Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Воспитательная работа / Конспекты / План урока по воспитательному работу на тему «Қош бол, сүйікті әліппе!»
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Воспитательная работа

План урока по воспитательному работу на тему «Қош бол, сүйікті әліппе!»

библиотека
материалов

«Қош бол, сүйікті әліппе
Мақсаты:
Оқу тілін дамытып, сөздік қорын молайту. Оқушылардың әліппеден алған білімдерін тиянақтау.
Әр оқушының іс- әрекеттері арқылы икемділігін, қабілеттерін көрсету,шығармашылық мүмкіндіктерін ашу;
Оқушылардың елін, Отанын сүюге,оны қорғай білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Қазақ әліпбиі,суреттер, нақыл сөздер, «Әліппе», «Ана тілі», оқулықтарының мұқабасы, шарлар.

Жүргізуші мұғалім:
-Құрметті ата-аналар, ұстаздар және оқушылар! Бүгінгі «Қош бол,сүйікті әліппе!» атты мерекемізге қош келдіңіздер! Осыдан 4 ай бұрын мектеп табалдырығын қысыла да қызыға аттаған бірі отбасының тұңғышы, бірі кенжесі, бірі әзірге жалғызы, ата-әжесінің сүйікті де еркесі болып жүрген ұл-қыздарымыз, өздерінің ең алғашқы оқулығы болған Әліппемен бүгін қоштасқылы отыр. Ендеше, кішкентай бүлдіршіндеріңіздің білім өлкесіне қарай басқан алғашқы қадамдары құтты болсын!

-Ана тілінің ғажайып, ірі шынайы әліміне бүлдіршіндерді дәл жетелейтін өз тілін оқып үйренуге, оқи алсам деген ұмтылысқа шақыратын, бүкіл білім, ғылымға бастайтын жол, әлемдік ғылым соқпағының басы - Әліппе оқулығы.
Осы оқулықтан білім нәрін алған балғын бүлдіршіндерімізді қошеметпен ортаға шақырайық.

Диана.Дианамен арман құсы

Жақсылықтан тапқан ісі.

Жасур:Жасур келер қорқпас батыр,

Жақсылыққа өзі қадыр.

Райхона:Райхонамды көрген адам,

Сұлулығын,дейді әсем.

Умида:Умидамен арман жолдас,

Өте сұлу,қаламдай қас.

Билолбек:Билолбекте індемейді,

Барлық ісім жақсы дейді.

Лайло:Лайло,Лайло қызым сұлу қызым,

Қалам қасым,айдай жүзім.

Мирдиер:Мирдиерім қорқпас бала,

Ешбір ісі болмас шала.

Мафтуна:Беске оқып жалықпаған,

Мафтунада қалыспаған.

Шерзод: Шерзод өзі,айдай көзі,

Еркеленер айтқан сөзі.

Бехруз:Бехруз оймен жүрер,

Болашақты ойда көрер.

Феруза:Феруза қыз тастай пысық,

Күліп жүрер,көзін қысып.

Ихтияршы:Ихтияршы топаланшы

Би билейді,жақсы әнші.

Жасмина:Бұл Жасмина,сұлу бикеш,

Алға жүрер ертеде кеш.

Нозила:Нозила қыз беске оқыр,

Өлең оқыр,тақпақ тоқыр.

Мадина:Мадинада әсем сұлу,

Ешқашанда болмайды қу.


Сонымен «Қош бол,сүйікті әліппе!» атты ертеңгілік мерекелеріңізбен құттықтау үшін ,арманшыл,дана ұрпақты тәрбиелеп жатқан білім ұясының білікті басшысы, мектеп директоры Ниязов Ахматвой ағайға береміз.
-Рахмет.Отбасыңызға тыныштық тілейміз.

Мұғалім:
Алфавиттің басында А командир тұрады
Басқалары қасында әріп санын құрады
Кезегімен алаңда қатар түзеп барады.
Оқулықтан бір демде шықты алаңға бәрі де
Қатар бұзбай бірі де барады әлі, әлі де....

Лайло

Сәлем бердік ұстаздар баршаңызға,
Сіздермен тола берсін ортамызда.
Бүгінгі ел басқарған азаматтар,
Білім алған сіздердің арқаңызда.


Мирдиёр
Партаға алғаш отырдым,
Бұдан асқан бақыт жоқ.
Оқушы болдым, мінекей,
Ойнауға енді уақыт жоқ.
Феруза
Жақсы оқып келемін,
Сабақтан да қалмаймын.
Осы өлең жолдарын
Мектебіме арнаймын

Мафтуна

Биыл ғана мектептің
Табалдырығын аттадым.
Әліппені қолға алып,
Әріптерді жаттадым.
Жасур
Маметова апаның
Мектебінде оқимын.
Ұстазымның әр сөзін
Көңіліме тоқимын.
Мұғалім:Рақмет балалар. - Балалар, сендерге бір сұрақ қойғым келіп тұр.
Іші толған әріпке
Білімдегі жарық не?
Оқушылар:Болашаққа жол ашқан
Ол сүйікті Әліппе.
Мұғалім: -Олай болса бәрімізге қымбат дос Әліппені ортаға шақырайық.
Хормен: Әліппе! Әліппе! Әліппе!
Әліппе: Армысыздар, жас достар!
Армысыздар, ата-ана !
Болашаққа жол ашар ,
Әліппең келді ортаға.
Білім деген ғажаптың,
Әліппесін меңгерген .
Келешегі қазақтың,
Басталады сендерден.
Таудай болса талабың,
Айтары көп әріптің .
Қуанышы баланың,
Қуанышы халықтың



1-оқушы: Мадина
Армысыздар аналар
Бармысыздар балалар
Сөзіме құлақ салыңыз
Бір серпіліп қалыңыз
Әліппеге арналмақ
Бүгінгі жыр-әніміз.

2-оқушы:Ихтиерхон
Жақсы білім көрімдік,
Болсын бізге халайық.
Не үйреніп, не білдік
Кәне, ортаға салайық.

3-оқушы:Жасмина
Өтті оқу сан сабақ,
Бүгін үлкен салтанат.
Басқа оқулық достаспақ,
Әліппемен қоштаспақ.

4-оқушы: Жасур

Оқуды көп ойладық
Қызығына тоймадық
Әріптерді үйреніп
Сауат аштық ,тойладық.
5-оқушы:Билолбек

Әліппемен қош айтысып қаламыз
Енді қолға басқа кітап аламыз.
Ата-ана қуанышқа ортақ бол,
Сауатты болып шықты міне балаңыз!

Әліппе: Бәрекелді,енді мен сендердің білімдерің тексергім келіп отыр

- Қазақ тілінде қанша әріп бар?

Барлығы:  42 әріп бар.

-Қанша дауысты дыбыс бар?

-15 дауысты дыбыс бар.

- Қанша дауыссыз дыбыс бар?

-25 дауыссыз дыбыс бар.

-Қанша таңба бар?

-2 таңба бар.

Мұғалім:

-Әліппе біздің бүлдіршіндеріміз сенен әріп танып, міне бүгін қоштасқалы отыр. Сен арқылы сауаттанып, әріп үйреніп, енді өздері қосып оқып, өздері жаза алады.

Әліппе:

-Барлық әріпті меңгердік пе?

-Ия

Рахмет,балалар!

Әріптерді көрейік
Бастасын кәне айтысты,
Жібермесін намысты.

- Енді өтілген әріптерімізге байланысты тақпақтарыңызды айтайық.

Алма,алмұрт егеміз

Айға сапар шегеміз

Алақай-ау алақай

«А» дыбысын білеміз



Әже, әке әніміз

Әрқашанда сәніміз

Енді білдік әдемі,

«Ә»әрпінің мәнін біз



Бостан-босқа ойнама,

Бидай толтыр қоймаңа

Бақа,балық ботақан

Сөздерінен  б ны ойла



Ғасыр,ғылым ғаламшар,

Ғайша ғалым Ғаламдар

Ғарышкерлер ғарышкерлер

Сөзінде Ғ дыбысы қараңдар



Жан-жағыма жантайдым,

Жапырақтай жалпайдым

«Ж» әрпін жаздым да

Жарға қарай шалқайдым



Заман,заңғар биікте,

Құзғындарға ілікпе

Бізден басқа балалар

З дыбысын біліп пе



Күндей күліп өсеміз,

Көңілді кең көшеміз

«К» дыбысы көп екен,

Кітабымды көрсеңіз



Қауын,қарбыз жинаймыз

Қағазды бос қимаймыз

Қ дыбысы қатаң ғой

Оны қалай айтпаймыз



Балпаң-балпаң  басайық

Аңдарға жем шашайық

«Ң» дыбысын білмеген

Балалардан қашайық



Он саусағым ойнасын

Бояп-бояп қоймасын

Отан,орман сөздерін,

«О» әрпімен ойлайсың.



Ұршықтай зырлаймыз

Ұяны сырлаймыз

Ұлт, ұят сөзінен

Ұ дыбысын  жырлаймыз



Үй мен үйшік жасайық,

Үзеңгіні басайық

Үрлеп үлкен шарларды ,

Ү әрпін жасайық



Ыдыс, ырыс сөздері

Ұқсас екен өздері

Ы дыбысы құрап тұр

Дәл осындай сөздерді



Інілерді ағалар

Ісімен бағалар

Ілер жүлде жарыста

Іркілмеген балалар



Ән: Әліппе( Ихтиер,Лайло,Мирдиер,Нозила)

Мұғалім: Өнерлерің өрге бассың. Өркендерің өссің.

Ендігі кезекті өлеңдерге берсек.

1-оқушы:Бехруз

Ең алғаш алғанымда әліппені
Қызығып қарай берді әріптерді
Мен үшін жұмбақ болып қалар ма еді
Ұстазым оның кілтін алып берді.

2-оқушы:Мафтуна
Әліппем менің Әліппем!
А деген бастап әріптен
Сөз құрап жаза бастадым
Тақылдап таңба танып мен .
Осылай алға аттадым
Әр әріпті жаттадым
Жаттаған сайын әріпті
Сөз құрап жаза бастадым.



3-оқушы:Диана

Барлық әріп бағалы
Айттық әділ бағаны
Әріпсіз сөз болмайды
Буын онсыз толмайды
Адам барлық әріпті
Ардақты қолдайды

4-оқушы:Райхона
Әліппе деген алтын жол
Апарады сені алысқа.
Жеңіл емес ауыр жол,
Тырысып бақ намысқа.

Әліппе:Рахмет,балалар!Әріптердің бәрін таныпсыңдар! Енді,сауатты жаздырып,мәнерлеп оқытатын Ана тілін оқитын боласыңдар! Ал,қош болыңдар! Әрдайым биіктерден көрініңдер!

Лайло: Қош бол құтты әліппе



Мұғалім: Балалар ортаға енді ана тілін шақырайық.

Хормен:Ана тілі! Анатілі!Ана тілі!

Мұғалім: Қош келдіңіз ана тілі! Біздің балалар әліппеден алған білімдерін одан әрі сенімен жалғастырмақ

АНА ТІЛІ:

Саламатсыңдар ма, балалар!

Туған елдің тілімін!

Ақылы мен таңымын

Түсіндірер бәріне

Ана тілі пәнімін!

Ана тілі ұраным

Ана тілі құралым

Ана тілі болмаса

Мықты болмас тұрағың

Ана тілі елдігім

Ана тілі ерлігім

Ана тілі болмаса

Бүтінделмес кемдігім

Ал балалар енді бұдан былай мені оқып, менен білім алатын боласыңдар! Мені оқи отырып, өнегелі тәрбие алатындарыңа мен сенемін.


Ендеше менің сендерге қояр сұрағым бар:
- Таулары бар ең биік
Даласы бар жерұйық –бұл қай ел?

-Әліппенің атасы кім?
-Ахмет Байтұрсынұлы
- Ең алғаш қазақ әліпбиін кім жазды?

-Ыбырай Алтынсарын

- Ең алғаш қазақ балаларына арналған мектепті кім ашты?
-Ыбырай Алтынсарын
Ана тілі: Өте жақсы балалар! Тәртіп пен білім егіз, тәртіп болмаған жерде ешқандай білім болмайды. Сондықтанда ең алдымен тәртіпті болуларың керек.
Оқушылар: Сабақты жақсы оқып, үлгілі оқушы боламыз деп ант береміз!

Би: «Айгөлек»

Мұғалім:Сымбатты,инабатты қыз болып өсе беріңдер.

Мұғалім:Бізді осындай күнге жеткізіп,бірге қуанып,бірге ренжіп жүрген аталарымыз бен әжелеріміз,әкелеріміз бен аналарымызға мың алғыс айтамыз. Ендігі өлеңдеріміз аналарымызға арналмақ.

(Нозила,Мадина,Диана,Жасмина)

Мен үшін не керек –бәрін іздеп табасың,

Айналайын анашым,жұмысыңа барасың.

Қайтып мені көргенде,шын сағынып қаласың,

Жарқын жүзді жан анам сендей болсын бар адам.

Сендей болса бар адам шаттық кетпес баладан.



Мұғалім: Ата-аналарыңды көз қуанышы болып өсе беріңдер.

Мұғалім: - Балалар енді ертек тыңдаймыз,қазір сіздерге ертекші қызымыз ертек айтып береді. Бүгінгі ертегіміз ерекше болғалы тұр, кәне маған қараңдар.
Қандай ертегілерді білесіңдер?(жауап)
Өте жақсы, бүгін ертегіні оқып, түсініп, біліп қана қоймай ертегі кейіпкерлерінің рөлінде өзіміз ойнап көрсетеміз. Бұл ертегі Ыбырай Алтынсариннің «Мақта қыз бен мысық» ертегісі.
Залда «Ерте, ерте, ертеде» өлеңі орындалады.
Ішке ертекші қыз келеді. Балалармен амандасып алып, қыз ертегіні айта бастайды.
Ерте, ерте, ертеде,
Ешкі құйрығы келтеде,
Мақта қыз бен мысық өмір сүріпті.
Мақта қыз үстел үстін реттейді. Ыдыстарды жиыстырған кезде мейіз тауып алады.
Мақта қыз (Мысығын шақырады)
- Мияуым менің, қайдасың?
- Тарғылым менің, келе ғой, мен саған мейіз беремін (мысық келмейді)
- Келмесең, келмей –ақ қой, өз обалың өзіңе,- деп (мейізді қыз жеп қояды)
Осы кезде үй артынан «мяу» деген дыбыс шығады.
Мақта қыз ыңылдап ән салады, мысық шығады.
Мақта қыз – Мафтуна
Мысығым-ау, мысығым,
Тарғылы жақсы түсінің.
Таңертең де, кеште де,
Бетін жуған пысығым.
Піш - піш десем, келе ғой,
Айтқаныма көне ғой.
Шақырғанда піш-піш деп,
«Мяу! -деп дыбыс бере ғой.
Қыз: Сол кезде мысық шығып Мақта қызға өлең айтып береді.
Мысық-Ихтиерхон:
Менің атым мысық,
Екі көзім қысық.
Тышқан аулап отырамын
Сүт-көжемді ішіп –дейді

Мысық: Мақта қыз, сен мені неге шақырдың?
Мақта қыз: Айтпаймын!
Мысық: Ендеше, мен сенің қатығыңды төгемін.
Мақта қыз: Ой,ой. Сен не істедің? Сол үшін мен сенің құйрығыңды кесіп аламын! (құйрығын кесіп алады)
Мысық: Берші, құйрығымды!
Мақта қыз: Бермеймін! Қатығымды қайтарып бер!
Ертекші қыз: Сөйтіп, мысық сиырға келеді.

Сиыр - Лайло:
Менің атым сиыр,
Өрісім алыс қиыр.
Етім үшін, сүтім үшін,
Адамдар маған үйір - дейді.
Мысық: Мяу, сиыр, сиыр, сен маған қатық берші!
Сиыр: Сен маған жапырақ әкел, менің қарным ашып тұр.
Ертекші қыз: Сөйтіп, мысық ағашқа барады.

Ағаш - Умида:
Мен жасыл ағашпын,
Күтсеңдер гүл ашам,
Жолыңа нұр шашам,
Жапырағым азық,
Бұтағым қазық.
Саяма сағаларсың,
Салқындап дем аларсың.
Мысық: Ағаш, ағаш, маған жапырақ берші!
Ағаш: Маған су әкеліп бер мен шөлдедім, мен саған жапырақ беремін.
Ертекші қыз: Сөйтіп, мысық су іздеп келе жатса, алдынан су тасып жүрген қыздар шығады.
Қыздар:
Су - тіршілік негізі,
Онсыз өмір сүрмейсің.
Тазалықтың негізі,
Су деп және білгейсің –деп әндетіп жүреді.
Мысық: Мяу, қыздар маған су беріңдерші.
Қыздар: Сен бізге дүкеннен сағыз әкеліп бер.
Ертекші қыз: Сөйтіп, мысық дүкеншіге келеді.
Мысық: Мяу, дүкенші, дүкенші маған сағыз берші.
Дүкенші - Шерзад: Маған жұмыртқа әкеліп бер, мен саған сағыз берем.
Ертекші қыз: Мысық әбден шаршады жұмыртқа іздеп тауыққа барады.

Тауық - Мирдиер:
Мен ақ тауықпын,
Өзім қақсауықпын.
Күніне бір жұмыртқа табам,
Осыған жетеді шамам - деп әндетеді.
Мысық: Мяу, тауық, тауық маған жұмыртқа берші.
Тауық: Сен менің балапандарыма дән әкеліп бер, біз ашпыз.

Ертекші қыз: Мысық ойға батып, басын ұстап не істерін білмей отырып қалады.
Осы кезде бір тышқан жүгіріп шығып, інді қаза бастайды.
Тышқан – Билолбек
Мен тышқанмын,
Өзім дән екпеймін.
Егістен ұзап кетпеймін,
Айналам толы ән,
Қоймам толы дән,
Дәнді тастап кетпеймін - деп ән салып жүрген тышқанды мысық бас салып ұстап алады.
- Айт, үйіңде не бар? Жаныңның барында айт, тез, әйтпесе, қазір жеп қоямын.
Тышқан: Сен маған бір ән айтып бер.
Мысық: Мақта қызбен қосылып « Қошақаным» әнін айтып береді.
Ертекші қыз: Тышқан мысыққа рахмет айтып, бір қап тары береді, мысық дәнді тауыққа береді, мысық жұмыртқаны дүкеншіге береді, дүкенші мысыққа сағыз береді, сағызды
мысық қыздарға береді, қуанған қыздар мысыққа су береді, суды мысық ағашқа құяды, шөлі қанған ағаш мысыққа жапырақ береді. Жапырақты мысық сиырға береді,
сиыр оған қатық береді, қатықты мысық Мақта қызға берді.
Мысық: Мақта қыз, қатығың міне мен енді бұзық болмаймын, айтқаныңды тыңдаймын,- деп қатықты қызға берді.
Ертекші қыз: Сөйтіп Мақта қыз қатығын ,мысық құйрығын қайтарып алып, екеуі тату-тәтті өмір сүрген екен.

Балалар менің ертегімді тыңдай отырып ертегі кейіпкерлерін жақсы сомдағандарың үшін көп-көп рахмет!
Балаларымыздың өнерлерін тамашалағандарыңыз үшін рахмет.
Келесі ертегіні тыңдағанға дейін қош сау болыңдар.

Мұғалім: Сенің нұрың сөнбесін
Ашық аспан жарық күн!
Келешегі сөйлесін,
Қазақ деген халықтың!

Бүлдіршіндеріміз қазақ тілімен бірге ағылшын тілінде үйреніп жатыр.Енді ағылшынша өлеңдерге берсек.

Нозила,Феруза,Умида, Лайло,Мирдиер.

Мұғалім:Отан-отан сен болмасаң не етерем?

Мәңгілік бақытсыз боп өтерем! Дегендей бұл өмірге келген әрбір адамзаттың ардақтап пір тұтатын өз Отаны,өз туған жері бар ендігі кезекті Отан туралы өлеңдерге берсек.

(Нозила,Мафтуна,Райхона,Бехруз,Жасмина)

Мұғалім:Отан үшін отқа түс күймейсін дегендей,егер Отанымызға қауып төнсе,Отанымызды қорғау бәрімізге де парыз дей отырып,Отан туралы әнге берсек.

Ән:Отан

Мұғалім:Балаларымыз қазақ әліппесімен бірге өзбек әліппесіменде қоштасып отыр.Қазір кезекті өзбекше әнге берсек.

Ән: Хайр алифбе

Би:Хоразм лазгиси

Мұғалім:Балалар бүгінгі мерекеміз қос мереке.Әліппемен қоштасумен бірге жаңа жыл мерекесінде тойлаймыз. Құрметті ата - ана, ұстаздар, балалар! Жаңа жыл мерекелеріңіз құтты болсын! Жаңа жыл елімізге, әр шаңыраққа тыныштық, бірлік, құт – береке алып келсін!

- Біздің сыныптың балалары Аяз атаны көптен күтіп жүр. Аяз атаны Ақшақармен бірге ортаға шақырайық.


Хормен:Аяз ата мен Ақша қар

Мұғалім: Бүгінгі Жаңа жыл кешіне сәйгүліктерін желдіріп, алтындатқан шанасымен Аяз ата мен сүйкімді Ақша қар келе жатыр деген хабар алып тұрмыз
Мұғалім: Қуаныңдар ағайын, тамсаныңдар!
Сүйіншімен маңайға жар салыңдар.
Аяз ата келеді Ақшақармен,
Қол соғып қошеметпен қарсы алыңдар!
Қол соғып қошеметпен қарсы алыңдар!
(осы кезде музыкамен асыға күткен Аяз ата мен Ақшақар келеді).


Мұғалім: Армысыз Ата! Армысыз Ақшақар!


Мұғалім: Жаңа жыл – жаңа әннің тербелуі
Жаңа жыл – ақ арманның өрленуі.
Жаңа жыл – партадағы лүпілдеген,
Кішкентай шәкірттердің ержетуі.

Ендігі кезекті жаңа жыл туралы өлеңдарге берсек.

Мадина

Жаңа жылда жаңа белден асамыз,
Жаңа жылға жырмен шашу шашамыз.
Бейбітшілік ұранымен, жеңіспен,
Жаңа жылда тағы да алға басамыз.


Нозила

С новым годом поздравляем

Всем здороья желаем

Не болеть и не чихать

Ну ёлки танцевать.



Мұғалім:Балаларымызды құттықтау үшін 5-сынып оқушылары келіп отыр кезекті оларға берсек.

Би: Қара жорға

Көрініс:Зумрад ва Қиммат(өзбекше)

Ойын: Ұл балдармен

Би:Нозила



Мұғалім:Бүгінгі кеш әр үйдің «Той басы» деп саналар,

Балалардың есімі әулеттерге таралар,

Ырым етіп сондықтан тойымыздың соңында

Ақ ниетпен баршаға тілек айтар қонақтар

Ендігі сөз кезегін бастауыш сынып бойынша директор орынбасары Сотилдиева Шоира апайға берсек.

Мұғалім: Рахмет.Отбасыңыз тыныштық тілеп,денсаулығыңыз мықты болсын дейміз.

Мұғалім: Әліппені жақсы меңгеріп,сауатты жазып оқуларына ата-аналардың қосқан үлесі мол. Сіздерге алғысымызды білдіре отырып ендігі сөз кезегі сіздерде.

Мұғалім: Құрметті ата-аналар, ұстаздар!
Балалардың білімі құтты болсын
Денсаулығы ауырмайтын мықты болсын
Білімдерін ары қарай дамытатын
Ерінбейтін еңбекқор мықты болсын!,-дей келе бүгінгі ертеңгілігімізді аяқтаймыз


































Аяз ата:
- Амансың ба, ұлдарым?
Амансың ба, қыздарым?
Аталарың сендерге
Шаршап келді алыстан.
Керемет бір ән тыңдап,
Келіп тұр аз демалғым.
Ақшақар: - Сәлеметсіңдер ме, балалар? Біз алыстан шаршап келе жатырмыз. Сендер жаңа жыл мерекесін өткізгелі жатыр дегенді естіп, келіп тұрмыз. Бізге арнап айтар тақпақтарың, әндерің, билерің бар ма, тамашалап көрейік

Бүгін бізге жырдан алқа тағайын,
Шат күлкіге толы болсын маңайын.
Көргендер де, көрмегенде арманда
Жаңа жылың құтты болсын ағайын!

Зеңгір көкте жұлдыз болып жанайын,
Ай жүзіндей айшықтанып арайың.
Жанға шуақ, бойға қуат әкелген,
Жаңа жылың құтты болсын ағайын!

Жаңа жылда жаңа белден асамыз,
Жаңа жылға жырмен шашу шашамыз.
Бейбітшілік ұранымен, жеңіспен,
Жаңа жылда тағы да алға басамыз.


Нозила

С новым годом поздравляем

Всем здороья желаем

Не болеть и не чихать

Ну ёлки танцевать.















Жүргізуші:Құрметті ата - аналар, ұстаздар, балалар! Жаңа жыл мерекелеріңіз құтты болсын! Жаңа жыл елімізге, әр шаңыраққа тыныштық, бірлік, құт – береке алып келсін!
- Біздің сыныптың балалары Аяз атаны көптен күтіп жүр. Аяз атаны Ақшақармен бірге ортаға шақырайық.


Хормен:Аяз ата мен Ақша қар

Мұғалім: Бүгінгі Жаңа жыл кешіне сәйгүліктерін желдіріп, алтындатқан шанасымен Аяз ата мен сүйкімді Ақша қар келе жатыр деген хабар алып тұрмыз.


Жүргізуші: Қуаныңдар ағайын, тамсаныңдар!
Сүйіншімен маңайға жар салыңдар.
Аяз ата келеді Ақшақармен,
Қол соғып қошеметпен қарсы алыңдар!
Қол соғып қошеметпен қарсы алыңдар!
(осы кезде музыкамен асыға күткен Аяз ата мен Ақшақар келеді).

Жүргізуші: Армысыз Ата! Армысыз Ақшақар!


Жүргізуші: Жаңа жыл – жаңа әннің тербелуі
Жаңа жыл – ақ арманның өрленуі.
Жаңа жыл – партадағы лүпілдеген,
Кішкентай шәкірттердің ержетуі.

Жаңа жылда жаңа белден асамыз,
Жаңа жылға жырмен шашу шашамыз.
Бейбітшілік ұранымен, жеңіспен,
Жаңа жылда тағы да алға басамыз.


Нозила

С новым годом поздравляем

Всем здороья желаем

Не болеть и не чихать

Ну ёлки танцевать.


















Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 02.03.2016
Раздел Воспитательная работа
Подраздел Конспекты
Просмотров108
Номер материала ДВ-498959
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх