Инфоурок Другое Рабочие программыПлан урока по самопознанию "Жақсылық -жан шуағы"

План урока по самопознанию "Жақсылық -жан шуағы"

Скачать материал

ӨЗІН – ӨЗІ ТАНУ САБАҒЫНЫҢ ЖОСПАРЫ

 

Мерзім:16.09.2015ж

Тақырып: Жақсылық – жан шуағы.

Құндылық:  Ішкі  тыныштық 

Қасиеттер: Мейірімділік, жақсылық,  қамқорлық жасау.

Мүғалім: Аталықова  Ж

Сыныбы:  11

Оқушы  саны 27

Сабақ мақсаты:

      Жақсылық  жасау  арқылы    ішкі  тыныштыққа  жету  жолдары  туралы  түсінік  беру.

 

Міндеттері:

Жақсылық  жасау  арқылы   адам  бойында   туатын  ішкі  тыныштықты   ашу;

Оқушылардың    бойында  ішкі  тыныштық  құндылығын  дамыту;

Өз  жақындарының  ішкі  сезімдерін  түсіне  білуге,  адамдарға  тек  жақсылық  нұрын    себе  білуге  тәрбиелеу;

Ресурстар:     (құралдар, мәліметтер)

 

-интерактивтік тақта;

- қағаздан  қиылған  тамшылар

- қалам;

- смайлик суреттері;

 

Сабақ барысы:

1.      Ұйымдастыру кезеңі.

Тыныштық сәті: Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды  үстелге қойыңыз.   Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды  шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. 

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің  қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз  нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз  тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. 

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша  түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем  сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

Рахмет. 

2.      Үй тапсырмасын тексеру.

Е.Сағымбаев«Бүгінгі  істі  ертеңге  қалдырма»

Сұрақтар:

Әр  істі  кейінге  қалдыру  біздің  өмірімізге  өз  әсерін  тигізе  ме?

Адам  бір  күнін  қалай  өткізсе, бүкіл  өмірі  солай  өтеді  дегенмен  келісесіңдер  ме?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқушылардың үй тапсырмасын балдық жүйемен бағалау.

3.      Дәйексөз.

 Өзіңді танығың келсе,

Адамдарға, олардың ісіне қара.

Өзгені танығың келсе,

Өзінің жүрегіңе үңіл.

 

 

                                      (Фридрих Шиллер)

Оқушыларға  дәйексөзді айтып, оның мағынасын қалай түсінетіндерін сұрау.

4.      Әңгімелеу.

«Өмір  сүрудің   ең  жақсы  жолы»

      Шағын  ғана  бір ауылда   орта  жастағы   бір  кісі  дүкен    ашып  сауда  жасамақ  болады.  Сөйтіп  алға  қойған   жоспарын   бастап  та  жібереді.  Ол  ақ  көңіл , жайдарлы   болғандықтан , ауылдың   адамдарының  бәрі  оны  жақсы  көретін.  Оның   дүкеніне    барып  сауда  жасайтын.  Ауылдың  тұрғындары  тамыр-таныстарына      сол  адамнан   сауда   жасауға  кеңес   беретін.    Шаруасын   кішігірім   дүкеннен  бастаған   адам, бір  жылдың  ішінде   Американың  түкпір-түкпірінен   сондай  шағын  дүкендер  ашып  тастайды.

     Бір   күні аур  науқастанып, бұл  дүниеден    өтерін  сезген    адам, артында  қалған  үш  ұлын   қасына  шақырып:

1.              Үшеуіңнің   біреуің    барлық дүкендерімнің  иесі  боласың.  Мирасымды  соған  қалдырамын.  Менің дүние  -мүлкіме  қайсысың  лайықты  екенін    білу  үшін  үшеуіңе  бір-бір  доллардан  беремін.  Осы  долларға  бір  нәрсе  алыңдар.  Кешкісін  алған  заттарың  менің  осы  бөлмемді  толығымен  толтыруы  керек.  Шартым  осы. Ұлдары  үлкен  компанияны  басқару   мүмкіндігінен  айырылып  қалмас  үшін, не  істерлерін  білмей  қатты  абыржиды.  Қалаға  барып  үшеуі   де  долларын  жаратты.  Кешкісін  әкелерінінің  қасына  келгенде  үлкен  баласы:

2.      -Досымның  шаруашылығына  барып  үш  қап  сабан  сатып  алдым,- деді  де  , қаптарды  ашып ,  сабанды  әр  тараптарға  шаша  бастады..  Алайда  сабандар  еденге   түсіп,  бөлмені  толтыра  алмады.

3.      Екінші  баласы:   

4.      - Дүкенге  барып  екі  жастық  алдым-деп  жастықтарды  сөгіп, ішіндегі  жүнін  бөлмеге  шаша  бастады. Бірақ  жүн  де  көп  ұзамай  еденге  түсіп, бөлмені  толтыра  алмады.

5.      Үшінші  ұлы:

6.      -Долларды  ұсақтап  , 50 центін  мешітке  бердім, 20 центін  қайырымдылық  қорына, 20 центін  садақа  ретінде  тараттым  Қалған  10  центке    екі  нәрсе  алдым – қалтасынан  сіріңке  мен  шырақты  шығарды.  Бөлменің  жарығын  сөндіріп,  шырақты  жақты. Сабан  мен  жүнге  толмаған  бөлме   аз  уақыттың  ішінде  шырақтың  нұрына  бөленді.

7.      Әкесі  баласына  риза  болып:

8.      -Мирасымды  саған  қалдырамын. Өмір  сүрудің  ең  жақсы  жолы- айналаңа  жарық  тарату!

9.      Әңгімеге  байланысты  сұрақтар:

·         Үшінші  ұлының  әрекетіне  деген   көзқарастарыңыз?

·         Әкелерінің  ішкі  тыныштық  табуына  не  себеп  болды?

·         Айналаңа  жарық  тарату  дегенді  қалай  түсінесіңдер?

·         Ішкі  тыныштықты  тағы  қайдан  табуға  болады?

 

 

5.      Шығармашылық жұмыс.

«Жақсылық  тамшысы»

Оқушыларды  топқа  бөлу.  Тамшы  үлгісінде  бөлінген  қағаздарды    үлестіру.  Мына  тамшыларға    жақсы  істеріміз  бен  жасаған  жақсылықтарымызды  жазуымыз  керек.

Балалар  әрқайсымыз  тамшыдай  жасаған  жақсылықтарымызды    қосқанда     үлкен  дарияға  айналады.  Әр  адамның    жаны  жақсылыққа  толы болса, жер  бетінде  тыныштық  орнап, адамдар  бақытты  өмір  сүреді.

6.      Топпен ән айту.

«Жайлаукөл  кештері» 

                                               Сөзі  мен  әні  І.Жақанов

Алаулап күн батса қырды асып

Кетуші ек, қалқатай, сырласып

Ұмытсам сол күнді, сол күнді кеш мені

Есте ғой, дариға, Жайлаукөл кештері

 

Ай туып, жұлдыздар жанғанда

Қол созып көктемгі арманға

Жүрген кез жүректен, жүректен өшпеді

Жақсы еді, дариға, Жайлаукөл кештері

 

Мүлгіген тыныштық, айдала

Шу бойы ырғалып жай ғана

Гүлдерді тербетіп самалдың ескені-ай

Аңсаттың, дариға, Жайлаукөл кештері 

 

 

1.      Үй тапсырмасы.                 

« Шуақты  күндер»  З.Ахметова

 

2.      Соңғы тыныштық сәті.

-          Оқушыларға  «смайлик» суреттері таратылып, таңдап «қазіргі жағдайдағы сіздің көңіл - күйіңіз» деген тақырыпта мінездеме беру.

-          Жәй музыка ойнайды, студенттер көздерін жұмып, сабаққа тұжырымдама жасау керек.

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "План урока по самопознанию "Жақсылық -жан шуағы""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по кредитованию

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 752 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 19.05.2016 1596
    • DOCX 24.4 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Аталыкова Жулдыз Оразгалиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Аталыкова Жулдыз Оразгалиевна
    Аталыкова Жулдыз Оразгалиевна
    • На сайте: 7 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 3918
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой