Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Другое / Конспекты / План урока по правоведению на тему "Құқық дегеніміз не?" (9класс)
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Другое

План урока по правоведению на тему "Құқық дегеніміз не?" (9класс)

библиотека
материалов

Тақырыбы: Құқық дегеніміз не?

Мақсаты: Жастардың жеке құқығы мен міндеттері меңгеруінен тұратын құқық негізін жасау, ерекше жағдайларда қорғау, жұмыс әрекеттерін құқығы мен міндеттері негізінде белгіленген норма бойынша іске асыру және әлеуметтік нормаларды ретке келтіру.

Жүргізуші: Қоғамның басты байлығы – адам. Ендеше оның игілігі мен мүддесі үшін қызмет етуде конститутциямыз лайықты қызмет атқаруда. Біз өмір сүріп отырған қоғамның мақсаты кемелетке толмаған жасөспірімдер мен жас жеткіншектердің тәрбие мәселесі мәнінде шешу. Олардың келешегіне заман талабына сай жол салу. Бұл салада жасөспірімдер арасында теріс әрекеттердің алдын – алу мақсатында ҚР предиденті 1995 жылдың маусымының 25 – інде қабылданған «Жалпыға бірдей құқықты қорытуды жүзеге асыру шаралары туралы» қаулысының негізінде
Қала мектептерінде оқушылар арасында құқықтық тәрбие беру туралы лекциялар, әртүрлі әдіс – тәсілдер арқылы іс шаралар жүргізіліп келеді.
Сіздердің алдарыңызда осы іс – шараларды жүргізетін «Ақиқат» үгіт бригадасын шақырамын.

1. Ақиқатым, аңсағаным, өзіңсің,
Бірлік, шындық, қасиетті сөзімсің.
Өзгеруін бұл заманның халқына,
Ұғындырар ақиқатын өзіңсің.

2. Болу керек әркім зерек білімде,
Қорғау керек өз құқығын әлінше.
Ата – заңын, туған жерін, әдет – ғұрпын, дәстүрін,
Барлығының ұмытылмай сақталуы үшін де.

3. Тарихын өткен жалын өшірмейді,
«Ақиқат» тәуелсіз ел – көгершін.
Қашанда артық тұтар Ата – заңым,
Ұланы ынтымақты өсер елдің.
Ұран: Пайда ойлама, ар ойла,
Талап қыл артық білуге.
(Абай)
Ата заң
«Оқы да, білім ал деген»,
«От бол да, мәңгі жан» деген –
Ата заңым менің.
«Еңбек ет, еркін жүр» деген,
«Асыр сап, ойнап күл» деген,
Ата заңым менің.
Қорғасын аспан күнімді,
Қолдасын бостандығымды,
Ата заңым менің.
Құптаған көңіл қоштығын,
Ұлттардың берік достығын –
Ата заңым менің.
Тәуелсіз еркін ел бүгін,
Талай жыл күткен теңдігім –
Ата заңым менің.
Санама құйған таң нұрын,
Бақытым, бағым, тағдырым –
Ата заңым менің!

Қорытынды: қайталау

Тақырыбы: Адамгершілік дегеніміз не?

Мақсаты: Жастардың жеке құқығы мен міндеттері меңгеруінен тұратын құқық негізін жасау, ерекше жағдайларда қорғау, жұмыс әрекеттерін құқығы мен міндеттері негізінде белгіленген норма бойынша іске асыру және әлеуметтік нормаларды ретке келтіру.


Адамгершілік - адам бойындағы гуманистік құндылық, әдеп ұғымы. "Кісілік", иізгілік", "имандылық" тәрізді ұғымдармен мәндес. Адамгершілік - адамшылық, каталдықпен салыстырғанда жаксылық тілеу қарым-қатынастары.Халықтық дүниетанымда мінез-кұлықтың әр түрлі жағымды жақтары осы ұғымнан таратылады. Мінез-құлық пен іс-әрекеттерде көзге түсетін төмендегідей Адамгершілік белгілерін атап өтуге болады: адамды қастерлеу, сыйлау, сену, ар-ұятты сақтау, имандылық пен рахымдылық, ізеттілік пен кішіпейілділік, әділдік, қанағатшылдық, т.б.Адамгершілік принциптері әлеум.-мәдени дамудың жемісі. Адам тумысында жақсылыққа да, зұлымдыққа да үйір емес. Адамгершілік белгілерінің қалыптасуына ерекше әсер еткен мынадай факторлар бар: жыныстыққа қа-тынастарды реттеу, қандастарын өлтіруге тыйым салу, әлсіздерге қамқорлық ету, ең-бектің қоғамдық жолмен бөлінуі және адамдар арасындағы ынтымақтастықтың қалыптасуы. Адамгершілік құндылықтар-дың қалыптасуы үшін жүйелік (қоғамдық, мемл.) және тұлғалық мүшелердің ара салмағын дұрыс айқындаудың маңызы зор. Жеке адамды әлеум. қатынастардың жемісі деп қарастыру адамды бағаламауға әкеп соғады (соц. идея). Тота-литарлық қоғамдағы "Ортақ мүдде жеке адам мүддесінен жоғары" деген ұран Адамгершілік қағидаттарыныңнұқсан келтірді.БҰҰ қабылдаған "Адам құқықтарының жалпы декларациясының" басты баптарын адамдық қарым-қатынас нормаларына айналдыру Адамгершілік құндылықтарын қастерлеу шарттарының біріне жатады, Оның басты әдептік баптары төмендегідей:

  • барлық адамдар тең құқықты, ерікті және қадірлі;

  • азаматтар нәсіліне, ұлтына, жынысына, тіліне, шыққан тегіне, дініне, сеніміне, мүліктік және лауазымдық жағдайына қарамай заң алдында бірдей;

  • өмір сүру күқығы, адамның бас бостандығы мен жеке өмір сүру еркі қасиетті болып табылады.

Адамгершілік қағидаттарыңың сақталуы өтпелі қоғам жағдайында ерекше маңызды мәнге ие болады. Бұл кезеңде ұлттық дәстүрлі дүниетаным мен әдепке жат маскүнемдік пен нашақорлық, рэкет пен жезөкшелік, қатыгездік сияқты теріс мінез-құлықтар өріс жаюы мүмкін. Өркениеттілікке апаратын жол халықты адамгершілікке, мандылық пен ізгілікке, салауатты өмір салтына баулу.[1] Адамгершілік мәселесі — адамзат мәдениетінің, руханиятының қалыптасуымен етене байланысты дүниелер. Адамгершілік құлық адамның езінің әлеуметтік қалыптасу тарихымен, мәдениетінің бой кетеру үдерісімен бірге пайда болған. Ендеше, мораль туралы мәселе адамзат тарихының қапас түнегінде, тіпті сана сәулесі жетер-жетпес қадым заманда жатқандығы бәрімізге түсінікті. Ол туралы хатқа басылып қалдырған мұра тұрмақ, кандай да бір із табу қиын. Ғылым өзінің болжамын /гипотезасын/ алға тартады. Ол болжам бойынша, гоминидтер, яғни адамтектес приматтар жер бетіндегі ауа райының күрт өзгеруіне байланысты Табиғат-Ананың алдына қойған "талабына" өзіндік даму "жауабын" тапты. Сөйтіп, төрт табанданған приматтар орнын екі аяғымен тік тұратын, сондықтан да көру көкжиегі кеңейтілген әрі екі қолын тамақ тауып, аң аулауға бос қойған, жаңа сападағы гоминидтер басады. Адамзаттың қазіргі адам кейпіне ұқсас күйінде қалыптасуы бірнеше миллиондаған жылдарға созылды.

Тақырыбы: Қайталау

Мақсаты: Жастардың жеке құқығы мен міндеттері меңгеруінен тұратын құқық негізін жасау, ерекше жағдайларда қорғау, жұмыс әрекеттерін құқығы мен міндеттері негізінде белгіленген норма бойынша іске асыру және әлеуметтік нормаларды ретке келтіру.


Қоғамның басты байлығы – адам. Ендеше оның игілігі мен мүддесі үшін қызмет етуде конститутциямыз лайықты қызмет атқаруда. Біз өмір сүріп отырған қоғамның мақсаты кемелетке толмаған жасөспірімдер мен жас жеткіншектердің тәрбие мәселесі мәнінде шешу. Олардың келешегіне заман талабына сай жол салу. Бұл салада жасөспірімдер арасында теріс әрекеттердің алдын – алу мақсатында ҚР предиденті 1995 жылдың маусымының 25 – інде қабылданған «Жалпыға бірдей құқықты қорытуды жүзеге асыру шаралары туралы» қаулысының негізінде
Қала мектептерінде оқушылар арасында құқықтық тәрбие беру туралы лекциялар, әртүрлі әдіс – тәсілдер арқылы іс шаралар жүргізіліп келеді.

Адамгершілік қағидаттарыңың сақталуы өтпелі қоғам жағдайында ерекше маңызды мәнге ие болады. Бұл кезеңде ұлттық дәстүрлі дүниетаным мен әдепке жат маскүнемдік пен нашақорлық, рэкет пен жезөкшелік, қатыгездік сияқты теріс мінез-құлықтар өріс жаюы мүмкін. Өркениеттілікке апаратын жол халықты адамгершілікке, мандылық пен ізгілікке, салауатты өмір салтына баулу.[1] Адамгершілік мәселесі — адамзат мәдениетінің, руханиятының қалыптасуымен етене байланысты дүниелер. Адамгершілік құлық адамның езінің әлеуметтік қалыптасу тарихымен, мәдениетінің бой кетеру үдерісімен бірге пайда болған. Ендеше, мораль туралы мәселе адамзат тарихының қапас түнегінде, тіпті сана сәулесі жетер-жетпес қадым заманда жатқандығы бәрімізге түсінікті. Ол туралы хатқа басылып қалдырған мұра тұрмақ, кандай да бір із табу қиын. Ғылым өзінің болжамын /гипотезасын/ алға тартады. Ол болжам бойынша, гоминидтер, яғни адамтектес приматтар жер бетіндегі ауа райының күрт өзгеруіне байланысты Табиғат-Ананың алдына қойған "талабына" өзіндік даму "жауабын" тапты. Сөйтіп, төрт табанданған приматтар орнын екі аяғымен тік тұратын, сондықтан да көру көкжиегі кеңейтілген әрі екі қолын тамақ тауып, аң аулауға бос қойған, жаңа сападағы гоминидтер басады. Адамзаттың қазіргі адам кейпіне ұқсас күйінде қалыптасуы бірнеше миллиондаған жылдарға созылды.

Қорытынды: тест құрап келу







Сабақтың тақырыбы:
«Сен еліміздің Ата Заңы – Конституция туралы білесің бе?»
Сабақтың мақсаты: Еліміздің Ата заңы жөнінде түсінікті тереңдету.
Сабақтың міндеттері:
Білімділік: Оқушыларға Конституция ұғымы, тараулары, қабылдануы, қазіргі кездегі қолданысы жөнінде түсіндіре отырып, бүгінгі өмірмен байланыстыра білім беру.
Дамытушылық: Түрлі сұрақтар, суреттер арқылы баланы ойланта отырып, олардың көзқарасын танытуға мүмкіндік жасау, сөйлеу мәдениетін жетілдіру.
Тәрбиелік: Өзіндік көзқарасы бар ұлтжанды азамат тәрбиелеу, оқушыларға патриоттық тәрбие беру.
Сабақтың түрі: Байқау-сабақ
Көрнекіліктер:
Мемлекеттік рәміздер суреті, газет материалдары
Сабақ барысы
І. Ұйымдастыру бөлімі
Амандасу, оқушылардың сабаққа қатысымын тексеру.
ІІ. Ой қозғау
Балалар, мына өлеңді мұқият тыңдап отырып, онда не туралы жырланғанын айтыңыздар.
Ата Заң
Ата Заңым,
Алтын Заңым – ардағым,
Аялаған адамзаттың арманын.
Жол бастайды болашаққа жасампаз,
Әрбір бабаң, тарауларың, тармағың.
Алтын Заңда –
Парасатым, пайымым.
Алтын Заңда -
Күш – қуатым, жалыным.
Сен қорғайсың
Бостандық пен құқықты,
Анамдайсың елжіреген жаны күн.
(Балалардың жауабы тыңдалады)
ІІІ. Кім біледі? 30 тамыз қандай атаулы мереке? (Конституция күні)
1 қыркүйектің ерекшелігі? (Білім күні)
Конституция туралы не білесіңдер?
ІV. Жаңа сабақ: «Санаға сапар»
Қазақстан Республикасының Конституциясы – Қазақстанның Ата (негізгі) заңы.
Конституция 1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық дауыс беру арқылы қабылданды. Қазақстан халқы мемлекеттік биліктің қайнар көзі – өзінің егемендік құқығын баянды етті. Ата заң қабылданған күн 30 тамыз – мемлекеттік мереке – ҚР Конституциясының күні деп жарияланды.
Бұл жаңа Конституция Қазақстанның төртінші Ата заңы.
(1937, 1978, 1993, 1995)
Оның құрылымы кіріспеден, 9 бөлімнен, 98 баптан, көптеген тармақтар мен тармақшалардан тұрады.
Конституция – барлық заң салаларының негізі, ал оның нормалары – басқа заңдар үшін басты қағида болып есептеледі.
Конституция дегеніміз – қоғамдық және мемлекеттік құрылыс негіздерін, мемлекеттік органдар жүйесін, олардың түзілу реттілігі мен қызметін, азаматтардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын мемлекеттік заң.
Конституцияның бірнеше баптарын таныстыру


1 – бап
Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары.
7 – бап
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл – қазақ тілі.
27 – бап
1. Неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында болады.
2. Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу – ата-ананың етене құқығы әрі міндеті.
3. Кәмелетке толған еңбекке қабілетті балалар жарамсыз ата-анасына қамқорлық жасауға міндетті.
30-бап
1. азаматтардың мемлекеттік оқу орындарында тегін орта білім алуына кепілдік беріледі. Орта білім алу міндетті.

36 – бап
Қазақстан Республикасын қорғау –
оның әрбір азаматының қасиетті парызы және міндеті.

V. Суреттермен жұмыс ( мемлекеттік рәміздер туралы оқушылар білімін саралау)


VІ. Қорытындылау.
ҚР Конституциясының ең жоғарғы заңдық күші бар. Әрбір азамат өзінің құқықтары мен бостандықтарын қорғау үшін конституция, оның нормаларын пайдалана алады. Сонымен, ҚР-ның Конституциясы – елдің басты саяси құқықтық құжаты. Заңға бағыну – тәртіп, ал тәртіп бар жерде тәрбие, тиянақтылық сияқты адамға тән қасиеттер бар. Сол қасиеттер қоғам дамуына негіз болады. Өз Отанын танып, сүюі, оның заңдарына бағынуы – бұл әр адамның азаматтық жауапкершілігін сезінуі, өз елінің алдындағы азаматтық борышын орындауы.























Сабақтың тақырыбы: Қазақстан Республикасы-тәуелсіз мемлекет.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: оқушылардың мәтін аясында білімдерін кеңейту, жаңа сөздер үйрету. Сөйлесім әрекеттері арқылы оқушылардың сөйлеу қабілетін жетілдіру. Ол әрекеттерді жүйелі түрде қолдану. Практикалық жұмыстарға мейлінше көп көңіл бөліп, тілдесім әрекетіне жетелеу.
Септеулік шылауларды меңгерту.
Дамытушылығы: оқушылардың байланыстырып сөйлеу дағдысын қалыптастыру. Берілген материалдарды өмірдегі жағдайлармен салыстыра, байланыстыра отырып, тілдесім әрекетін жандандыру. Ойлау, есте сақтау қабілеттерін күшейте түсу. Грамматикалық тақырыптарға көп көңіл бөлу.
Тәрбиелігі: өз елін, өз жерін, Отанын сүюге тәрбиелеу. Патриоттық сезімдерін ояту.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ –жауап, әңгімелеу, түсіндірмелі талдау.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, кесте, слайд.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын тексеру:
- Үйге қандай тапсырма берілді?
-Үй тапсырмасын барлығымыз орындадық па? (үй тапсырмасын жалпылай сұрақтар арқылы және жекелеп тексеріп шығу)
III. Жаңа сабаққа даярлау:
-Сендер қандай жерде, қандай елде тұрасыңдар?
-Сендер өз елдеріңнің тарихын жақсы білесіңдер ме?
-Қазақстан қандай мемлекет?
-Қазақстан тәуелсіздігін қашан жариялады?
IY. Жаңа тақырып:
Сабақтың мақсатымен, барысымен таныстыру.
Септеулік шылаулар.
Септеулік шылау сөздерді бағындыра байланыстырады. Ол атау, барыс, шығыс және көмектес септіктерінде тұрған сөзбен тіркесіп қолданылады. Алдындағы сөздің септігіне қарай оның 4 түрі бар.
Септік Шылау Мысал
Атау септігіне қатысты туралы, жайында, сияқты, үшін т.б. Отан үшін отқа түс –
қүймейсің.
Барыс септігіне
қатысты дейін, қарай, тарта, таман, жуық т.б. Түске дейін жүзге жуық
хат жібердік.
Шығыс септігіне
қатысты кейін, соң, әрі, гөрі, бері
Осыдан кейін үйге барамын
Көмектес
септігіне қатысты бірге, қабат, қатар
Мен досыммен бірге жұмыс істедім.
1. Мәтінге дейінгі жұмыс:
Сөздікпен жұмыс:
а) берілген сөздердің оқылуымен, аудармасымен, қолданылу аясымен таныстыру
ә) сөздерді хормен, жекелеп оқытып шығу
б) осы сөздерді қатыстырып сөз тіркестерін немесе сөйлемдер құрату
тәуелсіздік - независимость шақырым – километр
жарияланды- объявлен солтүстік-батыс – северо-запад
батыс - запад оңтүстік-шығыс – южный- восток
көршіміз - соседи өсімдік - растения
шектеседі - граничат аумағында - величина, объем
жер көлемі – обьем земли шекара - граница
2. Мәтінмен жұмыс:
-берілген мәтінді мәнерлеп оқып шығу
-оқушыларға жекелеп, кезекпе-кезек оқытып шығу
-мәтінді аударту
-мәтін бойынша слайд көрсету
Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі 1991 жылдың 16 желтоқсан айында жарияланды. Жер көлемі -2717,3(екі мың жеті жүз он жеті бүтін, оннан үш) мың шаршы шақырым.
Халқы – 16 миллион, астанасы – Астана қаласы.
Қазақстан Республикасының шекарасы 15 мың шақырымнан асады. Оның 12 мың шақырымы құрлықпен, ал 3 мың шақырымы сумен (Каспий және Арал теңізі бойларымен) өтеді. Батыс, солтүстік-батыс, солтүстігіміздегі көршіміз – Ресей Федерациясы, оңтүстік-шығыс және шығыста Қытай Халық Республикасымен шектеседі. Оңтүстік және оңтүстік-батыстағы шекараларымыз – Түрікменстан, Өзбекстан және Қырғызстан Республикалары. Ірі өзендері: Ертіс, Есіл, Жайық, Іле, Сырдария, Тобыл.
3. Мәтіннен кейінгі жұмыс:
1. Қазақстан Республикасы қай жылы тәуелсіз ел болды?
2. Оның жер көлемі қандай?
3. Халқының саны қанша?
4. Шекарасы қанша шақырым?
5. Қазақстан қай елдермен шектеседі?
6. Тәуелсіз Қазақстан Республикасында қандай ірі өзендер бар?
4. Топпен жұмыс:
1. Берілген сөздерге фонетикалық талдау жасау.
Ү лгі: Мемлекет, 8 әріп, 8 дыбыс, 3 д/ты, 5 д/сыз
Мем-ле-кет – үш буын, 1,3-бітеу, 2-ашық буын
м – дауыссыз, үнді
е - дауысты, жіңішке, ашық, езулік
л – дауыссыз, үнді
к - дауыссыз, қатаң
т - дауыссыз, қатаң
1-топ: Халық 2-топ: Теңіз 3-топ: Көлем
2. Мәтіннен септік жалғауында тұрған сөздерді теріп жазып, талдау.
Үлгі: Республика+ның-ілік септік, ненің?
3. Берілген шылау сөздерді қатыстырып сөйлемдер құрастыру.
1-топ 2-топ 3-топ
Туралы, қарай, соң. Бірге, кейін, сияқты. Қатар, жайында, жуық.
Y. Сабақты бекіту:
-Бүгін сабақта не істедік?
-Қандай жаңа сөздер үйрендік?
-Қандай мәтін оқыдық?
YI. Үйге тапсырма:



Қазақстан Республикасының
тұңғыш президенті - Н. Ә. Назарбаев
Мақсаты.
Отанымызды сүюге, туған еліне, оның тіліне, салт - дәстүрі мен мәдениетіне деген сүйіспеншілік сезімін оятуға, бірінші Президентіміздің өмір жолына үлгі тұлға ретінде қарауға тәрбиелеу.
• 1940 жылғы 6 шілдеде Алматы облысы Қаскелең ауданы Шамалған ауылында дүниеге келген.
• 1967 жылы - Қарағанды металлургия комбинаты жанындағы жоғары техникалық оқу орнын бітірді. Экономика ғылымдарының докторы
Әл - Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің профессоры
Беларус ғылым академиясының құрметті мүшесі.
М. В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің құрметті профессоры
• 1960 – 1973 жылдары – Қарағанды металлургия зауытында жұмыс істейді.
• 1969 – 1973 жылдары – Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы партия - комсомол жұмыстарында жауапты қызметтер атқарды.
• 1973 – 1977 жылдары – Қарметкомбинаттың партком хатшысы
• 1977 – 1979 жылдары – Қарағанды облыстық партия комитетінің хатшысы, 2 - хатшысы.
• 1979 – 1984 жылдары – Қазақстан КП Орталық Комитетінің хатшысы.
• 1984 – 1989 жылдары – Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы
• 1989 – 1991 жылдары – Қазақстан КП ОК бірінші хатшысы. 1990 жылғы ақпан - сәуір аралығында Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің төрағасы болды.
• 1990 жылдың сәуірінен – Қазақстан Республикасының Президенті
• 1991 жылдың 1 желтоқсанында тұңғыш рет ҚР Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтті. Сайлау нәтижесінде Н. Ә. Назарбаев басым дауыспен 98, 7 жеңіске жетті.
• 1995 жылдың 29 сәуірінде жалпыхалықтық референдум нәтижесінде Қазақстан Республикасы Президенті Н. Ә: Назарбаевтың өкілеттілігі 2000 жылға дейін ұзартылды.
• 1999 жылдың 10 қаңтарында өткен жалпыхалықтық сайлаудың нәтижесінде Н. Ә. Назарбаев 79, 78 дауыс алып, ҚР Президенті болып сайланды.
• 2005 жылдың 4 желтоқсанында сайлаушылардың 91, 5 дауысын алып, ҚР Президенті болып қайта сайланды.

Қазақстан халықтары ассамблеясының төрағасы
Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғары Бас Қолбасшысы
Дүниежүзілік қазақтар қауымдастығының төрағасы

Жұбайы – Сара Алпысқызы Назарбаева, Халықаралық “Бөбек” балалар қайырымдылық қорын басқарады.
Президенттің үш қызы бар: Дариға – саясат ғылымдарының докторы, Динара
Н. Ә. Назарбаев атындағы білімді қолдау қорын басқарады. Әлия – бизнеспен айналысады, “Элитстрой” компаниясын басқарады.

1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін жариялады

1991 жылы қазақ халқының тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров ғарышта ерлік көрсетті.
1993 жылы қарашаның 15 – і күні ұлттық валюта - теңге айналымға енді.
Ақмола қаласы 1997 жылдың 10 желтоқсанынан бастап Қазақстанның астанасы деп жарияланды.
1998 жылдың 6 мамырында оған Астана деген ат берілген

1992 жылғы маусым айының 4 - жұлдызы – Қазақстан Республикасы тарихындағы ерекше мәртебелі күн. Бұл еліміздің мемлекеттік рәміздері, Елтаңбасы, Әнұраны дүниеге келген күн ретінде мәңгі есте қалады.

1991 жылдың 1 желтоқсаны және 16 желтоқсаны әрқашан да біздің тарихымыздың Бірлігі күні, Ұлы Күні болып қала береді, барлық уақыттарда да Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев есімімен тығыз байланыста болады

Қорытынды: қайталау

Сабақтың тақырыбы: Қазақстан Республикасы Парламенті
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: оқушылардың мәтін аясында білімдерін кеңейту, жаңа сөздер үйрету. Сөйлесім әрекеттері арқылы оқушылардың сөйлеу қабілетін жетілдіру. Ол әрекеттерді жүйелі түрде қолдану. Практикалық жұмыстарға мейлінше көп көңіл бөліп, тілдесім әрекетіне жетелеу.
Септеулік шылауларды меңгерту.
Дамытушылығы: оқушылардың байланыстырып сөйлеу дағдысын қалыптастыру. Берілген материалдарды өмірдегі жағдайлармен салыстыра, байланыстыра отырып, тілдесім әрекетін жандандыру. Ойлау, есте сақтау қабілеттерін күшейте түсу. Грамматикалық тақырыптарға көп көңіл бөлу.
Тәрбиелігі: өз елін, өз жерін, Отанын сүюге тәрбиелеу. Патриоттық сезімдерін ояту.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ –жауап, әңгімелеу, түсіндірмелі талдау.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, кесте, слайд.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын тексеру:
- Үйге қандай тапсырма берілді?
-Үй тапсырмасын барлығымыз орындадық па? (үй тапсырмасын жалпылай сұрақтар арқылы және жекелеп тексеріп шығу)
III. Жаңа сабаққа даярлау:
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясы Парламентті заң шығару қызметін жүзеге асыратын жоғарғы өкілді орган ретінде сипаттайды. Қазақстан Республикасының Парламенті жоғарғы өкілді орган ретінде, демократияля органы ретінде де өзінің саяси еркін білдіреді.Парламент тұрақты негізде жұмыс істейтін екі Палатадан, Сенаттан және Мәжілістен тұрады. Сенат әр облыстан, республикалық маңызы бар қалалардан және Қазақстан Республикасының астанасынан екі адамнан, тиісінше облыстың республикалық маңызы бар қаланың және Республика астанасының барлық өкілдікті органдары депутаттарының бірлескен отырысында сайланатын депутаттардан құрылады.
1 Сенаттың жеті өкілеттілігі мерзіміне Республика Президенті тағайындайды. Ал мәжіліс жетпіс жеті депутаттан тұрады. Алпыс жеті депутат аумақтық сайлау округтегі бойынша сайланады. Он депутат партиялық тізімдер негізінде сайланады. Сенат депутаттарының өкілеттік мерзімі – алты жыл, Мәжіліс депутаттарының өкілеттік мерзімі – бес жыл.Парламент депутатының өкілеттігі Қазақстан Республикасы Конституциясымен, Президенттің «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заң күші бар Жарлығымен белгіленеді. Депутаттың өкілеттігі оның бірінші сессиясы ашылған сәттен басталады.Парламент депутатының өкілеттігі: ол орнынан түскен, депутат іс-әрекетке қабілетсіз деп танылған жағдайда, Парламент таратылған, депутат болып сайланғаннан кейін лауазымды қызметін жалғастыру үшін сол қызметті сақтауға тиіс болған жағдайда тоқтатылады.Депутат Палатаның, оның органдарының отырыстарына дәлелсіз себеппен қатыспаса ол еңбек ақыдан, материалдық қаржылық және әлеуметтік – тұрмыстық жағдайынан айырылады. Бұл туралы Президенттің «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Жарлығында айқындалған.Парламент Палаталарының 1996 жылғы 20 мамырдағы бірлескен отырысында қабылданған Казахстан Республикасы Парламентінің Регламенті Палаталардың бірлескен — отырыстарын     өткізу     шарты     мен тәртібін, Палаталардың бірлескен органдарын қалыптастыру және   оның қызметін ұйымдастыру механизмін белгілейді.1Қазақстан Республикасының Парламенті өз жұмысын сессиялық тәртіппен жүзеге асырады. Парламент сессиясы Сенат пен Мәжілістің бірлескен отырысымен ашылады және жабылады.

Сабақтың тақырыбы: Қазақстан Республикасы Үкіметі
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: оқушылардың мәтін аясында білімдерін кеңейту, жаңа сөздер үйрету. Сөйлесім әрекеттері арқылы оқушылардың сөйлеу қабілетін жетілдіру. Ол әрекеттерді жүйелі түрде қолдану. Практикалық жұмыстарға мейлінше көп көңіл бөліп, тілдесім әрекетіне жетелеу.
Септеулік шылауларды меңгерту.
Дамытушылығы: оқушылардың байланыстырып сөйлеу дағдысын қалыптастыру. Берілген материалдарды өмірдегі жағдайлармен салыстыра, байланыстыра отырып, тілдесім әрекетін жандандыру. Ойлау, есте сақтау қабілеттерін күшейте түсу. Грамматикалық тақырыптарға көп көңіл бөлу.
Тәрбиелігі: өз елін, өз жерін, Отанын сүюге тәрбиелеу. Патриоттық сезімдерін ояту.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ –жауап, әңгімелеу, түсіндірмелі талдау.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, кесте, слайд.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын тексеру:
- Үйге қандай тапсырма берілді?
-Үй тапсырмасын барлығымыз орындадық па? (үй тапсырмасын жалпылай сұрақтар арқылы және жекелеп тексеріп шығу)
III. Жаңа сабаққа даярлау:
Қазақстан Республикасының ҮкіметіҚазақстан Республикасында жоғары атқарушы билiк органы. Үкімет Қазақстан Республикасының атқарушы билігін жүзеге асырады, атқарушы органдардың жүйесін басқарады және олардың қызметіне басшылық жасайды.Үкімет алқалы орган болып табылады және өзінің бүкіл қызметінде Республика Президентінің алдында жауапты, ал Конституцияда көзделген жағдайларда Мәжіліс алдында жауапты. Қазақстан Республикасының Президенті Үкіметті Конституцияда көзделген тәртіппен құрады.Үкімет мәртебесі, құқықтары мен міндеттері Қазақстан Республикасы Конституциясының V тарауы бойынша және Қазақстан Республикасының Үкімет туралы заңы бойынша реттеледі.Қазақстан Ресупбликасының Үкіметі — мемлекеттік билiктiң ерекше тармағы ретiнде министрлiктерден, агенттiктерден, комитеттерден тұратын орталық атқарушы органдар, облыстық, аудандық және қалалық әкiмшiлiктерден тұратын жергiлiктi атқарушы органдар жүйесiн басқарады және олардың қызметiне басшылық жасайды. Оның құқықтық мәртебесiнiң негiздерi Қазақстан Республикасының Конституциясында бекiтiлген (64-бап). Үкiметтiң құзыретi, ұйымдастырылуы мен қызметiнiң тәртiбi ҚР Конституциясына сәйкес 1995 ж. 18 желтоқсанда қабылданған “Қазақстан Республикасының Үкiметi туралы” (1999 ж. 6 мамырда өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлген) ҚР-ның конституциялық Заңымен белгiленген. Үкiмет ҚР Конституциясының, аталған конституц. заңның, ҚР-ның заңдары мен өзге де нормативтiк актiлерiнiң негiзiнде және оларды орындау үшiн iс-қимыл жасайды.Үкiметтi Республика Президентi Қазақстан Республикасының Конституциясында көзделген тәртiппен құрады. Премьер-Министр Үкiмет басшысы болып табылады. Премьер-Министрдi Парламенттiң келiсiмiмен Президент қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. ҚР-ның Премьер-Министрi өзi тағайындалғаннан кейiн он күн мерзiмде үкiметтiң құрылымы мен құрамы туралы ҚР Президентiне ұсыныс енгiзедi. Президент Премьер-Министрдiң ұсынысы бойынша үкiмет құрылымын анықтайды, оның мүшелерiн қызметке тағайындайды және оларды қызметтен босатады, орт. атқарушы органдарды құрады, таратады, қайта құрады. ҚР Үкiметiнiң құрылымын министрлiктер мен өзге де орт. атқарушы органдар құрайды.

Қорытынды: қайталау

Сабақтың тақырыбы: Қазақстан Республикасы Сот билігі
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: оқушылардың мәтін аясында білімдерін кеңейту, жаңа сөздер үйрету. Сөйлесім әрекеттері арқылы оқушылардың сөйлеу қабілетін жетілдіру. Ол әрекеттерді жүйелі түрде қолдану. Практикалық жұмыстарға мейлінше көп көңіл бөліп, тілдесім әрекетіне жетелеу.
Септеулік шылауларды меңгерту.
Дамытушылығы: оқушылардың байланыстырып сөйлеу дағдысын қалыптастыру. Берілген материалдарды өмірдегі жағдайлармен салыстыра, байланыстыра отырып, тілдесім әрекетін жандандыру. Ойлау, есте сақтау қабілеттерін күшейте түсу. Грамматикалық тақырыптарға көп көңіл бөлу.
Тәрбиелігі: өз елін, өз жерін, Отанын сүюге тәрбиелеу. Патриоттық сезімдерін ояту.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ –жауап, әңгімелеу, түсіндірмелі талдау.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, кесте, слайд.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын тексеру:
- Үйге қандай тапсырма берілді?
-Үй тапсырмасын барлығымыз орындадық па? (үй тапсырмасын жалпылай сұрақтар арқылы және жекелеп тексеріп шығу)
III. Жаңа сабаққа даярлау:



Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 11.02.2016
Раздел Другое
Подраздел Конспекты
Просмотров283
Номер материала ДВ-444413
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх