Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Технология / Конспекты / План урока по технологии"Қол жұмыстарына қолданылатын терминологиялар"5 класс
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Технология

План урока по технологии"Қол жұмыстарына қолданылатын терминологиялар"5 класс

библиотека
материалов

Сабақтың тақырыбы: Құрақты тігіп дайындау және қолдану.
Сабақтың мақсаты: Құрақтың түрлерімен танысу, Құралған бұйымды астарлау жолын үйрену. Тарауды қорытындылау.
білімділігі: Құрақ құрау өнерінің шеберлігімен, ұлттық өнермен танысу.
дамытушылық: Құрақ өнерін жетілдіруде оқушылардың ою – өрісін дамыту.
тәрбиелілік: Құрақ өнері арқылы қыз баланы әсемдікке, кез - келген затты қиюластыра білуге, ерінбеуге шебер болуға баулу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Пән аралық байланыс: Математика, бейнелеу өнері.
Сабақ көрнекілігі: құрақтың түрлі үлгілері, түрлі — түсті маталар, астарлық мата, мақта, көшпелі тақта, қоржын, асық, құрақ үлгілер буклеті, қайшы, бор, өлшегіш таспа, ине, жіп, қалам, бағалау
бетшесі, т. б. керекті құралдар

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.
а) Сабаққа қатыспаған оқушыларды белгілеу.
ә) Сабаққа дайындығын тексеру құралдарын толықтыру.
б) Қауіпсіздік ережелерін сақтау.
в) Бағалау бетшесін таныстыру.

ІІ. Кубизм әдісі. Оқушылардың білімін бақылау сұрақтары.
Пысықтаңыз. Сұрақтар.
ІІ Суреттеңіз. Құрақ түрлерін ата.
III Салыстырыңыз. Венн диаграммасын қолдану.
IV Анықтаңыз. Сарамандық жұмыс.
III. Сарамандық жұмыс.

1 Кіріспе нұсқа.
1. Құрақ бөлшегіне астар қию жолдары.
2. Астар мен құрақ бөлігін біріктіру. Көктеу.
3. Құрақ көрпеше немесе жастық ішіне мақта немесе жүн салу.
4. Ашық жерлерін біріктіру.
5. Буйымды дайындау.

2 Ағымды нұсқа.
1. Техникалық қауіпсіздік ережелерін қайталау.
2. Құрақ бұйымын астарлық шыт матаның бір шетінен орналастырып, жиектеп сызып аламыз.
3. Сызылған сызық бойынша матаны қиып алу.
4. Қиылған астар мен құрақ бөлшегін оң бетімен беттестіріп, теріс бетінен шетін 1 см тігіске есептеп сызу.
5. Сызылған сызық бойымен көктеп тігіп шығу.
6. Бір шетінен 10-15см тігусіз жер қалдыру.
7. 10 – 15 см тігіс жерден бұйымды оң бетіне айналдырып, ішіне тегістеп жүн немесе мақта салып ашық жерін ішкі тігіспен тігу.

IV. Қорытындылау.
V. Бағалау, үйге тапсырма.
Сабақтың жүрісі. Тақтадағы сабақ жоспарын таныстыру.
Бағалау бетшесімен таныстыру.
____________
Бағалау бетшесі.

Оқушының аты – жөні.

Пысықтаңыз. Суреттеңіз. Салыстырыңыз. Анықтаңыз. Қорытынды.
5, 10 ұпай. 10 ұпай. 5, 10 ұпай. 15, 20, 25 ұпай. ұпай.

ІІ. Кубизм әдісі.
Пысықтау.

Оқушылардың білімін бақылау сұрақтары.
1. Құрақ дегеніміз не?
2. Құрақтан қандай бұйымдар жасауға болады?
3. Құрақтың қандай түрлерін білесіңдер?
4. Құраққа мата қалай таңдалады?
5. Құрақтар бір – біріне қалай біріктіріледі?
6. Құрақ неліктен ортасынан бастап құралады?
7. Жиектеме не үшін қажет?
8. Сүреттегі құрақтарды ата.
9. Құрақтардың ерекшеленуі.
10. Құрақ құрағанда қандай талаптарды орындау қажет?
11. Құрақ құрау өнерінің неше түрі бар?
12. Құрақ құрау өнері тек қазақ халқында ма әлде...?
13. Құрақты қию үшін қандай құралдар қажет болады?
14. Құрақ бұйым әдемі болу үшін не керек?

Суреттеу.
Ботакөз құрақ. Математикалық фигуралары бар, ортасы төрт бұрышты шетіне үшбұрыш тігілген, жиектеме тігісі бар үш түрлі матадан тігілген ботакөз құрақ.
Гүл құрақ. Алты қырлы фигурадан тұратын, жиектеме тігісі бар, үш түрлі матадан тігілген гүл құрақ.
Бауырсақ құрақ. Ромб, үшбұрышты, төрт бұрышты фигуралардан құралған шетінде жиектеме тігісі бар, бес тірлі матадан тігілген бауырсақ құрақ

Салыстыру. Венн диаграммасы.
Ши құрақ. Ортақ қасиеті. Жұлдызша құрақ
1. Мата. 3 түрлі 1. Мата. 3 түрлі
2. Ұзындығы көлеміне 2. Ұзын. көлеміне байланысты
байланысты ұзарады №2 ұзарады
3. Ені. енсіз өзгермейді. №3 3. Ені. енсіз өзгермейді.
4. Ұсақ бөлшектері №4 4. Ұсақ бөлшектері
5. Тігілуі. ортасынан басталады №5 5. Тігілуі. ортасынан басталады.
6. Жиектеме тігісі бар №6 6. Жиектеме тігісі бар

III. сарамандық жұмыс.
Астарды қияр алдында матаны жайып үстіне құраған бұйымды орналастырамыз. Құрақ жиегінен жиектеп сызып, сызық бойынша қиып алынады. Қиылған астармен құрақ бұйымды оң бетімен беттестіріп шетіне 1см тігіс есептеп сызып шығамыз, сызылған сызық бойынша көктеу керек. Ал құрақ көрпешенің арасына мақта және жүн салу үшін бір шетінен 10-15см тігілмеген жер қалдыру керек. Бұйымның ашық жерінен жүн немесе мақта салынады. Егер жүн салатын болсақ жақсылап жуып, тазалап кептіріп алу керек. Кепкен жүнді түтіп көрпеше ішіне тегістеп салу керек. Көрпешенің жүнін салғаннан кейін ашық жерін ішкі тігіспен тігеді. Үлкен көрпеше болса, көрпешенің үстінен ұзыннан тепшіп тігеді.


IV. Қорытындылау.
Сонымен қатар құрақ құрау адамды үнемділікке үйретеді. Кішкентай мата қиындысынан сәнді заттар жасау қабілеттілікке тәрбиелейді. Өз қолдарымен жасаған бұйым әрқашанда ыстық болады. Сондықтан уақыт тауып жиі – жиі құрақ құраумен, тігін тігумен айналысқан жөн.
Ал жақсы оқушылар мынадай сұрақтарға жауап берейік.
1. Құрақ өнерін астарсыз тігуге болама?
2. Астарды қалай қиямыз?
3. Бұйымды тіккенде тігіске неше см алу керек?
4. Көрпеше тігу үшін ішіне не салынады?
5. Оны қалай саламыз?
6. Жүнді жуу қажет пе?
7. Ал мақтаны ше?

V. Бағалау. Үйге тапсырма. Құрақты тігіп аяқтау.


Пәні: Технология
Сыныбы: 8 «ә»
Сабақтың тақырыбы: Құрақ көздерін біріктіру.
Сабақтың міндеттері:
а) Білімділік: Құрақ түрлерімен таныстырып, құрақ көздерін біріктірудің әдіс - тәсілдерін, оны біріктіріп көріп, жұмыс жасауға және жоспарлауға үйрету.
б) Дамытушылық: Теориялық білімдерін іс - жүзінде (практикада) шығармашылықпен дамыту, құрақ құрау туралы алған білімдерін, дағдыларын нығайту.
в) Тәрбиелік: Халқының өнерін, салт - дәстүрін бағалай білуге, өнер адамдарын құрметтеуге, әсемдікке, ұқыптылыққа, төзімділікке баулу. Эстетикалық жағынан дамыған, ойлау қабілеті терең, жеке тұлға тәрбиелеу.
Сабақтың мақсаты: Құрақ құрау жолын үйрету.
Сабақтың түрі: Сайыс сабақ
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Топпен жұмыс, сұрақ - жауап, зерттеу, қайталау, жүйелеу,
сарамандық жұмыс.
Пән аралық байланыс: Сызу, бейнелеу, геометрия, математика, қазақ әдебиеті, тарих.
Сабақтың көрнекілігі: топтамалар, үлестірмелі кеспелер, мақал - мәтелдер, тірек - схемасы,
технологиялық карта, бағалау көрсеткіштері, тест сұрақтары.
Керекті құрал - жабдықтар: Қайшы, сызғыш, қарындаш, өшіргіш, түрлі - түсті қағаз,
бояулар, үлгі шаблондар, қағаз, бор, мата түрлері, ине, жіп.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
ІІІ. Өткен сабақты пысықтау.
ІҮ. Жаңа сабаққа кіріспе.
Ү. Жаңа сабақ.
ҮІ. Сарамандық жұмыс.
ҮІІ Қорытындылау
ҮІІІ. Оқушыларды бағалау
ІХ. Үйге тапсырма

І. Ұйымдастыру кезеңі
а) Оқушылармен сәлемдесу, кезекші арқылы түгелдеу, сынып бөлмесінің тазалығын, оқушылардың тәртібін реттеу, қадағалау.
ә) Оқушыларды екі топқа бөліп, топ басшысын сайлау.
1 топ: «Ботакөз», 2 топ: «Жұлдызша».

ІІ. Үй тапсырмасын «Брейн ринг» ойынын (топтастыру техникасы) арқылы сұраймын. Тақтаға алтыға бөлінген дөңгелек секторларды ілемін. Әр сектор нөмірленген. Алты оқушыға алты тапсырмасы бар үлестірмелі кеспелер тапсырамын. Нүктесі бар кубикті ортаға тастағанда қай нөмір шықса сол нөмірді ашады, ал өз нөмірлеріне жауап бермесе басқа оқушы жауап береді. Барлық сұрақтарға жауап берілген соң, дөңгелек сектордың барлық нөмірі ашылады. Құрақтың суреті шығады. Енді бұл қандай құрақ екенін табу керек.

а) Сұрақтары:
1. Құрақ дегеніміз не?
2. Құрақ түрлерін ата?
3. Құрақ құрау үшін қандай геометриялық фигуралар қолданылады?
4. Құрақ құрауда түстердің үйлесімділігін не деп атайды?
5. Құрақ құрау кезінде қандай қауіпсіздік ережелерін сақтау керек?
6. Құрақтан қандай бұйымдар жасалған?
ә) «Жалғасын тап» ойыны.
(мақал - мәтелдер)
Бірінші топ бастайды, екінші топ жалғасын жалғастырады. Қай топ жалғастыра алмаса, сол топ ұпай алмайды.
1. Бүгінгі істі ……….. қалдырма.
2. Жеті рет өлше,…….. кес.
3. Өнерліден үйрен,
өнерсізден ……………
4. Еңбек етсең ерінбей,
……………. тіленбей.
5. Еңбегің сайлы болса,
ішің …………. болар.
6. Бірлік болмай, ………болмас.
7. Қыз еркем, ……….. көркем.
8. Өнерлі болу зейнет,
Өнерсіз болу…………
9. Талаппен бастап.
…………. аяқта.

ІІІ. Өткен сабақты пысықтау.
Ал, балалар осы мақал – мәтелдерде айтылғандай, әрбір істі талғаммен, ептілікпен, шеберлікпен жасауға тиістіміз. Құрақ өнері де біздің бойымыздан осындай қасиеттерді талап етеді. Құрақ құрау аса шеберлікті қажет етеді.

Құрақ құрау екі мақсатты көздейді.
Біріншіден, мата қиындыларын іске ұқсату, кәдеге жарату, яғни адам үнемділікке үйренеді.
Екіншіден, үлкен сәнділікпен мата қиындыларынан әртүрлі пішінді жасай отырып, қиюластырып, жастық, көрпе, көрпешелер тігу. Жалпы құрақтың бірнеше түрі бар: ботакөз, шатыргүл, сегізжапырақ, тырнақатар, майда құрақ, аққу, қызғалдақ, қайшы т. б. Матаның үйлесімділігіне, қиюласу өрнегіне қарай құрақты мынадай топтарға бөледі.

ҚҰРАҚ ТҮРЛЕРІМЕН ТАНЫСТЫРЫП ӨТЕМІН
Құрақ өнері тек қазақ халқына ғана емес, әлемнің басқа ұлт халықтарында да құрақ өнері дамыған. Қазіргі кезде мата қалдықтарынан тігілген бұйымдар әр ұлттың тұрмысында кеңінен қолданылып жүр. Мысалы, орыс халқы бұл өнерді «Лоскутная техника» деп атайды. Ал Европа халықтарында «Пэчверк» деп аталса, жапон халқында құрақ өнері «Сашико» деп аталады.
Орыс халқы мата қиындыларынан «Лоскутная техника» әдісімен жамылатын көрпе, төсеніш, тұтқыш, жастық сияқты бұйымдар дайындаған. Қазіргі жапон халқында «Сашико» техникасы ұлтық кимано киімінде және үй тұрмысында қолданылып жүр.

ІV. Жаңа сабаққа кіріспе.
Құрақ құрау үшін оның әдіс тәсілдерін білуіміз керек.
Құрақ құрау схемасы.

V. Жаңа сабақ.
Матаны құрау үшін ең бірінші, қандай өрнекті құрайсың, сол өрнектің сызбасын қағаз бетіне түсіріп аламыз. Екінші, матаның түр – түсінің үйлесімділігін анықтау үшін оны түс таңдай отырып бояп аламыз.
Осыдан кейін геометриялық пішінде үлгі қағаз даярлап аламыз да, сол қағазды үлгі етіп, пайдалану арқылы матаны қағаз мөлшерімен қиып аламыз. Қиылған матаны сызба үлгіге қарап белгіленген өрнек бойынша рет – ретімен: әуелі ортаңғы бөлік, содан кейін шеткі бөліктерін тігіп аламыз.
Міне, осындай жұмыстар жүргізу арқылы құрақ құрау технологиясын меңгереміз.

VІ. Сарамандық жұмыс.
«Сегіз жапырақ» құрағын құрастыруға арналған технологиялық карта.
Қауіпсіздік ережесін еске түсіру.

VІІ. Жаңа сабақты қорытындылау.
Берілген бес сұрақ, төрт жауабымен беріледі. Әр топқа координаталық бұрыш беріледі. Көлденеңінен сұрақтар, тігінен жауап нүктелері белгіленеді, сол нүктелерді қосып график сызамыз.
Тест сұрақтары
1. Мата қиындыларынан дайындалатын сәндік қолданбалы өнер түрі.
А) текемет
Ә) түскиіз
Б) құрақ
В) сырмақ

2. Құрақ құрағанда қолданылатын құрал – жабдықтар.
А) біз ине, кергіш, жіп, сурет түсірілген мата, қармақты біз.
Ә) қайшы, ине – жіп, сызығыш лента, мата, картон – үлгілер, бор.
Б) тоқитын станок, қайшы пышақ, тоқпақ ине.
В) желім, таспа баулар, ою үлгілері, ине, қайшы.

3. Құрақ құрауда кездесетін ою түрлері.
А) қошқар мүйіз, түйе табан, сынық мүйіз.
Ә) шимай, сұлма, тұмарша.
Б) ботакөз, тырпақатар, жұлдызша.
В) бітпес, бөрікөз, тайтұяқ.

4. Европа елдерінде құрақты не деп атайды?
А) лоскутная техника
Ә) құрақ
Б) сашико
В) пэчверк

5. Құрақ барысында адам неге үйренеді?
А) үнемділікке, шыдамдылыққа
Ә) ептілікке, жылдамдыққа
Б) іскерлікке, әсемдікке
В) тапқырлыққа ұшқырлыққа

VІІІ. Оқушыларды бағалау.
Құрақ құрау да өнер. Қарап тұрсақ өзіндік сыры бар. Құрақтардың түрлерін көрсете отырып, сабақта мынадай жыр жолдарымен қорытқым келеді.
Қас шебердің қолы ортақ,
Ұрпақтарға жалғасқан.
Зердеңде болса – сол атақ,
Болашақта жетер қалмастан.
Әже менен анадан,
Мирас болған – бұл өнер.
Ұрпақтан озып ұрпаққа,
Кете берер бұл өнер.

Оқушыларды бағалаймын.
ІХ. Үйге тапсырма: түрлі – түсті мата қиындылары, үлгі шаблондар, қайшы әкелу.


Қол жұмыстарына қолданылатын терминологиялар

және тігіс түрлері

                

       Үйренгенің өзіңе құт,

істегенің еліңе құт!

Сабақтың білімділік мақсаты: Оқушыларды ұлттық қолөнерге қызықтыру,

-          Тігіс түрлері туралы түсінік беру,

-          Қол жұмыстарына деген көзқарастарын арттыру,

-          Білімдерін сарамандық жүзінде жасай білуге дайындау.

Дамытушылык мақсаты:мақсатқа өз бетінше жету үшін оқушыға мүмкіндік беру.

Оқушылардыңойлау қабілетін жетілдіруде әдістемелік әдістерді басшылыққаалып,теориялық білімінің жемісін өздеріне бағалату:

Тәрбиелік мақсаты:оқушының өз бетінше жұмыс еріктілігін, өз күшіне сенімділігін қалыптастыру. Еңбек мәдениеті мен еңбекті ұқыпты, дұрыс ұйымдастыру дағдысын қалыптастыру.  Тігіс түрлерін тігуге жаттықтырып, өмірде қолдана білуге баулу.

Сабақтың түрі: аралас, сарамандық сабағы.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: технология түрлері,СТО технологиялары,

Дөңгелек үстел, топпен жұмыс, тест, сұрақ-жауап, Венн диаграммасы

Құрал-жабдықтар:мата қиындылары, қайшы, ине, жіп жұмыс папкасы.

Көрнекіліктер:тігіс түрлеріне арналған суреттер,схемалар, сөзжұмбақ «Эрудит» логикалық дидактикалық ойын , нұсқау картасы, бағалау парағы

Пәнаралық байланыс: әдебиет,тарих, математика, сурет,

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі.(қызығушылықты ояту).

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру;

  • Сынып оқушыларын 2 топқа бөлемін. «Балауса», «Бәйтерек»

ІІ. Кіріспе

-          Бұл жылы сіздермен қандай тігіс түрлерін үйренеміз?

-          Тігістің түрлерін атап кету (Түзу тігіс, қайшы тігіс, қиғаш тігіс, айқаспа тігіс, тышқан тігіс, кесте тігіс, қайырма тігіс)

-          Тігісті тігу үшін нұсқау картаны тарату

-          Жұмыс үстелінде дұрыс отыру шарттарымен танысу

-          Қауіпсіздік ережелерін еске түсіру

ІІІ. Білім-білікті қорытындылау.Үй тапсырмасын жан-жақты тексеру мақсатында «Мен білемін стратегиясы» бойынша қайталау.

Тақырыбы: «Мата туралы түсінік» , « Қол тігістері».

                   1. Матаны не үшін пайдаланамыз?

                   2. Мақта, зығыр маталары туралы түсінік.

1-тапсырма: Тірексызбасын пайдаланып, дұрыс жауабын тап.

2-тапсырма:   Логикалық ойын - Дұрыс жауабын тап.

3-тапсырма:   Жалғастыру диктанты.

4-тапсырма:   Сөзжұмбақ: «Мататану» тақырыбы бойынша 9 түрлі мата атауын табу. «Қол тігістері терминологиясы» тақырыбы бойынша тігіс түрлерінің 10 түрлі аталуын табу.

Жауаптары: көктеп тігу, жапсырма көктеу, бастыра көктеу, көктеу, қадау, көшіру, бүгіп көктеу, қайып тігу, тігімдер, инешаншым.

  

Тірек сызбасын пайдаланып, дұрыс жауабын тап:

1. Механикалық                           Сетінегіштігі

2. Гигиеналық                              Мықтылығы

3. Технологиялық                         Жылу сақтағыштығы

4. Мықтылығы:                          матаны бүктеп орағанда мыжылып қалу қабілеті

5. Қыртысталуы:                     матаның шеті сетінеп,жіптердің төгіліп,шашақталуы

6. Гигроскопиялығы:                  жылу мен ылғалдың әсерінен мата көлемінің кішіреюі

7. Жылу сақтағыштығы:         матаның өзіне түскен күшке жыртылуға қарсы тұру қабілеті

8. Сетінештігі                           матаның қоршаған ортадан ылғал тарту қабілеті

9. Отыруы                                 матаның жылу сақтағыш қабілеті

 

ІV. Сарамандық жұмыс

  1. Қол жұмысына қажетті құрал-жабдықтар

  2. Қол тігіс кезінде сақталатын қауіпсіздік ережесін « Ойлан тап» ойыны арқылы оқушыларға шешкізу (тақтаға жұмбақтар жазылады,жұмбақтың шешуіне қарай қауіпсіздік ережесі қайталанады)

Тап-тап, тап жорға, Табаны жоқ боз жорға.

Желіп кетсе жеткізбес, Жерге түссе таптырмас.   (Ине)

 

Екі пышақ бірлесіп,Кесіп пішіп береді

Екеуі бірге жүрмесе, Жоқ қой бізге керегі.               (Қайшы)

 

Тұмсығы мықты, Қырмен ойды тегістеп шықты.       (Үтік)

V.   Қол тігістерін тігу

Нұсқау картасының мазмұнымен таныстыру, таратып беру, тігу жолын көрсету

VІ .  Қортынды бөлім

      Бағалау парағы бойынша оқушылардың білім деңгейі бағаланады.

-          Балалар, мататану негізі және қол тігістерін тігу білімі не үшін қажеттігін өздерің саралап көріңдерші.

«Ізгілендіру» диаграммасы

Білемін тігіс түрлерін

Үйрендім қалай тігілуін

Білгім келеді қайда қолданылуын

 

 

 

 

VII. Үйге тапсырма: қол тігістерін қайталап тігу, кесте тігуге қажетті құрал-жабдықтарды әкелу.

Сабақтың мақсаты: Моншақтармен жұмыс жасауда түрліше композициялық шешім жасауды және әсем сәндік жұмыстар тігуді үйрену. Шыдамдылыққа, ұқыптылыққа, нәзіктікке тәрбиелеу. Әсемдікті өз қолымен жасауға деген ықыластығын арттыру.

Білімділігі: оқушыларға бисердің шығу тарихы туралы мағлұмат беру, тоқу әдісін үйрету. Дамытушылығы: сәндік қолөнерге қызығушылығын арттыру, эстетикалық талғамын дамыту. Тәрбиелігі: өз бетімен жұмыс жасауға, өнерді бағалауға, ұқыптылыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сарамандық.
Пәнаралық байланыс: биология, бейнелеу өнері
Көрнекіліктер: моншақтан жасалған панно, схема, журналдар.
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа қажетті материалдарды тексеру.
II. Оқушыларға білімдерін тексеру мақсатында қайталау сұрақтары беріледі.
1. Су моншақ дегеніміз не?
2. Су моншақтың қандай түрлерін білесіңдер ме?
3. Су моншақтың отаны?

III. Жаңа сабақ. Су моншақтың аты араб сөзінен“ бусер ” жасанды моншақ дегенді білдіреді. Су моншақ б. з. б IV ғасырда шыны зерттеген кезде пайда болған. Осы кезде әр түрлі формадағы моншақтар әшекейлеу үшін қолданыла бастады. Бірте - бірте моншақтар ұсақталып, біркелкі болып, ертедегі египеттіктердің киімдері әшекейлеуге айналды. Бисер - ұсақ түрлі түсті моншақтар. Моншақ мойынға тағылатын сәндік бұйым. Оның формасы ірі және ұсақ болады. Шыныдан жасалатын қазіргі біз пайдаланып жүрген моншақтардың өзіндік тарихы бар. Аңыз бойынша өте ерте уақытта бай саудагер Жерорта теңізінен Африкаға табиғи сода әкеле жатып құмды жағалауға түнеп түнде от жағады. Оттың қасына үлкен кесек содаларын түсіріп қояды. Таңертең, оттың қолаң тасынан ғажайып тас сияқты, қатты су сияқты мөлдір, таза күн сәулесіне қызған тасты – кристалды көреді. Бұл қазіргі әйнек еді. Осыдан бастап әйнектен түрлі формадағы моншақтар жасала басталады. Ортасынан жіп өткізілетін дөңгелек, сопақша, қырлы моншақтарды әр түрлі халықтар сәндік бұйым ғана емес, оны қаржы орнына (ақша) да пайдаланады.

XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында Эмиль Галле және Тифанни секілді модерн стилінің суретшілері шынының су моншаққа көңіл бөлген болатын. Өткен ғасырдың 20 - жылдары су моншақ әйел адамдардың киімдерін әшекейлеуде сәнгерлерде үлкен қолданысқа ие болды. XX ғасыр бойы су моншақпен сауда тоқтаған жоқ. Жақында су моншаққа деген қызығушылық бүкіл әлемде болды. Су моншақпен тігу шығармашылықтың бір түріне айналды. Қазіргі күнде нағыз үлкен су моншақ шығаратын жер – Жапония, Тайвань, Чехия. Тайвандық су моншақ – сапасыз, өз түрін, түсін де тез жоғалтады да, тез сынады, тесігі инеге кірмейді.. Чехиялық су моншағы өте қажет, бағасы да, сапасы да көңілден шығады. Чех су моншағын әр түрлі нәрсеге қолданады. Өте сапалы саналатын су моншақ – Жапон су моншағы. Жапон су моншағы Чех су моншағынан үлкендеу, ортасының тесігі де үлкен, бағасы да, сапасы да адамдарға қажет.

Су моншақпен сәнді жұмыстар көне заманнан да басталады. Бұны өнертанушы ғалымдарымыз қолданбалы сән өнері шеберлігінің әйгілі осы уақытқа дейін сақталып келген өте әдемі, сапалы орындалған жұмыстарын зерттеу арқылы дәлелдеген. Су моншақ ертеде тау хрустальі мен анық тастардан даярланған. Бағалы тастарға – алмас, лағыл, изумруд, сапфир, табиғи інжу, александрит, янтарь, маржан, жасқырауық тастап жатады. Шыны, моншақ жасайтын, шеберлерді, қатаң ұстап, оларды ешкіммен араластырмады. Басқа мемлекеттерде бәсекелестері болмауын қалады. Әйгілі саяхатшы Марко Полоның әкесі бисер жасау шебері болыпты. Марео Поло өзінің сапарынан оралғанда су моншақ жасау кәсібінен байыған мемлекетті көріп таңданған. Орта Азия мен қазақ халқының сәнді тұрмысында моншақ, маржандау әдісі ертеден белгілі болған. Өте әдемі, көздің жауын алатын, жылтыраған нәзік зат – моншақты барлық ұлттардың қолөнер іскер шеберлері тіккен. Онда маржандау әдісімен әйел баласының сырға, білезік, сақина, алқа, өңіржиек, сияқты заттарын толықтыру үшін, ұлттық киімдер, кимешек, жақтауы, қамзол, тақия, аяқкиімдерді, ат - әбзелдерін безендірген. Қазіргі сәнгерлерде су моншақтарды киімді және аксессуарларды әшекейлеу үшін қолданады. Валентин Юлдашкин көйлектерді тегіс аса керемет су моншақпен кестелейді. Эмануэль Унгаро және Бернара Перридің көптеген су моншақтық алқалары көйлекті су тасқыны және лаулаған от сияқты көрсетеді. Жан - Поль Готье сөмкелерді су моншақ және шыны моншақтармен әшекейлесе, Осимар Версалато белбеумен, жағаларды әшекейлейді. Кристиан Лакруа су моншақтардан жекеттер мен шалбарлардың жеке бөліктерін құрастырған, ал Пако Рабан – түгел көйлекті су моншақпен әшекейлеген.

Сумоншақпен кестелеу технологиясы: Айқас тігіс әдісімен суреттегі түстердің түріне лайық су моншақтарды санап жіпке тізіп бекіту. Бұрыннан белгілі бұл әдіспен бір шетінен бастап, ең соңына дейін қатарымен тізуге болады. Бұл еркін түрде түстердің бірінен кейін біріне ұласуын бере отырып, моншақты тізіп, матаға бекіту әдісі. Айқас тігіс әдісіне қарағанда күрделі жұмыс кескіндемеге қатты ұқсайды.. Оның қолданбалы сән өнері жемісі екенін су моншақтардың жылтырап көрінуінен аңғаруға болады. Берілген тақырып бойынша қағазға эскиз - жоба салынады. Дайын суретті матаға қарындашпен сызып көшіреміз. Моншақты матаға бекіту технологиясын пайдалана отырып, матаның ең оңай деген жерінен жұмысты бастауға болады.

Суреттегі түстердің бір - біріне ауысуын ескере отырып бейнелеуді тігіп шығуға болады. Инені матадан өткізіп суреттегі түсіне лайықтап моншақтар тізіп, салынған сурет өте кіші болса, 1, 2 су моншақтан, сурет ірі, жарық жерге 3 су моншақтан бекітіледі тігілген моншақтар көлденеңінен жатуға тиіс. Жұмысты екі инемен немесе бір инемен де орындауға болады. І. Бір инемен тігу үшін қажетті түстегі су моншақты 4 - 5 см ұзындықта тізіп инені мата астына өткізіп, бастау етіп түйіндеу керек. Осы қатарды басынан бастап сол инемен 2, 3 моншақтың арасынан жіппен бекітіп матаға тігу керек. ІІ. Екі инемен тігу үшін бір инеге моншақ тізіп екі инемен 1, 2, 3 моншақтан кейін матаға бекітіп отыру керек. Моншақты матаға бұдан көп бекітуге болмайды. Егер моншақ көп болып кетсе матаның бетінде 1 салбырап бос қалады. Бисердің отаны - Ежелгі Египет. Міне солардан бисер деген атаумен жаңа ұғым пайда болды. Египеттен, Сириядан бисердің технологиясы Рим империясына дейін тарады. Бірте - бірте алғашқы біздің дәуірімізге дейін Италияда, Грецияда, Германияда, Испанияда, Францияда пайда болды. Уақыт өте келе Шығыс халқына Африка, Индия, Америкаға, Тынық мұхит аралдары мен Европаға, Азияға кенінен таралды. Су моншақтын атауы әр халықта әр қалай болған. Молдавияда - гарданы,

Ресейде - бисер, Қазақстан мен Қырғыстанда – моншақ, су моншақ деп аталады. Моншақпен сәнді жұмыстар жасау тарих өте ардан басталады. Бұны өнертанушы ғалымдарымыз қолданбалы сән өнері шеберлігінің әйгілі, осы уақытқа дейін сақталып келген өте әдемі, сапалы орындалған жұмыстарын зерттеу арқылы дәлелденген. Моншақ ертеде тау хрусталі мен анық тастардан даярлаған. Бағалы тастарға – алмас, лағыл, изумруд, сапфир, табиғи інжу, александрит, янтарь, маржан, жасқырауық тастары жатады. Мұсылман дінінде су моншақтарды тіл, көз, сұқ тимейтін сәнді зат ретінде қолданады. Ресей патшасы Екатеринаға Жәңгір хан бисерден және әсем асыл тастардан әшекейлеген керемет сәнді сәукелені сыйға тартқан екен. Осы кезге дейін сәукеле Ресейдегі мұражайда сақтаулы. Күннің көзінен сақтап, көрмеге көп шығарылмайды, өйткені күн сәулесінен тастар үгіліп қалуы мүмкін.

Бисермен тоқу технологиясы: Паралель тоқу; Дөңгелек тоқу; Инемен тоқу; Ілгекпен тоқу; Қауіпсіздік ережелері 1. Сымды, бисерді ауызға салуға болмайды 2. Сымды қайшымен қияды 3. Сымды көзге жақын ұстамайды.
Технологиялық карта 1. 3 сумоншақ өткізіп, 1 бисерді қалдырып, 2 бисерден сыммен қарсы өту. 2. Сымның басына 3 бисер тізіп, сымның келесі ұшын қарсы өткізу.. 3. Сымның басына 4 бисер тізіп, сымның келесі ұшын қарсы өткізу. 4. Сымның басына 5 бисер тізіп, сымның келесі ұшын қарсы өткізу. 5. Сымның басына 4 бисер тізіп, сымның келесі ұшын қарсы өткізу. /керісінше, кескін кішірейеді/ 6. Сымның басына 3 бисер тізіп, сымның келесі ұшын қарсы өткізу. IV. Сарамандық жұмыс. Бисердің түс ерекшелігіне көңіл бөлеміз, яғни гүлді қызыл түс қылып, ал гүлдің жапырақтарына жасыл түс алайық. Гүлдің өзі де, жапырағы да көрсетілген әдіспен орындалады. Оқушылар білімі тест арқылы тексіріледі. 1) Бисер қандай заттан жасалады? а) ағаштан б) шыныдан* 2) Шыны неден алынған? а) табиғи сода б) тас көмір 3) Бисер түрін тап? а) шыны б) стеклярус* 4) Египетте бисерді алғашқыда қалай атаған? а) бусер* б) бисер 5) Ресейде бисерді өз тәжірибесімен жасаған кім? а) Пушкин А. С. б) Ломоносов М.* V. Жаңа сабақты бекіту. VI. Сабақты қорытындылау.


Сабақтың тақырыбы: «Матадан раушан гүлін жасау».
Сынып: 8

Сабақтың түрі: дәстүрлі.
Сабақтың типі: білімді жүйелеу сабағы
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік - оқушыларды матадан гүл жасау технологиясымен таныстыру және лентадан гүл жасауды үйрету.
2. Дамытушылық - оқушылардың сөйлеу мәдениетін, көркемдік талғамдарын, шығармашылық қабілеттерін дамытуға ықпал ету.
3. Тәрбиелік:
- еңбек мәдениетінің дағдыларын: дәлдік, ұқыптылық, материалды тиімді жұмсауды қалыптастыру;
- жауапкершілікке тәрбиелеу;
- өзін - өзі бағалауды қалыптастыру.
Сабақтың әдістері: ақпараттық дәрістер бойынша әңгімелесу, тәжірибелік жұмыс.
Технологиясы: жобалар әдістері.
Техникалық құрал: компьютер.

Материалдар мен құралдар: атлас және жібек ленталар, ине, жіптер, қайшылар, біртүсті мата, картон, панноға арналған рамка, «Раушан гүлін жасаудың» нұсқаулық картасы, панноның үлгісі.

Сабақ барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі
Сабақтың тақырыбымен таныстыру. Сабақтың мақсаты мен міндеттерін айқындау.
2. Білімдерін белсендіру.
№1 слайд (сабақтың тақырыбы, мақсаты мен міндеттері).

Гүлдер туралы тақпақтар.
Слайдтар (тірі гүлдерден композициялар).

- Гүлдер біздің жер шарымызды көркейтушілер. Гүлдерді барлығымыз жақсы көреміз. Гүлдер бізге қуаныш сезімін әкеледі, сондықтан да барлық мерекелік іс - шараларда гүлдер пайдаланылады. Гүлдер туралы ақындар көптеген өлеңдер жазады. Композиторлар әуезді әндер шығарады. (П. И. Чайковский «Вальс цветов»). Ал суретшілер небір суреттер салады. Слайдтар (натюрморт).

Өкінішке орай, тірі гүлдер көпке шыдамайды. Бірнеше күннен кейін олар солып, өздерінің әдемілігінен айырлады. Мерекелік қуаныштың әсерін ұзақ сақтау үшін, адамдар жасанды гүлдер жасауды үйренді. Олар жасаған гүлдердің әсемдігі соншалық, олардың табиғи гүлдерден еш айырмашылығы болмады.
- Кейіннен гүлдерді киімдерді сәндеуге, шаштарды әсемдеуге қолданатын болды. №8, 9 слайдтар. Қазіргі қалыңдықтың киімін де гүлдерсіз елестету мүмкін емес. Жай ғана күнделікті тұрмыстағы киімнің өзін гүлмен сәндесеңіз, киіміңіз құлпырып шыға келеді. Бүгінгі күні сән әлемінде жасанды гүлдің алатын орыны ерекше. Жасанды гүлдермен тек қана костюм, көйлектерді емес, сонымен қатар қол сөмкелерін, бас және аяқ киімдерді де безендіретін болды. Дүкендердің көрмелерін, үй жабдықтарын сәндеуде де гүлдер қолданылады. Слайдтар.

Гүл жасауды әркім үйрене алады. Ол үшін біраз шығармашылық қиял мен шыдамдылық қана керек. Табиғат - біздің ақылшымыз, көмекшіміз. Сол табиғаттың тірі гүлдерінің әсемдігін жүрегіңізбен сезсеңіз, қолдарыңыз сол сұлулықты бұлжытпай қайталап жасап бере алады. Сұлулықты қолдан жасау үшін оның болмысын жүрекпен сезіп, көзбен көріп сезіну керек. Сонда ғана сіз еш қиындықсыз гүлдің түр - түрін жасай алатын боласыз.

5. Техникалық қауіпсіздік ережесін қайталау. слайд

Қазір тәжірибелік жұмыс барысында сендер өткір, үшкір, қауіпті электр құралдармен (үтікпен) жұмыс жасайсыңдар. Сондықтан техникалық қауіпсіздік ережесін естеріңе түсіріп алыңдар. Инемен, қайшымен жұмыс жасағанда нені білуіміз керек? (оқушылардың жауаптары).

1. Жұмыс алдында ине мен түйреуішті дұрыстап санап алу керек.
2. Инемен жұмыс кезінде абай болу керек.
3. Жұмыстан соң инені жастықшаға түйреп қою керек.
4. Инені ауызға салуға болмайды.
5. Қайшыны бір - бірлеріңе тек тұйық жағымен берулерің керек.

Жұмыс соңында отырған орыныңды жинақтап, ине, түйреуішті түгендеп алу керек.

Үтікпен жұмыс кезінде қандай ТҚ ережелерін сақтауымыз керек? (оқушылардың жауабы)
1. Жұмыс басында электрлі құралдың бүтіндігін тексеру.
2. Үтікті құрғақ қолмен, вилкасынан ұстап сөндіру керек.
3. Үтіктің тоқ бауы үтіктің табанына түсіп қалмауын қадағалау, үтікті қатты қыздырмау.

6. Өткен материалдарды қайталау.

Гүл жасауға, негізінен тігуден қалған маталардың қалдықтарын пайдаланады. Сонымен қатар киілмейтін киімдердің құрақтарын да қолданады. Оларды алдымен сөгіп алып, содан кейін жуып, үтіктейді. Ашық түсті гүлдер жасау үшін жаңа мата пайдаланған дұрыс, ендеше гүлдер сарғайып, өңі кеткен сияқты болып көрінеді.
Бүгінгі сабақта сендер матадан раушан гүлін жасап көресіңдер. Раушан гүлі ең әдемі, ең жұпар иісті гүл. Сондықтан оны «гүлдердің патшайымы» деп атайды.

7. Тәжірибелік жұмыс.
Сергіту сәті.

Кіріспе нұсқаулар:
- Сендер өз қолдарыңмен әдемі заттар жасап көргілерің келе ме?

Ендеше, мына «Нұсқаулық картаға» назар аударыңдар. Раушан гүлін жасаудың неше түрлі тәсілдері бар екен.

Бірінші тәсіл - «жиырылған матадан жасалған раушан гүлі». Жасау тәсілін көрсете отырып түсіндіру.

1. Матаны қажетті ұзындықта қиып аламыз.
2. Матаның шеттерін бүгіп тігіс жүргіземіз.
3. Матаны қаттап, қалыпқа келтіреміз.
4. Матаның бір ұшын негізіне қадап, спираль тәрізді орналастырамыз..
5. Раушан гүліне ұқсатып келістіріп тігеміз.

Ағымдағы нұсқаулар: (Дайын панно)

- Сендердің жұмыстарыңның нәтижесін біз мына ұжымдық панно арқылы көрсетеміз. Ол үшін біз алдын - ала дайындалған, матамен көмкерілген картонды аламыз. Дайын раушан гүлдерін осында әртүрлі жағдайда орналастыруға болады: бұтақта өсіп тұрғандай, құмыраға немесе себетке салынған гүлдер. Гүлдің әрбір бөліктерін маталы картонға түйреп, қадаймыз. Дайындалған жұмысты рамкамен безендіруге болады.

Қорытынды нұсқау:
Қорытындылау. Жұмыс орынын тазалау.
8. Рефлексия.

- Енді мен әрқайсыларыңның ойларыңды тыңдағым келеді. Жұмыстарың өздеріңе ұнады ма? Жаңадан не үйрендіңдер, не білдіңдер?
Ойланып көріңдерші, бүгінгі сабақта алған білімдерін, еңбектерің келешекте сендерге қажет бола ма? Дүкеннен сатып алған дайын зат пен өз қолдарыңмен жасаған заттың арасында қандай айырмашылық бар?(оқушылардың жауаптары)

Балалар, бүгін жұмыстарыңды өздерің бағалайсыңдар.

Сабақ бойынша қойылған мақсаттар мен міндеттер іске асырылды.
Жұмыс нәтижесі ұжымдық «Раушан гүлі» панносы.



Сабақтың тақырыбы: Қағаздан гүл жасау
Сабақтың мақсаты: Оригами тәсілі арқылы гүл жасауды меңгерту.
Білімділігі: қағазды бүктеу тәсілдері арқылы, лалагүлін құрастырып үйрену; оның ішінде ең тиімді, қарапайым әдісін меңгеру, әдемі өнер туындысын жасап шығару;
Дамытушылығы: қол икемділігін дамыта отырып, ойын, танымдық қабілеттерін арттыру, бейімділігін қалыптастыру, сөздік қорларын молайту.
Тәрбиелігі: әсемдікке, сабақта алған білімдерін өмірде пайдалануға тәрбиелеу; Табиғатты қорғауға баулу.
Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту
Технологиясы: Сын тұғысынан ойлау
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, тақырыпқа сәйкес суреттер мен мәліметтер, гүлдер, гүлді жасау жолдары (нұсқаулары)
Сабақтың әдісі: түсіндіру, ассоциия құру, Синкуейн әдісі;
Пәнаралық байланыс: дүниетану, ана тілі
Сабаққа қажетті құрал - жабдықтар: ұзындығы 35 см х 35см форматтағы түрлі - түсті қағаз, скотч.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру
Психологиялық дайындық
Қане, шеңбер құрайық,
Дөңгелене тұрайық.
Ұнаған түсті таңдап ап
Тобымызды табайық.
Топқа түрлі түсті қағаз арқылы бөліну.
ІІ. Қызығушылықты ояту
І. Мақалды толықтыр
Дала... қадірлі,
Ана... қадірлі.
ІІ. Жұмбақты шеш
Құлпырса, қадірлейді, аялайды,
Қураса, сыпырғышқа жарамайды. (Гүл)
ІІІ. Өлеңді мәнерлеп оқы
Үй гүлі
Өз қолыммен ыдысқа
Отырғыздым үй гүлін.
Сабақтарын қып - қысқа,
Терезеден сүйді күн.
Топырағын қопсытып,
Мезгілімен суардым.
Жапырақ жайып өсті тік,
Қызыға қарап жүр әркім
Оразақын Асқар
- Берілген тапсырмаларда ортақ ой не? (Гүл туралы)
Ассоциация құру:
Гүл
ІІІ. Мағынаны тану:
Лалагүл туралы мәлімет.
Лалагүл (Lіlіum) — лалагүл тұқымдасына жататын көп жылдық, жуашықты өсімдіктер. Қазақстанда кездесетін жалғыз түрі — бұйра Лалагул (L. maztadon) — Алтай, Тарбағатай, Жетісу (Жоңғар) Алатауында кездеседі. Орманды, таулы, шалғынды жерлерде өседі. Биіктігі 60 - 100 см, сабағы түкті. Жапырағы таспа, немесе қандауыр пішінді, ұзындығы 8 - 10 см, ені 1, 5 - 2 см. Гүлдері ірі, жеке немесе шашақ гүл шоғырына топталған. Ашық қызыл, қызыл сары түсті қара дақтары бар, түкті, олар түтік немесе қоңырау пішінді, ұзындығы 13 - 15 см, хош иісті. Жемісі — қауашақ, көп тұқымды. Маусым — шілдеде гүлдейді. Лалагүл әсемдік үшін ерте заманнан бері қолдан өсіріледі. Одан медицинада дәрі жасалады, бояу алады, жуашығы тағамға жарамды, гүлінен ара бал жинайды, эфир майы алынады. Гүлшоқтары үшін жаппай жинау және пиязшықтарын ұдайы қазу лалагүлдің азайып кетуіне жол ашты. Сондықтан ол Қазақстанның Қызыл кітабына енген.
Гүл жасау ретімен таныстыру.
Тренинг: «Мен гүлмін»
Әр топтың бір мүшесі өзін гүлге теңеп, гүлдің қасиетін ашып айтсын.
ІV. Рефлексия:
«Синкуейн» әдісімен өлең құрастыру.
Не? Гүл
Қандай? Әдемі, хош иісті
Не істейді? Гүлдейді, аңқиды, құлпырады
4 сөзден тұратын сөйлем Гүл өссе - жердің көркі.
Синоним Өсімдік
Елбасының халыққа жолдаған «Жасыл ел» бағдарламасын орындау жолында өз үлесімізді қосуымыз қажет. Ол үшін мектеп, өз үйіміздің айналасын көгалдандыру, жасыл желекке айналдыру - бәріміздің парызымыз.
V. Үйге тапсырма:
Лалагүлдерден композиция құрастыр.
VI. Бағалау
Тренинг «Сізге сыйлаймын»
Гүлдер үнемі қуаныш әкеледі, сондықтан да адамдар бір - біріне гүлдер сыйлайды, сыйлай да бермек!



Кестелеу – қазақтың қолөнерінің негізгі өнері

Категориясы: Технология

Мақсаты: халқымыздың қолөнері, көркем тігістері туралы ұғымды қалыптастыру.
Сабақтың мақсаты: қолөнер тарауы бойынша алған мәліметтерді жинақтау, пысықтау. Қауіпсіздік ережесін сақтау. Тақырып бойынша білімдерін толықтыру.
Дамытушылық: танымдық қызығушылығын дамыту.
Тәрбиелік: еңбекке тәрбиелеу, салт - дәстүрді құрметтеп, әсемдікке, эстетикалық талғамға тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс - тәсілі: түсіндіру, сұрақ жауап, сарамандық.
Сабақтың көрнекілігі: слайд, буклет, ине жіп түрлері, қайшы үлгі қағаз керілген мата, суреттер. Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері, математика, тарих, сызу. Қажетті құрал - жабдықтар: бір түсті мата, бисер түрлері, кергіш, ине, жіп, оймақ.

Сабақ барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
II. Үй тапсырмасын «Көңілді сауда» ойыны арқылы сұрау. Интерактивті тақтада сұрақтар нөмірленген. Өздері дайындаған әшекей бұйымдарды «дүкенге» қойып, «сату».
1. Бисер дегеніміз не?
2. Ең алғаш бисер қай елде пайда болды?
3. Тұңғыш рет бисер қандай өндіріспен байланысты болды?
4. Бисермен сәндік үшін қандай бұйымдар тоқылады?
5. Бисерді неден жасайды?
6. Бисерді ең көп шығаратын елді ата?

III. Мақсат қою кезеңі. 1. Қолөнер туралы түсінік. Кесте тігу өнері.
2. Бүгін сабағымызда халқымыздың қолөнер туралы мәлімет аламыз, көркем тігіс түрлерін тігу барысында толық меңгереміз, жұмыс барысында қауіпсіздік ережесін сақтаймыз.

IV. Жаңа сабақ Кесте – қазақ халқының қолөнерінің ерекше түрінің бірі. Қолмен кестелеп тігу – өте көне заманнан келе жатқан қолданбалы өнер түрі. Қолданбалы өнер – көптеген елдердің шеберлерінің, суретшілерінің шығармашылық жемісі Ол киімдерді, интерьерді әшекейлеу нәтижесінде кісінің көңіл - күйін көтереді. Қол кестесі бұйымдарына тұтынушылар сұрасының өсу бұйымдардың түрлерін көбейтуге, оның сәндігін түрлендіруге және кестелеудің әдістерін көбейтуге көмектеседі. Кесте тігу үшін қолданылатын құрал - саймандар: Кергіштер – кесте тігушінің негізгі құралы. Ол матаны керіп ұстайды және оны зақымдалудан сақтайды. Кергіштер дөңгелек болады. Ол бірінің ішіне бірі кіретін екі дөңгелектен тұрады. Оны ағаштан, пластамассадан, резеңкеден және металдан дайындайды. Инелер – мата қалыңдығы мен жіптің жуандығына қарап таңдалады. Қайшылар – жіптің ұшын қию үшін қайтқы қайшылар, оралған жіпті қию және жіпті тегістеу үшін орташа қайшы қолданылады. Жіптер – кестелеу үшін табиғи, жасанды, синтетикалық және аралас жіптер, ирис, мулине т. б. жіп түрлері қолданылады. Калька – бұл мөлдір ақ қағаз. Калька түпнұсқа суреттің көшірмесін жасау үшін қолданылады. Ал калькадан суретті сатаға көшіру үшін көшіргіш қағаз пайдаланылады. Өрнек құрастыру үшін милиметрлік қағаз қолданылады. Кестелеуге арналған материалдар – канва, тегіс боялған мата.

Ертеде халқымыз тұтынатын бұйымдарының бәрін кестемен әшекейлеп безендірген. Сол сияқты қазақ халқының қолөнерінің өмірге келуі халықтың көшпелі өміріне байланысты. Атадан баласына, анасынан қызына мирас болып келе жатқан - сәндік өнерінің өзі ұлттық мәдениеттің дамуына ықпал етеді. Аталарымыз қызымыз бен ұлымыз сегіз қырлы, бір сырлы болуын қадағалаған. Әсіресе қыз балаға: ине сабақтап, түйме қадау, кесте тігуді, ас пісіруді үйретсе, ұл балаларымызға таспа тілу, өрім тоқу, мал сою және мүшелеуді үйреткен. Бүгінгі күннің талабына сай қолөнер түрлері де сан алуан. Кестелеу, көркемдеп тігу, ою - өрнектерін әшекейлеу. Кестені көңіл сызады, қол тігеді, көз сынайды дегендей, кесте тігудің алуан әдісі бар. «Біз кесте», «Гобелен» (көпіртпелі) кесте, «Моншақпен кестелеу» (бисерлеу) деп атайды. Кестелеу өнері дүние жүзінің әр халқында бар. Сонымен қатар әр халықтың тарихи ерекшелігіне және эстетикалық талғамына байланысты өзінің ерекшеліктерімен ерекшеленеді.

Еуропада кестемен айналысу ақсүйектің, мәдениеттіліктің белгісі ретінде қабылданған. Үй тұрмысындағы қажетті бұйымдар: дастархан, терезе пердесі, қол орамалдар, жастық тыстары, түрлі көлемдегі үлкенді - кішілі стол жапқыштар барлығы кестеленген. Қазақ әйелдері де ертеден бүгінге дейін мүмкіндігінше пайдаланатын заттарын кестемен сәндеуге тырысады. Жиі қолданатын кесте түрлері – «баспа кесте», «қабырға кесте», «біз кесте», «тығыз кесте», «маржандау», «түкті кесте» және т. б. Бұл – қазақ қыздарына аналарының бала кезінен үйрететін ыждақаттылық пен төзімді талап ететін қолөнер түрі. Адам бойында, әсіресе бойжеткендерге табанды, сабырлы, ұқыпты, зерделі мінез - құлық қалыптастыруда кесте өнерінің тигізетін пайдасы көп. Қазіргі күнде ата - бабамыз айналысқан қандай да бір ата кәсібі болмасын өз маңызы мен қасиетін жоймаған, қайта түрленіп қазіргі заман талабына сай ерекшеленіп отыр. Енді біз бүгінгі сабағымызда, соның ішінде кесте тігу өнеріне тоқталамыз. «Егер мал таппақ болсаң қолөнерді үйренбек керек, мал жұтайды, өнер жұтамайды» деп Абай атамыз өлеңмен кеңес беріп кеткен.

Сұрақтар. 1. Көркем тігіс түрлерін ата. Схема бойынша жұмыс.
Тор тігіс Айқас тігіс таңдай тігіс Қабырға тігіс Жұлдызша тігіс
2. Жоғарыда аталған көркем тігістер арқылы қандай тігістер арқылы қандай кесте түрін тігуге болады?
Шым кесте моншақ кесте

Біз кесте Баспа кесте
V. Сарамандық жұмыс. Техникалық қауіпсіздік ережелері. Суреттер, дайын үлгілерді, кестеленген дайын жұмыстарды көрсету. Кесте тігуге пайдаланатын құралдар: ине, оймақ, біз, қайшы, кергіш, жіптер түрлері.

Ақ қағазға эскиз түсіріп қиып аламыз. Керілген матаға суретін түсіреміз. Кесте тігу кезінде қарапайым еңбек қозғалыстары (саусақ, білезік, шынтақ қозғалыстары) болады. Қауіпсіздік ережесін бір оқушы оқып береді. Оқушылардың тігіс түрлеріне мән беру, тексеру, көмектесу. Сабақтан алған әсерлері бойынша оқушылар мақал - мәтелдер айтады.
Қолөнердің бір түрі әшекейлі кестелеу. Қазақтың нәзік қыздары, көркемдеп оны тігеді. Кестелеудің қыр - сырын апайымыз біледі, Шәкіртіне әр кезде үйретіп ол жүреді.

VI. Сабақты қорытындылау. – Кесте тігуге қажетті аспаптарға қандай аспаптар жатады? – Иненің құрылысы мен түрлері. – Кім айтады, иненің құрылысы мен оның қолданылуы туралы? – Қандай тігіс түрлерін және атауларын білеміз? - Кестелеуге қандай жіптер қолданылады? Инемен тігетін тігістердің түрлеріне байланысты плакаттағы суреттер бойынша оқушылардың жауабы (көктеу, тепшу, жөрмеу, қайып тігу) Кестелеудің бірнеше түрі қолданыста бар. Олар «біз кесте», «айқас» тігу, «жіп салып» тігу, Жасаған бұйымдарының сапасын тексеру, талдау.

VI. Жұмыстарын бағалау.
VII. Үйге тапсырма беру.



Желімдеу технологиясы

Категориясы: Технология

Прназаров Дауиржан Амангалиевич
А.Жанпейісов атындағы № 105 орта мектеп
Қармақшы ауданы, Қызылорда облысы
Сабақтың тақырыбы: Желімдеу технологиясы

Пәні: Технология
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды желімдеу технологиясының әдісімен таныстырып, бұйым жасап үйрету.
Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, іскерлікке, тазалыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың қауіпсіздік ережесін тиімді пайдалану арқылы желімдеу технологиясымен дұрыс жұмыс жасау қабілетін дамыту.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ.
Сабақтың типі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: Түсіндірме – практикалық

Сабаққа қолданылатын стратегиялық әдістер: Интерактивті әдістер, СТО әдістері
Көрнекілігі: слайдтар, ағаш, желім, ара, т.б.
Құралдары: ара, бұрандалы қысқыш, егеу, сүргі т.б.
Пайдаланған әдебиет: Технология 6,7, «Оқыту үрдісіндегі танымдық және шығармашылық әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалану» Е.Дүйсенов, А.Балғожаев Қызылорда 2006ж

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
1. Оқушылармен амандасу, түгендеу.
2. Сынып тазалығын тексеру.
3. Оқушы назарын сабаққа аудару.
«Өзіндік бағалау» әдісі:
Оқушылар берілген үй тапсырмасына өзінің дайындық деңгейін мұғалім сұрағына қол көтеру арқылы байқатады: Кім «беске» дайын? Кім «төртке» дайын? Кім «үшке» дайын? Кім мүлде дайын емес?
II. Үй тапсырмасын тексеру

Желім түрлері
«Тізбектей сұрау» әдісі:
Қойылған сұраққа беріліп жатқан оқушының жауабы кез келген жерінен тоқтатылып, әрі қарай басқа оқушының жауап берілуі сұралады. Бұл әдіс оқушылардың зейінін аудару және байқағыштығын дамытуға байланысты.
Казеин желімінің жасалу жолдары қандай?
Өнеркәсіпте тақта түріндегі желімнің сапасы қандай болады?
III. Үй тапсырмасын бекіту
«Кім жылдам» ойыны (сұрақ жауап арқылы оқушылардың өткен тақырыпты қалай меңгергенін анықтау).
Желім түрлерін атаңдар.
(Казеин, шел, нитрожелім т.б.)
Малдың кепкен, майсыз сүйегінен, мүйізі мен тұяғынан әзірленетін желім түрі.
(Сүйек желімі)

Шел желімі суды өз көлемінен неше есе артық сіңіреді.
(6-10 есе)
Қарағайдан, шыршадан, қайыңнан жасалған заттарды желімдеуге арналған желім.
(Казеин желімі)
Ылғал тимейтін бөлшектерге ғана қолданылатын желім түрлерін ата.
(Казеин және шел желімі)
Сүт белоктарының негізінде майы алынған сүзбеден жасалған желім.
(Казеин желімі)
Нитроцеллюлоза мен шайырлардың органикалық еріткіштердегі ерітіндісінен жасалатын желім.
(Нитрожелім)

IV. Жаңа сабақты даярлау. Жаңа сабақ
Желімдеу технологиясы
Желімдеу ісінің негізіне желімнің ағаш бөліктеріне сіңіп, таралу процесі жатады. Желім жіңішке жіп тәрізді талшықтарымен үстіңгі қабаттарды бір-бірімен берік байланыстырады. Желімдеудің сапалы болуына көптеген факторлар әсер етеді. Солардың қатарында желімнің тиісті бөлшектерге неғұрлым терең әрі біркелкі сіңуін, желімделетін үстіңгі қабаттардың бір-бірімен өте тығыз байланысуын, ағаш материалдарының қаншалықты дәрежеде дымқыл екендігін, желімнің нақты кездегі жағдайын және сапасын, пресске салған кездегі қысым күшін, сондай-ақ пресстен шыққаннан кейінгі төзімділік уақытын айтуға болады.

Сонымен бірге желімдеудің сапасына әсер ететін фактор ретінде желімнің қаншалықты дәрежеде қоюлану керектігін де естен шығармау керек. Оған қосымша айтарымыз – желім қабатының қалыңдығы шамаммен 0,1 мм болуы тиіс.
Желімдеп құрастырудың беріктігі мен сапасы ағаш материалдарының дымқылдығы 12-15 пайыздан аспайтын кезде жоғары болады. Ағаш материалдарының дымқылдығы 8-10 % болған кезде өте жақсы, берік желімделеді. Өйткені ол желімнің құрамындағы суды өз бойына тартып алады.
Желімдеп жапсырылатын үстіңгі беттердің жағдайына келетін болсақ, олардың аздаған кедір-бұдырлау болғаны, жете өңделмегені мақұл. Өйткені бұл жапсырылатын үстіңгі қабаттардың желіммен жапсырылатын аумағын арттыра түседі.

Желімдеу технологиясымен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік ережелері
1. Керекті жеріне аздап қана жақ .
2. Көлемді нәрсе желімдегенде, желімді әуелі оның ортасына жақ, сосын оны таяқшамен тарат.
3. Жолақша немесе майда нәрсе желімдегенде абайла.
4. Желімдеген бөліктің үстінен таза қағаз жауып, сыртынан қолыңмен сипап бас.
5. 5-10 минут салмақтылау, тегіс затпен бастыр.
6. Желімдеп болған соң міндетті түрде қолыңды сабындап жу.
Сарамандық жұмыс

Жеке
Жұмыс киімін кию: фартук, жеңқап
Жұмысқа қажет материалдар: ағаш өңдеуге қажетті құралдар
Жұмыстың мақсаты: шарбақты, кертікті - тиекті материалдарды құрастырып - бекітуді үйрену.
Шарбақты, кертікті - тиекті материалдарды құрастырып -бекіту кезінде олардың жартысы дерлік өздері кигізілетін ойықтар мен тесіктерден шығып, көрініп тұруы тиіс. Оларды желім жағылып болғаннан кейін тиісті орындарына қағып кіргізіп, пресстің астына бастырып қояды. Бірақ бұл кезде бөлшектердің дұрыс құрастырылып бекітілгеніне толық көз жеткізіп алу қажет.
Перестің астына алып, бастыра желімдеу былай жүргізіледі.
1. Әуелі жақсы жонып, қиюластырған тақталарды таңдап, іріктеп алыңдар.
2. Олар қалқанда қалай тұруы керектігіне қарай рет-ретімен орналастырыңдар.
3. Тиісті жақтарына желім жағыңдар.
4. Бұрандама қысқыштың көмегімен жақсылап бекітіңдер.
V. Жаңа сабақты бекіту

«Сиқырлы торша» ойыны
Желім қабатының қалыңдығы неше мм болуы тиіс?
(0,1мм)
Ағаш материалдарының дымқылдығы неше пайыз болған кезде өте жақсы, берік желімделеді?
(8-10%)
Желімдеу ісінің негізіне желімнің ағаш бөлшектерге сіңіп, таралу процесі не деп аталады?
(Желімдеу технологиясы)
Ағашты желімдегенде бөлменің температурасы қанша градус болуы керек?
(18-25°)
Құрал-саймандармен жұмыс істеу барысындағы қауіпсіздік ережесі.
(Құрал-саймандардың дұрыстығын тексеру.)
Желімді жапсыратын қабатқа біртегіс етіп жағу үшін қандай құралды пайдаланады?
(Қылқалам)

VІ. Бағалау
VІІ. Үйге тапсырма беру
«Идеал тапсырма» әдісі: Әр оқушы өзі орындайтын үй тапсырмасын өзі таңдайды. Мысалы, біреу қосымша дерек жинаса, келесі сурет салуы, үшіншісі нұсқау картасы немесе бұйым жасауы мүмкін.



Бисер тоқу.
Сабақтың тақырыбы: Маржаннан алқа тоқу.
Білімділік мақсаты: оқушыларың моншақ тоқудағы білімін жүйелендіру, шеберлік деңгейін арттыру арқылы әсемдік пен сұлулықты бағалай білуге үйрету.
Дамытушылық мақсаты: оқушылардың жұмысты орындаудағы ептілігін, алған білімін өз бетінше қолдана білуін дамыту.
Тәрбиелік мақсаты: оқушылардың эстетикалық талғамын тәрбиелеу, тиянақтылық деңгейін көтеруге баулу.
Сабақтың әдісі: аралас, сарамандық.
Пәнаралық байланыс: тарих; бисердің пайда болуы, бейнелеу өнері; композиция құрау, түстерді таңдау.
Көрнекіліктер: моншақтан жасалған бұйымдар, үлгілер, схема, кітаптар.
Құрал - жабдықтар: моншақ, жіп, түйреуіш, қайшы, леска.

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Бисер тоқу ертеден кеңінен таралып, танылып келе жатқан халық шығармаларының әшекей бұйымдар дайындаудың бір түрі. Бисермен жай суреттерден бастап өте күрделі түрлі - түсті жұмыстар жасауға (тоқуға), алқа, тұмарша, шаш буғыш, сырға, білезік, белдік, сөмкелер мен әшекейлер тоқуға болады. Қолдан жасалатын бисер моншақтары Ресейде, шет елдерде өте жоғары бағаланады. Халық шығармаларының осы түрі жаңа өрлеу үстінде, дамудың сатысында.

Бисер тоқу өнері өте нәзіктікті, әдемілікті, шыдамдылықты және фантазия мен шеберлікті талап етеді. Әр адам бисер тоқумен айналысуына болады. Схемамен жұмыс істегенде есте сақтау қабілеті жоғары болып, түстерді айыра білу керек. Барлық қолөнер сияқты, бисер тоқудың да тарихы бар. Бисердің шығу тарихы әйнектің пайда болуымен тікелей байланысты. Ал әйнектің қашан пайда болғанына әлі күнге дейін нақты деректер жоқ. Дегенмен, әйнекті пайдаланудың ең алғаш құпиясы Финикия елі ашқан деген аңыз бар. Бұл аңызда финикиялық көпестер әлемді жүзіп жүріп Сирияға тоқталады. Өздеріне азық дайындау мақсатымен отқа қазан қою үшін аралдан үлкен тас іздейді. Ешнәрсе таппаған олар кемедегі селитраның ( натрий қосындыларының) үлкен бөлігін пайдаланады. Жалынның ыстық температурасынан селитра еріп, өзен құмына араласып, сұйық әйнек болып аққан екен. Осылай ма, жоқ әлде басқа тәсілмен бе әйнек дүниеге келген. Бірақ финикиялық көпестер бүкіл Жерорта теңізінің халқына әйнектен жасалған бұйымдарды сатқан екен.

Кейбір деректер бойынша әйнектің отаны Ежелгі Египет болған. Әйнектен жасалған моншақтар, амулет, ыдыс - аяқтар біздің заманымызға дейін VI ғасыр ескерткіштерінен табылған. Әйнекті массаға кобальт, мыс, марганец қосу арқылы египеттіктер көгілдір, жасыл, алқызыл түсті әйнек алған. Мұндай әшекейлерді еркектер де, әйелдер де, әсіресе ақ түсті киімдермен таққан деседі.
Ең алғашқы «Бисер» атауы Египет елімен байланысты. Оның атауы арабтың «Бусра» немесе «Бусер» деген сөзінен шыққан, мағынасы «жалған маржан». Рим империясы Египет елін басып алғанда әйнек өндіру Рим еліне өтіп, империя құлағаннан кейін Византияға өтеді. Ал Константинопольды түрік жауынгерлері жаулап алған соң әйнек өндіруші шеберлер жан - жаққа тарап әлемге «Бисер» атауы мәлім бола бастады. Бисерден тоқылған бұйымдар жастар мен орта жастағы әйелдерге арналған сәндік киімдерге жапсырылған немесе түрлі оюлармен әшекейленген киімдер, аяқ киімдері, сөмкелер, т. б жиі кездестіруге болады. «Өмір жасы» ұзақ болу үшін мықты болып келетін жібек жіппен, лескімен орындалады. Бисермен қазақтың ою - өрнектерін, тұмарша, өңіржиек, алқа, бойтұмар, сондай - ақ шашбау, сәнді әшекейлер; сырғалар, мойынға тағатын алқалар, брошка, ожерелье жасауға болады.
Жұмыс орнын ұйымдастыру: бисермен тоқу жұмысы қызықты, әрі қарқынды өту үшін тек құрал - саймандардың түгел болуы ғана емес, жұмыс орынды ыңғайлап алу, әсіресе, ол жерде бисерді қалай орналастыруды ойластыру қажет. Ол үшін бедерлі фланель матаны төрт бүктеп, не болмаса жақтаулары өте биік емес қорапшалар пайдалануға болады.
Жұмыс істейтін орын жарықпен жақсы қамтамасыз етілу керек. Көзге демалыс беру үшін әр сағат сайын 10 - 15 минут үзіліс жасау керек.

Сарамандық жұмыс: маржаннан алқа тоқу.
Кіріспе нұсқаулық: ТҚ ережелерін қайталау (инемен, қайшымен жұмыс қауіпсіздігі)
Ағымдағы нұсқаулық: Әр оқушының жұмыс істеу барысында көмек көрсету.
Бұйымның түйреуішін жіпке бекітіп алу қажет. Схема 1, 2, 3 бойынша бисерді қатар тізу керек. Ақырғы қатары алғашқы қатарға симметриялы болу керек. Жұмыс аяқталарда екінші түйреуішін бекітіп, артық жібін қиямыз.

Сабақты қорытындылау. Сарамандық жұмыс соңында топтасып «Түймедақ» сөзжұмбағын шешу. Әр жауапқа бір гүлден беріледі.
1. Ең алғаш бисер қай елде пайда болды. (Египет)
2. Параллель тоқу әдісімен тоқылатын бұйым. (гүл)
3. Бисермен сәндік үшін қандай бұйымдар тоқылады. (әшекей)
4. Бисермен гүл, жапырақ тоқу үшін қандай материал қолданған жөн. (сым)
5. Тұңғыш рет бисер қандай өндіріспен байланысты болды. (әйнек өндіру)
6. Таяқша, сопақша қырлы бисердің формалары. (дөңгелек)
7. Алқа тоқуға қолданылатын материал. (леска)
8. Бисермен жұмыс істегенде қажетті құрал. ( қайшы).

Баға қою.
Үйге тапсырма. Жұмыс орнын жинастыру.
Қолданылған әдебиеттер: Г. Дюмина. Бисер умелица. Издательство Астрель 2001,. Л. В. Грушина. Мастерилка. 2004г, Мектептегі технология журналы.
Схема № 3

Автор
Дата добавления 26.03.2016
Раздел Технология
Подраздел Конспекты
Просмотров294
Номер материала ДВ-556911
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх