Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / План урока по воспитательному работу на тему «Гүл – өмірдің сәні»

План урока по воспитательному работу на тему «Гүл – өмірдің сәні»

Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 22 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>

библиотека
материалов

4 - сынып
Ашық тәрбие сағаты
Тақырыбы: «Гүл – өмірдің сәні»

Мақсаты:
1. Оқушыларға гүлдің түрлері, гүл ерекшеліктері, мекен ету ортасы, гүлдің пайдасы туралы мағлұмат беру.
2. Гүл туралы ғылыми білімдерін кеңейту, таным қабілетін дамыту.
3. Табиғатты сүюге, әдемілікке деген құштарлықты оятып, елімізді жасыл желекке айналдырып, гүлденуіне үлес қосуға тәрбиелеу.
Экологиялық тәрбие беру.
Көрнекілігі: Гүлдердің суреттері, гүлдер туралы кітаптар, слайдтар, бөлме гүлдері, Гүлстан журналы.
Әдісі: Сұрақ - жауап, әңгімелеу, түсіндіру, сауалнама жүргізу.

Жүрісі: Кіріспе бөлім.
Ой қозғау. (оқушылардағы бар ақпаратты алу)

- Балалар, біз жақында қандай мерекені тойладық?
- 1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күні.
- Ал, алдымызда қандай мереке келе жатыр?
- Ұландар күні, Жеңіс күні.
- Мерекелерде адамдар бір - бірін қалай құттықтайды?
- Гүл сыйлайды.
- Неліктен?
(Балалардың жауаптарын тыңдау, толықтыру).
- Ал, енді, осы гүлдер туралы не білеміз? Алдымен, гүлдің құрылысымен танысайық.(Слайдтан көрсету.) (Теориялық білім беру)

(«Өсімдіктану» 6 сынып )
(Эстетикалық тәрбие беру)
- Гүл - әдемілік өлшемінің шыңы. «Гүл — өмірдің көркі» десек қателеспейміз. Гүлдердің де біздер сияқты жаны бар. Олар адамға үлкен пайда келтіреді. Кейбір гүлдер қоршаған ортаға жағымды энергия бөледі. Мерекелерде, туған күндерде, жақсылықта гүл сыйлау - үлкен құрметтің белгісі.
(Экологиялық тәрбие беру)
- Қазақстанда «Гүлстан» гүл бағы жасалды.(слайд)
2005жылы наурыз айында «Гүлстан» журналы шығарыла бастады. Бас редакторы Гөзел Құлжабаева«Өсімдіктер әлемі»оқу әдістемелік кешенін шығарған. (кітаптар, суреттер, жұмыс дәптерлерімен таныстыру)
(Күнделікті өмірмен байланыстыру)

(Поэзия минуты)
«Гүлдер»
Гүлдер, гүлдер, шоқ гүлдер,
Қызыл гүлдер, көк гүлдер.
Тұра берші ырғалып,
Тұра берші нұрланып.
Сол тұрғаның ұнайды,
Құлпырғаның ұнайды.
Ұқсап сәби балаға.
Т. Молдағалиев (музыка ойнап тұрады «Гүлдер вальсі»
П. И. Чайковский)

Сауалнама
(Танымдық қызығушылығын арттыру)
- Әркімнің талғамына байланысты сүйікті гүлдері болады. Гүлдің қандай түсті болғанын қалайсыз?(слайд)
Қызыл — белсенділік пен өмірлік күш қуаттың белгісі. Бұл түсті батыл, табанды, ерік - жігерлі адамдар ұнатады. Олар қызба, әсершіл, қызуқанды келеді. Негізінен олар жетекшілер.
Қызғылт — жалынның түсі, негізінен ол адамдар ыстық қанды келеді. Олар жарқын, айырықша адамдар. Көптің ішіңде ерекшеленіп тұрады. Жұрттың назарын өзіне аударып алады.
Сары - жылу мен жарықтың түсі. Бұл адамдар көпшіл, достыққа берік, еркіндікке талпынғыш. Ол бәрінен де өз еркіндігін биік қойып, әр түрлі шектеулерді жек көреді. Көңіл күйі тез өзгергіш, оптимист адам.
Қызғылт сары — нәзік жанды ұяң жандардың түсі. Осындай адамдар туралы жұрт өмірдің тек жақсы, жарқын жақтарын ғана елеп ескеріп, қараңғы тұстарын ескергісі келмейді, ерекшеленуді ұнатады.
Ақ — шаттықтың түсі. Ақ түсті ұнататындар өте әсершіл, қызба келеді, тез еліктегіш. Мұндай адамдар кейде өзінің ықпалында қалады, кейде ол өзгенің ықпалында да кетеді. Оларға өздерін демеп, бағыттап отыратын сенімді достар ауадай қажет.
Көк — адамдар арасындағы жақсы қарым - қатынасты ең жоғары бағалайтын адамдар. Олар достықты бағалап, ал махаббатты бәрінен жоғары қояды.

Маңғыстау гүлдері туралы (слайд)
(Жергілікті жермен байланыстыру)
Голландиядағы гүл бизнесі туралы айтып өту
- Жапонияда Икебана өнері дамыған

- Балалар, сыныпта кімнің аты гүлге байланысты? (Раушан, Райхан, Қырмызы, Қалампыр, Бақытгүл, Айгүл және т. б)
Гүл монологы (тыңдау)
- Балалар, мені қажетсіз жұлып, таптамаңдаршы! Сендер мені жұлмасаңдар, мен биыл тұқым шашып, көп ұрпақ беремін. Сонда келесі көктемде мынау дала бұдан да әсем болып, құлпырып кетер еді - ау!
Ойланыңдаршы, өтінемін!

Ой қорыту.
«Гүлдесте құрастыру»
(Адамгершілік тәрбиесін беру)
Балалар, бүгін сабақта нені өттік, не үйрендік?
(Ой қорыту)
- Гүлдің пайдасы қандай?
1. Қыздарды гүлге теңеген, ақындарымыз гүлдерді өлең жырларына қосқан.
2. Гүлдерді кептіріп, дәрінің құрамына қосады.
3. Гүл - өсімдіктің көбею мүшесі.
- Гүл туралы қандай мақал - мәтелдер білеміз?
4. Әр атаның өз ұлы бар,
Әр бұтаның өз гүлі бар.
5. Әр гүлдің исі басқа,
Әр жердің жынысы басқа.
6. Бір гүл толып ашылады,
Бір гүл солып ашылады.
7. Гүл ашылмай бұлбұл сайрамас.
8. Гүлді гүл деме егер сабағы болмаса.
9. Гүлдің тоны қырық жамау, бірақ исі бар.
- Балалар, демек гүл - өмірдің сәні екен.

Қорытындылау
Елбасының 2005 жылғы Қазақстан халқына жолдауынан кейін елімізде «Жасыл ел» жалпыхалықтық ұйымы құрылды. Осы «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша біздің туған қаламыз – Жаңаөзен де көгалдандырылып, абаттандырылуда.
Сендердің де өмірлерің гүлдей жайнап құлпыра берсін!
Сау болыңыздар!



Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 22 ноября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru


Общая информация

Номер материала: ДВ-137140
Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 22 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>