Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Конспекты / План урока по основам права (4 курс)

План урока по основам права (4 курс)

  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

Ақмола облысы, Щучинск қаласы
«Щучье қаласы, педагогикалық колледжі» МКҚК

Құқық және экономика негіздерінің оқытушысы

Мадиева Алтын Конысбаевна

Сабақ жоспары №10

Тобы________

Күні ____________

Тақырыбы: Қылмыстық құқық

Педагогикалық технология: өзін - өзі дамыту;

Сабақтың түрі: аралас

Үш біртұтас сабақтың жоспары

1.Оқытушылық: Тақырыптың мазмұнына байланысты білім беру арқылы студенттердің азаматтық жауаптылығын, қоғам алдындағы міндеттерін түсіндіру;

2.Дамытушылық: студенттердің шығармашылық, ойлау қабілеттерін дамыту; Қылмыстың қоғамға қауіпті салдарын ұғындыру;

3.Тәрбиелік: адамгершілік, патриоттық, бір - бірін құрметтеуге тәрбиелеу;

ҚР Білім беру стандарты:

1.Білім: құқықтың негізгі түсініктері, мемлекетпен құқықтың дамуы, құқық туралы негізгі түсініктер, құқық салалары;

2.Біліктілік: нормативті құқықтық актілерді жүйелеу, құқықтық нормаларды іске асыру және оған түсінік беру;

3.Дағдылар: құқық негіздері пәнінен алған білімін пайаланып, өз құқығын белсенді пайдалана алуды;

Глоссарий: Қылмыс, қылмыс белгілері, қылмыстық жауапкершілік, қылмыстық құқық, жаза,

Негізгі және қосымша әдебиеттер: ҚР Конституция, Қылмыстық кодекс

Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, саясаттану және әлеуметтану, экономика негіздері.

Көрнекті құралдар, жабдықтар, үлестірме қағаздар: карточкалар, кітап, реферат.

Сабақ барысы

1.Ұйымдастыру бөлімі/Организационная часть

Студенттермен амандасу, түгендеу. Сабақтың тақырыбын, мақсат міндеттерін айту.

2. Өткен тақырыпты қайталау:

1. Салық құқығы (ауызша сұрау);

2. Карточкалар;

3. Тест;

  • 3.Жаңа тақырыпты зерделеу:


Жоспар

     1. Қылмыстық құқық түсінігі, пәні, қағидалары және қайнар көздері

     2. Қылмыс түсінігі, белгілері, санаттары және қылмыс құрамы.

Қылмыстық құқық жеке құқық саласы ретінде адамды, оның құқықтары мен бостандықтарын, қоғамды және мемлекетті қылмыстық қол сұғушылықтан қорғауға бағытталған қоғамдық қатынастарды реттейді.

Ол қоғамдық қатынастарды реттеп қана қоймайды, сонымен қоса, пәрменді күшпен қорғайды. Ал оның қорғау аясына, ең алдымен басқа құқық салаларымен бұған дейін реттеліп қойған қоғамдық қатынастар енеді. Мысалы, мүлікті қалай пайдалану, иелену, билік ету мәселесіне қылмыстық құқық араласпайды, оны азаматтық құқық реттейді. Ал алдын-ала біреу осы құқықтарды бұзатын болса (ұрылық, тонау, қарақшылық т.б.) онда оны қылмыстық құқық қорғайды.

Қылмыстық құқықтың қайнар көздері.

Қылмыстық құқықтың қайнар көздеріне ҚР Конституциясы, ҚР Қылмыстық кодексі жатады. Қылмыстық кодекс 28 сәуір 2006 жылы қабылданды. Бірақ 2015 жылы 1 қаңтардан жастап жаңа Қылмыстық кодекс толықтырулар мен өзгертулер енгізілді. Жалпы бөлім қылмыстық жауаптылықтың негіздерін, міндеттері мен принциптерін, жекелеген жаза түрлерінің қолдану шегін, оларды тағайындау тәртібін белгілейтін нормалардан, шартты түрде жаза қолдануды, қылмыстық жаза мен жауаптылықтан босатуды, үкімнің орындалуын кейінге қалдыруды реттейтін институттарды орнықтыратын нормалардан, сондай-ақ, сотталғандарды түзеу ісін қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктердің қатысу нысандарын көрсететін нормалардан тұрады. Сонымен қатар, кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы мен оларды жазалаудың ерекшеліктері де, соттылықты жою мен алып тастау шарттары да жалпы бөліммен реттеледі.

Қылмыстық құқықтың ерекше бөлімінің нормалары жаза түрлері мен оның қолдану шегін көрсете отырып, нақты жекелеген қылмыстарға сипаттама береді.

Қылмыстық құқықтың қағидалары деп – қылмыстық құқықты басшылыққа алатын оның нормаларының негізгі мазмұны мен бағытын анықтайтын бастауларды айтамыз.

Қылмыстық құқықтың негізгі принциптеріне мыналар жататады:

1. Заңдылық принципі – бұл принциптің мәні қылмыс пен күресуді заң шеңберіндегі, оның талаптарын мүлтіксіз орындай отырып жүргізуді білдіреді. Ешкімде соттың үкімінсіз, заңға қайшы жолмен кінәлі болып табылмайды.

2. Адамдардың заң алдындағы теңдігі принципі – бұл принцип адамның тегіне, ұлтына, нәсіліне, әлеуметтік, мүліктік жағдайына, тіліне, дінге деген көзқарасына қарамастан заң алдында бірдей жауап беретіндігін көрсетеді.

3. Жауаптылық принципі – бұл принцип бойынша кез келген адам лауазымдық және басқа да жағдайларға қарамастан өзінің істеген қылмысы үшін нақты жауаптылықты мойындауы қажет.

4. Әділеттілік принципі – бұл принциптің мәні қылмыстық жазаға іс-әрекетінде қылмыс құрамының толық белгілері бар адамдар тартылуы керек. Негізсіз, дәлелсіз қылмыстық жауаптылыққа жол берілмейді.

5. Демократизм принципі – бұл принциптің мәні сот төрелігін жүзеге асыру барсында істі қатысушылар мен сол ауданның басым бөлігі білетін тілде жүргізу,  егер қажет етсе аудармашының көмегімен қамтамасыз етуді білдіреді.

6. Гуманзим принципі – бұл принциптің мәні кішігірім қылмыстарды алғаш жасаған адамдарға кешіріммен қарап, жеңіл жаза тағайыедап, керісінше ауыр қылмыс жасағандарға неғұрлым ауыр жаза тағайындаудан тұрады.

7. Интернационализм принципі – бұл принцип ұлттық теңдікті бұзғаны үшін, басқа мемлекеттің мүддесіне, халықаралық қауіпсіздікке, ұлттар арасындағы бейбітшілікке қарсы қылмыстар үшін жауакершілік белгілейтін нормалардан көрініс табады.

Қылмыстық заң – Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес республика Парламенті қабылдаған құқықтық ережелер болып табылады. Жеке адам мен қоғам арасындағы қақтығыстардың қайсысының қоғамға қауіптілік дәрежесінің басым екенін анықтау және оған осы мәселеде қылмыстық құқықтық шараларды қолдану арқылы осы қатынастарды реттеу қылмыстық заңның негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. 

Қылмыс әр уақытта да белгілі бір іс-әрекеттің көрінісі, нәтижесі болып табылады.

Әрекет дегеніміз – адамның қылмыстық заң тиым салған нәрселерді істеуі, ал әрекетсіздік дегеніміз адамның заң, нормативтік кесімдер, нұсқаулар немесе жарлықтар, бұйрықтар бойынша өзіне жүктелген міндетін орындамауы.

Қылмыс дегеніміз – қылмыстық заңдармен тиым салынған, қоғамға қауіпті әрекет немесе әрекетсіздікті айтамыз.

Қылмыстың белгілеріне мыналар жатады:

1. Қоғамға қауіптілігі;

2. Заңға қайшылығы;

3. Айыптылығы;

4. Жазаланатындығы.

Қылмыстың санаттары деп оларды нақты белгілері бойынша топқа бөлуді айтамыз. Қылмыстар сипатына, қоғамға қауіптілік дәрежесіне және кінәнің түріне байланысты мынадай санаттарға бөлінеді:

- онша ауыр емес;

- ауырлығы орташа;

- ауыр;

- аса ауыр.

Қылмыстық Кодекстің 10-бабына сәйкес қылмыс жасағаны үшін осы Кодексте көзделген ең ауыр жаза бас бостандығынан:

1. қасақана жасаған әрекеті – 2 жыл, абайсызда жасаған әрекеті – 5 жылдан аспайтын мерзімге – онша ауыр емес;

2. қасақана жасаған әрекеті – 5 жыл, абайсызда жасаған әрекеті – 5 жылдан аспайтын мерзімге – ауырлығы орташа;

3. қасақана жасаған әрекеті – 12 жылдан астам мерзімге – ауыр;

4. қасақана жасаған әрекеті – 12 жылдан астам мерзімге немесе өлім жазасы көзделсе – аса ауыр санатына жатады.

Қылмыстың құрамы дегеніміз – бұл қылмыстың объективтік және субъективтік жақтарынан құралатын белгілерінің жиынтығын айтамыз. Ондай белгілер 4 топқа бөлінеді:

- қылмыстың объектісі;

- қылмыстың объективтік жағы;

- қылмыстың субъектісі;

- қылмыстың субъективтік жағы.

 1.    Қылмыстың объектісі – қылмыскердің қиянат жасайтын және де қылмыстық заңдармен қорғалатын қоғамдық қатынатсар.

2. Қылмыстың объективтік жағы – ол қылмыстың сыртқы көрінісіне жататын белгісі.

3. Қылмыстың субъектісі – ол қылмыс жасаған уақытта ақыл-есі дұрыс және 16 жасқа толған жеке адам. Кейбір ауыр қылмыстар үшін (кісі өлтіру, зорлау, адам ұрлау және т.б.) қылмыстық жауаптылыққа адам 14 жастан тартылады.

4. Қылмыстың субъективтік жағы – бұл қылмыстың ішкі мәнін, мазмұнын білдіреді.

Қылмыс құрамы құрастырылуына байланысты материалдық және формальды болып жіктеледі.

Материалдық құрамда қылмыстың аяқталу сәті қоғамға қауіпті зардаптың тууына байланысты болса, формальды құрамда зардапты тосып жатпай-ақ, қоғамға қауіпті әрекетті жасаудың өзі қылмыстың аяқталғандығын  көрсетеді.

Кез келген қылмыс белгілі бір кезеңдерден немесе сатылардан өтеді. Көп жағдайда адам қылмыс жасауға дайындалып барып, өз ниетін іске асырады. Ниет жүзеге асса, толыққанды аяқталған қылмыс, жасаушыға қатыссыз себептермен жүзеге аспай қалса, не өзі бас тартса, аяқталмаған қылмыс болып табылады.

Қылмыстық құқық теориясында бір бірінен әрекет сипаты мен аяқталу дәрежесіне қарай ажыратылатын қасақана қылмыстың үш сатысы көрсетіледі. Олар:

1. Қылмысқа дайындалу;

2. Қылмысқа оқталу;

3. Аяқталмаған қылмыс.

Осы үш саты тек қана тікелей ниетпен жасалған қысқаша қылмыстарда болады.

1. Қылмысқа дайындалу деп «тікелей ниетпен қылмыс құралдарын немесе бейімдеп жасау, қылмысқа қатысушыларды іздестіру, қылмыс жасауға сөз байласу не қылмыс жасау үшін өзге де қасақана жағдайлар жасау» объектіге жанасу жолдарын іздестіру танылады. Ол қылмысқа оқталу мен аяқталған қылмысқа қарағанда қауіптілік дәрежесі төмен. Қылмысқа дайындалушы бұл жағдайларды өз қолымен жасайды, бірақ еркіне байланысты емес мән-жайлар бойынша ақырына дейін жеткізілмейді. Егер де бұлай болмай қылмыстық өзгерістерді дайындалу сатысынан доғарса, қылмыстан өз еркімен бас тарту болар еді.

2. Қылмыс жасауға оқталу. «Тікелей қылмыс жасауға тура бағытталған ниетпен жасалған іс-әрекет (әрекетсіздік), егер бұл орайда қылмыс адамға байланысты емес мән-жайлар бойынша ақырына дейін жеткізілмесе, қылмыс жасауға оқталу болып табылады».

3. Аяқталған қылмыс. Егер адам әрекеттерінде қылмыстық кодекстің ерекше бөлімінде келтірілген баптың диспозициясындағы барлық объективті және субъективтік белгілердің бәрі болса, аяқталған қылмыс болып есептеледі.

4.Нығайту

1. Қорытынды сұрақтар

  1. Қылмыстық құқық дегеніміз не? 

  2. Қылмыстық құқықтың жалпы бөлімі қандай қатынастарды реттейді?

  3. Қылмыстық құқықтың ерекше бөлімі қандай қатынастарды реттейді?

  4. Қылмыстық құқық қандай принциптерге негізделген?

  5. Қылмыстық заң дегеніміз не?

  6. Қылмыс Жазаның мақсаты не?

  7. дегеніміз не?

  8. Қылмыстың белгілерін атаңыз.

  9. Қылмыстың санаттары дегеніміз не?

  10. Қылмыстың құрамы дегеніміз не?

  11. Жаза дегеніміз не?

  12. Жазаның белгілерін атаңыз.

2. Жорамал диктант: «Фемида»

.......... жеке құқық саласы ретінде адамды, оның құқықтары мен бостандықтарын, қоғамды және мемлекетті қылмыстық қол сұғушылықтан қорғауға бағытталған қоғамдық қатынастарды реттейді. Қылмыстық құқықтың қайнар көздеріне ............. жатады. ............... – қылмыстық құқықты басшылыққа алатын оның нормаларының негізгі мазмұны мен бағытын анықтайтын бастауларды айтамыз. Қылмыстық құқықтың негізі ......... принциптен тұрады. – қылмыстық заңдармен тиым салынған, қоғамға қауіпті әрекет немесе әрекетсіздікті айтамыз. Қылмыстар сипатына, қоғамға қауіптілік дәрежесіне және кінәнің түріне байланысты мынадай санаттарға бөлінеді:......................................................................................................

Студенттердің дәптерлеріндегі жазулар: диктант «Фемида». Қылмыстық құқық, ҚР Конституциясы және ҚР Қылмыстық кодексі, Қылмыстық құқықтың қағидалары, 7, Қылмыс, - онша ауыр емес; - ауырлығы орташа; - ауыр; - аса ауыр.


3. Кластер толтыру

5.Өздік жұмыс

«Құқық» ұғымына өлең шығару

  1. Сабақ қорытындысы

Ыстық микрофон

7. Үй тапсырмасы

1. «Біз құқықты мемлекетпіз». Эссе

2. Дәріс


  1. Рефлексия

Маған қызықты болды...

Мен түсінбедім...

Мен бүгін сабақта білдім...


Оқытушы: Мадиева А.К.










Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 20.12.2015
Раздел Другое
Подраздел Конспекты
Просмотров223
Номер материала ДВ-273705
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх