Инфоурок Другое Рабочие программыПлан урока по самопознанию "Арман - жарқын болашақ бейнесі"

План урока по самопознанию "Арман - жарқын болашақ бейнесі"

Скачать материал

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары

 

Тақырып: «Арман- жарқын болашақ бейнесі»    Күні:09.12.15

Құндылық:  Дұрыс  әрекет

Қасиеттер: өзіне –өзі сенімділік, жағымды ойлау, шыдамдылық

Мұғалімі: Ж.Аталықова  Сынып  11

 

Сабақ мақсаты: Арманның мәні, жету жолы туралы өзіндік пікірін қалыптастыра отырып, ішкі тыныштық құндылықтарына тоқталу.

Міндеттері:

1.      Өмірге, өзіне деген сезімін арттыру, өмірге құштарлыққа баулу;

2.      Өзіне-өзі сенімді болу дағдыларын дамыту;

3.      Қарапайымдылыққа, шыдамдылыққа тәрбиелеу.

Ресурстар: дәптер, үнтаспа, А4 форматты қағаз бен фломастерлер

Сабақ барысы:

1.      Ұйымдастыру кезеңi.

2.      Сабақтағы жағымды күйге келу, тыныштық сәті «Су  астына  саяхат»

3.      Үй тапсырмасын тексеру. М.Шаханов  «Арман»  өлеңін  оқу

Сұрақтар:

·         Екі  жастың  бойында  қандай  ортақ қасиеттер  бар?

·         Ой  алшақтығы  нені  меңзейді?

·         Әлеуметтік  сипаты  қандай?

·         Арманның  адам  болашағына  әсері  қандай?

 

4.      Дәйек сөз.

«Мәңгі лаулап жану үшін ғаламда,

Үлкен арман керек екен адамға».

(Дәптерлеріне жаздырып, оқушыларға дауыстап оқытып, өз  ойларын ортаға салу)

 

 

М.Шаханов

 

5.      Әңгімелеу.

«Бала арманы»
Қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі оқушыларға «Кім боламын?» тақырыбына үйден шығарма жазуды тапсырған еді. Нұртайды да осы сұрақ көптен мазалап жүрген. Сондықтан, бұл шығарманы ол 6 сағат бойы өзінің кім болатынын елестете отырып, жазды. Ол өзінің жеке қожалығының орны қай жерде, қанша гектар көлемінде болатынын көз алдында елестеткен күйде қағазға түсіріп, жоспарын да құрды. Ол жерде қандай құрылыс ғимараттар болатынын да суреттеді. Ертең күні, 10 беттен астам шығармасынан шабыттанған көңілмен Нұртай мұғаліміне апарып берді. Бір-екі күн өткен соң, мұғалім оның шығармасын өзіне қайтарды. Қараса, сеп-семіз «2»-лік бағасы тұр, ал оның соңында «Сабақ біткесін, қал» деп жазылған. Сабақтан кейін сауатты мұғаліммен әңгімелескен кезде, мұғалімнің айтқан сөздері оның үстіне қайнаған су құйып жібергендей болды. «Мұндай арманның сен сияқты бала үшін орындалуы мүмкін емес. Мұндай қожалықтың иесі болу үшін сенің көп ақшаң жоқ. Сен кедейсің ғой, сондықтан дәл өзің таңдағандай арманыңның орындалуына мүмкіндіктер жоқ. Үйге бар да, шынайы арманың туралы жазып кел, бағаңды түзетемін» - деп, жібереді. 
Үйде бала әкесінен ақыл сұрайды. Әкесі тыңдап алып, өз ойын айтты: «Бұл істе мен саған ақыл айта алмаймын. Бұл сенің шешімің, сенің арманың болу керек» - дейді. Нұртай көпке дейін әкесінің айтқан сөзін ойлады. Бір аптадан соң шығармасын мүлде өзгертпей мұғалімге қайта әкеліп: «Апай, қойыңыз маған «екіні», бірақ менің арманым өзіммен бірге қалады» деді.
Жылдар өтеді. Нұртай ересек болды. Оның бұл күнде 10 гектар жерінде 100 шаршы метр үйі мен мал қоралары және төрт түлік мал мен бірнеше үй құстарының түрлері бар. Ал сол мектеп кезіндегі шығармасы әлі күнге дейін пештің үстінде жатыр. 
Бірақ ең қызығы, сол шығарманы жаздырып, тексерген , бүгінде қартайған мұғалімі 30 шақты оқушыларымен келіп, Нұртайдың жерінде бір апта демалды. Кетейін деп жатқанда, мұғалімі Нұртайға: «Балам, мен мұғалім болғанда балалардың армандарын ұрлаған екенмін. Мен балалардың армандарын түсінбей жасаған әрекеттеріме өкінемін. Бірақ, сен өз арманыңды қорғай білгенің үшін өте ризамын» - деп, қоштасты.
Сұрақтар:
а) Неліктен Нұртай өзінің шығармасын жақсы баға алу үшін өзгертпеді?
ә) Мұғалім өзінің қандай қатесін түсінді?
б) Нұртайдың арманының орындалуына оның қандай қасиеттері көмектесті?

 

6.      Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс

«Арманым – асыл мұратым» тақырыбына жоба құру.
(А4 форматты қағаз бен фломастерлер қолданады)
Көмекші сұрақтар:
Мақсат деген не? Ол не үшін қажет? 
Әрекет деген не?
Құралға не жатады?
Уақытты белгілегенде нені ескерген жөн?
Нәтижеде нені білесің?

 

Топпен ән айту. «Арман жолдар»

                                                              

Жолдар жолдар келем жолда сапар кешiп
Булттар булттар бiзбен бiрге катар кошiп
Тагдыр желi туган жерден ауган талай
Коздiн жасы носер жауын жауган талай
Сагыныштан…

Ахау ахау жолдар жол-ай
Оттi-ау талай омiр солай.


Тiрлiк тогай сан адастык орманында
Кимас достар таптык омiр жолдарында
Досты суйген журегiммен суйiм елiм
Туып оскен алдында бас ием елiм.

 

Жолдар жолдар бiрге болсын сапарымыз
Жулдыз ошiп сиреп калмай катарымыз
Умiт болып туа бершi Алдан жолдар
Алыс алыс жетелей бер арман жолдар.

сөзі: А.Дүйсенбінікі,

                                                                 әні:Ұ.Жодасовтікі 

7.      Үй тапсырмасы.

Н.Келімбетов «Үмітімді үзгім келмейді» - оқулық 63 б. Оқу

 

8.      Соңғы тыныштық сәтi.  Баяу музыка қосылады

Көзімізді жұмып, тыныштықта бүгінгі сабағымызды есімізге түсірейік. Бүгінгі сабағымыздан алған әсерімізді жүрегімізге орнатайық. Бүгінгі сабақта түйген ойларымызды жүрегімізде сақтайық. Сау болыңыздар!

-           

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "План урока по самопознанию "Арман - жарқын болашақ бейнесі""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Художественный руководитель

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 810 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 19.05.2016 461
    • DOCX 22 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Аталыкова Жулдыз Оразгалиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Аталыкова Жулдыз Оразгалиевна
    Аталыкова Жулдыз Оразгалиевна
    • На сайте: 7 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 3915
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой
Прямой эфир Загрузка...

Прямо сейчас в эфире

Инфофорум: «Всё, что волнует педагогов»