Инфоурок / География / Конспекты / План урока по географии

План урока по географии



Московские документы для аттестации!

124 курса профессиональной переподготовки от 4 795 руб.
274 курса повышения квалификации от 1 225 руб.

Для выбора курса воспользуйтесь поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВА).

ДИПЛОМ от Столичного учебного центра: KURSY.ORG


библиотека
материалов

Сабақ жоспары

6 а сыныбы

Физикалық география


Тақырыбы

Гидросфера тарауын қорытындылау

Сілтеме

Кітаптағы мәтін, суреттер, Атлас картасы. 6 сынып оқулығы, авторы: Бірмағамбетов Ә, Мамырова К.

Жалпы мақсаттар

  1. Гидросфера тарауы бойынша білімдерін бекітіп, ойларын жинақтайды.

  2. Географиялық көзқарасты, дүниетанымын, картамен жұмыс істеуді одан әрі дамыту.

  3. Оқушылар қоршаған ортаны қорғауға үйренеді.

Оқыту нәтижелері

Тапсырмаларды орындау барысында оқушылар кітаптағы мәтінмен өз бетінше жұмыс жасай отырып оқушылар мұғаліммен және бір бірімен пікір алмасады. Ойларын ортаға салады, дәлелдейді, зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Зерттеу барысында туындаған қиындықтардан шығу жолдарын қарастырады.

Негізгі идеясы

Оқушыларға дайын тапсырмалар бермей ойланту арқылы жұмыс түрлері беріледі. Ойланту, ой тастау жобасы арқылы топтық тапсырмалар беріліп, оқушыларды өздерінің атқарған жұмыстарына жауапкершілікпен қарауларына ықпал ету.

Сабақтың көрнекілігі

Сабақтың түрі

Қолданылатын әдіс тәсіл

Пәнаралық байланыс

Карталар, атлас картасы, кітаптағы кестелер, суреттер



Қорытынды сабақ

СТО технологиясы



Экология, қазақ тілі

Өту барысы

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті


Ұйымдастыру

Амандасып, түгендеу, сабаққа психологиялық тұрғыдан дайындау, жақсы тілектер айту.

Сабаққа қажетті құрал-жабдықтарын әзірлеу, сабаққа зейіндерін аударту.



1 мин

Сабақтың мақсатымен таныстыру

Сабақтың тақырыбымен таныстыру

Мақсатын айқындау және таныстыру

Сабақ мақсаты туралы пікірлерін айтады

1-2 мин

Қызығушылықты ояту кезеңі

Ең алдымен оқушыларды 2 топқа бөліп алу.

Топ басшылары бір-біріне сәттілік тілей отырып сабаққа кіріседі. Кітап бойынша қайталап алады. Миға шабуыл стратегиясы. Жалпы Гидросфера тақырыбына байланысты фронтальды түрде сұрақтар қою.

Тақтада жазылған сұрақтарға жауап береді.

  1. Дүниежүзілік мұхиттың алып жатқан көлемі қанша млн.шаршы км ?

  2. Дүние жүзіндегі ең ұзын өзен?

  3. Дүние жүзіндегі ең суы мол өзен?

  4. Ең үлкен көлемді мұхит?

  5. Ең үлкен арал?

  6. Ең суық мұхит?

  7. Ең жылы мұхит?

Бұл сұрақтар тақтада көрсетіледі алдарына жеке парақ түрінде де беріледі. Топпен бірлесе отырып жауап беруге тырысады.

Жауаптары:

1. 361 млн.шаршы км

2. Ніл өзені

3. Амазонка өзені

4. Тынық мұхиты

5. Гренландия аралы

6. Солтүстік Мұзды мұхит

7. Үнді мұхиты


5

мин

Негізгі идеяны ашу

Ойтолғаныс кезеңі

Сабақтың барысында негізгі идеяны ашу үшін оқушыларға бағыт беру, түрткі болу, өткен тақырыпты бекітуге, ой қорытуға, нәтижеге жетуге жоспарлау.

2 топқа тапсырма беріледі. Оқушыларға Дүниежүзілік су айналымы яғни

1 топ кіші су айналым туралы ,

2 топ үлкен су айналым туралы плакаттарға өз білгендерін жаза отырып қорғайды.

Оқушылар өз жұмыстарын қорғап болғаннан кейін Бейнеролик: Жапонияда болған цунамиден көрініс көрсетіледі.


Сабақтың барысындағы негізгі идеяны ашу үшін өткен тақырыпты талдайды, ой қортады. Нәтижеге бағыттайды. Негізгі ойды талдап, географиялық терминдер мен түсініктерге талдау жасайды, дәлелдейді, салыстырады, ойларын бекітеді.

Бұл тақырыптың ең маңызды керекті жерлерін әрбір оқушы дәптерге жаза отырып, тақтаға шығып диаграмма, не болмаса сурет түрінде, тірек сызба түрінде жасап мұғалімнен баға алуға тырысады.

Оқушылар бұл бейне роликтің жауабын табуға тырысады.

15-мин

Қазақ тілі сабағымен байланыс

«Почта» ойыны. Тақатада гидросферадан почта келді атты плакат ілініп тұрады. Оның ішінде Су қадірі туралы мақал-мәтелдер жазылған, яғни аяқталмаған.

1 топқа: «Тау кезеңсіз болмас, өлке ... болмас»

«...жер құрақсыз болмас, таулы жер бұлақсыз болмас»

«Су ішкен ... түкірме»

2 топқа: «Су анасы - ...»

«Сулы жер - ... жер»

«...да сұрауы бар»

Оқушылар почтадан келіп өз сұрақтарын алып аяқталмаған сөйлемді аяқтайды.







Жауаптары:

1 топ: 1. Өзенсіз

2. Сулы

3. Құдығыңа

2 топ: 1. Бұлақ

2. Нулы

3. Судың


5 мин

Көрнекіліктермен жұмыс

Джигсо әдісі арқылы

2 топқа 2 материктің кескіндері, яғни пазлдар арқылы беріледі. Олар берілген уақыт арасында сол материктерді сәйкесінше құрап ондағы ең ірі өзендер мен көлдердің атауын атап шығуы тиіс.

Джигсо әдісі арқылы бір-бірімен бірлесе отырып жұмыс жасайды, таласпай, бірігіп өзендер мен көлдер атауын атап шығуы қажет.

5 мин

Бекіту

Сабақты оқушылармен біріге отырып қорытындылайды.

Сәйкестік тест орындату

Анхель – Ағыс

11022м - Байкал көлінің тереңдігі

Промилле – жер сілкінуден туатын толқын

Гольфстрим – Сарқырама

Цунами – тұздылық көрсеткіші

1620м – Мариан шұңғымасының тереңдігі




Гидросфера тарауына байланысты арналған сәйкестік тест


3мин




















Қорытындылау. Ақылдың алты қалпағы



Алты қалпақтың әрқайсысы ойлаудың түрлі элементтерін, аспектілерін білдіреді. Оқушыларға 6 қалпақ

(Ақ қалпақ – мәтіндегі негізгі ақпараттар, Қызыл қалпақ – ішкі сезім, Қара қалпақ – теріс негативті ойлау, Сары қалпақ – логикалық позитивті, Жасыл қалпақ – Шығармашылық ойлау, Көк қалпақ – қорытынды) беріледі олардан мәселені талқылау барысында барлық ой операцияларын (ойлану, талдау т.б.) осы қалпақтың түсіне сәйкес келетін шекте жүргізу сұралады. Бұл әдістің көздегені: осылайша мәселенің немесе ойдың барлық аспектілерін қамтитын карта жасау.




Әрбіріне осы қалпақтарды таңдалып алынғаннан кейін сәйкесінше қорытындылайды.






3 мин



Бағалау

Оқушыларды бағалау блум ағашы

Өздерінің алған білімдерін бағалай отырып блум ағашын сәкестендіріп бағалайды.

2 мин

Үйге тапсырма

Мәтінді қайталап оқу. Өзіңді тексер сұрақтарына жауап беру.

Оқушылар күнделіктеріне берген тапсырманы жазып алады.

1 мин




Очень низкие цены на курсы переподготовки от Московского учебного центра для педагогов

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 65% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: KURSY.ORG


Краткое описание документа:

Тақырыбы

Гидросфера тарауын қорытындылау

Сілтеме

Кітаптағы мәтін, суреттер, Атлас картасы. 6 сынып оқулығы, авторы: Бірмағамбетов Ә, Мамырова К.

Жалпы мақсаттар

1.      Гидросфера тарауы бойынша білімдерін бекітіп, ойларын жинақтайды.

2.       Географиялық көзқарасты,  дүниетанымын, картамен жұмыс істеуді одан әрі дамыту.

3.      Оқушылар қоршаған ортаны қорғауға үйренеді.

Общая информация

Номер материала: 162352

Похожие материалы