Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Рабочие программы / Планирование "Егін және мал щаруашылығы"

Планирование "Егін және мал щаруашылығы"


  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Егіншілік пен малшаруашылығы

Сабақтың мақсаты: егіншілік пен малшаруашылығы жайлы түсіндіру.

Міндеттері: 1) Егін шаруашылығы және малшаруашылығы туралы ұғым қалыптастыру, дәнді дақылдарды ажырата білуді, егін шаруашылығы және малшаруашылығы мамандарының еңбегін бағалауды үйрету.

2) Танымдық белсенділікті, сұрақтарға жауап табу, себеп және салдар байланысын анықтау дағдысын дамыту.

3) Өзге адамдардың еңбегіне құрметпен қарауға баулуга ықпал ету

Күтілетін нәтиже:

Пәндік: егіншілік пен малшаруашылығы туралы түсінік алу: дінді дақыл түрлері және малшаруашылығы салаларының атауларын білу:

Жеке тұлғалық: адам еңбегіне құрметпен қарау

Жүйелік әрекеттік: ақпаратты жинап, жүйелей білу, танымдық , зерттеу, жобалау және шаруашылық қабілеттерді көрсету.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру

Сабақтың көрнекілігі: оқулық, суреттер,сөзжұмбақ т.б.

Сабақтың түрі: топпен жұмыс.

Сабақтың барысы

1 Ұйымдастыру. Сабаққа даярлау

Күн жарығын алақанға саламын,

Жүрегіме басып ұстай қаламын.

Ізгі ,әрі нәзік,жарық, мейірімді,

Болып кетер сонда дереу жан- жағым

2 Үй тапсырмасын сұрау: Топпен жұмыс

1- топқа сұрақ: Орманның адам мен жануарлар үшін қандай маңызы бар?

2-топқа сұрақ. Топырақтың құнарлығын сақтау үшін адамдар қандай шаралар қолданылады?

3-топқа сұрақ: Су қоймаларындағы өсімдіктер мен жануарларды қалай қорғау керек?

1-топқа 2-сұрақ: Қызыл кітап деген не ?

2 топқа 2-сұрақ : қызыл кітапқа енген жануарларды ата.

3 топқа 2-сұрақ. Қызыл кітапқа енген өсімдіктерді ата.

3 Жаңа сабақ Жан-жануарлар мен дәнді дақылдар туралы жұмбақтар шешу.

Олай болса бүгінгі жаңа тақырыбымыз не туралы деп ойлайсыңдар?

Егіншілік және малшаруашылығы

Мен сендерге жаңа тақырыпқа өздерін даярланып келіңдер деп тапсырма бергенмін.

Кәне, кім қалай дайындалды екен көрейік.

1-топ Егін шаруашылығы туралы әңгімелейді

Егін шаруашылығына нелер жатады?

Олар еліміздің қай аймақтарында өсед?

Олардан қандай өнім түрлері алынады?

2-топ Ірі қара малдар туралы әңгімелейді

Ірі қара мал түрлеріне нелер жатады?

Олардың қандай пайдасы бар?

Олардан қандай өнімдер алынады?

3-топ Ұсақ малдар және құс шаруашылығы туралы әңгімелейді

Ұсақ малдарға нелер жатады?

Олардан қандай өнімдер алынады

Құс шаруашылығы туралы не білеміз?

Ал енді әр топ тақырыбына байланысты қандай мақал-мәтелдер мен

тыйым сөздер білесіңдер?

Жаңа сабақты қорыту.

Егін егумен айналысатын адамды қалай атайды?

Мал бағумен айналысатын адамды қалай атайды?

Бүгінгі сабақтан не білдік? Үйге тапсырма беру. 86-88 бетті оқу. Білімдерін бағалау.


Автор
Дата добавления 15.02.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Рабочие программы
Просмотров103
Номер материала ДВ-456356
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх