План урока по казахскому языку "Сенің отбасың қандай?" (6 класс)

Предпросмотр материала:

Сыныбы.  6

Сабақтың тақырыбы. Сенің отбасың қандай?.

Сабақтың мақсаты:

 І Білімділік   Оқушыларды қазақ тіліне үйрету, қазақ тіліне тән  

                                         дыбыстарының айтылуы мен жазылуын  қадағалау.      

                                         Оқушылардың білім-білік дағдыларын      

                                          қалыптастыру. 

                                 

ІІ Дамытушылық   Оқушыларды сөйлету арқылы тілдік қорларын 

                                           молайту, ой- өрістерін дамыту.

                ІІІ Тәрбиелік   Оқушыларды үлкенді құрметтеуге, кішіні сыйлауға, 

                                           досты бағалауға тәрбиелеу.

 

Сабақтың түрі:              Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі:             Сұрақ –жауап, түсіндірмелі, талдау, әңгімелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Карточкалар.

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі

Амандасу, оқушыларды түгендеу. Оларды сабаққа бейімдеу.

 

ІІ Үй тапсырмасы

Оқушылардан үйге берілген тапсырманы сұрау.

 

ІІІ Жаңа сабақ

Жаңа сабақ тақырыбымен таныстыру, мақсатын қою.

Жаңа сөздермен таныстыру.

IV Жаңа сөздер

Сөздік

тату - дружный                                     ынтымақты-дружный

сыйластық- взаймоуважение              шағын-небольшой

үлкен- здесь: взрослый                       келісу- прийти к соглашению

түсіну – понимать                               жайдары- приветливый, веселый

ренжісу-рассориться    

 

V Дәптермен жұмыс

Жаңа сөздер бойынша сөйлемдер құрап жазу.

1-тапсырма.  Берілген сөздерді септету.

Атау (им.) Кім? (кто?), не? (что?)                                     

Ілік (родит.) Кімнің? (кого?),

ненің? (чего? Чья? Чьё?)                                                    

Барыс (дат.) Кімге? (кому?), неге? (чему?), 

 қайда? (куда?)                                                                   

Табыс (вин.) Кімді? (кого?), нені? (что?)                         

Жатыс (мест.) Кімде? (у кого? В ком?),        

 неде? (у чего? в чём? На чём?),

қайда? (где?), қашан? (когда?)                                           

Шығыс (исх.) кімнен? (от кого?), неден?

(от чего?), қайдан? (от куда?)                                           

Көмектес (тв.) Кіммен? (с кем?),                     

 немен? (с чем?)  

 

1-тапсырма. Бос орынды керекті сөздермен толықтырыңдар.

Досымның інісі_____________.

Менің қарындасым________________.

Менің отбасым________________.

Диманың анасы_________________.

Катеринаның атасы мен әжесі__________________________.

 

Керекті сөздер: үлгілі, бауырмал, ашық, мейірімді, қарапайым адамдар.

 

2-тапсырма.  Берілген сұрақтарға үлгі бойынша жауап беріңдер.

Үлгі:

Айдын, сенің отбасың тату ма?

Иә, менің отбасым тату.

Жоқ, менің отбасым тату емес.

 

Айша, сенің ағаңның мінезі жайдары ма?

...........................................................................

Егор, сенің інің сені сыйлай ма?

............................................................................

Марат, сен қарындасыңның сабағына  көмектесесің бе?

................................................................................................

Алдияр, сен ата-анаңды тыңдайсың ба?

................................................................................................

 

3-тапсырма. Берілген сөздерден сын есім жасаңдар.

  Білім, сапа, бауыр, төзім, ықылас, көңіл, сана, ашу.

 

VІ  Тақтамен жұмыс

Оқушыларды тақтаға шығарып фонетикалық талдау жасату және септету.

 

VІІ  Оқулықпен жұмыс

 

4- тапсырма. Диалогті пайдалана отырып, өзара сөйлесіңдер.

-         Жанар, отбасы мүшелері қандай болуы керек деп ойлайсың?

-         Отбасындағы адамдар бір- біріне өте жақын, туыс адамдар болғандықтан тату болуы керек.

-         Оны қалай түсінесің?

-         Мысалы, ағасы інісіне, інісі ағасына сыйластықпен, жанашырлықпен қарау ерек.

-         Кейбір отбасында апалы-сіңілі немесе апалы- бауырлар көп ренжісіп, бастары сыйыспайды ғой?

-         Иә, меніңше, олар туыстық дегенді түсінбейді.

-         Мүмкін, олар бала болған соң солай істейтін шығар.

-         Әйтсе де, бір үйдің балалары бірін- бірі сыйлап, жақсы көрулері керек, бауырмал болулары керек.

-         Мен сенің ойыңмен келісемін,  сыйластық бар жерде туыстық бар.

 

5-тапсырма . Суретке қарап, әңгіме құраңдар.

VIII  Шығармашылық жұмыс

IX Қорытынды

Оқушыларға сұрақтар қою арқылы  өткен тақырыпты қалай меңгергендерін тексеремін.

X   Бағалау

Оқушыларды білім деңгейлеріне байланысты бағалау

XI Үй тапсырмасы

Сұхбаттасу.

 

Краткое описание материала

План урока по казахскому языку "Сенің отбасың қандай?" (6 класс)

    DOCX

Файл будет скачан в формате:

    DOCX

Краткое описание материала

Автор материала

Каниева Гулден Умиртаевна

учитель казахского языка и литературы, классный руководитель 6 "А" класса

  • На сайте: 11 лет и 1 месяц
  • Всего просмотров: 239457
  • Подписчики: 0
  • Всего материалов: 51
  • 239457
    просмотров
  • 51
    материалов
  • 0
    подписчиков

Настоящий материал опубликован пользователем Каниева Гулден Умиртаевна.
Инфоурок является информационным посредником. Всю ответственность за опубликованные материалы несут пользователи, загрузившие материал на сайт. Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете на материал.

ИИ для создания материалов

Создавайте материалы с ИИ

Если готовые материалы не подошли — помогут нейросети

Конспекты, тесты, презентации, рабочие листы и другие материалы по ФГОС — под ваш урок, класс и цели занятия за пару минут.

Попробовать бесплатно

Выберите инструмент

~230

Нейросети могут ошибаться. Обязательно проверяйте ответы.

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы: