Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Дошкольное образование / Конспекты / План урока по воспитательному работу на тему "Даярлық топпен қоштасып біз мектепке барамыз!"

План урока по воспитательному работу на тему "Даярлық топпен қоштасып біз мектепке барамыз!"


  • Дошкольное образование

Поделитесь материалом с коллегами:

Даярлық топпен қоштасып біз мектепке барамыз!



Тақырыбы: Даярлық топпен қоштасып біз мектепке барамыз!
Мақсаты: Балаларды мектепалды даярлық тобынан шығарып сала отырып, оқу білімге деген қызығушылықтарын оятып, Отанын, елін, жерін құрметтеуге баулып, адамгершілікке, сыластыққа тәрбиелеу.
Әдісі: Ертеңгілік

Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Кіріспе сөз
- Құрметті ата - аналар, ұстаздар, қонақтар! Бір жыл бойы мектепалды тобында тәрбиеленіп, білім нәрімен сусындап, оң мен солын танып, білім жолына қадам басқалы отырған бүлдіршіндеріміздің даярлық топпен қоштасу ертеңгілігіне қош келдіңіздер!. Бүлдіршіндерімізге сәт - сапар тілей отырып, «Даярлық топпен қоштасып, біз мектепке барамыз!» атты ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер.
Өтті қызық көп күндер,
Алты жасқа жеттіңдер.
Барасыңдар мектепке,
Бір белестен өттіңдер.
Олай болса, даярлық топпен қоштасқалы отырған бүлдіршіндерімізді ортаға шақырайық.
Педагог: Өсті міне бойларың,
Өсті ақыл - ойларың
Қуанышқа ортақпын,
Құтты болсын тойларың!

Қазақстан Республикасының гимні айтылады.

Айналайын, балалар,
Алда мектеп - ана бар.
Өздеріңнен өседі,
Өнерпаздар, даналар.
Ақниет: Қуан, шаттан алақай
Қуанатын күн бүгін
Бұл қуаныш себебін
Бізге қарап ұғарсың,
Ер жетті деп бөбегім
Ата - анамыз қуансын.
Шаттық: Ойыншықты жинаймыз
Бөбектерге сыйлаймыз.
Өнер - білім үйреткен,
Өзіңізді қимаймыз.

Досымжан: Құшағыңда жарқылдап
Өтті сәби күндерім
Би биледім, ән тыңдап
Алаңдауды білмедім.
Жансерік: Енді мен үлкен баламын
Анамның тілін аламын
Ұстаздың барлық айтқанын,
Миыма құйып аламын.
(Есік қағып «5»- тік баға кіреді).
- Сәлеметсіздер ме, балалар! Мен сендерге «Білім ханшайымы» балалардың мектепке барардағы білімдерін тексер, - деп жіберді. Менің қолымда «Білім ханшайымының» беріп жіберген, бірнеше тапсырмалары бар. Осы тапсырмаларды оқып, орындауларыңды талап етемін. Мен сендердің берген жауаптарыңа қарап, мектепке даярлықтарыңды тексеремін.
І тапсырма: сұрақтарға жауап беру.
ІІ тапсырма: сауат ашу сабағынан
ІІІ тапсырма: математика сабағынан
ІV: өз өнерлеріңді көрсетіңдер.
І тапсырма.
- Біз қай елде тұрамыз? Қазақстан туралы жаттаған өлеңдерің бар ма?
- Біздің Қазақстан», «Отан»
- Сенің ауылың кімнің атымен аталады?
- Мектебің кімнің атымен аталады?
Жарайсыңдар балалар!
ІІ тапсырма.
- Дыбыстар нешеге бөлінеді?
- Дауысты дыбыстар қандай текшемен белгілейміз?
- Дауыссыз дыбыстарды ше?
(Әдептілік - әдемілік)
ІІІ тапсырма.
- Тура және кері санап бер.
- Кім есеп құрастырып береді?
ІV тапсырма.
(өнерлеріңді тамашалайық)
Жансая: Талай қызық той өткіздік,
Бірақ орны ерекше.
Даярлықпен қоштасатын.
Бүгінгі той ерекше.
Хор: «Сәлем мектеп»

Нұржауған: Нағыз білім ырыс бақ,
Дүниені тұр ұстап,
Енді біздер сабаққа
Кірісеміз дұрыстап.
Қарақат: Тәрбие берген ұямыз
Тәртіпті бала боламыз
Қоштасып даярлық топпенен
Біріншіге барамыз.
Нұргүл: Құшағыңда жарқылдап,
Өтті сәби күндерім,
Мектепке барам мен енді
Даярлық топ қош енді.

Ән: «Біз өмірдің - гүліміз!» орындайтын ұлдар тобы.

Би: «Қыздар тобы.
Айымжан: Әліппеден әріп танып,
Алғаш рет оқимыз.
Тәрбиеден тәлім алып,
Санамызға тоқимыз.
Мерей: Ән саламыз бас қоса,
Даярлықпен қоштаса
Қалам, дәптер, өшіргіш
Кітаптармен қоштаса.




Автор
Дата добавления 07.11.2015
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Конспекты
Просмотров137
Номер материала ДВ-131066
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх