Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Воспитательная работа / Конспекты / Планирование "Ата-аналармен жұмыс" (7 класс)

Планирование "Ата-аналармен жұмыс" (7 класс)

Идёт приём заявок на самые массовые международные олимпиады проекта "Инфоурок"

Для учителей мы подготовили самые привлекательные условия в русскоязычном интернете:

1. Бесплатные наградные документы с указанием данных образовательной Лицензии и Свидeтельства СМИ;
2. Призовой фонд 1.500.000 рублей для самых активных учителей;
3. До 100 рублей за одного ученика остаётся у учителя (при орг.взносе 150 рублей);
4. Бесплатные путёвки в Турцию (на двоих, всё включено) - розыгрыш среди активных учителей;
5. Бесплатная подписка на месяц на видеоуроки от "Инфоурок" - активным учителям;
6. Благодарность учителю будет выслана на адрес руководителя школы.

Подайте заявку на олимпиаду сейчас - https://infourok.ru/konkurs

  • Воспитательная работа

Поделитесь материалом с коллегами:

Баяндама

Өмірдің мәні – бала , сәні – бала ,

Баланың бас ұстазы – ата - ана.

Адам баласы үшін баладан артық байлық жоқ.Бала өміріміздің мәні де, сәні де , бала - бауыр етіміз.Ия , біз аялап өсіріп баптаған баламыздан үлкен үміт күтеміз.Ел таныған азамат атанғанын , өзіміз жетпеген биіктерге шыққанын армандаймыз.

Сонымен қатар , баламыздан өзімізге деген сыйластықты ,ата –ана ретінде құрметпен қарауын талап етеміз.Баламыз өз бетімізден алып бажаңдап отырса , оның сөзін көтере алмаймыз. «Неге әке-шешеге қарсы сөйлейсің ?» , «Неге бетімнен аласың -?» , «Қырсықпа , қасарыспа менімен !» , «Менімен ашық сөйлеспейсің , әңгіме айтпайсың !» т.б. осылай баламызға сын тағып отыратынымыз бар.Осындай «негелерді» баласына қоятын ата-аналар көп.Олар баласының өздеріне осындай қарым-қатынас жасайтындығына бірауық өздерінің қатысы бар екендігін білер ме екен? Ия , кейде іштей мойындау да мүмкін ,мойындамайтындар да бар ғой. «Өз балаларыңызды сүйе отырып , оларды сізді де сүюге үйретіңіз , үйретпесеңіз - қартайған шағыңызда көз жасыңызды төгесіз" деген екен өткен ғасырымызда бала тәрбиесі жөнінде біраз еңбек сіңірген ғалым – ұстаз В. А.Сухомлинский.

Осы мәселелерге байланысты өз 7 «Г» сыныбымның ата-аналарымен «Не ексең , соны орасың» тақырыбында ашық –тәрбие сағаты-тренингін өткіздім.Бұл жиын жаңа әдіс –тәсіл бойынша жүргізілді.Барлығы орнынан тұрып , шеңбер жасады. «Бала үшін ата-ана кім ?» деген сұрақ тастадым.Әр ата-ана кезегімен жауап берді.Үш топ боп бөлінетіндігімізді , яғни «Әке» , «Шеше» , « Бала» топтары боп не себепті бөлініп отырғанымызды сұрадым , бүгінгі тақырыбымыз болғандықтан осы атаулар алынған шығар деген мағынадағы жауаптар алынды. «Балаларыңызды қандай сөздермен еркелетесіздер ?» - дегенімде , қай - қайсысы да мейірімділікті, жақсы көрген кездеріндегі айтатын сөздерін атап өтті. Үш топқа да стикер таратылды , соған балаларына қатты ренжіген кезде қандай сөздер айтатындығын және жасырмай жазуын өтіндім.Сонымен бірге алдарындағы ақ қағазға жүректің суретін салу тапсырылды және топтаға ата-аналар әлгі стикерге жазғандарын жүрекке жапсырды.Осыдан кейін «Шеге» бейнеролигін көрсеттім.Ата-аналар бейнероликті қарап болған соң ,алған әсерлерін ортаға салды.Қатты әсер алғандығын байқадым.Бір ата-ана шынын айтып,өзінің бой жетіп отырған қызы барын ,соған кейде көңілінен шықпаған кездерінде ,жер – жебіріне жетіп қатты ұрысатынын мойындады.Дәл қазір өкініп отырғанын да жасырмады.Манадан бері көп араласа қоймаған ата-аналар кезегімен шешіліп сөйлеп , өз ойларын ортаға салды. Осы бейнеролик қатты әсер еткенін айтып жатты әрбірі.Өзім де қорытындылау мақсатында ,өз қолдарымен салған жүректеріне қадаған сөздерін көрсеттім.Бала жүрегі –өте нәзік.Сәл нәрсеге шыдас бере бермейді.Сол нәзік жүректерінің «Шегедегідей» орны қалып тесілуіне ,әрине ата-ананың ролі ерекше.Ол жара ешқашан жазылмайды , орны тыртық боп қалады. Ал ол баламыздан біз қалай өзіміз қалағандай азамат болуын күтеміз?Біз ол баламызды қалайша неге мейірімді емессің деп жазғырамыз? Неге сырыңды айтпайсың , бөліспейсің дейміз! Бәріне кінәлі өзіміз! Осындайда , Л.Н. Толстойдың «Ата-аналардың басты қателігі – олардың ең алдымен өздерін тәрбиелеп алмай ,балаларын тәрбиелеуге тырысатындығында» деген қанатты сөзі еске түседі.

Сонымен қатар ата – аналармен жұмыс жасағанда түрлі ситуациялық сұрақтар қойған да орынды.Ол сұрақтар күнделікті өмірде жиі кездесетін жағдайлар , оқиғалар болуы мүмкін.Ойқозғау арқылы ата – аналарымыздың шынайы шешіліп ,ой – пікір білдіруі – бұл үлкен жетістік.

«Ата- аналарға баласынан жаднама» - бұл бала үні болып табылады.

Екі оқушым : ұл мен қыз дайын слайд арқылы жалпы ата – аналарға айта алмай жүрген ойларды оқып шығады.Бұл , әрине , көпшілігінің ойы.

Міне , менің осы жиналыста бір бейнеролигімнің өзі –ақ ата-аналарымды біраз ойлантып тастады.Ситуациялық сұрақтар , «Ата – аналарға баласынан жаднама» , қай – қайсысы да – менің ата – аналарыммен жақынырақ араласуыма мүмкіндік берді.Күнделікті өздері мән бере бермейтін қателіктерін мойындатты.Қазіргі заман талабына сай ,баяғы ескі сүрлеумен жүре бермей ,баламен дұрыс қарым-қатынас жасауда да үлкен жауапкершілік керек екендігін , тек өзімбілемдікке салына бермей , баланың да ойымен санасып ,үнін тыңдауымыз тиіс екендігін айтып , жаңадан шығып жатқан түрлі психологиялық еңбектерді ересектердің оқып жүруі артықтық етпейтінін , қайткенде де өзгеруіміз керек деген қорытындыны өздері шығарды.

«Тегінде , адам баласы адам баласынан ақыл ,ғылым , мінез деген нәрселермен озады . Одан басқа нәрселермен оздым демектің бәрі де – ақымақшылық» , - деген шығыс даналығын келтіре отырып ,ой түйіндегім келіп отыр.

Тәуелсіз елдің ертеңгі қожасы , иесі – балаларымыз.Ертеңгі азаматтарымыз заман талабына сай озық ойлы , тәрбиелі , жан – жақты білімді болуы үшін оқыту саласындағы оң өзгерістерді ата-аналар жиналысында да сала отырып , көздерін жеткізуіміз қажет .Себебі , қазіргі ата – аналардың көбі ала таңның атысы – жұмысбасты боп кеткен.Біз мұғалімдер тек алдымыздағы оқушының ғана емес , ата-анасының да тәрбиесін назардан тыс қалдырмауымыз керек . Әйтпесе , тек мектеп болып берген , ұстаздардың тәрбиесі толыққанды бола алмайды.Үйде – ата – аналарымыз , мектепте – мұғалімдер қауымы жас жеткіншектерімізге үлгі бола білуіміз керек .Өмірді әлі дұрыс танып білмеген ,адамдармен қарым – қатынас жасауды жөнді меңгере қоймаған бала үшін – көп нәрсе алда. Жас буын үлкендерге қарап бой түзейді.Сол себепті , ата-аналарымызға да жаңаша бағыттағы тренингімізді ұйымдастыра білейік . Ата-анамыздың да көзін жеткізейік.Сонда ғана екіжақты тәрбиеден дұрыс нәтиже күтуге болады.Сонда ғана екі тарапқа да ортақ жаңа ғасырдың білімді де тәрбиелі ,еркін ойлы азаматын тәрбиелеп шыға аламыз.





































Мәлімет

1.Автордың тегі,аты-жөні: Анесова Ақдариха Нургалиевна

2.Ғылыми дәрежесі, атағы:

3.Жұмыс орны , қызметі: №8 орта мектеп ,қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

4.Байланыс телефондары: 56 – 8 - 13

5.Е – mail :

6.Мақала тақырыбы: « Не ексең , соны орасың »



Самые низкие цены на курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации!

Предлагаем учителям воспользоваться 50% скидкой при обучении по программам профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок".

Начало обучения ближайших групп: 18 января и 25 января. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (20% в начале обучения и 80% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru/kursy

Автор
Дата добавления 28.01.2016
Раздел Воспитательная работа
Подраздел Конспекты
Просмотров88
Номер материала ДВ-389395
Получить свидетельство о публикации

УЖЕ ЧЕРЕЗ 10 МИНУТ ВЫ МОЖЕТЕ ПОЛУЧИТЬ ДИПЛОМ

от проекта "Инфоурок" с указанием данных образовательной лицензии, что важно при прохождении аттестации.

Если Вы учитель или воспитатель, то можете прямо сейчас получить документ, подтверждающий Ваши профессиональные компетенции. Выдаваемые дипломы и сертификаты помогут Вам наполнить собственное портфолио и успешно пройти аттестацию.

Список всех тестов можно посмотреть тут - https://infourok.ru/tests


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх