Инфоурок Другое КонспектыПлан урока по воспитательному работу на тему "Ана - өмір шуағы."

План урока по воспитательному работу на тему "Ана - өмір шуағы."

Скачать материал

8 - Наурыз тәрбие сағаты(Халықаралық әйелдер күні )

 

Тақырыбы: Ана - өмір шуағы.
Мақсаты: Анаға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру, Ананы құрметтеу, сыйлай білуге, оқушылар бойындағы жеке қабілеттерімен таланттарын дамыту, адамгершілікке, ізгілікке, достықты қастерлей білуге тәрбиелеу.
Жүргізуші: Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар.
Аналардан туған небір даналар.
Ана деген тіршіліктің тірегі,
Армысыздар, қасиетті аналар!
Қайырлы күн асыл аналар, құрметті ұстаздар, оқушылар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, тағы да 8 - наурыз халықаралық әйелдер күні келді. Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, аналарға деген ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар - өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналармен ажарлы. Бүгінгі арайлап атқан нұрлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса, бүгінгі мерекелік кешіміз де аналарға арналады.

Сіздерден өскен балалар
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті абзал аналар – дей келе құттықтау сөз кезегі
бастауыш сыныптар бойынша директор орынбасары Сотилдиева Шоира апайға берсек.(директордың орынбасары сөз сөйлейді)
1.Оқушы:Лайло

Шоира апай басшылардың бірі ғой,
Басшылардың ішіндегі гүлі ғой
Мектебімнің жақсы атанып жүргені
Осы апайдың арқасында біліп қой
Мерекеңіз құтты болсын!

Жүргізуші:Десек те уақытпенен жарыспайды,
Қияға қиялменен қарыштайды.
Шәкірттер шын жүректен тебіреніп
Өнерлерін анаға бағыштайды - дей келе ортаға 1-«Г»
сынып оқушыларының сіздерге арналған тартуларын қабыл алыңыздар.

  1. Оқушы:

Мереке құтты болсын, аналарым,
Мәпелеп,еркелеттің,аяладың
Лебізіңе алғысты айта келе
Ән жырымды қабыл ал аналарым!
2. Оқушы:

Қош келіпсіз, құрметті ата-аналар,
Жүздеріңнен мейіріммен нұр тамар.
Алдарыңда жауқазындай құлпыраған.
Балғын шақты біз бақытгы,балалар!




3. Оқушы:

Армысыздар, мұғалімдер, әз жандар,
Білім іздеп, инемен қүдық қазғандар.
Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді,
Би-биленіп, ән де бүгін шырқалар!

4.Оқушы:




Жүргізуші:Ана,Ана, Ана!... не деген мейірлі, не деген шапағатты сөз.Осынау үш әріптен құралған қасиетті сөздің түп төркінінде қаншама ұлы сезім жатыр десеңізші. Сезім мен қасиетті, бар махабатпен шапағатты шдырын тұрған ұлы ана сезімін қадірлемейтін жан бар ма екен бұл өмірде? Жақсылық аталуының барлығы да ананың сүтінен таралған. Сондықтан да құрметті асыл аналар, қадірлі апайлар, қызғалдақ қыздар ендегі әніміз сіздердің құрметтеріңізге арнаймыз.

Ән:

 Жүргізуші:Мама – бұл сөз әр бір халықтың тілінде бар. Барлық тілде мейрімді, жылы естіледі. Ана дегеніміз әлемнің жан дүниесі. Ол тіршілік, үлкен тағдыр. Ана сөзі біздің елең еткізбей жылылық пен шуақты сездірмей қоймайды.Ендігі кезекті ана туралы өзбекше өлеңдерге берсек.

1.Оқушы:Мадина

2.Оқушы:Диана



3.Оқушы:

Она сен истиқбол йўлига бир боқ,

Нақадар бахтлисан йўллари равон

Тонг каби жилмаяр иқболинг бахтинг,

Ҳаётинг маданий ҳамда фаровон



4.Оқушы:

Оналарни эъзозлаймиз ҳар қачон,

Ахир улар гўзал бир жаҳон

Оналарни инсон зоти нақшдир,

Қадр этайлик у ҳаммадан яхшидир.





 Жүргізуші:

Өзбекше ән:

Өзбекше би:



 Жүргізуші:Ана адамзат мекен еткен жер шарының әр түп жерінде, әр үйде мейрім мен мерейдің достық пен туысқандықтың туып тіккен адам. Адамзат ең алдымен ана алдында қарыздар. Алақаныңа қуырдақ қуырып берсеңде, ана борышын өтей алмайсың. Ана парызы алтынға бөлеуді, ақ орда салуды қаламайды, ана баласының ер жігіт, адам болуын қалайды. Анаға осыдан артық тарту таралғанның жоқ.Ендігі кезекті ағылшынша өлеңдерге берсек.

1.Оқушы

2. Оқушы

3. Оқушы

4. Оқушы   



Жүргізуші:Ойын «Ананың алақанын сипап сезу» Үш баланың көздерін жауып байлаймыз. Аналардың орны ауысқаннан кейін, балалар көздері байлаулы күйде барлық аналардың алақанының арасынан, өз анасының алақанын сипап сезу арқылы табу керек.





Жүргізуші: Әркімнің де өмірден аласы бар,
Аласы бар адамның анасы бар.
Мерекесін құттықтап аналардың,
Өнерлерін жолдайтын апалардың баласы бар. Ортаға 1-«Г»сынып оқушыларының
«Әжесі мен немересі» «Дүниеде не қымбат?» көрініс қабыл алайық.

«Әжесі мен немересі» «Дүниеде не қымбат?»

Немересі: - Әже деймін, әже,
Сұрақ қойғым келеді сізге.
Мен түсінбейтін бір жәйт бар.
Түсіндірші соны бізге.
Бірінші сұрағым сізге:
Дүниеде не қымбат?
Әжесі: - Адам қымбат, қалқам.
Немересі: - Адамға не қымбат?
Әжесі: - Бала қымбат, қалқам.
Немересі:- Балаға не қымбат?
Әжесі: - Ана қымбат, қалқам.
Немересі: - Иә, десеңші әже!
Түсінбеппін осы жайды.
Тағы бір сұрағым бар сізге,
Қатты мен жұмсақ жайлы.
Әжесі: - Сұрай ғой, қалқам. Не сұрасаң да жауап берейін.
Немересі: - Әже дүниеде не тәтті?
Әжесі: Ананың сүті тәтті.
Немересі: - Дүниеде не қатты?
Әжесі: - Атаның жүрегі қатты.
Қарағым, сауал қойдың көп маған.
Бір ақыл айтайын саған
Тату болса – ағайын жақын,
Ақылшы болса - апайың жақын.
Бауырмал болса - інің жақын,
Алдыңа тартқан адал асың,
Қимас жақын қарындасың.
Немересі:- Түсіндім, әже. «Дүниеде не қымбат екенін?» енді мен айтайын:
Алтын ұяң - Отан қымбат,
Құт берекең - атаң қымбат.
Аймалайтын - анаң қымбат.
Мейірімді - әжең қымбат.
Асқар тауың - әкең қымбат.
Бәрінен де ұят пенен ар қымбат!



Жүргізуші:Мақалдар



Жүргізуші: Ана – барлық қиындықты жеңетін сарқылмайтын күш, тіршіліктің қайнар бұлағы. қазақ әйелінің дастарханы тоқ, қонағы ырза, дүниесі түгел. Олар үшін бірінші орында отбасының берекесі тұрады. Бөбегін бесікке бөлеп, әлдилеп аялаған ана бақыт құшағында емес пе?!
Бір өзіңнен бастап өмір жолдарын,
Жүрегіңе, жүрегімді жалғадым.
Өзің мына сыйға берген өмірде
Ақ сүтіңді ақтап өту - арманым.
Барша ана, құтты болсын мерекеңіз
Әрқашанда ана сізбен берекеміз.
Ақтасақ ақ сүтіңді, асыл анам.
Сонда біз кісілікке теңесеміз.
Құрметті қонақтар, біздің «Ана - өмір шуағы» атты мерекелік кешімізді көңіл қойып тамашалағандарыңызға көп - көп рахмет.
Демеңіз біз өнерді аяп қалды,
Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.
Қош болып тұрыңыздар көріскенше,
Осымен концертіміз аяқталды.



  





































Анасын ренжіткендерді Алла тағала да жақтамайды.

Ақылды әйел ішінде, алтын бесікті ұл жатар.

Анаға баланың алалығы жоқ.

Мейрімі мол ананың —
Жүрегі жылы, қолы кең.
Кең пейілді атаның
Жүзі жылы, жолы кең.

Баласы атқа шапса анасы үйде  тақымын қысады.

Анасын сүйгеннің баласын сүй.  Ананың сүті-бал, баланың тілі - бал.

Көне киім жаңаны сақтайды,
Кәрі кемпір баланы сақтайды.

Ананың алақаны балаға айдынды қоныс.

Ажалды ана жеңеді.

Алты бала таппай, ана атанбайды
Анаңа ауыр сөз айтпа!
Атыңа ауыр жүк артпа!

Көне киім жаңаны сақтайды,
Кәрі кемпір баланы сақтайды.

Ананың сүйген жері:
Отқа күймейді,
Оқ та тимейді.

Ананың ойы ұяда,
Баланың ойы қияда.

Ақ жаулығы ананың —
Ақ көрпесі баланың.

Ағайын — алтау,
Ана — біреу.

Ана алақанының аясы —
Ақ шынардың саясы.

Анадан артық дос бар ма?
Ашудан жаман қас бар ма?
Жиырма бестен жақсы жас бар ма?
Қымыздан тәтті ас бар ма?

Ананың сүті—бал,
Баланың тілі — бал.

Ата-ананың қадірін
Балалы болғанда білерсің;
Ағайынның қадірін
Жалалы болғанда білерсің.

Ақ шашты ана:
«Жастығым — балам» дейді.
Ақылды бала:
«Ай-күнім — анам» дейді.

Ана алдында — құрмет,
Ата алдында — қызмет.

Ана жақсылығын,
Ауырсаң білерсің.
Қайын жақсылығын,
Қыдырсаң білерсің.



Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "План урока по воспитательному работу на тему "Ана - өмір шуағы.""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Эксперт по взаимоотношениям

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 650 854 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 02.03.2016 461
    • DOCX 48.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Норходжаева Лола Турсиматовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Норходжаева Лола Турсиматовна
    Норходжаева Лола Турсиматовна
    • На сайте: 8 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 4260
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой