Инфоурок Иностранные языки КонспектыПлан урока по казахский язык на тему "Тіл-ғасырлық қазына"

План урока по казахский язык на тему "Тіл-ғасырлық қазына"

Скачать материал


«Шұбар» жалпы орта мектебі

коммуналдық мемлекеттік мекемесі













Сыныптан тыс ашық сабақ

Тақырыбы:«Тіл- ғасырлық қазына»









Ұйымдастырған қазақ тілі пән мұғалімі : Ж.Тажибаева

Шет тілі пән мұғалімі: Ә.Өтебек










2015-2016 оқу жылы



Мақсаты: Оқушыларды өз ана тілін құрметтеуге, таза сөйлеуге үйрету, өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін молайту; жас ұрпаққа ана тіліміздің тұғырының мықты болуына негіз қалаған бабаларымыздың айтқан дана сөздерін үйрету, қазақ тілінің мәртебесін көтеру, оқушыларды топ алдында еркін сөйлеуге үйрету

Мұғалім:

Қымбатты ұстаздар мен оқушылар міне біз бүгін бүкіл Қазақстан халқы болып «Қазақстан халқының тілдері күні» мерекесін тойлағалы отырмыз.Біздің негізгі мақсатымыз оқушылардың өз ана тіліне деген құрмет сезімін арттыру, тіл мәртебесін көтеру, таза сөйлеуге үйрету, өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін ояту. Ана тіліміздің тұғырының мықты болуына негіз қалаған бабаларымыздың өсиетін ұран ету, қазақ тілінің мәртебесін көтеру.

1-жүргізуші:: Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар, оқушылар, қонақтар! Сәлеметсіздер ме?

2-жүргізуші:: Неllo!

3-жүргізуші:: Здравствуйте, уважаемые жители необъятного Казахстана! Все мы родились в этой одной прекрасной стране, а говорим на разных языках. И всё потому, что Казахстан многонациональное государство. Сегодня мы празднуем день языков.

2-жүргізуші:: We are glad to see you here, dear quests. We think this party is the party of real lovers of languages because we all have a happy chance to study English.

Ұлбосын: Жыл сайые 22 қыркүйек күні Қазақстанда тілдер мерекесі атап өтіледі. Бұл мереке Қазақстанда тұратын барлық ұлт өкілдерінің мерекесі.


3-жүргізуші: День языков народов – государственный праздник Республики Казахстан. Этот день был объявлен Указом Президента Республики Казахстан Нурсултаном Абишевичем Назарбаевым от 20 января 1998 года и стал общим праздником всех казахстанцев.

Начиная с 26 сентября 2001 года, отмечается Европейский день языков. В нашей республике государственным языком является казахский, языком межнационального общения-русский, а медународным-английский. В Казахстане проживают представители около 150-ти наций и народностей. У каждого языка своя история, своя судьба, связанная с судьбами других языков. Через язык люди находят друг друга и учатся понимать духовную культуру, обычаи и обряды народов.


1-жүргізуші: Бүгінгі өткізгелі отырған «Тіл-ғасырлық қазына»тақырыбындағы іс-шарамыз 22-қыркүйек күнгі Қазақстан халықтарының тілдері мерекесіне қосылатын кішкене ғана үлес. Бірақ біз ана тілімізге деген сезімімізді білдіретінімізге қуаныштымыз. Олай болса, тілім деп жүректері соғып тұрған жалынды жастарымыздың «Тілдер мерекесіне» арнап дайындаған «Тіл-ғасырлық қазына» тақырыбындағы кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.


М.Шахановтың «Төрт ана»өлеңімен 11«Б»сынып оқушысы Атымтайқызы Әсемай


1-жүргізуші: 1995 жылы Қазақстан халықтарының Ассамблеясы құрылды. Ассамблея төрағасы-Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді. Сондықтан да өз ана тілін дұрыс меңгеріп, таза сөйлей білу-қазақпын деген әр адамның міндеті.




«Ана тілім» 9 «А» -сынып оқушысы Төрехан Аружан

3-жүргізуші: « Язык дружбы» 10 hello_html_m49c05a5d.gifсынып оқушысы Апақ Ақбота


1-жүргізуші: «A child´s» 10«А»- сынып оқушысы Нұралы Ақниет



(Осы сәтте есік ашылып, өңі алау-далау алқынып ішке бір бала кіреді. Басында кепе, үстінде жамау-жасқаулы ескі шапан, аяғында шоңқайма етік.)

Тазша бала: Оу, амансыңдарма, балалар, аға-әпкелер? Тіл құрметіне арналған кештеріңіз көптің көңілінен шықсын.

1-жүргізуші:Рахмет тілегіңе. Бірақ кім екеніңді танымай тұрғанымыз. «Мыңның жүзін білгенше, бірдің атын біл» деген бар, құрдас. Жағдайыңды баян ет, қайдан келесің?

Тазша бала:

Алда, айналайын-ау!

Баяғыда Әйтеке би «Әкемді сұрасаңыз-жетесіз,

Шешемді сұрасаңыз-некесіз.

Туа қалған бір баламын,

Тегімді сұрап не етесіз?» деген екен.

Сол айтқандай, түптеп келсек бәріңе таныс Тазшаның дәл өзі боламын. Кәдімгі Есер ханды мүдермей қырық өтірік айтып, тәубесіне келтіріп, жарты патшалығын алып байып, қызын алып, күйеу болған шонжарың мен. Жас қусақ, сендердің аталарыңның аталары маған іні болып келеді. Сендер ана тілі құрметіне орай кеш өткізіп жатыр деген соң тарих қойнауында шыдап жата алмай жеткен бетім. Бай қалпымда келсем, танымай қалар деп өзімнің сол кездегі киімдерімді киіп шығып едім.

2-жүргізуші: Оу, Тазша бала, жо-жоқ баба, жортқанда жолыңыз болсын, жолдасыңыз Қыдыр болсын. Әйтсе де сұрауға рұқсат ет, жалғыз келемісіз?

Тазша бала: Қайдан жалғыз шығайын. Халқыма асыққан мен ғана емес екенмін. Ел билеген хандар, байрақ ұстаған батырлар, аузы дуалы билер, ертегілер еліндегі өздеріңе таныс кейіпкерлер бірігіп жолға шығыпты. Шұбар ауылына беттеп бара жатып, көштен жырылып, сендерге соға кеткелі келгенмін.

Оқушылар: Апыр-ай, сізден өзге ешкім келмес пе екен?

Тазша бала:(жымың етіп) Асаларына таянып үш абыз емпеңдеп келе жатыр еді артымнан, енді табалдырыққа жеткен де шығар.

(Есікті үйсін Төле би, арғын Қаз дауысты Қазыбек би, алшын Әйтеке би ашып кіріп келеді. Оқушылар мәз болып, қарсы алады.)

Тазша бала: -Ассалаумағалейкум, ақылы дария бабалар! Аман-сау жеттіңіздер ме? Төрлетіңіздер! (Үш қария төрге жайғасады).

1-жүргізуші: Егеменді еліміздің тұғыры қашан да тілімнен биік. Тіл тағдыры туралы көкейді тескен көл ойларыңыз баршамызға аян. Сіздердің асыл ойларыңыз да асығып тұр. Аздап тыныстап алыңыздар. Ана тілінің арын арлап, мұңын жоқтап жүрген біздей ұрпақтарыңыздың да айтары бар.


hello_html_m65a4908e.gifсынып оқушылары Төрахмет Аяжан, Үсіпбек Дулат, Балқан Жанерке.


Қайта туды қазағымның ай-күні,

Күннен күнге асар ма екен айбыны.

Тоқсан жылда өттік талай кешуден,

Қатар көріп шаттық, табыс, қайғыны.

Тіл дегенің тиегі ғой жырдың да,

«Ештен кештеу» түсінгендей жұртым да.

Шықпағанда республика Тіл заңы,

Елдігім де кетер еді құрдымға.

Алтын бесік-ағайын, жұрт, туғаным,

Дос бөліссе қыза түсер думаның.

Барлық ұлттың өкілдері жарасып,

Асырайық іс жүзінде Тіл заңын.

Қазағыма көп азапты жазған ба?

Ел ішінде індет жала қозғанда,

Шәкәрімнің сақалына жармасып,

Ауыз салды Жүсіпбек пен Мағжанға.

Үсіпбек Дулат

Қырандар мен сұңқарлардан айырылдық,

Топшы сынып, бар қанаттан майырылдық.

Қалмаған соң топ бастайтын азамат,

Жалтақтардың сөзін тыңдап қайырылдық.

Ана тілім- абыройым, ожданым,

Әрқашанда мәуелі екен өз бағым.

Нанымды жеп, суымды ішіп кейбіреу,

Көре алмайды қазақ тілі озғанын.

Тіл тағдыры қабырғама батады,

Түзеу қиын бір жіберген қатені.

Күні кеше тілін сатқан арсыздар,

Мансап үшін өз Отанын сатады.



1-жүргізуші: Тілім барда қазағым бар, халқым бар, дәстүрім бар, ата жолы салтым бар. Кең даладай жиналмаған шалғайы, Тыңдайық домбыраның әсем күйін. «Ерке сылқым» орындайтын: Кенбай Ақниет, Бегман Әйгерім.


1-жүргізуші: Ақылы дария, көңілі көл балалар! Біздермен қош айтысар сәттеріңіз де таяу қалды. Мына ұрпақтарыңызға ғибрат боларлықтай бірер ауыз өсиет айтпас па екенсіздер.


Төле би:

Жаңбыр жаумаса-жер жетім,

Басшысы болмаса-ел жетім.

Ұқпасқа айтқан сөз жетім,

Өгізді өрге салма, қанатың талар,

Наданға көзіңді салма, сағың сынар.

Досыңа өтірік айтпа, сенімің кетер,

Дұшпанға сырыңды шашпа, түбіңе жетер.

Жақыным деп жаманның малы үшін,

Жақсының жағасынан алма, өрісің тарылар.

Қару жисаң мылтық жи,

Жаяу жүрсең-таяғың, қарның ашса-тамағың, менен ақыл сұрасаңдар, айтарым-осы.

Қаз дауысты Қазыбек:

Ілкі заманда қартайған Бұқар жыраудың көңілін сұрай барып едім, балаларым. Төсекте жатқан Бұқар жырау:

-Бірден онға дейін санның маңынасын маған ешкім айтып бере алмады.

Қазыбек, сен айтып берші?-деп сұрады.

Мен былай деп жауап бердім.

Бір дегенің- бірлігі кеткен ел жаман,

Екі дегенің-егесіп өткен ер жаман.

Үш дегенің-үш бұтақты шілдерден шошынған ат жаман.

Төрт дегенің-төскейге шыға алмаған кәрілік жаман.

Бес дегенің- белсеніп шапқан жау жаман.

Алты дегенің- аймағын билей алмаған адам жаман.

Жеті дегенің-жетем деген мақсатыңа жете алмаған жаман.

Сегіз дегенің- серкесіз бастаған қой жаман.

Тоғыз дегенің-толғаныңыз.

Он дегеніңіз-өткеніңіз, о дүниеге жеткеніңіз.

Қарт жырау риза болып қалып еді. Бұл айтылған нақыл сөз – тыңдай білгеннің адастырмас темірқазығы.

Әйтеке би:

Бабаларың тыңдап, кесіміне құлдық ұрған ғибратты сөздердің біразын айтсам, сендерге жаттығы болмас.

Бай болсаң, халқыңа пайдаң тисін,

Батыр болсаң, жауға найзаң тисін.

Бай болып елге пайдаң тимесе,

Батыр болып жауға найзаң тимесе,

Елден бөтен үйің күйсін.

Суалмайтын суат жоқ.

Таралмайтын бұлақ жоқ.

Құйрығы суда тұрса да,

Уақытысы жеткенде,

Қуармайтын құрақ жоқ.

Дүние деген фәни бұл,

Баласы жоқта мият жоқ.

Бәрінен қиын сол екен,

Артыңда жанған шырақ жоқ.

(Үш би ұрпақтарымен қоштасып шығып кетеді. Тазша бала да бірге кетеді.)

Оқушылар: Жаны жайсаң бабалар мен Тазша бала, келер күндеріңізге сәт-сапар, ақ жол тілейміз.


1-жүргізуші: Жаны жайсаң бабалар мен Тазша бала, келер күндеріңізге сәт-сапар, ақ жол тілейміз.


2-жүргізуші: Ұлбосын мен еліміздің табысты болатынына сенімдімін. Сен болашақта Қазақстанды қалай елестетесің?


1-жүргізуші: Әсемай мен 2050 жылғы Қазақстандықтар 3тілде сөйлейтін, білімді, еркін адамдардың қоғамы екеніне толық сенімдімін. Олар-әлемнің азаматтары, саяхаттап жүреді, жаңа білім меңгеруге құштар, еңбексүйгіш. Сондай-ақ, олар-өз елінің патриоттары.

Тілім менің- ғасырлардан аманат!

Аманатқа адал болсын Қанағат!

Ар-намысқа келтірмейік жаманат!

Қазақ болып туылдың ба?

Ендеше,

Өз тіліңді өзгелерге бағалат!!!-дегендей, осы мақсатқа біз өз өңірімізді мекендеген басқа ұлт өкілдеріне қазақ тілін құрметтете білуіміз керек. Қазақстан 130-дан астам ұлт өкілдерінің мекні болып отыр. Олардың барлығы бір шаңырақтың астында тату-тәтті өмір сүруі ел басымыз Н.Ә.Назарбаевың көрегенді саясатының арқасы екені даусыз. Сіздер бұл кеште Қазақстанда тұратын басқа ұлт өкілдерінің Қазақстанға деген ыстық ықыласы мен сүйіспеншілігінің, қазақ ұлты мен тіліне деген құрметінің куәсі боласыздар.


Орыс,Өзбек,Неміс,Қазақ.

Орыс: мен орыспын, сыйлаймын қазақ ұлтын,

Қастерлеймін тарихын,салт-дәстүрін.

Өйткені мен өркендеп осы жерде,

Топырағын қазақтың басып өстім.

Өзбек:Мен өзбекпін, сүйемін қазақ жерін,

Қазақ жері-ол менің туған жерім.

«Жолдас болсаң қазақпен адаспассың»

Деген өзбектің мақалын жаттап өстім.

Неміс: мен неміспін, сүйемін қазақ тілін,

Қаймағы бұзылмаған таза тілдін.

Қазақ тілі лайық деп білем мен,

Болуға да ортақ тіл немістердің.

Қазақ: мен қазақпын, иесімін кең даланың,

Талай Жаудан бұл даланы қорғаған.

Өзгелердің басына күн туғанда,

Жат көрместен құшақ жайып қарсы алғанмын.

1-оқушы: Корей, украин, немістен

Көп ұлтты шаңырақ біріккен,

Бәрінің жүрегін жібіткен

Ынтымақ ұраны мекенім!


1-жүргізуші: Иә, тіл қай елде болсада қастерлі, құдыретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл байлығы- әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол-атадан балаға мирас болып отыратын баға жетпес мұра.

Қазақ тілі- 8«А»сынып оқушысы Байдос Нурболат

Ана тілі- 6« »сынып оқушысы Калменова Әсел

Қазақ тілі- 9«А»сынып оқушысы Бегман Әйгерим



6« В»- сынып оқушыларның орындауында «Попури»


7«Б»- сынып оқушыларының орындауында- «Қуыршақ» биі



3-жүргізуші: Europe is a “Meeting pot” of languages. English is spoken all over the world. It is spoken as the mother tongue in Great Britain, the United States of America, Canada, Australia and New Zealand. A lot of people speak English in China, Japan, India, Africa and other countries. It is one of 6 official languages of the United Nations. It is studied as a foreign language in many schools. So we welcome to the stage the chorus of English Club. The song in Kazakh, Russian and in English.


Bright blue the sky, sun up on high

That was the little boy's picture

He drew for you, write for you too

Just to make clear what he drew


May there always be sunshine

May there always be blue sky

May there always be mummy

May there always be me!



1-жүргізуші: Қалың елім қазағыңа қорған бол!

Жеткіншегім жайқала өсіп орман бол,

Шет тілі мен компьютерді меңгеріп,

Елге тірек, нағыз ұлттық тұлға бол!


2-жүргізуші:


3-жүргізуші: And now we want to thank all participants. We wish happiness, peaceful, life and love everywhere and everybody.


1-жүргізуші: Сөз соңында концертімізді қорытындылауға директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Молдабек Ғалымжан ағайға сөз береміз.




Осымен біздің тіл мерекесіне арналған тәрбие сағатымыз аяқталды.




Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "План урока по казахский язык на тему "Тіл-ғасырлық қазына""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Инструктор по футболу

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 551 материал в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 02.03.2016 630
    • DOCX 30.9 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Тажибаева Жанар Артыкбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Тажибаева Жанар Артыкбаевна
    Тажибаева Жанар Артыкбаевна
    • На сайте: 8 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 6938
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Психологические методы развития навыков эффективного общения и чтения на английском языке у младших школьников

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 180 человек из 47 регионов
  • Этот курс уже прошли 813 человек

Курс профессиональной переподготовки

Английский язык: теория и методика преподавания в дошкольном образовании

Учитель

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 231 человек из 53 регионов
  • Этот курс уже прошли 458 человек

Курс повышения квалификации

Специфика преподавания испанского языка с учетом требований ФГОС

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 76 человек

Мини-курс

Предпринимательские риски

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Современные тенденции в искусстве: от постмодернизма до поп-культуры

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 29 человек из 15 регионов
  • Этот курс уже прошли 13 человек

Мини-курс

Основы профессиональной деятельности эксперта в области индивидуального консультирования

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе