Инфоурок Другое Рабочие программыПлан урока по самопознанию

План урока по самопознанию

Скачать материал

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары

Күні  27 .01. 16 ж  

Мектеп:  М.Жұмабаев  атындағы №19  орта  мектеп гимназиясы

Тақырып: «Ата-ана алтын тұғырың»

Құндылық:  Сүйіспеншілік

Қасиеттер: жақсы көру, кішіпейілділік, аянбай қызмет ету

Мұғалім:   А.А.Шаяхметова  Сынып  11

 

Сабақ мақсаты: «Ата-ана» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту .

Міндеттері:

1.      Ата - анаға деген сүйіспеншілік сезіміне, ата-ананы құрмет тұтуға үйрету;

2.      Ата – ананы қадірлеу, ардақтау, ата-ананың үмітін ақтауға баулу;

3.      Махаббатқа, мейірімділікке, қамқорлыққа тәрбиелеу.

Ресурстар:

кітап, бейнетаспа,аудиотаспа

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәтi.

Нұрға бөлену

 

аудиотаспа

  1. Үй тапсырмасын тексеру. Ж.Баласағұни өлеңін  оқу

Сұрақтар:

а) Отбасы  татулығы  кімдерге  байланысты?

          б) Жар таңдауда  қандай  қасиеттерге  мән  берген  жөн.?

в) Жар  таңдауда  жан  сұлулығы  мен  тән       сұлулығының  қайсысына  көп  мән  берген  жөн.

 

  1. Дәйек сөз.

«Қыз ақылды ескермес, ана үлгісін көрмесе,

Ұл жарылқап ас бермес, әке үлгісін көрмесе».

                                                                  Қорқыт 

(Дәптерлеріне жаздырып, дауыстап оқыту балалардан қалай түсінетінін сұрау)

 

 

  1. Әңгімелеу.

Ғабит Мүсіреповтың «Ақлима» әңгімесін  оқыту 124 бет

Сұрақтар:

а) Ананың құдіреті деген сөздің мағынасын қалай

   түсінесің?

         б) Өзгенің баласын өзінікіндей сүю кез келген ананың

             қолынан келе ме?

 в) Ата - анаға қиянат жасамау деген сөздің мағынасы

    неде?

 

  1. «Шымшық» видеосын көрсету .

 

 

  1. Шығармашылық жұмыс, .топтық жұмыс

«Менің  ата анам» тақырыбында    эссе  жазу

 Бірнеше  оқушыға  оқыту.

 

 

  1. Топпен ән айту.

«Ана туралы жыр»

Сөзі: Ғ.Қайырбековтікі

Әні: Ш.Қалдаяқовтікі

Әлемнің жарығын,

Сыйладың сен маған.

Даланың әр гүін,

Жинадың сен маған.

Сен бердің құстардың,

Қанатын самғаған.

Балалық құштарым,

Өзіңе арнаған.

Қайырмасы:

Әдейлеп аялап,

Өсірген жемісің,

Самал жел, сая бақ,

Құшағың мен үшін.

Есейіп кетсем де,

Мен саған сәбимін.

Көңіліңді көктемдей,

Көзіңнен танимын.

 

Өтеуге борышым,

Анашым, жан сырым.

Іздедім сен үшін,

Әлемнің асылын.

Әлемнің байлығын,

Сыйлар ем, кеш мені.

Сыйлар ем ай, күнін,

Қолыма түспеді.

 

Үй тапсырмасы.Назар  аудар  айдарындағы М.Ғабдуллиннің  ой  пікірін  оқып келу 

 

  1. Соңғы тыныштық сәтi.

Тыныштық, тыныштық,

Тыныштық тыныштық

Бар жерде

Тыныштық, тынышытық

Тыныштық, тыныштық

Бүкіл әлемде.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары

 

Күні  03 .02. 16 ж  

Мектеп:  М.Жұмабаев  атындағы №19  орта  мектеп гимназиясы

Тақырып: «Ата-ана алтын тұғырың»

Құндылық:  Сүйіспеншілік

Қасиеттер: жақсы көру, кішіпейілділік, аянбай қызмет ету

Мұғалім:   А.А.Шаяхметова  сынып  11

 

Сабақ мақсаты: «Ата-ана» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту .

Міндеттері:

1.      Ата - анаға деген сүйіспеншілік сезіміне, ата-ананы құрмет тұтуға үйрету;

2.      Ата – ананы қадірлеу, ардақтау, ата-ананың үмітін ақтауға баулу;

3.      Махаббатқа, мейірімділікке, қамқорлыққа тәрбиелеу.

Ресурстар кітап, бейнетаспааудиотаспа

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәтi.

Арқаңызды тік ұстап отырыңыз. Көзіңізді жұмып, терең тыныс алыңыз. Әрбір тыныс алған сайын неғұрлым көбірек босаңсып, сабырлы болуға тырысыңыз. Қазір біз орманға серуенге шығамыз. Өзіңіздің сынып есігіне қарай беттеп, есікті ашқаныңызды, дәлізбен өтіп, далаға шыққаныңызды елестетіңіз. Таза ауаны жұтып, шашыңызды желбіреткен желдің лебін және бетіңізді сәл-пәл қыздырған күн сәулесін сезініңіз. Орманға қарай жүре бастаңыз. Келе жатқанда абай болыңыз, жәндіктерді басып кетпеңіз. Бір минут тоқтап айналаға көз салыңыз. Табиғаттың әсемдігі мен балғындығын сезініңіз. Гүлдердің біріне жақындап, еңкейіп, оның нәзіктігі мен жұқалығына зейін салыңыз. Оны иіскеңіз және хош иісін жұтыңыз. Айналадағы бар нәрсені бақылап, ары қарай жүре беріңіз. Гүлдер, гүлдер мен ағаштардың иісі, құстардың дауысы және жәндіктердің ызыңы. Орманға ендей түсіңіз,  қараңызшы, ағаштар биіктей әрі қалыңдай түсті. Жарық пен көлеңкенің ойынын қызықтаңыз, жапырақтардың сыбдырын тыңдаңыз. Біз өзімізді орманда бақытты әрі қауіпсіз сезінеміз. Алаңқайға шығып, осында бірнеше минут демалыңыз. Түбіне барып отырғыңыз келетін ағашты таңдаңыз. Ағашқа жақындаңыз да оны діңінен құшақтаңыз. Оның қуаттылығын сезініңіз, ондағы өмір қуатын сезінуге және ұғынуға тырысыңыз. Енді оның діңіне арқаңызды сүйеп отырыңыз. Көзіңізді жұмыңыз, терең тыныс алыңыз және қоршаған айналаның жым-жырт тыныштығына  көңіл бөліңіз. Бізге қалайша жеңіл әрі тыныш және бақытты сезіну қандай. Табиғат неткен ғажап, оны қалайша сүйетінімізді бен қадірлейтінімізді, бірде бір тірі жәндікке зиян тигізбес үшін қамқорлық жасауды түсінеміз. Сіздің өз ағашыңыз бар екенін және кез келген уақытта  оған келе алатыныңызды есте ұстаңыз. Ал қазір мектепке қайтуға дайындалыңыз. Орныңыздан тұрып, айналаға тағы бір көз қырын салыңыз. Келген жолыңызбен кері қайтыңыз, жолыңыздағы жәндіктерді басып кетпеңіз. Міне, мектептің алдына да келдік. Айналаңызға тағы бір қараңыз, таза ауаны терең жұтыңыз, есікті ашып, өз орныңызға қайтып келіңіз. Осы жым-жырттық, тыныштық, қанағат сезімін өзіңізде сақтаңыз. Көзіңізді ашып, күлімсіреңіз!

Қандай  сезімде  болдыңыздар?

Сабақ барысын талқылау:

Дәйек сөз.

Әке асқар  тау

Ана ағып жатқан бұлақ

Бала  жағадағы құрақ

Сұрақтар:

Дәйексөзден  қандай  ой  түйдіңдер?

Табиғаттың таусыз, бұлақсыз, құрақсыз   сәні   келе  ме?

 

  1. Әңгiмелеу

Ғабит Мүсіреповтың «Ақлима» әңгімесін  оқып келу 124 бет

Сұрақтар:

а) Ананың құдіреті деген сөздің мағынасын қалай түсінесің?

б) Өзгенің баласын өзінікіндей сүю кез келген ананың   қолынан келе ме?

в) Ата - анаға қиянат жасамау деген сөздің мағынасы неде?

 

«Ата  ана»

Көрген  бейнефильмнен    қандай  ой  түйдіңдер?

Бейнетаспа  көрсету

Топтық жұмыс.

Ата  ана, бала  туралы  мақал  айтып, мағынасын  түсіндіру.

 

  1. Топпен ән айту  «Әке  туралы жыр»

Сөзі: М.Шаханов

Әні: Н.Тілендиев

Жас едім өмірге еркін бойламаған,

Күні ертең не боларын ойламаған.

Шарықтап кетсем-дағы қанат қағып,

Өзіңдей қамқор әке қайда маған.

 

Сүрінсем сынай қарап от жанарың,

Сен мені жақтамадың, ақтамадың.

Әрдайым осы қатал мінезіңнен,

Күш алып мақсатыма аттанамын.

 

Жан әке, шертіп сезім домбырасын,

Кеудемді қуанышқа толтырасың.

Арманның асқарына құлаш ұрсам,

Алдымда асқар тау боп сен тұрасың.

 

Бұл күнде мен де өзеннің арнасымын,

Кім мөлдір болса соның жолдасымын.

Қуан сен, қуана бер, әкетайым,

Мен сенің өміріңнің жалғасымын.

 

 

Үй тапсырмасы. Ә.Қайдар  оқу

 

Соңғы тыныштық сәтi.

Баяу музыка қосылады

Көзімізді жұмып, тыныштықта бүгінгі сабағымызды есімізге түсірейік. Бүгінгі сабағымыздан алған әсерімізді жүрегімізге орнатайық. Әрдайым жақсыны көруге, жақсыны естуге, жақсыны айтуға үйренейік. Айналамыздағы адамдарға, жан – жануарларға, құстарға риясыз жақсылық жасайық, ешкімге ешуақытта қиянат жасамайық. Енді тыныштық күйде отыра тұрыңыздар. Көздеріңізді ашуға болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "План урока по самопознанию"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Руководитель ремонтной службы

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 131 материал в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 12.05.2016 420
    • DOCX 29.2 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Шаяхметова Айжан Абилгалиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Шаяхметова Айжан Абилгалиевна
    Шаяхметова Айжан Абилгалиевна
    • На сайте: 7 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 5250
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой