Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / План урока по предмету организация производства предприятий общественного питания на тему "Понятие о технологии"

План урока по предмету организация производства предприятий общественного питания на тему "Понятие о технологии"

  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

Бекітемін

Директордың оқу ісі

жөніндегі орынбасары ________Г.Г.Исмагулова

"__"_________ 2016 ж.


Сабақ жоспары


Топ № 3

Сабақтың аты Тамақтандыру кәсіпорны өндірісін ұйымдастыру

Сабақтың тақырыбы: 2-бөлім. Технология туралы түсінік.

2.1– тақырып. Технология. Технологиялық операциялар.

Сабақ мақсаты:

Біліктілігі: Оқушыларға технолгия туралы жаңа мәлімет беру. Технологиялық операциялар туралы білімдерін қалыптастыру.

Тәрбиелік: Оқушылардың жауапкершіліктерін арттыру және шыдамдылыққа баулу, ұқыптылығын, іскерлік қасиеттерін, білім алуға.

Дамытушылық: Оқушылардың көңіл-күйін, сабаққа қызығушылығын, жаңа мәліметте меңгеруін дамыту.

Сабақтың түрі: Дәріс

Көрнекілігі: суреттермен жұмыс, үлестірмелі материалдар, оқытудың техникалық жабдықтары (мультимедиялық аппарат, проектор, слайдтар, оқу материалдары)


Сабақтың барысы

Ұйымдастыру бөлімі:

1. Оқушылармен сәлемдесу

2. Сабақта жоқ оқушыларды белгілеу

3. Сабаққа дайындықты тексеру

Жаңа сабақты түсіндіру

Тағам технологиясы – тамақ өнімдері тәсілдерін оқытумен айналысатын, қолданбалы сипаттағы білім саласы. Заманауи тамақ өнеркәсібінің оригиналды сұлба бойынша және өзіне тән жабдықта жұмыс істейтін ондаған салалары бар. Әрбір өнімді өндірудің өзіндік технологиясы қалыптасқан, сондықтан тамақ өндірісінде жалпы технология болуы мүмкін емес. Тек аздаған ерекшелігі бар технологиямен өндірілетін, өнім топтарының жалпы технологиясы ғана болады. Бұл оқу құралының мақсаты – студенттерді өсімдік және жануар шикізаттарын өңдеумен байланысты, тамақ өнімдерінің негізгі салаларымен таныстыру.

Тамақ кәсіпорындарының міндеті – өнеркәсіптік жағдайда, тамақтың құрамына кіретін, тамақ өнімдерін немесе жартылай дайын өнімдерді (материалдарды) өндіру. Тамақ өнімдерінің көптеген түрлерін үй жағдайында да дайындауға болады. Бірақта тамақ өнімдерін өнеркәсіптік жағдайда өндіруге, үй жағдайында тамақ дайындауға кететін еңбек шығындарын қысқартуға, үй еңбегін жеңілдетуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, өлшеніп оралған және буып – түйілген күйдегі тамақ өнімдерін өнеркәсіптік өндіру сауда жұмысшыларының еңбек шығындарын, тұтынушылардың тамақ алу уақытын қысқартады.

Тез бұзылатын шикізатты тасымалдауға жарайтындай және ұзақ сақталатын өнімге айналдыру арқылы, тамақ өнеркәсібі тез бұзылатын ауыл шаруашылық шикізатын маусымдық тұтынуды жеңуге және өнімдерін аймақ аралық алмасу мүмкіндігімен қамтамасыз етеді.

Тағам өнеркәсібі үшін шикізат болып табылатын ауыл шаруашылығы мен технологиялық жабдықтармен қамтамасыз ететін машина жасаумен, тағам өнеркәсібін картон, ағаш, кағаз, фанер және тағы басқалармен қамтамасыз ететін орман және целлюлоза-қағаз өнеркәсібімен полимерлі және шыны таралар, бояулар, лактар химия өнеркәсібімен, металлургия және басқа өнеркәсіптермен.

Еуропада технология ұғымының пайда болуы 1770-1772 жж. периодымен байланыстырылады. Ресейде 1807 ж. химия бойынша ғылыми әдебиеттер шықты. Оның көптеген анықтамалары бар, соның ішінде:

Технология адамзатқа керек шикізатты дайын өнімге түрлендіру үшін шикізатты өңдеудің прогрессивті әдістерін қолдану және еңбек өнімдерінің өсуіне байланысты бір өнімге шаққанда қуат шикізат пен еңбектің ең аз шығынымен өндіру туралы ғылым. Технология ғылым ретінде алып өнеркәсіптің дамуымен жетілдіріліп пайда болды.

Егер тағам технологиясын айтатын болсақ оның жетілдіруінің күші тұтынушыларды тағам өнімдеріне қажеттіліктерін максималды қанағаттандыруға ұмтылу. Көптеген ғалымдардың пікірлері бойынша соңғы 50 жылда адамзат тарихында технологияның әсер ететін дамуы байқалады. Бірақ бұл даму көбіне қоршаған ортаға зияндығымен іске асты. Әр түрлі өндіріс технологияны интенсивтендіру көптеген табиғат кешендерін экологияға зиян ретінде қолдануды интенсивтендірді. Осыған байланысты қазіргі кездегі технология ғылыми-техникалық прогресс есебімен шетел және отандық ғылыми жетістіктеріне негізделу керек.

Қойылған мақсаттан шыға агро өнеркәсіп коплексімен халық шаруашылығының тағам саласының алдында келесі міндеттер тұр:

  • Тағам өнеркәсібі өнімдерінің барлық өсірілген егін, мал және құс шығынсыз өндірісін дайындауын, сақтауын қамтамасыз ету; 

  • Өнімді тұтынушыға ыңғайлы ыдыспен және әдемі безендіріп ұсыну; 

  • Әр түрлі өнімдер технологиясын әзірлеу соның ішінде арнайы бағыттағы өнімдер технологиясын дамыту; 

  • Халықты балансталған рацион бойынша толық құнды тағаммен қамтамасыз ету; 

  • Өнім өндірісіне жасалатын шығынды неғұрлым азайтып өнімнің өздік құнын минималды ету. 

Технологиялық ғылымның міндеті шикізат ресурстары мен уақыттың өнімділігін талап ететін экономикалық өндіріс процестерін практикада қолданумен анықтау мақсатында физика-химиялық, биохимиялык, биологиялық заңдылықтарды табу. Технологияның жетілдірілуі халық шаруашылығында технологиялық процестің үдетуінің маңызды жағдайы болып табылады. Қазіргі уақыттағы тағам технологиясының дамуының негізгі бағыттарына жатады: 

1.Үздікті технологиялық процестердің үздіксізге өтуі; 

2.Қалдыксыз және аз қалдықты технологияны еңгізу. 

Өндірісіне жаңа технология үнемдеуші калдықсыз және аз қалдықты экологиялық таза технологияларды енгізу және дайындау халық шаруашылығынынң әр түрлі саласының козғаушы күші болып табылады. Сондықтан технология негізін тек технологгар, механиктер ғана емес, товароведтер де игере білу керек. Халық шаруашылығының тағам саласы тұтынушының сұранысын жоғары сапалы экологиялық таза өнімдер мен диеталық және бала тағамының өнімдерімен қамтамасыз ету керек. Тағам саласы халық шаруашылығынын басқа салаларына шикізат өндіру спирт, тұз, крахмал, өсімдік майы, техникалық майлар, мал терісі, қан өндіру өнімдері, медицина өнімдері үшін шикізат болып табылады. Технологиялық процестің техникалык, экономикалық өнімділігін сипаттайтын маңызды көрсеткіштер болып табылады: 

Өнімнің бір данасына энергия мен жартылай фабрикаттар шикізаттың минимум шығыны; 

  1. Дайын өнімнің шығуы мен сапасы; 

  2. Еңбек өнімділігінің деңгейі; 

  3. Процестің екпінділігі. 

Технологиялық процестерді іске асыру нәтижесінде яғни өнімді пайдалануға дайын тағам болады. Ғылым қоғам үшін маңызды негізгі бағыттар болып табылады:

  • Тамақтану эпидемиологиясы. Экономикалық және әлеуметтік проблемаларды маңыздылығын толығымен құрайтын тамақтануды рационалдандыру бойынша шараларды дұрыс тамақтануды зерттеуді қосады. 

  • Азық-түлік шикізаты мен тағам өнімінің сапасын қамтамасыз ету. Олардың сапасы екі негізгі факторлармен анықталады: 

а) қауіпсіздігі;

б) тағамдық құндылығы.

  • Тамақтану физиологиясы биохимия облысындағы іргелік зерттеулердің дамуы. Метаболизм, биотрансформация, тағамның белгілі контраминанттары, аса қауіпті әрекет механизмін оқып білу. Жеке бөлшектердің және олардың қомплектілерінің фармокологиялық аспектілерін зерттеу манызды болып табылады. 

Технологиялық операция деп бір немесе бірнеше жұмысшылармен бір жұмыс орнында нақты бір еңбек затымен орындалатын өндірістік үрдістің бөлігін айтады.


Жаңа сабақты бекіту

Тест:

1. Тағам технологиясы дегеніміз не?

А) тамақ өнімдері тәсілдерін оқытумен айналысатын, қолданбалы сипаттағы білім саласы

Б)өндірістік саласы

В) қызмет көрсетуді ұйымдастыру

Г) үздікті технологиялық процестердің үздіксізге өтуі; 


2. Еуропада технология ұғымының қашан пайда болды?

А)1900

Б)1800

В) 1950

Г) 1770-1772


3. Қазіргі уақыттағы тағам технологиясының дамуының негізгі бағыттарына қандай процесстер жатады?

А)азық-түлік шикізаттары

Б) үздікті технологиялық, қалдыксыз және аз қалдықты технология

В) тамақтану эпидемиологиясы

Г) дайын өнім


4. Азық-түлік шикізаты мен тағам өнімінің сапасы қандай факторлармен анықталады?

А)метаболизм

Б)қауіпсіздігі мен тағамдық құндылығы

В) тамақтану микробиологиясы

Г) тамақтану көрсеткіштері


5. Тамақ кәсіпорындарының міндеті?

А) Халықты балансталған рацион бойынша толық құнды тағаммен қамтамасыз ету

Б) Өнімді тұтынушыға ыңғайлы ыдыспен және әдемі безендіріп ұсыну

В)Өнеркәсіптік жағдайда, тамақтың құрамына кіретін, тамақ өнімдерін немесе жартылай дайын өнімдерді (материалдарды) өндіру

Г) тамақтану көрсеткіштері


Үйге тапсырма: дәрісті оқу, мазмұндау. Технологиялық операциялар және дайындық цехында жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы жазып келу.

Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды бағалау.

Оқытушы: Умьянова С.Ж. _______________



Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 28.10.2016
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров47
Номер материала ДБ-297091
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх