Инфоурок / Дошкольное образование / Конспекты / План занятия для группы с государственным языком обучения
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

ПРИЁМ ЗАЯВОК ТОЛЬКО ДО 21 ОКТЯБРЯ!

Конкурс "Законы экологии"

План занятия для группы с государственным языком обучения

библиотека
материалов

«Әулиекөл ауданының әкімдігінің Аманқарағай «Бөбек» балабақшасы» МКҚК

ГККП «Аманкарагайский детский сад «Бөбек» акимата Аулиекольского района





«Машиналар біздің көмекшілеріміз»






C:\Users\user\Desktop\ЧС меропр-я\утюг2.jpghttps://encrypted-tbn0.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcSpXXwj73oUqGnb6-dkYx5hTY12yreiuC8kbYQuXEi933U7k46udMP-WQ

https://encrypted-tbn0.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcSBlKuDlLDi8Q48rfyClmLI-zgnrLFBk9QmyEzAYU37DNnl5yRwEbwgZ_Bn









«Көгершін» тобының тәрбиешісі: Абиева Ж.С.

2014 оқу жылы



Тақырыбы: «Машиналар біздің көмекшілеріміз»
Мақсаты:Балаларды машина түрлерімен таныстыру.

Балаларды байқағыштыққа, қамқорлыққа , жанашырлыққа тәрбиелеу.

Машиналар біздің көмекшілеріміз екенін түсіндіру.
Шаттық шеңбері

Біз әдепті баламыз,

Біз ерекше боламыз,

Қонақтарды көргенде,

Сәлеметсіздерме! – деп

Сәлемдесіп аламыз.

Тәрбиеші: Балалар бізге келген қонақтарымызбен амандасайықшы.

Балалар: Сәлеметсіздер ме! Здравствуйте!

Тәрбиеші:Балалар, біздің бүгінгі күніміз ерекше болмақ.

-Ал балалар осы сендер балабақшаға таңертең немен келесіңдер?     
- көлікпен.
- Иә барлықтарың көлікпен келеді екенсіңдер, ал сол машинаны неге сендер айдап келмейсіңдер?
- Біз әлі кішкентаймыз, жүргізу куәлігі жоқ, ұстап алса айып-пұл салады деген.    
-Дұрыс айтасыңдар біз ауылда тұрсақта жол жүру ережесін қатаң сақтауымыз керек. 

Балалар қандай машиналар біздің көмекшілеріміз

Қазір мен сендерге жұмбақ жасырамын,сендер сол жұмбақтың жауабын табыңдар.

Жұмбақ жасыру

Жапанда бір жолаушы аузын ашып,

Аяғын келе жатыр жылдам басып,

Жарқырап маңдайынан екі көзі,

Ілезде жеткізеді жерге қашық. (машина)

Тәрбиеші балалардың назарын тақға аударады.

Тәрбиеші:Балалар, мынау қай көліктің дауысы?

Балалар: Өрт сөндіру машинасы

Тәрбиеші:Балалар өрт қайдан шығады?

Балалар: оттық пен ойнағанда

Тәрбиеші: Балалар,өрт тілсіз жау.Отпен ойнама күйерсін.Ойын түбі-өрт.

Тәрбиеші балаларға жұмбақ жасырады.

Ала таяқ ұстаған,

Жол тәртібін нұсқаған.

Өміріңді күзеткен,

Ысқырықпен түзеткен. (Полиция)

Тәрбиеші:Балалар, мынау қай көліктің дауысы?

Тәрбиеші: Балалар полиция қызметкерлері бізге қандай көмек көрсетеді?

Балалар:Полиция қызметкерлері ұрлық жасаған адамдарды ұстайды.

Көше жол тәртібін бұзбас үшін бағдаршам жоқ болғанда.

Тәрбиеші:Балалар полиция қызметкері көшеде белгіленген орындарға барып тұрады.Әртүрлі жағдайда адамдарға көмектеседі.

Тәрбиеші: - Балалар, мынау қай көліктің дауысы?

Балалар: - Жедел жәрдем машинасы.

Тәрбиеші: - Жедел жәрдем машинасы бізге қандай көмек береді.

Балалар: адам өмірін құтқарады.

Тәрбиеші:Дұрыс айтасыңдар, балалар. Себебі, олар адам өмірін құтқаруға асығып бара жатады. (слайд)

Балалар Өрт сөндіруші машинасының ,полиция машинасыны,жедел жәрдем машинасынын адамға тигізер пайдасы өте көп.

Сонымен балалар біз көп нәрселермен таныстық, сабақ сендерге ұнады деп ойлаймын қазір енді осы өздеріңе ұнаған машиналарды жапсырамыз.

Тәрбиеші:Балалар машианаларды жасамас бұрын балалар саусақтарымызды, бойымызды сергітіп алайық.

Сергіту жаттығуы ( музыкамен )


Саусақты жаттығу

Оң қолымда бес саусақ,

Сол қолымда бес саусақ,

Бесті беске қосқанда

Болып шықты он саусақ.

Тәрбиеші:Балалар мынау қандай пішін?

Балалар: шаршы.

Тәрбиеші: Балалар шаршынын ұштарын қиып жапсырамыз.Біз осы шаршыдан домалақ қыйып, менің үлгім бойынша машинаны жапсырамыз. Қайшыны дұрыс ұстаймыз, себебі қайшы қауіпті. Бір-бірімізге бөгет жасамаймыз.

(Тәрбиеші әр балаға жеке тақалып жақсы қиып жатқандарын және ұқыпты жапсыру керектігін айтады)

Балалар кім жұмысын аяқтап болды.Енді сендермен ойын ойнаймыз.Жасаған машиналарынды гараждарға апарып қояйық.

«Гараждар»

Ойынның мақсаты: геометриялық пішіндер жайлы білімдерін бекіту; ойлау қабілеттерін дамыту; жағымды көңіл-күйлерін қамтамасыз ету.

Ойынның құрал-жабдықтары: бала саны бойынша суреті бар рульдер, дәл сондай суреті бар гараждар.

Ойынның мазмұны: Балалар жүргізуші болады. Қолдарына суреті бар рульдерді таратып беру. Белгі бойынша балалар көліктерін жүргізіп ойнайды. «Көліктеріңді гараждарыңа апарып қойыңдар» - деген кезде, рульдегі суретіне ұқсас суреті бар гараждың жанына барып тұра қалады.

Қорытынды.

Тәрбиеші: Балалар экранға назар аударайық, не көріп тұрсыңдар?Қандай белгілер.Қандай нөмірге қонырау шалу қажет.

Балалар: Өрт сөндіру машинасы 101 нөміріне қонырау шалу қажет.

Тәрбиеші Балалар қандай машинаны көріп тұрсындар?Қандай нөмірге қонырау шалу қажет.

Балалар: полиция машинасы 102 нөміріне қонырау шалу қажет.

Тәрбиеші:Келесі қандай машинаны көріп тұрсындар?

Балалар:Жедел жәржем машинасы 103 нөміріне қонырау шалу қажет.

Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар. Міне сондықтан машиналар біздің көмекшілеріміз.

Қане, балалар осыған байланысты бір- бірімізге қандай тілек айтамыз?

Хормен

Тәртіптін бәрін білейік,

Аман есен жүрейік!

Тәрбиеші: Бүгін мен сендерге өте ризамын. Сендер сондай мейірімді, қайырымды балалар екенсіңдер. Сендерге көп рахмет.

Балалар қонақтармен қоштасады.












Сабақтың тақырыбы: «Машинаның пайдасы»

Сабақтың мақсаты:Балалардың көлік түрлері жайлы білімдерін кеңейту. Балалардың қызығушылықтарын дамыту.Арнайы көліктердің қажеттілігі туралы білімдерін бекіту,олардың маңызын түсіндіру.

Көрнекі құралдар: әр түрлі көлік ойыншықтары және көлік туралы суреттер

Әдіс-тәсіл:сұрақ-жауап, көрсету, түсіндіру, үйрету,әңгімелеу,ойын,слайдпен жұмыс.

Билингвалдық компоненті:көлік-транспорт,есік-дверь,терезе-окно,дөңгелек-колесо.

Алдың-ала жасалған жұмыстар:көліктермен танысу әні

Жеке жұмыс: Әр баламен, топпен.

Сабақтың барысы:

І-бөлім. Ұйымдастыру сәті.

Балалар шеңбер бойына жиналып тұрады.

Шаттық шеңбер:Арайлап таң атты,

Алтын шуақ таратты.

Қайырлы таң,балалар,

Қайырлы таң,конақтар.

Тәрбиеші:Күндей жадырап,

Айдай арайлап,

Жұлдыздай жарқырап,

Судай мөлдір таза көңілмен

Бүгінгі күнімізді бастайық.

-Балалар,бұл ненің дыбысы? Дұрыс айтасындар,бұл көліктің дыбысы.

-Сендер көліктің қандай түрлерін білесіңдер?

-Балалар,сендер бүгін немен балабақшаға келдіңдер?

-Дұрыс,машинамен.

Арлан бізге машина туралы тақпақ айтып береді.

Төрт аяғым дөңгелек,

Адамсыз мен жүрмеймін,

Барлық жерге жеткізіп,

Қаласаңыз апарам.

- Машинаны кім жүргізеді?

- Жүргізуші.Владик жүргізуші туралы тақпақ айтады.

би-би-би машинамен

тук-тук-тук моторымен

жол жүріп келе жатырмыз

дөңгелектер дөңгелеп

зуылдайды шу-шу деп

асығады та-та-та

тез жетеміз бақшаға!

-Қазір,балалар,біз көліктер автосалонға саяхатқа барамыз.

Автосалон алыс,шаршаймыз.Сондықтан біз баратын көлікті тандайық.Немен барамыз?(ұшақтың,кеменің,автобустың суретін көрсетемін)

-Жарайды,автобуспен барайық.

-Міне көлігіміз де келіп қалды.Көлікке отырайық. Контролер:Балалар,билет сатып алындар. Жүргізуші:есік жабылады.

-Автосалонға келдік ,(балалар тұрады,шығады)

-Балалар,карандаршы мынау жерде қандай көліктер бар?

-Дұрыс айтасыңдар.Бір сөзбен айтқанда бұларды жеңіл көлік деп айтамыз.Олар адамдарды тасымалдайды.

-Мына жерде де көп машина бар екен,қарандаршы.Қандай тамаша,ғажайып,әдемі!

-Бұл қандай машиналар екен? Дұрыс,бұл жүк машиналар.Олар жүк тасиды,қандай жүк тасиды?

-Автосалон ішінде тағы бір экспонат бар.Бұл қандай көліктер екен?

-Бұл көліктер адамның өмірінде маңызды орын алады.Өйткені олар адамдарға манызды қызмет атқарады.Оларды қажетті көліктер деп айтуға болады.

Мысалы:адам ауырып қалғанда біз дәрігерді шақырамыз,ал ол жедел жәрдем машинамен келеді.

Полиция көлігі адам қауыпты жағдайға ілінсе көмекке келеді.(Если жизнь человека находится в опасности,мы вызываем работников полиции.)

Өрт сөндіру машинасы адамға өте қажет.Өйткені, өрт- тілсіз жау, -деп бекер айтпаған.Өртті тез сөндіру үшін біз өрт сөндірушілерді шақырамыз.

Олар өте тез келеді,өртті тез сөндіреді

Балалар машинаның дыбыстарын тындайды:

Сергіту сәті:Күні бойы жұмыс жасап

Шаршап кеті бірақ

Ол ағаш,балшық кірпіш,құм мен тас

Құрылысқа бәрін әкелді

Машинаны тазартып жуды.

-Автосалонға саяхатқа бардық.Енді балабақшамызға қайтатын уақыт келді.

Көлікке отырайық- Біз көлікке отырамыз,моторды қосамыз

Жеткізеді ол бізді,біздің «Бөбегімізге»

-Аялдама,шығамыз,балабақшаға келдік.

Саусақ жаттығу: «Жүргізуші»

Оң қолымда бес саусақ,сол қолымда бес саусақ

Беске бесті қосқанда болып шықты он саусақ.

-Балалар,біз автосалонға барғанда фотоаппарат алмаппыз,егер фотоаппарат болса біз бәрінде суретке түсіріп есімізде қалатнет.Қап,енді не істейміз?

-А,маған бір ой келді.Біз қазір автосалонда көрген көліктерді апликация ретінде жасаймыз.

-Мына машинаға қарандаршы,машинаның бөлшектері қандай геометриялық пішіндерге ұқсайды?

Жеке жұмыс.

-Сонымен,біз бүгін қайда бардық?Онда не көрдік?Қандай қажетті көліктерді көрдік?

-Ал енді машина туралы өлең айтайық. «Бип-бип-бип»








Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 25 октября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДВ-517727

Похожие материалы