Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / План внеклассный работы на тему "Тәуеліздік-24" /2 класс/

План внеклассный работы на тему "Тәуеліздік-24" /2 класс/



Московские документы для аттестации!

124 курса профессиональной переподготовки от 4 795 руб.
274 курса повышения квалификации от 1 225 руб.

Для выбора курса воспользуйтесь поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВА).

ДИПЛОМ от Столичного учебного центра: KURSY.ORG


библиотека
материалов

Жолдыбаева Жадыра Махамбетқызы

70 Жанқожа батыр атындағы мектеп,технология пәнінің мұғалімі

Қазалы ауданы,Қызылорда облысы.


Сабақтың тақырыбы: «Тәуелсіздік қиялымның қанаты»

Мақсаты: Ұлттық педагогиканың әдіс-тәсілдері арқылы оқушылардың ұлттық рухани негіздерін қалыптастыру, ептілік, икемділік, шеберлік қабілеттерін, туған елге деген сүйіспеншілігін арттыру.

Өткізу барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Қазылар алқасын сайлау.

ІІІ.Кештің өтілу шарты.

ІV.Қорытынды.

Мұғалім: Қош келіпсіздер қымбатты қонақтар, ұстаздар, оқушылар! Биыл ел Тәуелсіздігінің 24 жылы. Тәуелсіздік бізге бірден келген жоқ. Көптеген батырларымыздың ержүрек шайқасы мен сан ғасыр сақталып келген мызғымас ұлттық тәрбиелеу арқылы бүгінгі Тәуелсіздікке қол жеткіздік. Жаңа заман талабы әрбір көкірегі ояу адамды толғантпай қоймайды, өскелең ұрпақ сіздерге жаңа міндет жүктеп отыр. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өзінің Қазақстан халқына Жолдауында 2015 жылды- тарихымызды ұлықтау жылы деп жариялаған болатын. Жаңа ғасыр талаптарына сай болу үшін салт-дәстүрімізді үйреніп, халқымыздың өткен тарихын оқып, рухани байлығын, әдеп-ғұрпын білу қажет. Сонда ғана Тәуелсіздігіміз мәңгілік тұғырлы болмақ.

Ата салтым асыл мұра ардағым

Бабалардың жалғастырар арманын

Сан ғасырда қалпын бұзбас қадірім

Өткенімді бүгінгімен жалғадым, - дей келе сыныбымыздың үздік оқушыларының бірі Гүлжауқарды, бүгінгі кешімізді жүргізу үшін қошеметтеп ортаға шақырамыз.

Жүргізуші:

Құрметті ұстаздар мен оқушылар! «Тәуелсіздік – қиялымның қанаты» атты сайыс сабағымызға қош келіпсіздер!

Шаңырақ бізбен бірге кластасым

Болама өнерліден адасқасын

Елімнің ертеңі үшін білім алған

Жолында қарсылас мың жасасын!


Асыл ана берген білім тереңін

Алғысы көп мектебіңе өреннің

Ұлағатты ұстаздарға сол үшін

Ұрпақтары көрсетеді өнерін, - дей отырып, сайысқа қатысатын топтармен таныстырып өтейін: 1 топ: «Бәйтерек» тобы. Жетекшісі: Ақерке

2 топ: «Қызғалдақ» тобы. Жетекшісі: Мәдина

Енді сайыс шарттарымен таныс болыңыздар!

1 бөлім: Мақал-мәтелдердің жалғасын табу.

2 бөлім: «Менің қиялымдағы мектеп»

3 бөлім: Бәйге

4 бөлім: «Сұрақ бізден- жауап сізден» сайысы.

5 бөлім: Салат жасау.

6 бөлім: Жанкүйерлер сайысы.


Естеріңізге сала кетейін: Жеңімпаз топты тосын сый күтіп тұр. Оны сайыстың соңында жариялайтын боламыз. Сондықтан тосын сыйдан құр қалмаңыздар.

Алдымен бүгінгі сайысымыздың әділ төрелерін сайлап алайық.

Жол сілтеген биікке ұстаздарым,

Өздеріңіз шығарған талай дарын

Әділдікті ең алға мақсат еткен,

Таныстырайын әділқазы алқаларын

Әділқазы мүшелері:/Қазылар сайланады/

Бірінші сайысымыз мақал-мәтелдің жалғасын табу.

Тақтада әр топқа 4 шардан 8 шар ілінген. Шарлардың ішінде мақал-мәтелдің жартысы жазылған. Шарды жара отырып, жалғасын топ мүшелері айту керек. Әр сұрақтың жауабына 5 ұпай беріледі. Егер шарды жара алмаса, қайта жаруға болады. Бірақ бір ұпай кеміп отырады. Сайысымызды бастамас бұрын «Бәйтерек» және «Қызғалдақ» тобының жанкүйерлері біздің ер балаларымыз отыр. Яғни бұл топ жанкүйерлер сайысына қатысады. Алдарында ермексаз. Биыл Қазақ хандығына-550, Ұлы Жеңіске- 70,Қазақстан халқы Ассамблиясына-20, Ата Заңымызға- 20 жыл толады. Осы мерекелерге сәйкес ермексаздан өздері қалаған бұйымдарын жасау керек. Ендеше сайысымызды бастайық. Бірінші «Бәйтерек» тобы. «Бәйтерек» тобы кезек-кезек шарды жарып мақал-мәтелдің жалғасын табады. Жауабын таба алмай жатса, топтың бөтен мүшелері жауап беруге болады.

Келесі кезек «Қызғалдақ» тобында.

«Қызғалдақ» тобы кезек-кезек шарды жарып мақал-мәтелдің жалғасын табады. Жауабын таба алмай жатса, топтың бөтен мүшелері жауап беруге болады.

Екінші шартымызға көшеміз.

«Менің қиялымдағы мектеп». Кембридж бағдарламасымен дүние жүзі бойынша дамыған мемлекеттердің оқу мен оқытудағы озық тәжірбиелері еліміздің оқу бағдарламасына енгізілуде. Екі топқа қажетті бояу, плакаттар берілген. Плакатқа өзіңіз оқитын мектептің қандай болғанын қалайсыз, соны салу керек. Естеріңізге сала кетейік. Осы екі турдың қорытындысы бойынша алға шыққан топ Тәуелсіздіктің құрметіне Қазалы қаласындағы, Әйтеке би кентіндегі мәдени орындарға, экскурсияға жолдама алады. Ендеше іске сәт!

Ортаға «Бәйтерек» тобының жанкүйері Манасты шақырамыз. Сіздерге «Қарттарым» әнін жолдайды.

Келесі кезекте «Қызғалдақ» тобының жанкүйері Нұрбақытты шақырамыз. Сіздерге «Әкешім» әнін жолдайды.

2 – ші шарт бойынша топтар өз жұмыстарын қорғаса дейміз. Ортаға «Бәйтерек» тобын шақырамыз. «Бәйтерек» тобы таныстырып болса, «Қызғалдақ» тобын шақырамыз. Қазылар алқасы екі тур бойынша қорытындысын берсеңіздер екен.

«Бәйтерек» тобының ұпай саны –

«Қызғалдақ» тобының ұпай саны –

Құттықтаймыз _________________________ тобы ___________ ұпаймен Қазалы қаласы Әйтеке би кентіне жолдама алады.

Сайысымыздың үшінші шартына көшеміз.

«Бәйге» бөлімі. Бұл бөлімнің шарты әрбір оқылған сұрақтарға тез және дұрыс жауап берген топқа бір ұпай беріледі. Сайысқа топтың барлық мүшелері қатысады. Барлығы

20 сұрақ. 10 сұрақ ырым, 10 сұрақ тиым сөздерден тұрады.

Дайынбыз ба? Ендеше, сәттілік тілейміз!

1. Дәм үстіне келген адам үй иесіне не дейді? («Ас тәтті болсын» дейді)

2. Қыз балаға шашы ұзын болсын деп не береді? (Желке)

3. Асық етін мүжімейді, неге? («Алты жыл аш болсаң да асық етін мүжіме»)

4. Тобық етін тастамайды. («Тоғыз жыл тоқ болсаң да, тобық етін тастама»)

5. «Ұрысқақ болады» деп балаға не жегізбейді? (Көмекей)

6. Балаға «шешен болсын» деп не жегізеді? (Таңдай)

7. Ас ішіп болған соң «тойдым» деген дұрыс па? (жоқ, «қанағат» деген дұрыс)

8. Таңертеңгі асты тастамайды, кешкі асты... (бақпайды)

9. Қыздарға құйыршықты неге ұстатпайды? («Жеңілтек болады» деп)

10. Біреу ықылық атып тұрса... («Ұрлап тамақ жегенсің бе?»- дейді)


Тыйым сөздер

1. Есікке ... (керілме)

2. Нанды бір қолмен .. (үзбе)

3. Бас киіммен ... (ойнама)

4. Адамды қолмен... (санама)

5. Құстың ұясын.. (бұзба)

6. Бейуақытта ... (ұйықтама)

7. Малды... (теппе, ұрма)

8. Ақты ... (төкпе, баспа)

9. Үйге қарай ... (жүгірме)

10. Қолыңды төбеңе... (қойма)


Төртінші шартымыз: «Сұрақ бізден – жауап сізден» сайысы.

Әр топ қарсылас топқа өздері үйден биылғы атаулы мерекелерге байланысты дайындап келген сұрақтарын қояды. Әрбір дұрыс жауапқа 5 ұпайдан беріледі. Бірінші «Бәйтерек» тобы өз сұрақтарыңызды қойсаңыздар.

«Бәйтерек» тобы өз сұрақтарын «Қызғалдақ» тобына қойды. Жауап берген соң «Қызғалдақ» тобы «Бәйтерек» тобына өз сұрақтарын қояды.

Қазылар алқасы үшінші және төртінші шартымыздың қорытындыларын жарияласаңыздар. Алға шыққан топ Қызылорда қаласына саяхатқа жолдама алады.

«Бәйтерек» тобының ұпай саны –

«Қызғалдақ» тобының ұпай саны –

Бесінші шартымызға көшейік.

Салат жасау. Қыздарымыз салат жасап болғанша, алтыншы шартымыз – жанкүйерлерге кезек береміз. Жанкүйерлер ермексаздан жасаған бұйымдарын таныстырса. Арасында жанкүйерлердің бір әнін тыңдасақ.

Кімдер білгір, кімдер ұшқыр

Салыстырып біз көрдік

Қара қылды қақ жарып,

Әділдік тек айтатын

Ортамызда төбе би

Өзіңізге сөз бердік – деп бүгінгі сайысымызды аяқтай отырып, бесінші және алтыншы шарттардың бағасын беру үшін сөз кезегі қазылар алқасында. Жалпы ұпай саны көрсетілсе. Жеңімпаздар марапатталады.

Сайыстың басында айтып өткендей тосын сыйды жариялаудың сәті келді. Жеңімпаз топ Астана қаласына жолдама алды. /Жеңімпаз топқа Астана қаласының көрікті жерлері түсірілген бейне-таспа табыс етіледі./ Жеңіс құтты болсын! Тәуелсіздігіміз баянды болсын! Сайысымызды аяқтай келе сөз кезегін Жадыра апайға береміз.

Осымен «Тәуелсіздік – қиялымның қанаты» атты Тәуелсіздіктің 24 жылдығына арналған сайыс сабағымыз аяқталды. Назарларыңызға рахмет!


















70 орта мектеп














Тақырыбы: «Тәуелсіздік – қиялымның қанаты»


(Сайыс)

4 сынып

Пән мұғалімі: Ж. Жолдыбаева


Очень низкие цены на курсы переподготовки от Московского учебного центра для педагогов

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 65% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: KURSY.ORG


Общая информация

Номер материала: ДВ-505865

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>