Инфоурок ИЗО, МХК КонспектыПлан урока по ИЗО "Қолөнер түрлері"

План урока по ИЗО "Қолөнер түрлері"

Скачать материал

                                                                                                                Уақыты:  26.02.2015 жыл                                                                                         

Бекітемін:                                                                                                                                              Мектеп  директорының  оқу-ісі  жөніндегі  меңгерушісі:                Г.Нұрманова

 

 

 

Ашық  сабақ

 

Тақырыбы:Қазақ  халқының  және  әлем  халықтарының  қолөнер  түрлері

Пәні:  Бейнелеу  өнері

Класы:5

Өткізген:Бейнелеу  өнері  және  сызу                                 пәнінің  мұғалімі:  Б.Сақып

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Т.Жаманмұрынов  атындағы орта  мектебі                                                                                                              2014-2015  оқу  жылы

Сабақтың  тақырыбы: Қазақ  халқының  және  әлем  халықтарының  қолөнер  түрлері

 

Сабақтың  мақсаты:                                                                                                                                                                        1. Оқушыларға қазақтың ұлттық қолөнері туралы мәлімет беру, әр түріне қысқаша тоқталу. Әлем  халықтар  өнерлерінің  құпияларын  ашуға қызығушылығын  ояту
2. Оқушылардың қазақтың байырғы қолөнеріне, шеберліктеріне қызығушылығын арттыру.Басқа  ұлт  қолөнерінің  қазақ қолөнерінен  айырмашылығын  зерттеу
3. Оқушыларды өз ұлтының дәстүрлерін, бабадан қалған қолөнерін құрметтеуге, дәріптей білуге тәрбиелеу.

а) Білімділік: Қазақтың қолданбалы қолөнер бұйымдарының түрлері мен қолданылатын материалдары және орындау техникасы туралы түсінігін қалыптастыру.
б) Дамытушылық: Оқушылардың қолөнер бұйымдарын дайындау технологиясының бірізділігін меңгерту үшін жағдай жасау. Шығармашылық қиялдың, ойлау әрекетінің дамуын салыстыру, талдау, ептілігін, икемділігін дамыту.
в) Тәрбиелік: Оқушыларды ұлттық қолөнерді жандандыру, ісмерлікке, еңбекке баулу, ұқыптылыққа, жүйелі еңбек етуге және шығармашылыққа тәрбиелеу.
Оқушыларды осы өнер түрімен қызықтыру, сұлулықты қабылдау сезімін ояту, жинақылыққа, икемділікке, эстетикалық талғамдылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: дәстүрлі,түсіндіру, сұрақ-жауап,талдау,тест  алу,өз бетінше сарамандық жұмыс орындау.
Сабақтық көрнекілігі: слайд, «қол өнер-мол  өнер»  бұрыш  көрмесі,дайын сурет түрлері,сызбалар,плакаттар,өнер  атрибуттар  бұрышы.                    Жабдығы:Компютерь,молверт  тұғырлары,құм  сағат,планшет  тақтайшалар                         Қажетті  құралдар:Ақ  қағаз,гашь,қылқалам,графикалық  бояулар,қарындаш,палитра,су  құйғыш,палитра,шүберек т.б
Пәнаралық байланыс: сызу, бейнелеу өнері, тарих.

I. Ұйымдастыру кезеңі:
• Оқушылармен сәлемдесемін;
• Оқушыларды түгендеймін;
• Оқушылардың құрал – жабдықтарын түгендеу;
• Оқушылардың зейіндерін сабаққа аударту.

аСергіту  сәті:                                                                                                                                                           1-ойын: «Ғажайып  суретшілер»  2-ойын: «Тез  ойлан»

II. Үй тапсырмасын тексеру.
Өткен тақырыпты қайталай отырып, оқушыларға тақырып бойынша сұрақтар қою,әр  оқушы  ретімен  шығып  орындаған  тапсырмаларын  талдау.

Үй  тапсырмасын  қорытындылау:                                                                                                 Өткен  тақырып бойынша  сұрақтар  қою,сөзжұмбақ  шешу

Жаңа  сабақ:                                                                                                                                                 Қазақ  халқының  және  әлем  халықтарының  қолөнер  түрлері
Жаңа  сабақ:                                                                                                                                                 Қазақ  халқының  және  әлем  халықтарының  қолөнер  түрлері

      ҚАЗАҚ  ХАЛҚЫНЫҢ  ҚОЛӨНЕРІ:Қазақ  халқының  ғасырлар  бойы  қалыптасқан  ұлттық  мұрасының  материалдық  қазынасының  қомақты  бөлігі-ұлттық  қолөнер.Қазіргі кезде  ұлттық  қолөнер  болашақ  ұрпаққа  эстетикалық  тәрбие  берудің  бірден-бір  құралына  айналуда.Қолөнер  тәрбиенің  құнды  құралы,қолөнер  атадан  балаға  мирас  болып  келе  жатқан  асыл  мұра,қолөнер-кәсіп,қолөнер-қол  еңбегі,қолөнер  ғасырлар  бойы  дамып  келе  жатқан  халық  шығармашылығы.Қазақ  халқының  сәндік  қолданбалы  өнерінің  көп  ғасырлық  тарихы  бар.Сәндік  қолданбалы  өнер  деп  тек  қана  практикалық жағынан  ғана  емес,эстетикалық  жағынан  да  маңызы  бар  көркемдеп  жасалған  қолөнер  туындысын  айтамыз.Сәндік  қолөнерді  жасау  үшін  ағаш,сүйек,әйнек,темір,тері,жүн,т.б  материалдар  қажет.Қай халықтың  болса  да,  тұрмыс-тіршілігіне  қажетті  әдемі бұйымдарымен  заттарын  дүниеге  әкелген – қолөнер.Солардың  ішінде  біздің  қазақ  халқы  қолөнерінің  дамуының  өзінше  ерекшелігі  бар.Бұл  қолөнер-дизайнның  шарықтау  шегі  десе де  болады,себебі  дизайн  саласымен  тығыз  байланысты,Бұл  өнер  аса  ұқыптылықты,жоғары  талғаммен  тазалықты  және  де  еңбекқорлықпен  шыдамдылықты  талап  ететін  өнер  саласы.  

      Ертедегі қазақ оюларын мазмұны жағынан іріктесек, негізінен 3 түрлі ұғымды бейнелейді. Олар: біріншіден, мал өсіру мен аңшылықты, екіншіден, жер - су, көшіп - қону көріністерін, үшіншіден, күнделікті өмірде кездесетін әр түрлі заттардың сыртқы бейнесін береді. Шеберлер іске беріліп, жұмыс әдісіне төселе келе өздерінің көрген ою - үлгілерін жатқа жасап, оюға өз бетімен жаңа түрлер енгізу дәрежесіне жетті.
Халық мұндай адамдарды «оюшы» деп атады.Қазақ қоғамындағы өндірістің тағы бір түрі — үй кәсіпшілігі. Үй кәсіпшілігінің негізгі қызметі шаруашылықты қажетті құрал-жабдықтармен, тұрмысқа қажетті заттармен қамтамасыз ету. Қазақ қоғамының шаруашылығы мен кәсіпшілігі, негізінен, табиғи болды. Яғни, шаруашылықтан алынатын өнім де, кәсіпшілік арқылы өндірілетін құрал-сайман, тұрмыс жабдығы, қолөнер туындылары да, негізінен, қауымның өз қажеті үшін шығарылды. Сондықтан да Қазақстан Ресей құрамында капиталистік қарым-қатынасқа, тауарлы өндіріс жүйесіне кіргенге дейін қазақ қауымының шаруашылығы табиғи болды, ал кәсіпшілігі үлкен өндірістік, тауарлық мақсатқа құрылмай, негізінен, ауыл-үй, қауымдастар сұранысын өтеуге бағытталды. Кәсіпшіліктің бұл деңгейдегі түрі үй кәсіпшілігі деп аталды. Қазақ ұсталарының, зергерлерінің қолынан шыққан заттар ешбір елдің өндірістік деңгейде ұйымдастырылған қолөнер заттарынан кем болмаған. Көшпелі тұрмысқа ыңғайланып жасалған түркі-монғол халықтарының, қазақтың киіз үйі өзінің сәулеттік, құрылымдық, ішкі-сыртқы жабдықтары жағынан адамзат баласы ақыл-ойының, өнерінің ең бір шырқау шегі болып табылады.         Қазақтың ұлттық қолөнері халқымыздың ата - бабадан ұрпаққа жеткен шеберлігі, ұсталығы, ісмерлігі.

ҚОЛӨНЕРҚолөнер  түрін  4-топқа  бөліп  қарастыруға  болады,олар  мыналар:





ҰСТА,Қару-жарақ,     Ер-тұрман,   сауыт-сайман тб жасаумен  шұғылданатын  адам ЗЕРГЕР,Алтын мен  күмістен сырға,алқа,   шолпы,сақина  білезік тб жасайтын  адам. ІСМЕР,Ұлттық  киімдер  тігумен  айналысатын  адам.сонымен  қатар  текемет,алаша,ою-өрнек,тұс киіз  жасаушылар ШЕБЕР,Ағаштан  әр  түрлі  бұйымдар  жасайтын  адам,соның  ішінде,сувинерлік  бұйымдар,сандық,мүсін,сүйекпен  мүйізден т.б жасалған бұйым
 

 

 

 

 

 

 

 

 


Қазақтың ұлттық қолөнерінің бірнеше түрі бар.

Қазақтың ұлттық қолөнері
♦ Ағаштан жасалатын бұйымдар
♦ Ұлттық киімдер
♦ Ши орау қолөнері
♦ Теріден жасалатын бұйымдар
♦ Сүйек, мүйізден жасалатын заттар
♦ Жүннен жасалатын заттар
♦ Зергерлік бұйымдар
♦ Кесте. Көрмеп тігу қолөнері
♦ Ою - өрнек және олардың түрлері
♦ Өрмек, тоқыма қолөнері

Ағаш бұйымдары
Қазақтың ұлттық қолөнерінде ағаштан көптеген заттар жасалады. Балташылар, ағаш ұсталары, ершілер қайыңды, үйеңкіні, үйшілер, ағаш ойып, шыбық өріп тоқушылар талды пайдаланады. Балташылар үй борайды, еден төсеп, арба, шана, жақтау, қақпа, тіреу сияқты ірі заттарды істейді. Ағаш ұстасы стол, шкаф, сөре, орындық, кебеже, асадал, рамалар жасайды. Ағаш оюшылар оны жонып күйдіреді де бояулап өрнектейді. Шыбық өрушілер, тоқушылар қамыстан, шиден қорап, шыпта, орындық, шарбақ сияқты заттарды өреді. Бұл жұмысқа бұтақсыз, оқырасы жоқ, таза ағаш таңдап алынады.
      

          

Ағаш ұсталығы.Сандық
Қазақ тұрмысында ертеден-ақ ағаш ұсталығы жақсы дамыған. Ағаш ұсталары киіз үйдің сүйегін, арба, қайқыбас төсек, кебеже, жүкаяқ, сандық, үстел жасаған. Ер қосатын ершілер де ағаш ұстасы болып саналады. Сонымен қатар ағаш шеберлері тұрмысқа қажетті астау, ағаш табақ, тегене, ожау, ағаш шелек, көнек, піспек, күбі, саптыаяқ, т.б. заттар жасаған.
    Ағаш ұсталығына пайдаланылатын негізгі құралдар: балта, шот, балға, қашау, үскі, бұрғы.Қазақ ағаш өнерінің ең бір кең тараған түрі — ершілік өнері. Ерге қайың, үйеңкі, қара мойыл сияқты мықты ағаштарды таңдаған. Бұл ағаштардың түбірі (томары) қатты болады. Ерге арналып қиылған ағаш мұқият кептіріледі. Қазақ ері, әдетте, бес бөліктен тұрады алдыңғы қасы, артқы қасы, екі қаптал ағаштары және белдік ағашы (бел ағаш)   

 

 

 

 

Бұл бұйымдар аталған кезде мынадай өлең жолдары ойыңа оралады.

Қолөнер құрақ құрау, ою - өрнек,
Атты баптап, ер тұрман, қамшы өрмек,
Салт - дәстүрі ешкімге ұқсамаған,
Қазақта ғой байлаған жіпті күрмеп.
Қазақта қолөнердің кереметі,
Оюлап шығарған сырмақ пен текеметті.
Қандай шебер, қазақ қыздары, айтыңдаршы,
Құрақты, оюлауды дөңгелетті.

Бүгін біз сол ұлттық қолөнер бұйымдарының бірегейімен танысамыз.
Киіз үй
Қазақтың байырғы ұлттық баспанасы киіз үй болған, оны кейде қазақ үйі деп атайды. Қазақ үйлерінің үлкен - кішілігін керегелер санына қарай белгілейді. Киіз үйлердің екі, үш қанаттан бастап он екі, он сегіз, отыз қанатқа дейін жететін үлкендері болған. Киіз үйлердің түрлері мен атаулары да көп. Бұрынғы хан - сұлтандар мен атақты байлардың үйлері 8 қанаттан бастап 30 қанатқа дейін баратын. Бұларды ақ орда, алтын орда, алтын үзік деп атаған. Ал орташа шаруа мен кедей шаруаларға тән киіз үйлерді алты қанат ақ үй, боз үй, қоңыр үй, қара үй, жаба салма, көтерме туырлықты, күрке, қамсау (шошала), отау, итарқа, жаппа деп атаған.
Қазақ үйлерінің сүйегі кереге, уық, шаңырақ, маңдайша, таяныш, табалдырық, сықырлауық деп аталатын ағаш құралдардан тұрады.

    


Киіз басу
Киіз басуға қойдың күзде қырқып алынған күзем жүнін пайдаланған. Алдымен, киізге арналған жүнді тазалайды. Ол үшін жүнді тулаққа салып, сабау ағашпен тулақтың жан-жағынан отырып алып сабаған. Сонда жүн шаң-тозаңнан, шөп-шаламнан арылады және ұйысы жазылады. Тулақ дегеніміз — сиырдың иленбеген, керіп кептірген қатты терісі. Ал сабауды бұтақсыз түзу талдан, жыңғылдан, тобылғыдан жасаған. Жүн сабау, әдетте, ойын-сауықпен өтеді. Жүн сабалып болған соң «тулақ шашу» деген ырым жасалады.
Қазақта оюлы киізді текемет, сырмақ деп екіге бөледі. Текеметтің жай киізден айырмашылығы бір түсті (ақ немесе қара) жүнді шиге төсеген соң бетіне бояған жүннен ою салады.
Қазақ киізді үйдің жабулары үшін, жерге салу үшін, тұсқа ілуі үшін жасаған. Тұсқа ілінетін өрнектеліп жұқалау қылып жасалған киізді түскиіз деп атаған. Киізден бұдан басқа да тұрмыстық заттар киіз кебенек, киіз қалпақ, байпақ, кесеқап, шәйнекқап, кірқап, сандыққап, жер жастық, асмалдық (түйенің жабуы), тоқым, жабу, т.б. істеген.

Ою-өрнек.Қайсыбір қолөнер шеберін алсақта олар өздерінің жасаған бұымдарын түрлі ою-өрнектерімен әшекейлейді.
Ою-өрнек өнері ежелден халықтық өнердің бір түрі.Оның шыгу тарихы тереңде.Ал сюжеттік мазмұны алып,ұлттық бұымдардың жасалу ерекшеліктерімен танысады.
Қайсыбір қолөнер шеберін алсақта олар өздерінің жасаған бұйымдарын түрлі ою-өрнектермен әшекейлейді.
Ою-өрнек өнері ежелден халықтық өнердің бір түрі.Оның шығу тарихы теренде.Ал сюжеттік мазмұны мен атаулары әр дәуірдің тыныс- тіршілігіне,тұрмыс салтына орай өзгеріп,дамып,жетіліп отырған.Өнердің де басқа түрлері секілді,ою-өрнектің де балалардың ой-өрісі мен білімдерін жан-жақты дамытуға әсері мол.Ою-өрнектердің ішінде аспан әлеміне,өсімдікке,жер-су атауларына геометриялық кескінденге қатысты қару-жарақ іспеттес кездеседі.Ою-өрнектер әртүрлі мәнге ие.Сондай-ақ қол өнер бұйымдарында түрлі түстер ерекше орын алады.Қазақтың қолданбалы өнеріндегі кеңістік пен идея болмыс пен щындықты көрсеттуде өзіндік шешім табады. 
Ақ түс – шындық,пәктіктің нышаны болса,жасыл түс – көктемнің нышанын білдіреді. Қолөнер шеберлері түстерді ерекше үйлестіре білген жөн. 
Қазақ өз дүниетанымын,салты мен дәстүрлі,ғұмырлық тарихын өнерге бағыштаған.Қазақтын ұлттық ою-өрнектері мен оның атаулары көп.
Ғылымдар әзірше 200-дей түрін ғана анықтады.Солардың халық арасында көп тараған түрі-мүйіз тектес ою-өрнегі.Ою-өрнектің бұл тобын,қазақ буындар осының негізінде жасалып,тек атаулары өзгеріп отырады.Мысалы;қошқар,арқар мүйіз,өркеш мүйіз,төртқұлақ,түйе табан,сыңар өкше қос алқа,құс қанаты,қаз табан т.б. ою-өрнектердің негізгі арқауы.Осы әлементтерден ою-өрнек композициясы жасалады.Қазақ оюларының мазмұны мал өсіру мен аңшылықты, жер- су,көшіп-қону көріністерін. 

  
Күнделікті өмірде кездесетін әр түрлі заттардаң сыртқы бейнесін анғартады және бәрінде де мүйіз оюы араласып отырады.Әрбір оюшы ою-өрнек жасап,оған ат беріп,оны тұрмыста қолданған.Сондықтан қазақтың ұлттық ою-өрнектерінің ең басты мәнері,ең көп түрі және әр түрі мәнер жасауда жиі қолданылатын «мүйіз» тектес ою-өрнектер.
Шеберлер жаңа ою-өрнектерін тұрмыс тіршілігіне,өз дәуіріндегі заман ағымына қарай лайықтап отырған.Мысалы;халқымыздын көне бұымдардың әрбір жануар мен заттың өз бойындағы қасиеттеріне қарай тақырыптық мағынасы,композициясы,симметриясы мен ассиметриясы,колориты мен ритмы,сондай-ақ оған арналған философиялық мәні де байқалады.Композиция дегеніміз латтының ою-өрнекті бір заттың бетіне реттеп орналастыру деген сөзі.Өрнек үшін симметрия да маңызы зор.Оның екі жағының бірдей болуы – симметрия заңы.Симметрия кез келген өрнекті болады.Ою- өрнекте бір элементтің қайталанып отыруын ритм-ырғақ дейді.Үй жиһаздарының бірі - сырмақ, ата –бабамыздың дәстүрлі төсеніші болған.Сонымен бірге ол- халқымыздың бай қолөнерінің қайталанбас туындысы,тұрмысымызға көрік берер сәнді бұйымдарының бірі. Әдемі өрнектеп оюланған сырмақ көркемдігі жағынан кілемнен кем түспейді. Еденге төсеуге , әрі шаңын қағуға ыңғайлы болу үшін оның көлемі текеметке қарағанда кішілеу. 
Қазақ сырмақтары көлем жағынан 4 түрлі болады.
Сырмақтың ең үлкені –көш сырмақ .Бұл сырмақты көшкенде жүк артылған түйенің немесе арбаның үстіне жабуға арнайды.
Екінші –төсеніш сырмақ .Киіз үйдің төріне арналған.
Үшіншісі –оталды сырмақ .Бұл сырмақты сыйлы қонақтар келгенде жалпы төсеніштің үстінен көрпешенің астына жаяды.
Төртіншісі – тесек сырмақ.
Түрі жағынан алғанда ұлттық сырмақтардың жалпы атауы 4 түрі .
Оларды ақ сырмақ , дебіске сырмақ деп аталады.
Ою өрнек өнері қазақ халқында ертеден –ақ өнердің барлық түріне арқау болып, ғасырлар бойы халықпен бірге жасасып, оның материалдық және рухани игілігіне айналып келеді.Қазіргі кезде халқымыздың мәдени асыл қазынасының өзекті бір саласына айналған ою –өрнек қайта түлеп ,бай мазмұнға жаңа түрге ие бола түсуде .                                                                                              Ою - өрнек ісі тым ерте заманнан бастап - ақ қолөнерінің барлық түріне бірдей ортақ әсемдеп әшекейлеудің негізі болып келді. Ою деген сөзбен өрнек деген сөздің мағынасы бір. Бұл сөздің ұғымында бір нәрсені ойып, кесіп алып жасау немесе екі затты оя кесіп қиюластырып жасау, бір нәрсенің бетіне ойып бедер түсіру деген мағына жатады.
Ал өрнек дегеніміз әр түрлі ою, бедер, бейненің, күйдіріп, жалатып, бояп, батырып, қалыптап істеген көркемдік түрлердің, әшекейлердің ортаң атауы іспеттес. Сондықтан көбінесе ою - өрнек деп қосарланып айтыла береді.
    

Жүн және одан жасалатын заттар
Төрт түлік малдың жүні қазақ халқының өмір тіршілігінде үлкен роль атқарған және оны ұқсатуды ел бұдан мыңдаған жылдар бұрын білген. Қазақ халқының шаруашылығында мал жүнінің ең асылы және бұйымдар жасауға ең көп қолданатыны түйе және қой жүндері, ешкі түбіті, оның қылы, содан кейінгісі жылқының жал - құйрығы, түйенің жүні, шудасы.
Зергерлік бұйымдар
Зергерлік – өте ерте заманнан келе жатқан өнер. Алтын - күміс әшекейлі бұйымдарды жасаумен әуестенушілерді зергер деп атау бүкіл Орта Азия халықтарында ерте кезден - ақ қалыптасқан. Қазақ шеберлер зергерлік өнерін біліп бірақ алтын - күмісті өздері қорытып, өндіре алмаған. Сондықтан оларды көрші орыс мемлекеттерінен сатып, айырбасқа алып отырған. Кесек күміс пен алтын оңайлықпен табылмағандықтан ол кездегі қазақ зергерлері көбінесе алтын, күміс ақшаларды қайта балқытып немесе ол күйінде пайдаланған.
Шолпы — әйел әшекейлерінің ішінде сәнді әрі күрделілерінің бірі. Қазақ арасында оның түрлері өте коп. Шолпыны сән - әшекей ретінде, сондай - ақ оның салмағының әсерінен шаш ұзын болып оседі деп таққан. Мұны байлықтың, баршылықтың белгісі деп те санаған. Қазақ салтында шолпыны қыздар мен жас келіншектер тағады, ал егде тартқан әйелдерге ерсі болса керек. Ал білезік - сақиналарды қарт әйелдер де сала береді. Шолпылардың жалпыға бірдей ел арасына көп тараған түрлерінің мынадай аттары бар: қоңыраулы шолпы, қозалы шолпы, қос үзбелі шолпы, көзді шолпы, көп үзбелі шолпы, сағат баулы шолпы, маржанды шолпы, шаш, теңге т. б.

        


Зергерлік бұйым
Білезік, сырға, сақина, шолпы, т.б. әшекей заттарды жасаушы, алтын, күміс, мысты жаратушы темір ұсталарын зергер деп атаған.
    Қазақ темір ұсталарының шеберханасы дүкен деп аталды. Ұсталық, зергерлік өнердің негізгі құралдары —көрік, төс, үлкен, кіші балғалар, қышқаш, тістеуік (кемпірауыз), кескіш, тескіш, т.б.
Көмейдегі отты қоздырып, оның температурасын көтеру үшін оған астынан жел үрлеуге көрік пайдаланылады.Көрік бет ағаш, орта ағаш, ортаңғы ағаштан тұрады. Беттескен көрік ағаштарын түтіктен басқа жерінен жел шықпайтындай етіп терімен қаптайды. Көрікке түйенің мойын терісін, серке, қой терісін илеп пайдаланады. Беткі ағашқа орнатылған таяқшамен көрікті басқанда жанған шоққа ауа үрленеді. Төс — қыздырылған темірді үстіне қойып соғуға арналған төртбұрышты шомбал темір. Оның бір жақ басы сүйір болады. Төс дөңбек ағашқа орнатылады. Қышқаш — қызған темірді отқа тосып, оттан алып, содан соң төске ұстауға арналған ұзын сапты имек басты (құс тұмсық) қысқыш құрал. Бұл негізгі құралдармен қоса зергерлер сым тартқыш, іскенже, жыланкөз, жорға біз, т.б. пайдаланған.
Қазақ темір ұсталарының шеберханасы дүкен деп аталды. Ұсталық, зергерлік өнердің негізгі құралдары —көрік, төс, үлкен, кіші балғалар, қышқаш, тістеуік (кемпірауыз), кескіш, тескіш, т.б.
Көмейдегі отты қоздырып, оның температурасын көтеру үшін оған астынан жел үрлеуге көрік пайдаланылады.Көрік бет ағаш, орта ағаш, ортаңғы ағаштан тұрады. Беттескен көрік ағаштарын түтіктен басқа жерінен жел шықпайтындай етіп терімен қаптайды. Көрікке түйенің мойын терісін, серке, қой терісін илеп пайдаланады. Беткі ағашқа орнатылған таяқшамен көрікті басқанда жанған шоққа ауа үрленеді. Төс — қыздырылған темірді үстіне қойып соғуға арналған төртбұрышты шомбал темір. Оның бір жақ басы сүйір болады. Төс дөңбек ағашқа орнатылады. Қышқаш — қызған темірді отқа тосып, оттан алып, содан соң төске ұстауға арналған ұзын сапты имек басты (құс тұмсық) қысқыш құрал. Бұл негізгі құралдармен қоса зергерлер сым тартқыш, іскенже, жыланкөз, жорға біз, т.б. пайдаланған.
Қазақ темір ұстасының Қазақ ұсталары дүкенін, көрігін қастерлеп, дүкен жын-шайтан жоламайтын қасиетті орын деп қараған. қылыш, қанжар, найза ұшы, айбалта сияқты қару-жарақ, күрек, кетпен, шалғы, орақ, соқаның тісін, ауыздық, үзеңгі, шідер, таға, пышақ, бәкі сияқты құрал-саймандар, ал зергерлер білезік, сырға, сақина, шолпы, ер-тұрман әшекейлерін, т.б. жасаған.

Кесте және көркемдеп тігу
Кесте және көркемдеп тігу ою - өрнекті әшекейлеудің ертеден келе жатқан элементтерінің басты түрі. Кестені бізбен және жай инемен әшекейлеп тігу барлық халықтарға да ортақ өнер. Кесте өнері нағыз халықтық, алуан әдісті, таңдауы көп өнер.
Кесте өнерінің қазақ халқына тән байырғы көне түрлері: біз кесте, айқас тігу, айқыш - үйқыш тігу, басып тігу, қайып тігу. Біз кестенің шым кесте және әредік кесте деп аталатын екі түрі бар.                                                                                                                                                                                   
Кілем тоқу
Қазақ әйелдерінің қолөнерінің бір түрі — кілем тоқу. Кілемнің екі түрі — түкті кілем және тақыр кілем болады. Түкті кілем көбінесе оңтүстік аймақтарда таралса, солтүстік өңір, негізінен, тақыр кілем тоқыған.

  
Ши, өрмек тоқу
Қазақта ерте заманнан-ақ ши тоқу өнері қалыптасқан. Шиді кереге сыртына тұту үшін, үйдің аяқ-табақ, саба тұратын бөлігін қоршап қою үшін, киіз үйдің есігіне ұстау үшін және төсеніш ретінде киіздің астына да төсеген, киіз басу үшін де, құрт жаю үшін де пайдаланған. Тұтылатын шиге боялған жүн орап, өрнектеп безендірген. Мұны «шым ши» деп атаған. Қазақтың үй кәсіпшілігінде өрмек тоқу кең таралған. Өрмек арқылы бау-басқұрлар, алаша тоқылады.
Арқан, жіп, баулар, негізінен, түтіп, шүйкелеп, есіп, бұрау арқылы, кейде жіптен өру, тоқу тәсілдерімен жасалады. Бұл заттарға көбіне шет-пұшпақ өлі жүндер, жабағы жүн, жылқы қылы, түйе жүні пайдаланылады. Арқан, жіп есілу тәсіліне қарай екі түрге бөлінеді. Есіп жасалатын жіптер — арқан, желі, ноқта, құрықбау, бұйда, шылбыр, тізгін, т.б. Тоқып және өріп жасалатын жіптер — басқұр, таңғыш, туырлық бау, жел бау, тең таңғыш, құр жіп, құлын ноқта, нар ноқта, т.б.
Арқанның түрлері - арқан, қосақ арқан, сүйретпе арқан, жел арқан, тарту арқан, матау арқан, aт арқан, белдеу арқан, шом арқан, қом арқан, тең арқан, желі арқан.
Тері өңдеу
Мал терісі қазақ тұрмысында өте кең қолданылған шикізат. Әрбір іске әр түрлі терілер пайдаланылған. Шеберлер оның әрқайсысына өзінше атау берген. Мысалы, қара мал терілерін сиыр терісі, өгіз терісі, тайынша терісі, бұзау терісі деп төртке бөлген. Әр терінің өн бойындағы жекелеген бөліктерінің де атауы болған — жондық, қабырғалық, үйек бас тері, пұшпақ, мойын терілері. Жылқы терісін — бие терісі, жабағы және құлын терісі деп үшке бөлген. Түйе терісін атан терісі, бота терісі деп екіге бөлген. Атан терісі, өгіз терісі және олардың жондықтары қазақ қолөнерінде өте кең қолданылған.

 

 

 

 

 

 

Тері илеу
Қазақ теріні көбіне илеп пайдаланған. Иленбеген ірі қара малдың терісін шылғи тері, шылғи қайыс деп атаған. Иленбеген жүнді терілерден тулақ, тайтері, бөстек, тұлып, қауға, мес, дорба, шарқай, т.б. заттар жасаған. Мал терісін малма әдісімен илеген. Малма дегеніміз — үлкен ыдысқа ашытқы ашытып, теріні соған салып илеу. Боялған терілерден әсем киім, тұрмыста тұтынатын әдемі заттар жасалады.

       
Темір ұсталығы
Қазақ ұсталары темірді, қалайыны, қорғасынды, алтынды, күмісті балқытуды білді, қалайы мен жезден, алтын мен күмістен қоспа жасай алды. Металл қасиеттерін жақсы білген қазақ ұсталары олардан құю, соғу, таптау, қақтау жолымен, басып өрнек түсіру, зер салу, қаралау, безендіру (гравировка) арқылы түрлі қару-жарақ, құрал-сайман, әшекей заттар жасады.

ӘЛЕМ  ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ  ҚОЛӨНЕРІ:

Бисер  өнері                                                                                                                                                     Бисердің шығу тарихына тоқталсақ бисер деген сөздің өзі ұсақ моншақтарға берілген жалпы түсінік. Ұсақ, домалақ сопақша, әр түрлі – хрусталь, шыны, керамикалық материалдардан жасалған моншақтарды бисер деп атайды екенбіз. Стеклярустың бисерден айырмашылығы – оның ұзындығы 3 мм түтікше тәріздес болып келеді. Бисер тоқу өнері ертеде кеңінен тарап, танылып келе жатқан халық шығармашылығының жәнеәшекей бұйымдар дайындаудың бір түрі. Бисермен жай суреттерден бастап өте күрделі түрлі-түсті жұмыстар жасауға (тоқуға), алқа, тұмарша, шаш буғыш, сырға, білезік, белдік, сөмкелерді де әшекейлеп тоқуға болады, сонымен қатар ойыншақтар да тоқуға болады. Қолдан жасалатын бисер моншақтары Ресейде, шет елдерде өте жоғары бағаланады.
Бисердің шығу тарихы әйнектің пайда болуымен тікелей байланысты. Ал. әйнектің қашан пайда болғанынан әлі күнге дейін дерек жоқ. Дегенмен әйнекті пайдаланудың ең алғаш құпиясын Финикия елі ашқан деген аңыз бар. Бұл аңызда Финикиялық көпестер әлемді жүзіп жүріп Сирияға тоқталады.
Кейбір деректер бойынша әйнектің Отаны ежелгі Египет болған. Әйнектен жасалған моншақтар, амулет, ыдыс-аяқтар біздің заманымызға дейін УІ ғасырдың ескерткіштерінен табылған. Әйнекті массаға, кобальт, мыс, марганец қосу арқылы египеттіктер көгілдір, жасыл, алқызыл түсті әйнек алған, мұндай әшекейлерді еркектер де, әйелдер де ақ түсті киімдермен таққан деседі. Ең алғашқы «бисер» атауы дәл осы Египет елімен байланысты. Оның атауы арабтың «Бусра» немесе «Бусер» деген сөзінен шыққан, мағынасы «жалған маржан». Рим империясы Египет елін басып алғанда әйнек өндіру Рим еліне өтіп, империя құлағаннан кейін Византияға өтеді. Ал Константинопольді түрік жауынгерлері жаулап алған соң, әйнек өндіруші шеберлер жан-жаққа тарап әлемге бисер атауы мәлім бола бастады.
      

Аппликация.Сәндік-қолданбалы өнер эстетикалық мәні жағынан да маңызды дайындалған

қолөнер арқылы өмірге келген көркем туынды.Қазіргі кезге дейін сақталып келген, басқа     

 халықтар да пайдаланған ескі де негізгі техника -аппликация кеңінен пайдаланылады.

«Аппликация» атауы латынның «жабыстыру», «қиыстыру» деген сөзінен

 шыққан. Аппликация қолданылатын материалына қарай үшке бөліп

қарастырылады. Біріншісі, түрлі қағаздардан орындалатын аппликация,

екіншісі, әр түрлі мата, киіз, тері, шүберек қолданумен орындалатын

аппликация, үшіншісі, табиғи материал (сабан, ши, қамыс, т.б.) қолдану

 арқылы орындалатын аппликация.Әр түрлі мата материалдарында орындалған    

 аппликация түрі XVI ғасырда Италия мен Испанияда, XVII ғасырда Греция мен Францияда   

  пайда болған. Аппликацияның силуэттік түрде орындалуы Х\/ІІІ-ХІХ ғасырда Ресейде   

 жақсы дамыды. Француз суретшісі Анри Матисс: «Қайшыны пайдалану арқылы

керемет аппликация түрлерін жасауға болады»,- деген жақсы пікір айтқан.

Аппликация шығыс пен батыс елдерінде, сонымен қатар, Орта Азия мен

Қазақстанда жақсы дамыды. Халық өнерінде өрнекті фигураларды негізгі

астарға киізден, матадан, теріден ойып алатын болған. Бұл өнерді коллаж

жұмыстарында пайдаланамыз. Тақырыптық коллаж жұмысын орындауға

болады. Орындалатын жұмыс бұйымның көлемі мен пішініне сәйкес келуі

керек.

Витраж(фр. vitreлат. vitrum - шыны) - металл (көбінесе қорғасын) өзек арқылы бекітілген түрлі-түсті әйнектерден жасалатын ою-өрнекті немесе сюжетті-декоративтікомпозиция. Әдетте, терезегеесікке, арқалық қабырғаға дербес панно түрінде салынады. Витраж түрлі-түсті шыны арқылы өтетін жарық сәулелерінің құбылуы арқылы интерьерге көркем түр береді. Құрылыс тәжірибесінде ғимараттың түгел немесе ішінара әйнектелген қасбеті де Витраж деп аталады. Витраждың қарапайым түрлері Ежелгі Мысырда б.з.б. 2 - мыңжылдықтан бастап жасалған. Орта ғасырлардағы Батыс Еуропа сәулет өнерінде ғибадатханалардың интерьерлерін безендіруде Витраж өнері шарықтау шегіне жетті. Витраж Қазақстанда 20 ғ-дың 60 - 70 жылдары қоғамдық ғимараттар, театркафебармектепкинотеатрлардың интерьерлері мен экстерьерлерін безендіру арқылы белгілі бола бастады.

        

Батик өнерінің шығу тарихы. 
Батик түрлері: 
1.Суық батик 
2. Ыстық батик 
3.Еркін жазу 
4.Түйінделген батик 
Суық батик техникасының даму жолы немесе тарихы 
Суық батик техникасы Еуропада модерн кезеңінде ойлап табылған. Ол
1936 жылдан бастап суық батик өндірісте қолданылып келеді. Осы
Ыстық немесе ыссы батик. 
Ыстық батиктың-ыстық деп аталу, себебі ол балауызды ыстық күйінде алынады
Ыссы батикте ара шалғының орнына парофинді және стеоринді пайдаланады
Осы өнер түрін: қытайлықтар, үнділер, мысырлықтар, перулиттер қолданғалы,айналысқаны белгілі.

    

 

 

Сабақты  қорытындылау:                                                                                                                                                                             Тірек  сызба арқылы бүгінгі «Қолөнер» жаңа  сабақ  тақырыбын  ашу,оқушылардан  қойылған  сұрақтарға  жауап  алу.

Жаңа  білімді  бекіту  сұрақтары:                                                                                                                                                                                Қолөнердің  неше  түрін  білесіңдер:                                                                                                                      Ағаш  өңдеу  әдістері  туралы  не  білесіңдер:                                                                                             Зергер  дегеніміз  кім:                                                                                                                                                   Қазақ  ұлттық  өнерімен  басқа  ұлт  өнерлерінің  айырмашылығы  неде:                        Коллаж,батик,витраж,биссер  қандай  өнер  түрлері:                                                                                  Орыс  өнерінің  қай  түрлерін  білесіңдер:

Бағалау:                                                                                                                                                                                         Оқушылар  кембридж  тәсілі  бойынша  өз-өздерін  бағалайды

Үйге  тапсырма  беру:                                                                                                                                          Эскиз  түрлерін  орындау

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "План урока по ИЗО "Қолөнер түрлері""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Директор детского оздоровительного лагеря

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 056 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 10.04.2016 3615
    • DOCX 409.2 кбайт
    • Рейтинг: 1 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Сакып Баубек Газизбекулы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Сакып Баубек Газизбекулы
    Сакып Баубек Газизбекулы
    • На сайте: 8 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 16001
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Мировая художественная культура: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель мировой художественной культуры

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 129 человек из 44 регионов
  • Этот курс уже прошли 538 человек

Курс повышения квалификации

Изучение русской живописи второй половины XIX века на уроках МХК в свете ФГОС ООО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 27 человек из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 272 человека

Курс повышения квалификации

Изобразительное искусство: анализ и интерпретация произведений

72 ч.

1750 руб. 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 54 человека из 30 регионов
  • Этот курс уже прошли 47 человек

Мини-курс

Интегрированное управление бизнес-процессами

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Преодоление внутренних барьеров: убеждения, зависимости, и самооценка

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 185 человек из 47 регионов
  • Этот курс уже прошли 34 человека

Мини-курс

Сенсорная интеграция: типовые и инновационные методы

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 78 человек из 30 регионов
  • Этот курс уже прошли 39 человек