Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Опубликуйте свой материал в официальном Печатном сборнике методических разработок проекта «Инфоурок»

(с присвоением ISBN)

Выберите любой материал на Вашем учительском сайте или загрузите новый

Оформите заявку на публикацию в сборник(займет не более 3 минут)

+

Получите свой экземпляр сборника и свидетельство о публикации в нем

Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Планирование для начальных классов: "Әліппемен қостасу"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Планирование для начальных классов: "Әліппемен қостасу"

библиотека
материалов

Тақырыбы: «Қош бол, құтты Әліппем!»

Мақсаты: Оқушылардың әліппеден алған білімдерін тиянақтау. Әр оқушының іс-әрекеттері  арқылы қабілеттерін көрсету, шығармашылығын дамыту. Жаңа оқулықпен таныстыру, қызығушылығын арттыру. Оқушылардың ата-ана, Отан, ел алдындағы борышын сезінуге, елін сүюге тәрбиелеу.

Көрнекілік: Әліппе, Ана тілі, Математика макеттері, нақыл сөздер, шарлар, әріптер таңбалары мен цифрлар т.б., слайд

Флешмоб (оқушылар билейді)

Армысыздар құрметті қонақтар, оқушылар! Шәкірттердің қолдарына алғашқы рет ұстап, сауаттарын ашқан «Әліппе» оқулығы. Барлық ғылымның атасы, болашағымыздың негізі- әліппені бітіру тойына хош келіпсіздер дей отырып, ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер!

Оқушылар кіреді

 1-жүргізуші:

Кешегі сәби балаңыз, 
 Жарады міне қараңыз. 
 Ғылым, білім жолына 
 Енді қайық саламыз. 

2-жүргізуші:

Көз салып қараңызшы бойымызға
Ортақ боп бүгін өскен ойымызға.
Хош келіпсіз ұстаздар, ата – аналар,
Әліппемен қоштасу тойымызға.

Музыка ойнап тұрады.  Сахнаға хан мен оның кішкене қызы шығады. 

Хан:
Уа, халайық! Армысың,
Ағайын туған, бармысың
Жарлығымды тыңдаңдар, 
Босқа қарап қалмаңдар
Мен сендерге сенемін
Қызымды мектепке апарғанға
Ат басындай алтын беремін


Қызы: Жоқ, әке
Бұл не дегенің?
Оқымай-ақ мен бәрін білемін
Сабақ, оқу, әріп, жазу
Дәптер, кітап – ол не керек?
Ол не беред?
Мен сұлумын, ханшамын
Тәтті қыздың бірімін
Оқуыңа өзің бар,
 Керек емес білімің


Тазша бала: Уа, тақсыр, армысыз, 
Ханшайымда бармысыз,
Жақсы хабарым бар, 1 «в» сыныптың оқушылары, Әліппемен қоштасу тойын тойлап жатыр, соны көріп ханшаның пікірі өзгерер, қонаққа барып көрелік.
Хан: Ойбай, қызыма көмегі тисе, жүр, түс алға!


Хан мен оның қызы келеді: Уа, халайық осында 1 «В» сыныбының әліппемен қоштасу кеші болып жатыр деп естіп едім сол распа? Осы кешке арнайы қызымды алып келдім бір көмегі тиер деп. Егер қызыма осы 1 «В» сыныбы ұнаса осында оқуға қалдырамын.

1-жүргізуші:  Ия, атай сіз шатаспай келдіңіз қош келдіңіз біздің кешімізге, төрлетіңіз.

2-жүргізуші: Ендеше біздің оқушыларымыздың өнерін тамашалаңыз!

Мұғалім: Айтыңдаршы, 
 Іші толған әріпке
Білімдегі жарық не?
Оқушылар: Ол сүйікті - әліппе.
Мұғалім:
Ендеше, бүгінгі кешіміздің басты қонағы әліппені ортаға шақырайық.

Әліппе...Әліппе......Әліппе

Әліппе ортаға шығады:  (өзінің әнін айтады)

Әліппе:

Менің атым-Әліппе,

Мені анаңдай дәріпте.

Мені оқып ер жеткен,

Ағаң менен әпкең де

Армысыздар жас достар!

Армысыңдар ата-ана!

Болашаққа жол бастар,

Әліппең келді ортаға.

Мерекеңмен құттықтаймын

Бүлдіршіндер, балғындар!

Не үйреніп, не білдік

Кане ортаға салайық!


-Жақсы балалар әліппеге арнаған тақпақтарымызды айтып берейік. Әліппе бізбен бірге отырсын. Әліппені төрге отырғызу.


Әсем: Жақсы кітап әліппе,
Үйретеді әріпке,
Қуыршақпен қоштастым,
Әріптермен достастым.

Мадияр:Ең алғаш қолға алғанда әліппені,
Қызыға қарай бердім әріптерді.
Мен үшін жұмбақ болып қалар ма еді,
Ұстазым оның кілтін алып берді.

Салтанат: Соғылған сомдап алтыннан

Әліппе-білім бесігі!

Ашылды енді алдымнан

Кең дүниенің есігі.


Думан: Оқулықпен  достассақ,

Әліппемен  қоштаспақ.

Өсті  білім , бойымыз,

Құтты  болсын  тойымыз.

....................................................................................................................................

Дина: Әліппемен қош айтысып қаламыз
Енді қолға басқа кітап аламыз.
Ата-ана қуанышқа ортақ бол
Сауатты боп шықты міне балаңыз.

Шерхан: Барлық әріп бағалы

Айттық әділ бағаны

Әріпсіз сөз болмайды

Буын онсыз толмайды

Адам барлық әріпті

Ардақтайды қолдайды



Арайлым: Жүзің жылы, құшағың кең
Сенен түлеп ұшамын мен
Өзің берген біліміңмен
Биіктерге ұшамын мен.

Ерасыл:

Таныстырған  42  әріппен

Қош  бол  менің , қасиетті  Әліппем.

Сенің  арқаң  оқи  жаза  білгенім,

Сауатты  адам  санатына  енгенім

.............................................................................................................................

Ән «Әліппе» хор

..................................................................................................................................

Ерсұлтан:

Үйретіп бізге алғаш Әліппені,
Ұстазым ғылымға жол салып берді.
Адамның ой - арманы, мақсаттары,
Оқудың сәулесімен жарық көрді.


Жансая:

Келгенде алғаш мектепке,
Білмеуші едік әріпті,
Оқимыз қазір ертек те,
Үйреткен оны Әліппе!


Сабыржан:
Әліппем менің Әліппем,
Сені қолға алып мен.
Есігін аштым мектептің,
Ертеңгі сәуле жарықпен.
А. Наргиза:

Бүкіл қазақ баласы дәріптеген
Қоштаспақпыз сүйікті Әліппемен
Ризамыз бәрмізді таныстырған
Сөз бен дыбыс, әртүрлі әріптермен

....................................................................................................................................

Бекнұр:

Өмірге жол бір өзіңнен бастадым,
Алфавитті алғаш сенен жаттадым.
Ұстаз - ана естен кетпес мәңгілік,
Мейіріммен жауырыннан қаққаның.
Алуа:

Айналдым сенен аяулы менің Әліппем,

Құралған қымбат 42 әріптен

Үйреніп,оқып,жаздым мен қолға қалам ап

Қадірледім қасиетіңді танып мен.

Дулат:

Әліппем,  менің  әліппем,

Өмірді  келем  танып  мен,

Қайталап  айтам  мың  рет,

Өзіңе  көп  рақмет!

Ж. Наргиза:

Енді біз жаза білеміз

Әріпті қосып әріпке.

Ырза боп саған жүреміз

Хош бол, сүйікті «Әліппе !»

.....................................................................................................................................

Хор «Отаным»

.....................................................................................................................................

Аида:

Қадіріңді кеш білсем,

Қояр едім қалып мен.

Тіл тұсауын кестің сен,

Қош бол,құтты әліппем!

Әлемхан:

Әліппе-білім анасы,

Әліппе-кітап данасы,

Әліппе бетін ашпаған

Адамның бар ма баласы

Манзура:

Өзім оқып кітапты,

Жалынбадым ағама.

Қуанды анам оқудан

Алған «бестік» бағама.

...................................................................................................................................

Зейн:

Әліппені бітірдім,
Әріптерді танимын.
Мен атаның баласы,
Мен оқушы баламын....
  Жазира:

Көлге  ойнаған  бұлақтың

Қайнар  көзін  көріп  пе?

Том-том  қалың  кітаптың

Басы  болар  «Әліппең»


С.Арман:

Болашағын баланың,
Талабынан білесің.
Жақсы оқыса сабағын,
Жақсы көріп жүресің....

Інжу:

Жырлар менен тақпақтар

Желіктіріп әкетті.

Қызық ,қызық ертектер,

Еліктіріп әкетті.

................................................................................................................................

Ата-аналар көрініс

...................................................................................................................................

Ғұмыр:

Ата-анаға еркелеп,
Ортасында өстік біз.
Жақсы оқып, қуантып,
Бестік күнде алдық біз....

Дильназ:

Әліппе деген алтын жол
Апарар сені алысқа.
Жеңіл емес ауыр жол
Тырысып бақ намысқа.

Мағжан:

Қош бол құтты Әліппем

Көп нәрсені үйреттің

Таныстырып әріппен

Тақылдатып сөйлеттің


Амир:

Оқуды көп ойладық

Қызығына тоймадық

Әріптерді үйреніп

Сауат аштық тойладық

 

А. Арман:

Бар кітапқа бас болған
Әліппе – ғылым анасы.
Әліппеден басталған
Даналықтың данасы.

...................................................................................................................................

-Балалар біз Әліппемен қоштасқаннан кейін қандай оқулықпен таныс боламыз, білесіңдер ме?

-Ана тілі

-Дұрыс айтасыңдар

-Ендеше ана тілін ортаға шақырайық.


Ана тілі: Сәлеметсіздер ме, жас достарым!

Туған елдің тілімін,

Ақылымен танылам

Түсіндірер бәріне

Ана тілі мен болам.

Мен сендермен танысқаныма өте қуаныштымын. Енді сендер бұрынғыдан да көп оқисыңдар. Әліппе саған балаларға 42 әріпті танытып, жазуды, оқуды үйреткенің үшін айтар алғысымыз шексіз.


Әліппе: Ия, ана тілі оқушылар тек қана менің арқамда ғана емес, өздерінің білімге деген құштарлықтарының арқасында осындай дәрежеге жетті деп ойлаймын. Солай ғой, балалар?

Ал, енді мен сендермен қоштасамын. Қош болыңдар, балалар! Сабақты жақсы оқыңдарІ!

Ана тілі : Мен әліппеден оқып білгендеріңді ары қарай жалғастырамын. Бәрің өнерлі, білімді шәкірт екенсіңдер. Мені де осылай оқысаңдар қуанамын.


Өсиетін айтады
.....................................................................................................................................


Мұғалім:
-Балалар! Сендер әліппемен ғана достасып қана қойған жоқсыңдар. Сонымен бірге математика оқулығымен де таныстыңдар.
-Математика – ғылымдардың атасы деген. Ендеше математикадан алған білімдерін тексерейік. ( ауызша есеп)

Ауызша есептер

Үш қоянда қанша құлақ ( 6)


Қазда бар екі аяқ                                     5 алманың үшеуін

Тауықта бар екі аяқ                                Досың сұрап алады

Екеуін қосып санасақ                            Айтшы сонда нешеуі

Болады сонда қанша аяқ ( 4)               Өз қолыңда қалады     ( 2)


Бір-бірімен жарысқан

2 аю, 1 арыстан,

4 қоян, 3 түлкі

Бәрі нешеу ойлан сен ( 10 )


Нүктеден, екі сәуледен,
Құрылған бұл не екен? (бұрыш)


Жоқ өзінде баста, қаста, мойында
Ұзындығы жазулы бір бойында (сызғыш)


Мұғалім:
Ретімен тізбелі,
Әрбір санды даралап.
Қайсың барсың бізге енді,
Айтып берер санамақ?
Інжу:

1 дегенім – бесік,
Шықтың содан өсіп.
2 дегенім – елім,
Далам, тауым, көгім.
3 дегенім – үміт,
Үміт артар жігіт.

4 дегенім – төзім,
Төзе білем өзім.
5 дегенім – бақыт,
Бағалайтын бақыт.
6 дегенім – ақыл,
Тыңдағаның мақұл.

7 дегенім – жалау,
Жүректегі алау.
8 дегенім – сөзің,
Серт беретін кезің.

9 дегенім торқа

10 дегенім оймақ

11 қара жұмбақ.


Хан: маган осы сынып қатты ұнады мен қызымды осы сыныпта оқуға қалдыраман.

Ия , әке шынында да білімді балалар екен. Осы сыныпта қаламын. Олармен дос болуға қарсы емеспін.

Мұғалім: Оқушылар ханшайымды өзіміздің сыныбымызда қалдырамыз ба?

Оқушылар: Ия, әрине қалдырамыз. Бірақ біздің сыныпқа өтпестен бұрын бізге бір өнерін көрсетсін.

Қыз: жарайды сендерге бір ән орындап берейін.

Жансая: «Жарай ма» әні

Қорытынды

Мектеп директорына және ата-аналарға сөз кезегін беру



Автор
Дата добавления 13.05.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров68
Номер материала ДБ-080107
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх