Инфоурок Другое Другие методич. материалыПлан урока по казахскому языку на тему "Ш. Уалиханов"

План урока по казахскому языку на тему "Ш. Уалиханов"

Скачать материал

Сабақтың тақырыбы: Шоқан Уәлихановтың еңбектері.

 

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:  Шоқан Уәлиханов еңбектері жайында мәлімет беру, оның еңбектерімен таныстыру.

Дамытушылық: Сөздер, диалог, әңгіме, аударма арқылы оқитындардың сөздік қорын байыту, сөйлеу тілін жетілдіру, грамматикалық тақырып бойынша сауаттылығын арттыру.

Тәрбиелік: қазақ халқының ұлы ғалымы Шоқан Уәлихановтың
ғылым саласында қосқан үлесін үлгі ету, өнер адамдарына деген сүйіспеншілігін арттыру, басқа ұлт өкілдерімен осы ұлы ғалыммен, оның өнері мен таныстырып, құрметтеу, сыйлау сезімдерін ояту.

Көрнекілігі: карта, портрет, суреттер, қиықшалар, оқулық, мәтін, сөзжұмбақ.

 

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Сәлеметсіздер ме!

Бүгін кім жоқ?

Бүгін нешесі?

Аптаның қай күні?

Қазір жылдың қай мезгілі?

Көктем айларын ата.

Бүгінгі ауа-райы қандай? т.б.

ІІ. Сабақтың мақсаттарымен таныстыру:

-         Шоқан Уәлиханов еңбектері жайында мәлімет;

-         Оның еңбектерімен таныстыру.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Шоқан Уәлиханов - шығыстану саласындағы аса көрнекті ғалым. Көшпенді халықтың арасынан шыққан, ғылым мен прогрестің шыңына көтеріліп, Россия ориенталистерінің қатарынан құрметті орынға ие болып, Қазақстанның шығыстану ғылымын ашып берді. Әйгілі ғалымның тарих, этнография, география, фольклор сияқты ғылымның салаларын сіңірген еңбегі қыруар. Жас ғалымның ғылыми зерттеу еңбектерінің тарихи маңызы зор.

Шоқан зерттеулерінің үлкен бір саласы қазақ халқының шежіресінен сабақтасады. Шоқанның бір ерекшеліктері – ол үнемі өзі жүрген, аралаған жерлердің тарихын, этнографиясын, жаратылысын, салт - дәстүр , әдет – ғұрпын түгел қамтып жазады, сол еңбектерді ол үнемі қызықты шежіре, тартымды аңыз – әңгімелерін толықтырып, безендіріп отырған.

Ғалымның Қазақстан, Қырғызстан, Орта Азия, Батыс Қытай жөніндегі еңбектері тарих ғылымының қазынасына қосылған үлес болды. Ш. Уәлиханов өзінің тарихи зерттеулерінде қазақ халқының тарихын көрші Орта Азия халықтарының тарихымен байланыстыра отыра қарастырды. Ол Орта Азия халықтарының тарихын бүкіл дүниежүзілік тарихи дамуымен байланыста қарауды мақсат етті. 

Қытай, Қырғызстан, Қашғария елдеріне 1858 жылы 22 мауысымда сапарға шығады. Осы сапарды 4 кезеңге бөлуге болады.

1 кезең – 1858 жылы 22 мауысымнан 14 қыркүйекке дейін Қытай елінде болған.

2 кезең – 14 қыркүйектен 1 қазанға дейін Қырғызстанда болған.Шоқан қырғыз халқының асыл мұрасын «Манас» жырын алғаш рет жатқа түсірді.

3 кезең – 1858 жылы 1 қазаннан 1859 жылы 11 науырызға дейін Қашғария елінде болған.

4 кезең – 1859 жылы 12 науырыздан 12 сәуірге дейін созылады. Шоқанның «Іле өлкесінің географиялық очеркі», «Жонғария очерктері», «Қырғыздар туралы жазбалар», «Ыстықкөл сапарының күнделігі», т.б. зерттеулері бар.

Мәтінмен жұмыс: бірнеше сқраулы сөйлемдер құру, оларға жауап беру, төрт кезеңді дәпреге жазып алу.

Мақал-мәтелдер: Өнерлі адам туралы мақал-мәтелдер: «Өнерліге өлім жоқ», «Өнерлінің өрісі ұзақ», «Ер есімі – ел есінде», «Ер ісімен, құс қанатымен», «Әр заманда – бір көреген».

Дәптермен жұмыс: Сөздерді оқып аудару, синоним және антонимдерді табу, ажырату қажет.


Ғалым-оқымысты – ученый,

қайталанбас – неповторимый,

белгілі-әйгілі-атақты-ұлы
Тұлға- бейне – образ

Тұңғыш-алғаш – бірінші

Зерек-алғыр –способный

Ілім-білім – знание

Шын-рас – правда

Айрықша-ерекше – особенно

Памятник – мүсін-ескерткіш

Современник – замандас

Пик – шоқы-төбе-шыңрау

Всесторонний – сегіз қырлы -жан жақты

Басы-аяғы –начало-конец

Дос- жау – друг- враг

Алғашқы-соңғы – начало- конец

Биік- аласа – высокий-низкий

Байқатады- көрсетеді – показывает


 

ІV. Сабақты бекіту. Тест жұмысы.

 

V. Қорыту: Сөзжұмбақ шешу.

 

VІ. Үйге тапсырма: Мәтіннің мазмұнын айту.

 

VІІ. Бағалау: Тест жұмысы бойынша және сабаққа қатысулары бойынша білімдерін бағалау.

 

 

Шоқан Уәлиханов

(1835 – 1865 )

Шоқан Уәлиханов 1835 жылы Қостанай облысының Құсмұрын деген жерінде туған. Оның әкесі Шыңғыс 1847 жылы Омбы қаласындағы кадет корпусына оқуға береді. 1853 жылы жас Шоқан кадет корпусын үздік бітіріп, офицер шенін алады. 1853 жылы Уәлиханов Құлжа, Ыстықкөл, Алатау өңірлеріне экспедицияға шығады. Сол жерлерде тұратын халықтардың тарихын, әдет-ғұрпын зерттейді. 22 жасар Шоқан 1857 жылы Ресей Географиялық қоғамының мүшесі болып сайланады. Шоқанның «Жонғария очерктері», «Қырғыздар туралы жазбалар”, «Ыс тықкөл сапарының күнделігі» т.б. ғылыми еңбектері бар, 1865 жылы Лондонда ағылшын тілінде басылып шықты. Шоқанның көптеген картография жұмыстарына
кіргізген жаңалықтары, көптеген қазақ ауыз әдебиетіне қосқан мақал-мәтелдері, сөз тіркестері бар. Семенов-Тянь-Шанскиймен,  Достоевскиймен дос болды. Дүниежүзілік ғылымға елеулі үлес қосқан Шоқан Уәлиханов 1865 жылы сәуірдің 10-нда Талдықорған облысы Матай тауының етегінде қайтыс болған.

үздік – отлично

елеулі үлес – весомый вклад

 

 

 

 

 

 

Шоқан Уәлиханов

(1835 – 1865 )

Шоқан Уәлиханов 1835 жылы Қостанай облысының Құсмұрын деген жерінде туған. Оның әкесі Шыңғыс 1847 жылы Омбы қаласындағы кадет корпусына оқуға береді. 1853 жылы жас Шоқан кадет корпусын үздік бітіріп, офицер шенін алады. 1853 жылы Уәлиханов Құлжа, Ыстықкөл, Алатау өңірлеріне экспедицияға шығады. Сол жерлерде тұратын халықтардың тарихын, әдет-ғұрпын зерттейді. 22 жасар Шоқан 1857 жылы Ресей Географиялық қоғамының мүшесі болып сайланады. Шоқанның «Жонғария очерктері», «Қырғыздар туралы жазбалар”, «Ыс тықкөл сапарының күнделігі» т.б. ғылыми еңбектері бар, 1865 жылы Лондонда ағылшын тілінде басылып шықты. Шоқанның көптеген картография жұмыстарына
кіргізген жаңалықтары, көптеген қазақ ауыз әдебиетіне қосқан мақал-мәтелдері, сөз тіркестері бар. Семенов-Тянь-Шанскиймен,  Достоевскиймен дос болды. Дүниежүзілік ғылымға елеулі үлес қосқан Шоқан Уәлиханов 1865 жылы сәуірдің 10-нда Талдықорған облысы Матай тауының етегінде қайтыс болған.

үздік – отлично

елеулі үлес – весомый вклад

 

 

Тақырып: Шоқан Уәлиханов

1 – нұсқа

1. Шоқан нешінші жылы туған ?

А) 1830; Ә)1835; Б) 1845

2. Шоқан қай жерде туған ?

А) Құсмұрын; Ә) Қостанай; Б) Көкшетау

3. Шоқанның шын аты кім ?

А) Еркетай; Ә) Мұхамедханафия; Б) Мұхамеджан

4. Шоқы , Шоқан “қандай мағынаны білдіреді?

А) шоқыдай биік; Ә) аса көрікті; Б) судай таза

5.Шоқан бала жастан қандай болды?

А) зерек; Ә) нашар;Б) аңқау

6.Шоқан бірінші рет қай елге саяхат жасады?

А) Қазақстан; Ә) Қырғызстан; Б) Қытай

7. Шоқанның қанша суреті сақталған?

А) 300; Ә) 200; Б) 250

8. Шоқанның суреттері қай кітапта басылып шықты?

А) «Шоқан және өнер»; Ә) «Шоқан – этнограф»;

Б) «Шоқан – асқан жазушы»

9. Шоқан қандай суретші?

А) көркем суретші; Ә) ақын жанды; Б) әйгілі суретші

10. Шоқанның әкесі кім?

А) Шыңғыс; Ә) Уәлихан; Б) Өскенбай

11. Нешінші жылы кадет корпусына оқуға түсті?

А) 1874; Ә) 1848; Б) 1847

12. Шоқан нешінші жылы Ресей Географиялық

қоғамының мүшесі болып сайланды ?

А) 1855; Ә) 1857; Б) 1875

13. Шоқан не жазды?

А) Ғылыми еңбек; Ә) сықақ; Б) мақала

14. Оның еңбектері қай тілге аударылды?

А) түрік; Ә) француз; Б) ағылшын

15. Шоқан қай жылы қайтыс болған?

А) 1855 ; Ә) 1856; Б) 1865

 


 

Тақырып : Шоқан Уәлиханов

2 – нұсқа

1. Шоқан нешінші жылы туған ?

А) 1835; Ә) 1885; Б) 1853

2. Шоқан кім ?

А) ғалым; Ә ) оқытушы; Б) мұғалім

3. Шоқан 1847 жылы қайда оқуға түсті ?

А) медресеге ; Ә) кадет корпусына; Б) училищеге

4. Шоқан бала жастан қандай болды?

А) алғыр; Ә) нашар; Б) жаман

5. Шоқанның қандай очерктері бар?

А) Манас; Ә) Қытай очерктері; Б) Жоңгария очерктері

6. Ол қайда оқыды?

А) Орынборда; Ә) Қостанайда; Б) Омбыда

7. Шоқан бірінші рет қай елге саяхат жасады?

А) Қыргызстан; Ә) Қазақстан; Б) Ресей

8. Шоқан не жазды?

А) Ғалыми еңбек; Ә) мақала; Б) сықақ

9. Шоқан қай елдін географиялық мүшесі болып сайланды?

А) Қытай; Ә) Ресей; Б) Қазақстан

10. Шоқан кім болуды армандады?

А) әнші; Ә) саяхатшы; Б) мұғалім

11. Оның өмірі қандай болды?

А) ұзақ; Ә) жақсы; Б) қысқа

12. Шоқан нешінші жылы экспедицияға аттанды?

А)1853; Ә)1835; Б)1858

13. Шоқанның әкесі кім?

А) Шыңғыс; Ә) Уәлихан; Б) Үскембай

14. Шоқанның анасы кім?

А) Ұлжан; Ә) Ұлпан; Б) Зейнеп

15. Шоқан қай жылы қайтыс болды?

А) 1856; Ә) 1865; Б) 1857

 


 

Тақырып : Шоқан Уәлиханов

3-нұсқа

1. Шоқанның шын аты кім?

А) Мұхаметжан; Ә) Мұхаметқали; Б) Мұхамедханафия

2. Шоқан деп кім еркелетіп қойған ат?

А) әкесі; Ә) анасы Б) әжесі

3. Шоқан кім?

А) мұғалім; Ә) зерттеуші; Б) әнші

4. Ол қай жылы дүниеге келді?

А) 1835; Ә) 1845; Б) 1836

5. Шоқанның қанша суреті сақталған?

А) 200; Ә) 500; Б) 300

6. Шоқанның суреттері қай кітапта басылып шықты?

А) «Шоқан және өмір»; Ә) «Шоқан және өнер»;

Б) «Шоқан және театр»

7. Шоқан қай жерде оқыды?

А) Омбыда; Ә) Астанада; Б) Қостанайда

8. Шоқан нешінші жылы кадет корпусын бітірді?

А) 1853; Ә) 1833; Б) 1855

9. Шоқан кадет корпусын қалай бітірді?

А) үздік; Ә) жақсы; Б) орташа

10. Шоқанның еңбектері 1865 жылы Лондонда

қай тілде басылып шыкты?

А) қазақ; Ә) ағылшын; Б) неміс

11. Шоқан не жазды?

А) ғылыми еңбек; Ә) сықақ; Б) мақала

12. Шоқанның достары кім?

А) Лермонтов; Ә) Толстой; Б) Достоевский

13. Шоқан қай жылы қайтыс болды?

А) 1855; Ә) 1856; Б) 1865

14. Шоқан қай жерде қайтыс болды?

А) Қостанай; Ә) Талдықорган; Б) Кокшетау

15. Оның омірі қандай болды?

А) қысқа; Ә) ұзақ; Б) жақсы

 


 

Тақырып : Шоқан Уәлиханов

4-нұсқа

1. Шоқан Уәлиханов кім болған?

А) суретші; Ә) инженер; Б) дәрігер

2.Шоқан қай жылы дүниеге келді?

А) 1855; Ә) 1835; Б) 1885

3. Шоқанның әкесі кім?

А) Уәлихан; Ә) Шыңғыс; Б) Уәли

4. Шоқанның анасы кім?

А) Ұлжан; Ә) Айғаным; Б) Зейнеп

5. Ол қай жерде туған?

А) Құсмұрын; Ә) Қостанай; Б) Көкшетау

6. «Шоқы,Шоқан» қандай мағынаны білдіреді?

А) өте көңілді; Ә) шоқыдай биік; Б) аса көрікті

7. Шоқан деп кім еркелетіп қойған ат?

А) әжесі; Ә) атасы; Б) анасы

8. Шоқан нешінші жылы оқуға түсті?

А) 1847; Ә) 1874; Б) 1849

9. Шоқан қай жерде оқыды?

А) Қостанайда; Ә) Омбыда; Б) Семейде

10. Шоқан қайда оқыды?

А) мектепте; Ә) кадет корпусында; Б) медреседе

11. Шоқан кім болуды армандады?

А) саяхатшы; Ә) әнші; Б) құрылысшы

12. Шоқан нешінші жылы Ресей географиялық қоғамының

мүшесі болып сайланды?

А) 1857; Ә) 1858; Б) 1885

13. Шоканның суреттері қай кітапта басылып шықты?

А) «Шоқан және өнер»; Ә) «Шоқан және табиғат»;

Б) «Шоқан асқан жазушы»

14. Шоқан қандай суретші?

А) көркем суретші; Ә) ақын жанды; Б) әйгілі суретші

15. Шоқанға ескерткішті кім қойған?

А) генерал-лейтенант Колпаковский;

Ә) генерал Госфорт;

Б) генерал-адьюдант фон Кауфман

 


 

Дұрыс жауаптар




1-нұска

1-Ә
2-А
3-Ә
4-А
5-А
6-Ә
7-Ә
8-А
9-А
10-А
11-Б
12-Ә
13-А
14-Б
15-Б


2-нұска

 

1-А

2-А

3-Ә

4-А

5-Б

6-Б

7-А

8-А

9-Ә

10-Ә

11-Б

12-А

13-А

14-Б

15-Ә

 

 

3-нұсқа

 

1-Б

2-Ә

3-Ә

4-А

5-А

6-Ә

7-А

8-А

9-А

10-Ә

11-А

12-Б

13-Б

14-Ә

15-Ә

 

 

4-нұсқа

 

1-А

2-Ә

3-Ә

4-Б

5-А

6-Ә

7-Б

8-А

9-Ә

10-Ә

11-А

12-А

13-А

14-Ә

15-А


 

Бағалау:
1-2 қате – «5»
3-4 қате – «4»
5-6 қате – «3»
7-8 қате – «2»

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "План урока по казахскому языку на тему "Ш. Уалиханов""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Специалист по безопасности

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 258 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 02.01.2016 1135
    • DOCX 94.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Махамбетова Райхан Жунусовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Махамбетова Райхан Жунусовна
    Махамбетова Райхан Жунусовна
    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 8549
    • Всего материалов: 7

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 152 человека

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 475 человек из 69 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 324 человека

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 284 человека из 67 регионов
  • Этот курс уже прошли 847 человек

Мини-курс

Психологическая зрелость и стрессоустойчивость: основы развития личности и поддержки

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 219 человек из 56 регионов
  • Этот курс уже прошли 57 человек

Мини-курс

Детские и взрослые эмоции

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Сельский и индустриальный туризм

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе