151214
столько раз учителя, ученики и родители
посетили сайт «Инфоурок»
за прошедшие 24 часа
+Добавить материал
и получить бесплатное
свидетельство о публикации
в СМИ №ФС77-60625 от 20.01.2015
Дистанционные курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации для педагогов

Дистанционные курсы для педагогов - курсы профессиональной переподготовки от 6.900 руб.;
- курсы повышения квалификации от 1.500 руб.
Престижные документы для аттестации

ВЫБРАТЬ КУРС СО СКИДКОЙ 50%

ВНИМАНИЕ: Скидка действует ТОЛЬКО сейчас!

(Лицензия на осуществление образовательной деятельности № 5201 выдана ООО "Инфоурок")

ИнфоурокКлассному руководителюКонспектыПлан урока по воспитательному работу на тему " Бақытты балалық шақ."

План урока по воспитательному работу на тему " Бақытты балалық шақ."

библиотека
материалов
Скачать материал целиком можно бесплатно по ссылке внизу страницы.

Бақытты балалық шақ.

Тәрбие сағаты

Тақырыбы: Бақытты балалық шақ

Мақсаты:     1. Ата-аналарға оқушылардың 1-ші сыныпта игерген білімдерін көрсету, білім дәрежесін анықтау. Оқу білігі, сурет, ағылшын тілі, математика пәндерінен игерген білімінің нәтижесін, сонымен қатар өнерлерін тамашалау.

2. Оқушыларды жан-жақтылыққа, көптілділікке тәрбиелеу. Өзін-өзі тануға, бағалай білуге, басқара білуге тәрбиелей отырып, эстетикалық, ақыл-ой, адамгершілік тәрбиелерін беру.

3. Оқушылардың логикалық ойлауын, шығармашылық қабілетін кең көлемде дамыту.

Технологиясы: дамыта оқыту технологиясы, сын тұрғысынан ойлау, өзін-өзі дамыту

стратегиялары.

Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу, диалог, ойын, сурет салу, жарыс.

Формасы:     Ұжымдық, жеке.

Көрнекіліктері: «Бақытты балалық шақ», «Атадан - өсиет, анадан - қасиет», «Балаң    

жаман болса, көрінгеннің мазағы», «Білімдінің алды жарық, білімсіздің күні ғаріп», «Ақыл - дария, ой - теңіз» нақыл сөздер жазылған плакаттар, шарлар, минусовкалар, кітаптар, балалардың шығармашылық көрмесі, оқушылардың жұмыс папкалары, ата-аналар үшін сұрақтар жазылған қалташалар.

Өтілу барысы:

  1. Кіріспе бөлім

1-жүргізуші        Армысыздар! Құрметті қонақтар!

                             Армысыздар! Ұстаздар, ата-аналар!

                             Міне, бүгін өнер-білім көрсетіп, оқушылар сіздерді тамсандырар.

2-жүргізуші        Мектепке былтыр күз келген

                             Оқушымыз құлықты.

                             Аяқтадық біздер де,

                             Бірінші міне, сыныпты.

1-жүргізуші        «Ән – көңілдің ажары» демекші «Бақытты балалық шақ» тақырыбындағы тәрбие сағатымызды әсем әнмен ашайық.

Ән. «Бала тілегі»

  1. Негізгі бөлім

Думанды дүбір, ән жырлы,

Жайқалған өмір, жас бағы.

Мінеки, тағы бір жылды,

Сырғытып кейін тастады.

                  Ұстаздардың жаны нұр,

                  Шаттық күйін бөліскен.

                  Аяқталды тағы бір

                  Оқу жылы жеміспен.

Жаза аламыз хат танып,

Оқуға да машықпыз.

Тақпақ та талай жаттадық,

Көп білуге асықпыз.

                  Өсіп ой мен санамыз,

                  Өмірге жол саламыз.

                  Білім қуған баламыз,

                  Біз оқушы баламыз.

1-жүргізуші        Құрметті ұстаздар, қонақтар, оқушылар! Бүгін 1 «в» сыныбының оқушылары өз білімдерін, өнерлерін көрсетпек.

                  Үздік оқып сабағын

                  Бәрімізге жағатын

                  Суретті де салатын

                  Бағжан менен Дуланды

                  Шақырайық ортаға

2-жүргізуші        Бағжан мен Дулан «Отан» және «Ана» тақырыптарында сурет салады, олар жұмыстарын аяқтаймын дегенше ағылшын әнін тыңдайық.

Ән:           Are you sleeping

Би             Ча-ча-ча

Оқушылар өздерінің салған суреттерін түсіндіреді.

1-жүргізуші        «Мақал-мәтел сөз мәйегі» демекші кезекті мақалмәтелге берейік. Біздің оқушылар мақалмәтел біле ме екен?

(Мақалмәтел сайысы жүргізіліп, жеңімпазы анықталады.)

2-жүргізуші        Жаңылтпаштар сайысына кім қатысып, белсенділік көрсете алар екен? Жаңылтпашты жаңылмай айта алар ма екен, балалар?

Балалар:             Айтамыз

(Жаңылтпаштар сайысы жүргізіліп, жеңімпазы анықталады.)

1-жүргізуші        - Оймен, кәне, өсейік,

                              Жұмбақ шешіп көрейік.

Оқушылар қорапшадан жұмбақтарды алып, шешуін табады.

2-жүргізуші        Айтқанда әнді әуелі

                             Ерекше шығар әуені

                             Биязы қыз Гүлжанат

                             Өзі де ұяң әдемі

«Қуыршағым» әні

Қойылымдар, балалардың орындауында.

  1. Компот

  • Оспан, 2 алмаға 3 өрікті қоссаң неше болады?

  • Компот болады.

  • Не жедің?

  • Диас, сен бетіңді неге жумайсың? Бүгін таңертең не жеп келгенің көрініп тұр.

  • Иә, не жеппін?

  • Жұмыртқа.

  • Жоқ, жұмыртқаны мен кеше жегенмін.

1-жүргізуші        Қазір, балалар «Әріп, буын, сөз, сөйлем» ойынын ойнаймыз. Мен әріп айтамын, сендер әріптен буын, буыннан сөз, сөзден сөйлем құрайсыңдар.

Әріптер; А, Е, О.

2-жүргізуші        Енді «Жылдам ойлан» ойынын ойнаймыз

Шарты: Жүргізуші сөз айтады. Оқушылар сол сөздің қай сөз табына жататынын сұрақ қоя отырып айтады.

      Мысалы: Айна – не? Заттың атын білдіреді

      Әдемі – қандай? – Заттың сынын білдіреді

      Бірнеше – қанша? – Заттың санын білдіреді

      Жүгіреді  -не істейді? – Заттың қимылын білдіреді

      1-жүргізуші        Қазір ата-аналармен ойын жүргізіледі.

     Шарты: столдағы сұрақтарды  қалаған ата-ана алып, жауап береді.

  1. Төрт түлік малдың аталуы:

  2. Қазақша ай аттарының аталуы

  3. Қазақ халқының дәстүрлі той-томалақтарын атаңыз

  4. Ұлттық ойындарды атаңыз

  5. Балаңызды еркелетіп айтатын сөздеріңіз

Қойылым. Қайсысы жақын?

Кішкентай Самат пен Марат әңгімелесіп отырып:

  • Қалай ойлайсың, аспан жақын ба, әлде Мәскеу жақын ба?

  • Әрине, аспан

  • Неге?

  • Өйткені, біз аспанды көреміз, ал Мәскеуді көре алмаймыз.

2-жүргізуші        Ойланайық,  толғанайық

                             Есеп, мысал шешейік.

Математикалық жұмбақтар

  1. Бес алманың үшеуін

Досың сұрап алады.

Айтшы сонда нешеуі,

Өз қолыңда қалады?                        (2)

  1. Дүкеннен мен сабын алдым,

Оның қабын және алдым.

2 дәптер, 1 қарындаш,

Тіс ысқышты тағы алдым.

Есептеші сонда бәрі,

Қанша болды қолда бары?  (6)

  1. Алмаға кеп күнара,

Қонушы еді бір ара.

Бүгін 9 туысын

Ертіп келді бұл ара

Сонда бүгін алмаға

Келіп қонды қанша ара?                 (10)

  1. Табақта 5 өрік

Қолында 4 өрік

Қосқанда барлығын

Болады неше өрік?                           (9)

  1. 2 адам тоғызқұмалақты 2 сағат ойнады.

Әрқайсысы неше сағат ойнады?               (2 сағат)

  1. 4 жұмыртқа 4 минутта піседі,

1 жұмыртқа неше минутта піседі?                        (4 минут)

Хор. «Әрқашан күн сөнбесін» ата –ана, ұстаздар, балалардың орындауында.

Жүргізушілер:     -  Мен саған сұрақ қояйыншы?

  • Қандай сұрақ?

  • Аспанға ұшар ма едің қанат бітсе?

  • Жоқ, үйге тез қайтар едім сабақ бітсе. Біз әңгімелесіп тұрғанда тәрбие сағатымыздың соңына да келіп қалыппыз.

  • Олай болса, көрермен қонақтармен, ұстаздармен, оқушылармен қоштасайық.

  • Міне, құрметті көрермен қауым! Осымен біздің сіздерге дайындаған шағын тәрбие сағатымыз өз мәресіне жетті.

Ой қосылып ойыңа,

Бой қосылсын бойыңа.

Аман-есен жетейік

Келер оқу жылына!

Мұғалім: Міне, құрметті ата – аналар, кеше ғана бүлдіршін боп, өздеріңізге еркелеп отырған балаларыңыз өздерінің 1 жыл ішінде меңгерген білім, білік, дағдыларын алдарыңызға салды. Ендігі сөз кезегі сіздерде.

Қонақтар, ата-аналар сөз алады.

Хормен: Білімдіміз, өнерліміз біз деген,

                  Ұстаздарға бас иеміз құрметпен!



Общая информация

Номер материала: ДВ-131151

Вам будут интересны эти курсы:

Курс повышения квалификации «Организация работы с одаренными детьми в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Организация проектно-исследовательской деятельности учащихся в рамках реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Использование мини-проектов в школьном: начальном, основном и среднем общем и среднем профессиональном естественнонаучном образовании в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Управление конфликтами в образовательной организации»
Курс повышения квалификации «Использование игр в развитии и обучении»
Курс «Сопровождение детского отдыха. Школа вожатых»
Курс повышения квалификации «Профессиональная компетентность педагогов в условиях внедрения ФГОС»
Курс повышения квалификации «Средства педагогического оценивания и мониторинга в работе учителя в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Тайм-менеджмент - персональная эффективность преподавателя»
Курс повышения квалификации «Система работы специалистов ОО по подготовке учащихся старших классов к сдаче экзаменов»
Курс повышения квалификации «Психолого-педагогическая диагностика в современном образовательном процессе»
Курс повышения квалификации «Организация и проведение культурно-досуговых мероприятий в соответствии с ФГОС ДО»
Курс повышения квалификации «Техники креативного мышления как инструмент формирования общих компетенций по ФГОС»
Курс профессиональной переподготовки «Методическое сопровождение педагогического процесса в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Инструменты и методы воспитания российской гражданской идентичности согласно ФГОС»

Благодарность за вклад в развитие крупнейшей онлайн-библиотеки методических разработок для учителей

Опубликуйте минимум 3 материала, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную благодарность

Сертификат о создании сайта

Добавьте минимум пять материалов, чтобы получить сертификат о создании сайта

Грамота за использование ИКТ в работе педагога

Опубликуйте минимум 10 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную грамоту

Свидетельство о представлении обобщённого педагогического опыта на Всероссийском уровне

Опубликуйте минимум 15 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данное cвидетельство

Грамота за высокий профессионализм, проявленный в процессе создания и развития собственного учительского сайта в рамках проекта "Инфоурок"

Опубликуйте минимум 20 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную грамоту

Грамота за активное участие в работе над повышением качества образования совместно с проектом "Инфоурок"

Опубликуйте минимум 25 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную грамоту

Почётная грамота за научно-просветительскую и образовательную деятельность в рамках проекта "Инфоурок"

Опубликуйте минимум 40 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную почётную грамоту

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.