Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Классному руководителю / Конспекты / План урока по воспитательному работу на тему "Айнала алтын күз"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Классному руководителю

План урока по воспитательному работу на тему "Айнала алтын күз"

библиотека
материалов

«Айнала

алтын күз»

 

 

hello_html_47e4e2f9.jpg

 

Тәрбиеші: Жақсылықова Айгүл

9 қазан 2012 жыл

 

Білім беру саласы: Таным, қатынас

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті:

Айналамен таныстыру, тіл дамыту

Тақырыбы: «Айнала алтын күз»

Мақсаты: * Күз туралы түсінік беру;

    Күз туралы білімдерін бекіту;

    Табиғатты аялауға, құрметтеуге, баптауға үйрету;

    Жыл мезгілі туралы түсінік беру;

    Баланың ой өрісін дамыту;

    Күзгі өзгерістерге мән бере отырып табиғаттың әсемдігін, сұлулығын сезіне білуге үйрету,

    Күз туралы тақпақтар айта отырып баланың тілін дамыту;

    Суреттерді әңгімелей отырып байланыстыра сөйлеуін дамыту;

      Сөздік қорын молайту;

 

      Ертегіні қоя отырып балалардың бойындағы шығармашылық /әртістік/ қабілеттерін ашу,

Көрнекілігі: Суреттер, жеміс-жидектердің, көкөністердің атрибуттары мен муляждары

Табиғи жапырақтар

Жеміс талдары

Аудио және СD үнтаспалары

 

 

 

 

Тәрбиеші: Балалар қараңдаршы бізге бүгін көптеген ұстаздар келіпті.Сәлемдесуәдептілік белгісі балалар, алдымен оқу іс-әрекетімізді бастамасбұрын ұстаздармен амандасып алайық.

Балалар: Сәлеметсіздерме!

Қонақтар: Сәлеметсіздерме, балалар!

Тәрбиеші: Енді балалар, әдеттегідей шаттық шеңберіне жиналып, алтын күнмен, туған жермен амандасып алайық.

Балалар:

hello_html_m4e2ed637.pngАрмысың, Алтын күн!

Армысың, Жер ана!

Армысыздар қонақтар!

Армысыңдар достарым!

Аман болсын халқымыз,

Заман болсын ең тыныш!

Аман болсын аналар,

Аман болсын балалар!

 

hello_html_m27a9c78.pngТәрбиеші: Балалар, енді «Жүректен жүреке» жылы да шырайлы шеңбер бойына жиналып, бір-бірімізге жылы лебіздер айтайық.

     Аспанымыз ашық болсын!

     Еліміз тыныш болсын!

     Бақшамыз бақты болсын!

     Жеріміз гүлдене берсін!

     Елімізде бейбітшілік болсын!

     Ынтымағы жарасқан ел болайық!

     Қазақстан гүлдене берсін!

     hello_html_m24cb2c7d.jpgОтбасымыз аман болсын!

     Деніміз сау болсын!

     Жеріміз бай болсын!

     Әрқашан күн сөнбесін!

Жарайсыңдар, орындарыңа жайғасып отыра қойыңдар.

 

 

 

Сұрақ – жауап айдары:

 

-    Бір жылда неше жыл мезгілі бар?

-    Төрт жыл мезгілі бар

-    Қалай атаймыз?

-    Көктем, жаз, күз, қыс

-    Жылдың қай мезгіліне келіп жеттік?

-    Күз

-    Күз неше ай қонақта болады?

-    3 ай

-    Күз айларын атайықшы?

- Қыркүйек, қазан, қараша

-    Күз ерекшелігі қандай?

-    Күн суыта бастайды, адамдар жылы киімдерін киеді, құстар жылы жаққа ұшып кетеді. Жапырақтар сарғайып түсе бастайды. Жемістер мен көкөністер піседі. Егіс алқабы да пісіп қамба дәнге толады. Қатты жаңбыр жауған кезде адамдар жылы киініп, қолына қолшатыр ұстайды.

-    Күзде адамдардың еңбегі орасан зор. Олар көктем мезгілінде еккен егінді,жемістер мен көкөністерді жаз бойы суарып, баптайды. Арам шөптерін жұлады. Сөйтіп күзде жыл бойы еккен еңбегінің жемісін көре бастайды.

 

Енді, Суреттерге назар аударайық, осы суреттегі адамдарға есімдер қойып олардың іс-әрекеттерін айталық.

 

 

 

 

1-сурет: «Күзгі бақ».

 

Кhello_html_5d6509d2.pngүз мезгілі бейнеленген. Балалар жеміс бағында алма жинап жүр. Әліби алма ағашынан алманы үзіп Назеркеге беріп жатыр. Ал, Назерке оны алып Әлиханға беруде. Ал Әлихан болса Жамилаға тасып беруде. Жамила алманы жәшікке салып жинап жатыр. Арғы бетте басқа да балалар жемістерді жинап жатыр. Жиналған өнімді дүкенге жібереді. Дүкеннен тұтынушылар сатып алады.

 

 

2hello_html_m40e9bb0.jpg-сурет: «Саябақ».

Адайбек пен Нұржайнат саябаққа барып күзгі жапырақтарды теріп жүр. Оларалма теріп жүрген кірпіні көріп қызықтауда. Ал, кірпі өз азығы алманы жинап бара жатыр. Саябақ іші алтын түске еніпті, талдарда күз түскенге мәз мейрам болып тұр, себебі олардың да демалатын уақыты келді. Талдар қыс бойы ұйықтап, көктемде қайта оянады.

 

3hello_html_m462d68c5.jpg-сурет: «Біздің аула».

Күз мезгілі бейнеленген. Балалар жылы киініп алған.Олар аулаға түскен сары жапырақтарды жинап жүр. Ақтай талдын түбін қопсытып жатыр. Жанерке мен Нұржайнат жапырақтарды сыпырып жинап алып жатыр. Әлихан мен Аида күзіағаштарды отырғызып жатыр. Себебі күзде еккен талдың тамыры тереңге тез жайылады. Айнала сары алтын түске енген.

 

4hello_html_m172ec56.jpg-сурет«Көшеде».

Күз мезгілі бейнеленген.Күн жаңбырлыәрі жел бар.Адамдар жылы киініп алған. Қолдарындақолшатыр бар. Альбина апасымен бірге балабақшаға келе жатыр.Айнамкөз мектепке бара жатыр. Ал, Адайбектің әкесі мен анасы жұмысқа кетіп бара жатыр. Ал, күшігі Ақтөс жаңбырдың астында қалып қойыпты, үсті малмандай су болып қалған.

 

 

5hello_html_m660bcca5.jpg-сурет. «Құстардың тіршілігі»

 

Торғайлар бақта ағаш басына қонақтапты. Бұл жерде 3 торғай өзара тату тұрып жатыр.Олар әрқашан бірін-бірі қорғап жүреді. Күздеқұстар жылы жаққа ұшып кетсе, суық торғайлар қыста қонақтап қалады. Олар суыққа өте төзімді келеді.

 

 

 

 

6hello_html_31567c29.png-сурет.

Күз мезгілі. Тышқан мен кірпі жылы киініп алған. Кірпі саңырауқұлақ теріп келе жатыр. Алдынан тышқан досы кездесті. Тышқанның қолындақолшатыры бар, себебі күн бұлттанып жаңбыр жауғалы тұр. Жәндіктер де жанбырдан сақтану үшін талдың ығына қарай кетіп бара жатыр.

 

 

Тәрбиеші: Жапырақтардың түсі қандай?/сары/

Енді балалар күз туралы тақпақтарды еске түсірейікші:

 

Әліби: Алтын, сары, қызыл, көк

hello_html_m8ed2cb.jpgАлуа-алуан жапырақ

Күзгі бақта күлімдеп,

Көз тартады атырап.

 

Нұржайнат: Алтын нұрдай тамшылап,

Жапырақтар төгіледі.

Біздің өмір таң шуақ

Біздің өмір көңілді.

 

Адайбек: Біреу астық түсіріп,

Біреу бидай ұшырып.

Жатқан мезгіл күз екен

Алдым соны түсініп.

 

Назерке: Қыстың жақын қалғанын,

Жапырақтар білгендей

Желмен ұшып барады

Жерге қонып үлгермей.

 

Есік қағылып қонаққа Қонжық пен Қоян келеді: Сәлеметсіздерме!

 

hello_html_m89d8f83.jpg

 

Балалар: Сәлеметсіздерме!

 

Қонжық пен қоян балаларға бау бақшаға барып тәтті өнімдер тергенін және жолда көргендерін айтады. Оларға әсіресе егіс алқабында комбайнның бидай орып келе жатқаны қатты ұнапты. Қоянға сәбіз жинаған өте қызықты болыпты. Олар жеміс пен көкөністердің бір себетке жинағанын, енді бөліп алайын десе араларындағы келіспеушіліктердің туындағанын айтады. Бір қызығы олар тергендерінің не жеміс не көкөніс екенін білмейді екен. Содан:

Барыс: Маңғыстау облысында,

Қоян: Түпқараған ауданында,

Барыс: Таушық ауылында:

Қоян: «Айгүл» балабақшасында

Барыс: «Құлыншақ» тобында

Қоян: «Айнала алтын күз» деген ашық оқу іс-әркетенің болып жатқанын естіп бүлдіршіндерден көмек сұрай келдік.

 

Тәрбиеші: Балалар, не істейміз барыс пен қоянға көмектесеміз бе?

Балалар: Иә.

(Қонақтарды төрге жайғастырып, отырғызады).

Тәрбиеші: Ендеше мен барыс пен қоянға жұмбақ жасырайын. Ал,сендер оларға көмектесіңдер жарай ма?

Балалар: Иә.

 

1)   Жаздай інге тығылып

Жатқан қызыл түлкіні

Құйрығынан суырып

Әкелді әжем бір күні /сәбіз/

 

2)   Үстіне тігіп көк шатыр, астында қызыл дәу жатыр /қызылша/

 

3)   Жайлы жұмсақ төсегім,

Домаланып пісемін.

Қабат-қабат тоным бар,

Қалай оны шешемін /қырыққабат/

 

4)   Көмдің тағы түйірлеп,

Қазып алдың үйірлеп /картоп/

 

Тәрбиеші:

 

hello_html_m6994df8.jpg

 

Сәбіз-Аида, қырыққабат-Серікжан, қызанақ-Жігер.

Тәрбиеші: Менде тағы да жұмбақтар бар. Барыс пен қоян мұқият болыңыздар.

 

1)   Аспай піскен, қайнамай түскен. /жеміс/

 

2) Болған соң түсі қызыл әрі шұбар,

Адамзат жеп көруге оны құмар.

Тегінде өне-бойы болып тұрмас,

Біраз ғана боп тұрар уақыты бар. /Бүлдірген/

 

3) Іші аумаған жүгері

Түрі-түсі алмадай

Ойымның жоқ бүгері

Жесең бал деп қалмағай /Анар/

 

4) Желілері жайылып,

Жол – жол болып жатады.

Күн нұрына бой ұрып,

Жердің нәрін тартады.

Жасыл шатыр астында,

Кететіндей үзіліп,

Тұр көп маржан тасындай,

Мойыл моншақ тізіліп /Жүзім/

 

 

Тәрбиеші: Енді жемістер туралы тақпақтарға кезек берейік.

 

 

hello_html_m7ced688c.pnghello_html_7ec05331.png

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Құлпынай – Жанерке Жүзім-Анелья

 

Тәрбиеші: Енді балалар «Жемістер мен көкөністер» деген дидактикалық ойынға кезек берейік. Мына барыс пен қоянның себетіндегі барлық өнімді үстелүстіне қоямын. Ал, сендер оларды екі себетке бөлесіңдер. Бірінші себетке жемістерді жинаймыз. Ал, екінші себетке көкөністердіжинаймыз.

 

Бір үстелдің жанына қоянды, екінші үстел жанына барысты отырғызып, ойын бірнеше рет қайталанып ойналады. Екі себетке жиналған өнімді қоян мен барысқа береді.

hello_html_54165531.pnghello_html_1adc7a1e.pnghello_html_866b1b3.png

 

 

hello_html_13a77d33.pnghello_html_61b385a2.png

 

 

 

 

 

 

 

hello_html_m6bb9daf6.png

 

Сергіту: Ормандағы аюдың

Құлпынай көп екен,

Теріп-теріп алайық,

Қалтамызға салайық.

 

 

Тәрбиеші: Барыс, қоян сіздерге оқу іс-әрекетіміз ұнап жатыр ма?

 

Барыс, қоян: Әрине ұнап жатыр. Балалар жеміс пен көкөніс туралы көп біледі екен.

Барыс: Әсіресе жұмбақ шешкен кезде өте қызықты болды.

 

Тәрбиеші: Барыс, қоян ал сендер ертегі білесіңдер ме?

 

Барыс, қоян: Жоқ білмейміз.

 

Тәрбиеші: Балалар сендер қандай ертегі білесіңдер?

 

Балалар: «Шалқан», «Бауырсақ», «Жеті лақ», «Аю мен түлкі» т.б

 

Тәрбиеші: Балалар, барыс пен қоян ертегі білмейміз дейді. Ендеше біз «Шалқан» ертегісін еске түсіріп барыс пен қоянға орындап берейік, келістік пе?

Балалар: Иә, келістік.

 

Ортада балалар барыс пен қоянға «Шалқан» ертегісін сомдап береді.

 

hello_html_m41aae41e.png

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тәрбиеші: Барыс, қоян, ертегіұнады ма?

 

Балалар: Иә, ұнады.

 

Барыс: Маған қатты ұнады. Әсіресе ата, әже және немересі шалқанды тартып шығара алмағанда көмекке үй жануарларын шақырды ғой. Сол кездемен қорқып кеттім.

 

Қоян: Иә, менде қорқып кеттім. Әсіресе күшік, мысық, тышқанның даусын естігендеқатты қорықтым. Олар менің тергендерімде жеп қояр деп ойладым. Сөйтсем, иттің, мысықтың, тышқанның даусын салып келе жатқанбалалар екен ғой.

Олар, тату-тәтті отбасы мүшелері екен. Әжейдің шалқанды бәріне бірдей бөліпбергені сондай керемет болды.

 

Тәрбиеші: Иә, біздің балалар барлық тапсырманы жақсы орындайды. Ал, сендер тағы не білгілерің келеді? Балалар соларды орындап берсін.

 

Барыс: Жоқ, жоқ. Бізге ештене керек емес. Біз бүгін көп нәрсе үйрендік. Енді біз үйгеқайтумыз керек. Орманға жеткенше біраз уақыт бар. Ормандағыдостарымызға бүгінгі көргендерімізді айтып жүретін боламыз. Мен сендер сияқты дос тапқаныма қуаныштымын.

 

Қоян: Менде қуаныштымын. Ормандағы барлық достарыма бүгінгі естіген жұмбақтарымды айтып жүретін боламын.

Барыс пен қоян балалармен қоштасып шығып кетеді.

hello_html_m55ca892f.jpg

 

 

 

 

 

 

 

 

Тәрбиеші: Балалар, бүгінгі оқу іс-әрекетіміз сендерге ұнады ма?

Балалар: Иә

Тәрбиеші: Қай бөлімі ұнады?

Балалардың жауабы.

Тәрбиеші: Қонаққа кімдер келді?

Балалар: Барыс пен қоян

Тәрбиеші: Олар қайдан келе жатыр екен?

Балалар: Бау-бақшадан келе жатыр

Тәрбиеші: Олар бау-бақшадан не теріп келді?

Балалар: Жемістер мен көкөністерді.

Тәрбиеші: Иә, жемістер мен көкөністер теріп келді. Бірақ олар терген жеміс пен көкөністің атын білмеді. Біз оларға жұмбақ шешіп, тақпақ айтып, ертегісомдау арқылы олардың танымдық қабілеттерін ашуға көмектестік.

Бүгінгі оқу іс-әрекетіне жақсы қатысқан үшін сендерге көп-көп рахмет.

 

Құрметті апайлар, бүгінгі «Айнала алтын күз» атты ашық оқу іс-әрекетіміз осымен аяқталды. Уақыт бөліп келгендеріңізге көп-көп рахмет. Қане балалар апайлармен қоштасып алайық.

 

Балалар: Сау болыңыздар.




Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 10.11.2015
Раздел Классному руководителю
Подраздел Конспекты
Просмотров223
Номер материала ДВ-141686
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх