Инфоурок Другое Другие методич. материалыПлан урока по самопознанию

План урока по самопознанию

Скачать материал

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары

 

Мектеп:  №19 орта мектеп    Мерзiм: 14-16.11.2015_10 сабақ

Тақырып:  Алынбайтын асу жоқ

Құндылық:  Ішкі  тыныштық, дұрыс әрекет

Қасиеттер:  Сенім, күш-жігер, табандылық, мақсат жете білу

Мұғалiм:  Аталыкова  Ж.О   Сынып «10   Оқушылар саны 25

 

 

 

Сабақ мақсаты: 

әр оқушының өзіндік мүмкіндіктеріне сеніп, оларды қабілеттеріне орай дұрыс іс-әрекет етуі және ішкі тыныштыққа жету туралы түсініктерін тереңдету.

Міндеттері:

·         Адам бойындағы күш-жігер мен алдына мақсат қоя білу туралы

түсініктерін тереңдету;

·         Әр оқушының өз мүмкіндігіне сенуіне, табандылық қасиеттерін дамытуына ықпал ету;

·         Өз бойларындағы мүмкіндіктерін бағалай білуге және дұрыс іс-

әрекет ету арқылы ішкі тыныштыққа жетуге, мақсатына жете білуге тәрбиелеу.

Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер) слайд,

 өлеңнің аудиодискісі

Сабақ барысы:

1.                  Ұйымдастыру кезеңі.

Тыныштық сәті.    Нұрға бөлену

  Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды  шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. 

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің  қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз  нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз  тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. 

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша  түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде  отыра тұрыңыз... 

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем  сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

Рахмет.  

 Үй тапсырмасын тексеру (мәтінмен жұмыс).

 Үй тапсырмасы:  Бейбіт  Сапар  Алидің  ғарышкер  Тоқтар  Әубакиров                      

 туралы   шығармасынан   үзіндіні  оқу

 Мәтін бойынша пікір алмасу сұрақтары:

·         Тоқтар ағаларың туралы не білдіңдер?

·         Тоқтар Әубәкіровтың топырақты, жусан мен қазақ әнін, елтаңбаны өзімен бірге ғарышқа алып ұшуын қалай түсіндірер едіңдер?

·         Ғарышкердің орнында болсаңыз, сіз ғарышқа не алып ұшар едіңіз?

·         Ғарышкер Тоқтар ағаға қандай тілек айтар едіңдер?

·         Тоқтар ағаның бойында қандай қасиеттері ғарышкер болуына көмектесті?

Сабақ барысын талдау:

1.      Дәйексөз.

2.      «... Егер өмірде өзіңе – өзің сенімді болғың келсе, қиындықпен бетпе-бет кездесуден қорықпа».   Сан Мен Мун

 

Әңгімелеу.

Осы айтылған ойды қалай түсінесіңдер?

Қиындықты жеңу үшін адамда қандай қасиет болуы керек?

Қиындықтан қашсаң не болады?

Мақсатқа жету жолында қандай қасиеттер адамға қажет деп ойлайсыңдар?

 

«Мұғалімнен сый»    Бейнетаспа көру «Қытай балеті»

 

·         Бишілер қандай адамдар?

·         Қандай дене кемшіліктері бар?

·         Олар неге осы кәсіпті таңдады деп ойлайсыңдар?

·         Бишілердің бойында қандай қасиеттер бар?

·         Осы сюжеттен қандай әсер алдыңдар?

·         Сендерде осы бишілерге деген қандай сезім пайда болды?

 

Шығармашылық жұмыс

Топқа бөлу (гүлдің түрлері арқылы топқа бөлу)

Ақылдың 6 қалпағы:

Алға қойған мақсатқа қалай жетуге болады деп ойлайсыңдар?

1.Ақ шляпа – ақпараттар, фактілер

2.Қызыл шляпа – ішкі сезім

3.Қара шляпа – логикалық негативті ойлау

4.Сары шляпа – логикалық позитивті ойлау

5.Жасыл шляпа – шығармашылық ойлау

6.Көк шляпа – ойлау процесін басқару

 

Топпен ән айту

«Қайран көңіл» әні

 

Үй тапсырмасы

«Егер қаласа, адамның қолынан көп іс келеді» тақырыбында  шағын шығарма жазу.

 

Қорытынды

Ой түбінде алтын бар,

Ойлай берсең табарсың.

Жолың ұзақ болғанмен,

Жүре берсең барарсың .

 

1.      Соңғы тыныштық сәтi.

Баяу музыка қосылады.

- Көзімізді жұмып, тыныштықта  бүгінгі сабақты есімізге түсірейік. Бүгінгі сабақтан алған қасиеттерімізді жүрегімізге жеткізіп, сақтайық. Енді көздеріңді ашсаңдар да болады.Баяу әуен қойылады.

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "План урока по самопознанию"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Таргетолог

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 290 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 19.05.2016 514
    • DOCX 22.9 кбайт
    • Рейтинг: 5 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Аталыкова Жулдыз Оразгалиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Аталыкова Жулдыз Оразгалиевна
    Аталыкова Жулдыз Оразгалиевна
    • На сайте: 7 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 3914
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой