер? деген проблемалық мәселеге оқушылар өте жақсы жауап беріп шықты. Және рефлексия кезіндегі логикалық тапсырма Шоқанды Астана символы «Бәйтерекпен» байланыстыру тапсырмасында оқушылар таным белсенділіктерін көрсете алды.

Сабақ барысында оқушылардың өз беттерінше сабақты игеруіне көп көңіл бөлінді. Сабақ жоспарында қарастырылған жұмыстар толық орындалды. Сабақ соңынан сабақ қорытындыланып оқушылар бағаланды. Оқушылар сабаққа белсенді қатысты.

Пән оқытушы: Нұртаева А.Ә





Автор
Дата добавления 29.03.2016
Раздел История
Подраздел Рабочие программы
Просмотров179
Номер материала ДВ-565667
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх