Инфоурок Другое Рабочие программыПлан урока по самопознанию "Бақыт сыры"

План урока по самопознанию "Бақыт сыры"

Скачать материал

 

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары

 

Мектеп:  №1 орта мектеп    Мерзiм: 30.09.2015_5 сабақ

Тақырып:  Бақыт сыры  

Құндылық:  Қиянат жасамау

Қасиеттер:  Шыншылдық, мейірімділік, жауапкершілік,шыдамдылық.

Мұғалiм:  Аталықова Ж   Сынып «11   

 

Сабақ мақсаты:

1.      Білімділік мақсаты:         

Оқушыларға «бақыт» ұғымын түсіндіру, бұл    ұғымның кең екенін, бақытты бола  білуідің маңызын ұғындыру

2.       Дамытушылық мақсаты: 

Бақытты сезіне білуге, біреуді  сыйлай білуге үйрету

3.      Тәрбиелік мақсаты :       

Оқушылардың өз ойларын жеткізе білуіне ықпал жасау

Міндеттері:  

-          Бақыт сыры туралы түсінік беру;

-          Бақытқа ұмтылудың мәнін, бақытқа жету жолдарын үйрету;

Бақытты болуға, өмірдің әр сәтін қадірлей білуге үйрету.

Сабақ түрі:  дәріс  сабақ

Ресурстар:

Кітап, үнтаспа

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңi.

1) Тыныштық сәтi. (5 мин) 

Жай музыка тыңдап тынығу. Ойлану жұмысының алдында балалардың бір сәт денесі, ойы сергітіледі. Балалар денелерін түзу ұстап, бастарын жоғары көтеріп, ыңғайланып отырады. Көздерін жұмуына да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныстайды, денелерін бос ұстап, айналадағы барлық тіршілік иесі оларды аялап, қоршап, қамқор болып жатқанын сезінеді. Тұла бойлары жақсылыққа, махаббатқа толғанын сезінуге ұмтылады. Осылайша екі минуттай отырады.

2)Үй тапсырмасын тексеру. (5 мин) 

Сұрақ: 
1. Ата  мен  келін  арасындағы  қарым-қатынасты  қалай  атар  едіңдер? 
2. Біреуге  жақсылық  жасағанда  қандай  сезімде  боласың? 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

З.Ахметова  «Шуақты  күндер»

ІІ. Дәйек сөз.

          «Меніңше, адамның ең бір үлкен бақыты – күресе білу, қуана білу, жұмыс істей білу  және  басқалардан қалыспай, өмірге ілесе білу»

                                                                                                    В.Н.Терешкова

 

 

ІІІ. Әңгiмелеу (сұхбат).    (5 мин)

Саттар Ерубаевтың «Бақыт» әңгімесінен үзінді

Бақыт

      Мен бақытты көрсем деуші  едім.

Біздің  қақпаның алдындағы  үлкен  қара жолмен  күнде бір қайыршы шал  өтетін еді.   Шал ұзын асасын жоғары көтеріп алып: «Е,  азаматтар,  бақытты болыңдар! – дейтін еді. Менің бақытты көргім  келді.

      Күн батушы еді; шал қара көлеңкеде үйреншікті жолыменен күнде бір қалыпта кетіп бара жататын еді. Мен біраз қарап тұрар едім де,  қараңдап кетіп бара жатқан сыры белгісіз, жұмбақ   қайыршының  аузынан шыққан «бақыт» деген сөзбен көңіліме елең салатын қараңғылықта бір түрлі сескенер едім.  Содан соң жылдам  басып үйге келетін едім.  Есікке жақындағанда белгісіз шыққан қайыршының қара күңгірт даусын естіп, үйге жүгіріп кіріп, өзімнен-өзім «бақыт» дейтін едім.

Төсекке жатқанда ұзын асалы шал көз алдымнан кетпей, даусы құлағымда тұратын еді. Мен жұмбақ «бақытты» көрсем дейтін едім... 

        ...Біздің үй Түркістан қаласының оңтүстік жақ шетінде болатын еді. Бізбен бірге Жақсыбайдың үйі тұратын. Күн еңкейіп қақпаның тасасына түсуші еді. Қақпа көлеңкесі ұзарып, төргі бұрыштағы Жақсыбай үйінің іргесіне дейін барушы еді.  Осы уақытқа дейін Жақсыбайдың шешесі Күнтүлім  күн шуақта жамау жамап отырушы еді.

      Барлыбай көзі қарауытып: «Апа, қарным ашты ғой»,   -дейтін еді.

-          Е, бақытсызым-ау, бақытың жоқ қой, оны неге маған айтасың? – деуші еді  Күнтүлім. 

      Осы уақытта түрінген балтыры балшық-балшық боп Жақсыбай келуші еді. Жақсыбай қалада қыш құйып, күнделікті жұмыс істейтін. Жақсыбайдың қолында шүберекке оралған бір нәрселер көрінсе, Күнтүлім Барлыбайына:

      -  Бақытың бар екен, қарағым, - деп күлімсірейтін еді. Бірақ бұл  күлкі уақытша күлкі болған соң, бар қуаныш бетіне ғана жиылып, жүрегінде барлық бақытсыздықтың  зілі жатқандай болушы еді. Мен бақыт деген нан ба екен деуші едім...                      

·         Күнтүлім баласына «Е, бақытсызым-ау, бақытың жоқ қой» деп неліктен айтты?

·         Сөйлемдегі «бақытсыздық»  сөзінен не ұқтыңдар?

·         Бала неге бақытты нан екен деп ойлады?

·         Балалар қай кезде бақытты болады?

·         Бақытты сәттеріңіз жиі болып тұрады ма? 

·         Жер  бетіндегі  барлық  адамдарға ортақ  бақыт

болуы мүмкін бе? 


 

 

IV.              Топтық жұмыс.

«Мен  үшін  бақыт  деген...» тақырыбына  шағын  эссе  жазу.

 

V.                 Топпен ән айту.

 «Бағалайық бақытты» өлеңі

                                                           Сөзі  Қ.Жүнісовтікі

                                                         Әні Б.Жолдасқызынікі

Балғын  дәурен,  балауса  кезің  қандай,

Гүл  бағында  балқиды  сезім  балдай.

Құрбым, осы  бақытты  сезіне  алмай,

Кейін  налып  жүрмейік, кезіге  алмай.

 

Қайырмаасы

Жүрегімде  махаббат  ән  тербейтін,

Бағалайық  бақытты, жан  тербейтін.

Мұңға  батып  қалмасын, көңіл  бекер,

Оралмайды, жан  құрбым, өмір  кетер.

 

Арманның  мекені  алыстап  кетеді,

Жастығың  өтеді  қас  қағымда...

Бақ  нұры  таймасын, көңілің  сайрасын,

Өмірің  жайнасын  жас  шағында.



VI.              Үй тапсырмасы.

 І.Есенберлин  «Бақыттың  он  сыры»   оқу.

 

VII.           Соңғы тыныштық сәтi.

Бүгінгі   сабақ сіздерге   ұнады  ма?

Бүгінгі   сабақта  не  ұқтыңыздар?

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "План урока по самопознанию "Бақыт сыры""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Психолог-консультант

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 661 668 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 19.05.2016 696
    • DOCX 23.1 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Аталыкова Жулдыз Оразгалиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Аталыкова Жулдыз Оразгалиевна
    Аталыкова Жулдыз Оразгалиевна
    • На сайте: 7 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 3917
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой