Инфоурок Начальные классы КонспектыПлан урока по самопознанию на тему:"Іңкәр көңіл, нәзік сезім"

План урока по самопознанию на тему:"Іңкәр көңіл, нәзік сезім"

Скачать материал

Тақырыбы:   “Іңкәр көңіл, нәзік сезім”

(«Өзін-өзі тану » пәні бойынша 10 сыныпқа арналған сабақ)

                                   Мен шын көңілден Махаббат  дегеніміз қасиетті құбылыс деп   санаймын. Оның әрбір көрінісі – жұбайлық, ата-аналық, балалар махаббаты, қоршаған әлемге деген құштарлық бізді одан әрі ізгілікке бастап, жетілдіре түседі.

                                                                                                            С.Назарбаева

Мақсаты: махаббатың жалпыадамзаттық құндылық ретіндегі мәнін ашу

Міндеттері:

-            адамның ең жоғары нәзік, қастерлі сезімі ретінде махаббаттың тұлғалық мәнін ұғындыру;

-          - ұнату, алғашқы махаббат сезімдерін ажырата алу дағдыларын дамыту;

-          - сүйіспеншілік сезім мәдениетіне тәрбиелеу

Көрнекілігі: слайд

Шаттық шеңбері: Оқушыларды шаттық шеңберіне шақырып, бүгінгі сабақта   «Махаббат» адам өміріндегі шынайы сезім құдіретті және сүйіспеншілік екенін айтып, үнтаспадан М.Садуақасова орындауында «Сүйген жүрек» атты әсем әнді тыңдату

Ойланайық, пікірлесейік: Енді «Махаббат» деген ұғымға түсінік берейік. Осы сөзді естігенде ойларыңа не келеді? (жауаптар беріледі). Осы сөзді естіген адамның ойына бірден өзінің туған жері, елі, Отаны, ата-анасы, екі ғашықтық арасында ұлы сезімі, туған туысы, өскен ортасы, табиғат аясы түсері сөзсіз.

Мәтінмен жұмыс: Сабақ тақырыбының мәнін аша түсіндіру мақсатында  әңгімелесу ұйымдастырылып, оқушылар слайд арқылы  Г. Сайынқызының  «Күн ұрлаған күн» мәтінен үзіндіні оқып шығады:

-          Егер Күнайдың орнында болсаңыз не істер едіңіз,

-          оның шешімін құптайсыз ба?

-          Сырыңызды кіммен бөліскен дұрыс деп ойлайсыз?

-          Нәзік сезім дегенді қалай түсінесіз?

-          Осындай сезімді басыңыздан өткіздіңіз бе?

(оқушылардың жауаптары тыңдалады)

Жаңа ақпарат: Жасөспірімдер арасындағы  достық кейде үлкен сезімге ұласады. Ұл бала мен қыз баланың  арасындағы осындай ізгілікті достық және жеке ықыласты қарым – қатынасынан балауса махаббат сезімі өрістейді. Жүрегіне балауса сезім, алғашқы махаббат ұялаған жан ерекше көңіл – күйге бөленеді. Ол ұнатқан адамына аса бір сүйіспеншілікпен іңкәр көңілмен қарап, нәзік сезімін білдіруге тырысады. Алғашқы махаббат, балауса сезім әр адамның жүрек қалауынан Туындайды. Албырт сезім жүрек қалауын қанағаттандыруға ғана емес, адамгершілік қадір – қасиеттерін өзара құрметтеуге негізделгенде ғана шынайы сезімге ұласады.

Екі ғашықтың арасындағы махаббат

Сезімдердің патшасы ол – махаббат. Махаббат сезімі – барлық адамзат баласына берілетін ұлы да, құдіретті сезім! Алла біздің табиғатымызға ғажайып күй – махббатты сыйлады. Махаббат – бұл өзіңе жақын адамыңды тура өзің секілді санау, кей жағдайларда оны өзіңнен де биік есептеу. Нағыз махаббат үнемі мәңгілік болуға ұмтылады. Шынайы махаббат адам жанына қасиетті зат ретінде беріледі. Ол -   байсалды, тегіс әрі тыныш сезім. Махаббат – қадірлі де асыл нұр. Ол тек екі ғашық жандардың ғана жүрегінде болады. Бұл сезімді тек олар ғана көре алады. Ол адаммен араласу ешқандай ішкі сезім мен артық сөзсіз жүзеге асырылады. Өйткені екі ғашық адамның арасында өзара туыстық, жақындық, рухани үндесушілік пен асыл мұраттар бір арнаға түйіскен. Махаббат – бұл әлемдегі ең таза, пәк, шынайы сезім. Кім жақсы көрсе, сол өзінің сүйіктісінің алдында бас  иеді. Оның бойынан әлемдегі барлық асыл қасиеттерді табуға ұмтылады, оны өмір бойы сақтауға тырысады. Махаббат сезімі екі ғашықтың балғын жүректерін ыстық сезімге бөлейтіні анық. Әрбір адам өзіне берілген осындай керемет сезімді қадірлеп, аялау білуі керек. Сол кезде ғана адам бақыты болады.

Отбасыға деген махаббат

Отбасыға деген махаббат – ана мен баланың, әке мен баланың, ерлі зайыптылардың бір-біріне махаббаты. Осы махаббатқа қанып өскен бала да болашақта отбасын, елі мен жерін сүйетін, жүрегі мейірім мен адамгершіліке толы, рухани кемел адам болуы кәміл.  Ең алдымен жақынын сүйіп бағалай білген адам қоғам үшін де маңызды тұлғаға айналмақ. Себебі, “Отан – отбасынан баста алады”. Отбасы махаббатының ішінде ананың балаға деген махаббаты, жаратушының өз пенделеріне деген махаббатын еске түсіреді. Себебі, ана кешірімді, ана – қамқор, ана  - мейірімді, ана – құтқарушы. Ол өз баласын жасаған қателектері мен нашар қасиеттеріне қарамастан құлай сүйеді. Ол баласы үшін адам қиялы жетпес құрбандықтарға бара алады. Ал баланың махаббаты ана тарапынан өзіне деген дәл сондай нәзіктік туындата алатын нәзіктікке толы, баланың анаға деген махаббаты аяулы сезімдермен байланысты болады.

 

 

 

Отанға деген махаббат

Бұл ұғым тек біздің халқымызда ғана емес, басқа да көптеген елдерде “Отан -Ана”, “Жер-Ана” деп ана махаббатымен теңестірілген. Бұл теңістіру – анаңды қалай сүйсең, оның алдында қаншалықты қарыздар болсаң, Отан алдында дәл сондай борыштарсың дегенді білдірсе керек.  Шындығында да ана құрсағынан басталған алғашқы сезімдер есейе келе Отанға деген махаббатқа ұласады. Отанға деген махаббаты айтқан кезде де біз, “соғыс бола қалса, қолға қару алып аттану” деп ұғатынымыз да жасырын емес. Алайда “Отан”  ұғымына оның халқы, жері, салты мен дәстүрі, дегенде қарумен қорғауды емес, оның өсіп-өркендеуіне үлес қосу, рухани құндылықтарының арзандамауына, аяқ асты болмауына еңбек етуді де ойлауымыз керек. Халқымыз өз анамыздың құшағынан шығып Жер-Ананың құшағына барамыз деп есептеп Өмірге “Тал бесіктен  - Жер бесікке дейінгі жол” деген анықтама берген. Яғни Отанға деген махаббатты сырт көзбен емес, жүрекпен ұғатын адамгершілік құндылықтар қатарына жатқызған.

 

Шығармашылық жұмыс: «Махаббат дегеніміз не?»

Оқушылар түрлі-түсті қағаздан «жүректерді» қиып, оған «Махаббат дегеніміз не?» сұраққа жауап беріп, өзінің ең жақын досыңа тілегін жазады

(шығармашылық тапсырманы орындаған кезде М. Омаровтің «Алғашқы махаббат» әнін қосу)

 

Әңгімелесу:

       Алғашқы сезім, балауса махаббат дегенді қалай түсінесіз?

        Сезім әркез екі жақты бола ма?

        Қыз баланың бірінші болып өз сезімін білдіруіне қалай қарайсыз?

        Егер біреуді ұнатсаңыз, сезіміңізді ашық айтуға дайынсыз ба?

Дәйексөз: Сүюдің сырын көзден көрме, көңілден ізде. Білгің келсе,

                   Сүйер я сүймесін. Ашып қара көңілің күймесін

Ж.Баласағұнның дәексөзінен әрқайсылары өз ойларын ортаға салады.

Тренинг «Сырласатын конверт». Әр оқушы мұғалім ұсынып отырған конверттен бір-бір сұрақтан таңдап, өз жауабын сынып алдында жария етеді.

Жағдаятты шешу. Сұрақтарға  жауап беріңіз.

   Азамат біраз уақыттан бері бір сыныптасын ұнатады. Мөлтек сырын ішіне сақтап, сезімін достықпен жасырып жүр. Олар сыныптағы түрлі мәселелер жайлы әңгімелескенмен, өз сезімі туралы сөз қозғамайды.

            Оған қандай ақыл-кеңес берер едіңіз?

           Азаматтың сезімін білдіре алмауының себебі не деп ойлайсыз?

Қорытындылау: Махаббат – айдынында жүзіп жүрген жан тәтті сезім мен қиял құшағында болады. Сол айдында өмірінің соңына дейін жүзе беруді қалап, жағалауға шыққысы келмейтіні хақ. Керемет өмірдің сәнін келтіретін дүние – ол махаббат.

Жүректен жүрекке:

Оқушылар шеңберге тұрып, бір-біріне «жүрек» символды

 жалғай отырып, жылы тілектерін айтады

«Гүлдәурен» әнін хормен айту.Сөзі мен әні М.Шахановтікі

 

                                                                                             

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "План урока по самопознанию на тему:"Іңкәр көңіл, нәзік сезім""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Корреспондент

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Тақырыбы:   “Іңкәр көңіл, нәзік сезім”

(«Өзін-өзі тану » пәні бойынша 10 сыныпқа арналған сабақ)

                                   Мен шын көңілден Махаббат  дегеніміз қасиетті құбылыс деп   санаймын. Оның әрбір көрінісі – жұбайлық, ата-аналық, балалар махаббаты, қоршаған әлемге деген құштарлық бізді одан әрі ізгілікке бастап, жетілдіре түседі.

                                                                                                            С.Назарбаева

Мақсаты: махаббатың жалпыадамзаттық құндылық ретіндегі мәнін ашу

Міндеттері:

-            адамның ең жоғары нәзік, қастерлі сезімі ретінде махаббаттың тұлғалық мәнін ұғындыру;

-          - ұнату, алғашқы махаббат сезімдерін ажырата алу дағдыларын дамыту;

 

-          - сүйіспеншілік сезім мәдениетіне тәрбиелеу 

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 178 материалов в базе

Скачать материал

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 21.01.2015 1162
    • DOCX 43.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Дарменова Ботагоз Темиржановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 9 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 5979
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 14 регионов

Курс повышения квалификации

Специфика преподавания информатики в начальных классах с учетом ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 39 человек из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 284 человека

Курс повышения квалификации

Развитие критического мышления у младших школьников в условиях обновленного ФГОС НОО

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 74 человека из 27 регионов
  • Этот курс уже прошли 718 человек

Курс повышения квалификации

Дислексия, дисграфия, дискалькулия у младших школьников: нейропсихологическая диагностика и коррекция

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 1181 человек из 82 регионов
  • Этот курс уже прошли 4 547 человек

Мини-курс

История архитектуры: от классицизма до конструктивизма

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 32 человека из 18 регионов
  • Этот курс уже прошли 16 человек

Мини-курс

Договоры и их правовое регулирование

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 24 человека из 14 регионов

Мини-курс

Архитектурное творчество для подростков (обучение детей от 12 лет и старше)

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе