Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Химия / Рабочие программы / Планирование "Химия сабағында экологиялық тәрбие" 8-11 сынып

Планирование "Химия сабағында экологиялық тәрбие" 8-11 сынып

  • Химия

Поделитесь материалом с коллегами:

Химия сабағында экологиялық тәрбие беру

ХХІ ғасыр химиялық заттармен тығыз байланысты. Тұрмыста кеңінен синтетикалық, жасанды материалдардан жасалған заттар қолданыста болып, қоқысқа шығарылып жатады. Сонымен қатар қолданыста болатын заттардың адам және тірі ағзаларға келтіретін зияны да бар. Көбінесе материалдардың құрамын және қасиетін білмегендіктен, оларды қоршаған ортаға қауіпті қолданып жатады. Қоқыстарды жою жолдарын білмеген адам оны өртеп немесе басқа зиянды жолдармен жойып, қоршаған ортаға қандай улы газдардың және заттардың тарап, тірі ағзаға келтіретін зияны болатынын біле бермейді. Осының барлығын өсіп келе жатқан болашақ ұрпаққа түсіндіріп, санасына жеткізу біздің міндетіміз. Мектеп қабырғасында химия пәнін экологиямен ұштастыра оқытса, экологиялы сауатты және мәдениетті тұлға тәрбиеленіп шығуына кепіл беруге болады. Бүгінгі мектеп оқушысы келешек маман, оның қолында еліміздің, жеріміздің болашағы.

Ұсынып отырған бағдарлама мақсаты мектепте химия пәнін оқытуда, оқушыларға экологиялық білім, тәрбие беруді қатар жүргізу. Әр тақырыпқа іліктес оқушылармен шығармашылық жүмыстарды жүргізе отырып, олардың шығармашылық және ізденіс қабілеттерін дамыту.







сынып

өтілетін тақырып

Қозғалатын экологиялық мәселе

Оқушыларға шығармашылық тапсырма

8

Оттек. Жану

Сенбіліктерде, күнделіктегі өмірде қоқыстарды жағу. Өсімдік дүниесін қорғау, отынды тиімді қолдану. Өнеркәсіптердің, көліктердің ауаға шығаратын улы газдары және шаң тозаңдары.

Жасыл желекті аймақтар. Экологиялық таза энергия көздерін қолданудағы жаңа технологиялар.


Қышқылдар, негіздер, тұздар

Топырақ құнарлығын сақтау. Табиғи су көздерін ластанудан сақтау. Адам денсаулығы.

Ауыл шаруашылығында тыңайтқыштарды рационалды қолдану.


Тотығу-тотықсыздану реакциясы

Заттардың табиғатта тотығулары.

Заттарды заласыздандыру


Сілттілік металдар және олардың қосылыстары

Сілттілік металдардың қосылыстарын қолдану және қоршаған орта

Табиғи су көздерінің сілттілік металдармен ластану жолдары


Су. Ертінділер.

Табиғи су көздерінің ластану жолдары.

«Судыңда сұрауы бар» реферат, т.б.


Галогендер

Құрамында галоген бар заттарды жою. Галогендер қосылыстарының зияны.

Құрамында галоген бар заттар тізімі.

9


Электролиттік диссоциация

Табиғи су көздерінің тұздануы. Ауыз су тапшылығы.

«Табиғи су көздерінің тұздану жолдары» реферат, т.б.

10

Күкірт және оның қосылыстары

Күкірт оксидтерінің ауаны ластауы. Артық мөлшердегі минералды тыңайтқыштардың зияны

Күкірт оксидтерінің ауаны ластау жолдары.Тыңайтқыштарды енгізу ережесі


Азот, фосфор және олардың қосылыстары

Азот оксидтерінің ауаны ластауы. Артық мөлшердегі минералды тыңайтқыштардың зияны. Топырақ құрамына аналитикалық сараптама

Тыңайтқыштарды енгізу ережесі


Металдар

Металдардың тірі ағзаға зияны мен пайдасы.

Зиянды металдар және оның қосылыстарының тізімі.



Судың ластануының антропогендік ошақ-көздері
Ластануға судың барлық түрлері (мұхит, континенттік, жерасты) әр түрлі дәрежеде ұшыраған. Судың, әсіресе, ауыз судың сапасы халықтың денсаулығын анықтайтын маңызды факторлардың бірі болып табылады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша судың сапасының төмен болуынан шамамен 5 млн. адам себепті өледі де, әр түрлі дәрежеде уланған немесе ауырған адамдардың саны 500 миллионнан 1 миллиардқа дейін жетеді.
Барлық сулардың құрамында еріген заттар болады. Судағы көп кездесетін элементтерге кальций, натрий, хлор, калий жатады. Судың тұздылығы, әдетте онда еріген химиялық заттардың жалпы мөлшерімен немесе құрғақ қалдықпен (г/л) анықталады. Теңіз суында шамамен 35 г/л тұз болады. Суда органикалық заттар, сонымен қатар патогенді ағзалар да болады. Сулардың ластануы су қоймаларына әр түрлі ластаушы заттардың келіп түсуіне байланысты болады. Ластаушы заттарға негізінен топырақ эрозиясының өнімдері, минералдық тыңайтқыштар, улы химикаттар және тағы басқа заттар (азот, фосфор және басқа биогенді элементтер мен олардың қосылыстары, органикалық заттар, пестицидтер, тұрмыстық қалдықтар, мұнай және мұнай өнімдері) жатады.
Ластаушы заттардың басым бөлігін атмосфералық жауын-шашын әкеледі. Сулардың канализация ағысымен, тұрмыстық қалдықтармен, өнеркәсіп орындарының қалдықтарымен, су транспортымен ластану үлесі де жоғары.
Белгілі мәліметтер бойынша қазір мұхиттың суына жыл сайын 30-дан 50 млн. тоннаға дейін мұнай төгіледі. Оның әр тоннасы 12 км2 суды қабықшамен жаба алады. 0,05 мг/л мұнай су құрамында болса, су ішуге жарамсыз, ал концентрациясы 0,5 мг/л болғанда көптеген су ортасымен байланысты ағзалар тіршілігін жояды. Ластанудың әсерінен балықтар мен тағы басқа ағзалардың миграциялық жолдары өзгереді.
Мұнайлы қабықша су бетінің шағылыстыру қабілетін өзгертеді. Ол жылу балансының өзгеруіне және ғаламдық жылу мен ылғалды тасымалдау құбылыстарына әкеледі. Мұнайдың айтарлықтай мөлшері жағалаудағы экожүйелерді жояды. Бұзылған экожүйелердің қалпына келуіне өте көп уақыт керек. Егіншілікпен айналысатын аудандарда ауыл шаруашылығы судың негізгі ластаушы көзі болып табылады. Су топырақтың бұзылу өнімдерімен, тыңайтқыштармен, улы химикаттармен, мал шаруашылық кешендерінен шайылған сулармен ластанады. Мал шарушылық кешендері кейбір аймақтарда негізгі табыс көзі болып табылады. Алайда 100 мың ірі қара мал басы бар кешен қоршаған ортаны миллион халқы бар қаламен бірдей ластандырады.
Жер үсті немесе жер асты суларына химиялық заттардың, микроорганизмдердің немесе басқа заттардың түсуі судың ластану көзі деп аталады.

Өндірісте қолданылатын суларды–суытатын, технологиялық және энергетикалық деп бөлінеді. Су көпшілік жағдайларда, жылу алмастыру аппараттарында сұйық және газ тәріздес заттарды суыту үшін қолданылады.Бұл кезде су ластанбайды бірақ жылиды.Технологиялық сулар еріткіш және су ортасы ретінде өндіріс заттарын жууда реагенттермен бірге реакцияға қатысу мақсатында қолданылады. Бұл сулар ластанып тазартуды қажет етеді. Энергетикалық су пар алу үшін және қондырғыларды , ғимараттарды жылыту үшін қолданылады. Халықты ауыз сумен қамтамасыз етудің аса бағалы көзі – жер асты сулары ластануда. Сыртқы қолайсыз факторлардан жасырын жатқанына қарамастан жер асты суларының ластануы оңай. Өнеркәсіп және тұрмыстық лас сулардың жиынтығы, сорғу (фильтрация) алаңдары, өнеркәсіп қалдықтарынңы үйінділері, лас суларды жердің төменгі қабаттарына күшпен айдау, өнеркәсіп және қала аумақтарынан лас сулардың жерге сіңуі, лас өзендердің суларының жерге сіңуі және т.б. да процестер жер асты суларының негізгі ластану көздері болып табылады. Әсіресе, химиялық және бактериялық ластанулар көп таралған. Жер асты су қабаттарына лас, былғаныштар жер асты суларын жедел игеру кезінде өтеді. Табиғат су көздерін ластаудың ен көп бөлігін халық шаруашылығының мұнай өндеу, химия, сабын қайнату, целллюлоза-қағаз,
текстиль, металлургия, тау-кен салаларының, кәсіпорындары береді. Үй-жай шаруашылығының (коммуналдык,) ағындылары. Қалалар мен басқа да елді мекендер ластанған заттардың үлкен мөлшерін береді. Үй-жай шаруашылығының ағындыларының кұрамында зәрнәжісті сулардан басқа да едәуір мөлшерде зиянды қоспалар бар, олар тұрмыста химиялық заттарды пайдаланудан,тамақ өнеркәсібінің кәсіпорындарынан, коғамдық тамақтану орындарынан, сауда орындарынан келіп түседі. Ауыл шаруашылығьн интенсивтендіру минералды тыңайтқыштар мен дақылдарды арам шөптерден, зиянкестерден және аурулардан корғаудын химиялык тәсілдерін колдану қаркынының жылдамдығын еселеп өсіру аркылы жургізіледі. Нәтнжеде қоршаған ортаға химиялык заттар, сонын ішінде пестицидтер көптеп төгіледі.


Қазақстан жағдайында өзен-көлдердің ластануы көбіне өнеркәсіп шоғырланған аймақтарда, полигондар мен мұнай-газ өндіретін жерлерде жаппай сипат алуда.

Өзендердің  ішінде  Ертіс  су  алабы, Өскемен қорғасын –мырыш комбинаты, Ленинагор  қорғасын  зауыты,  Березов  кені, Зырьян зауыты  секілді  өндіріс  орындарының сарқынды  лас  суларымен  ластануда. Су  құрамында қорғасын,  мырыш, сынап, тағы басқа ауыр металдар шекті  мөлшерден  асып  кетуі жиі  байқалады.

Іле-Балқаш  бассейні суының сапасы  да  мәз  емес. Мұндағы ластағыш  заттар – ауыр металлдар, мұнай өнімдері мен фенолдар. Әсіресе, «Балқашмыс» өндірістік  бірлестігі, «Балқаш балық  өнеркәсібі», «Сарышаған» ракета  полигондары, т.б. кен  рудаларын балқыту комбинаттары Балқаш  көліне мыңдаған  тонна  зиянды заттарды  төгуде. Іле  өзенінің ортаңғы ағысы,  жалпы өзен экожүйесі,  күріш  алқаптары және шеңгелді массивтерін игеруге  байланысты минералды  тыңайтқыштар мен  химиялық  препараттар өте  көп  қолданылып келеді.  Нәтижесінде,  өзен  суының сапалық  құрамы төмен. Оның  үстіне Іле өзені  арқылы мұнай  тасымалдау, Қапшағай су  қоймасы,  Қытай жеріндегі судың  ластануы  ондағы  экологиялық  жағдайды  қиындата  түсуде.

Сырдария, Шу, Талас, Қаратал, Ақсу Лепсі, Тентек, Көксу  өзендерінің сулары  біршама таза деп  есептелінеді. Соның  ішінде Сырдария, Шу, Талас  өзендері ауыл  шаруашылығын химияландыру мен дренажды  сулармен  ластануда. Әсіресе, Арыс,  Келес  өзендері күріш пен  мақта  егіндісінде жиі  қолданылатын пестицидтермен ластанып  отыр.

Соңғы  жылдары Каспий  теңізінде мұнай  өндіруге  байланысты және  теңіз  деңгейінің табиғи  көтерілуі аймақтың экологиялық тыныс –тіршілігін шиенеленістіріп отыр. Теңіздің  көтерілуі жүздеген  мұнай бұрғы- скважиналырын, мұнай қоймалары мен өңдеу объектілерін істен  шығарды. Қазір бұл  жерлерде 6 мұнай газ  кені,  жүздеген  елді мекендер,  коммуникациялар,  өнеркәсіп орындары су  астында қалды. Нәтижесінде, теңізге  көптеген мөлшерде лас  заттар,  мұнай өнімдері, органикалық қосылыстар,  ауыр металдар суға  араласуда.  Оның  үстіне Еділ  мен  Жайық  өзендерінің  лас  сулары  теңіз  суын  уландыра  түсуде. Мәселен, 1995-2000 жылдар  аралығындағы кәсіптік балықтар мен бағалы  қара  уылдырық және  ет  беретін бекіре тұқымдас  балықтардың азайып  кетуі  тіркелді.

Ал, 1999 жылы қырылып  қалған  20-30  мың  итбалықтың  және  жүздеген  мың  құстардың  өлуі теңіз  суының  бүгінгі  сапасының  көрсеткіші – биоиндикаторы  болса  керек. Қазіргі  Каспий  мұнайын  игеру бүкіл  әлемді  дүрліктіріп, шетелдік инвесторларды теңіз «қара  алтынын»  игеруге  ұмтылдыруда.  Ал,  олардың  судың  сапасы   мен  ластануына  көңіл  бөлуі, экологиялық  нормаларды  сақтауы  күмән  туғызады.

Атырау, Маңғыстау аймақтарында техниканың ескілігінен бұрғы-скважиналардың бүлінуі, мұнайдың жерге, суға  төгілуі қоршаған  ортаға  зиянын  тигізуде. Жерге  сіңген  мұнайдың  қалыңдығы 10 метрге жетіп,  жер  асты  суына қосылуда. Қазір мұнаймен  ластану  аймағы 200 мың га алып  жатыр. Қоймаларда 200 мың т. Мұнай  қалдығы, 40 мың т. Көмірсутегі жинақталған.

Ақтөбе облысындағы  су  айдындардың да экологияның жайы  нашар. Мәселен, Елек өзені амин  өнеркәсібі есебінен  және бормен ластануда.

Қарағанды  металлургия  комбинатының және Теміртау қаласындағы  «Карбид» өндірістік  бірлестігінен  шыққан сулар Нұра  өзенін барынша  ластауда.

Жамбыл  фосфор зауытының сарқынды  лас  сулары Талас, Асы өзендері  мен оның  алқаптарын фтор және  сары  фосформен ластап  отыр.

Оңтүстік Қазақстан  облысында ең  көп ластану Бадам-Сайран кен  орындарында байқалуда.  Әсіресе, Бадам  өзені бойындағы қорғасын, фосфор,химия өнеркәсіптерінен  бөлінетін қорғасын, мырыш, сынап кей  жерлерде шекті мөлшерден 50  есеге  дейін  асып  кететіні  тіркелген.


ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ ЖӘНЕ АДАМ ДЕНСАУЛЫҒЫ
  Қоршаған ортаның экологиялық жағдайы мен ауру деңгейі адамның денсаулығының төмендеи, ауруға шалдығуын ағзаның ортаға толық бейімделе алмауымен, қолайсыз әсерлерге берген теріс жауабы ретінде қарастыру керек. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ВОЗ) анықтамасы бойынша, денсаулық дегеніміз — бұл тек аурудың болмауы емес, ол толық физикалық, психологиялық және әлеуметтік қолайлылық.
 Ғалымдардың есептеулері бойынша адамдардың денсаулық жағдайы 50—52%-ы — өмір сүру салтына, 20-25%-ы — тұқым қуалау факторларына, 18—20%-ы — қоршаған орта жағдайларына, ал 7—12% ғана денсаулық сақтау саласының деңгейіне байланысты болады. Антропогенді факторлар бұрын болмаған, жаңа техногенді ауруларды туғызады.
 Адамның денсаулығына зиянды әсер ететін факторлардың ішінде әр түрлі ластаушы заттар бірінші орын алады. Адамның іс-әрекеті нәтижесінде биосфераға, оған тән емес 4 млн.-нан астам заттар шығарылады. Сонымен қатар, жыл сайын қоршаған ортаға мыңдаган жаңа заттар шығарылады. Олардың көпшілігі ксеиобиотиктер (грек тілінен аударғанда хеnos —бөтен) адам мен басқа да тірі ағзалар үшін бөтен заттар.
 Аурулардың көбеюі сонымен қатар табиғи ортаның әр түрлі трансформацияларымен, оның толық бұзылуы, өнеркәсіптік кешендерге, бір типті тұрғын жерлерге және т.б., яғни «үшінші табиғатқа» айналуына байланысты. Денсаулыққа әлеуметтік және экономикалық жағдайлардың әсері артып отыр. Табиғи және физико-химиялық тұрғыдан алғанда таза орта болса да, қолайсыз әлеуметтік-экономикалық жағдай ауру мен өлімнің артуына әкелетінін өмір көрсетіп отыр. Әлеуметтік-экономикалық жағдайдың нашарлауы адамның психологиялық күйі мен стресстік құбылыстар арқылы әсер етеді.
 Ауру мен өлімнің қоршаған орта жағдайларына тәуелділігі жекелеген мемлекеттер мен аймақтар мысалынан көрінеді.
 Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша жыл сайын дүние жүзінде шамамен 500 мың адам пестицидтермен уланады және оның 5 мыңы өліммен аяқталады. Мұндай құбылыстар әдетте «үшінші әлем» елдерінде жиі кездеседі. АҚІІІ-пен салыстырғанда бұл елдерде улану 13 есе артық.

 Американ ғалымдарының мәліметтері бойынша барлық қатерлі ісік ауруларының 90%-ы қоршаған ортаның қолайсыз әсеріне байланысты. ФРГ-де соңғы 10 жылда қатерлі ісікпен ауыратындардың үлесі ер кісілерде 15-тен 23%-ға дейін, ал әйелдерде 17-ден 25%-ға дейін артқан. Аурулар индустриалды және ластанған аудандарда жиі кездеседі.
 Балалардың жалпы ауруларына әсер ететін күшті фактор көміртегі тотығы мен шу болып табылады. Ғалымдардың мәліметтері бойынша СО-ның мөлшері 6,5-теи 12 ЗЖЖК-ге көтерілуі балалардың ауруларының 2 есе, ал акустикалық қолайсыздықтың 8-ден 20%-ға артуы — 1,4 есеге артуына әкеледі.
 Арал аймағы экологиялық апат аймағы болып табылады. Бұл аймақ аурулар мен өлімдердің жоғары болуымен сипатталады. Мысалы, Қарақалпақстанда (Өзбекстан) балалар өлімінің жиілігі туылған мың балаға 87-ден келеді, ал Скандинавия елдерінде 7—8, Жапонияда — 5. Бұрынғы КСРО-да 80-жылдардың соңында орташа балалар өлімінің жиілігі 24—25 болған.

 Аурулар туғызатын заттар мен факторлар. Ағзаларға қолайсыз әсер ететін және ауруларға әкеліп соқтыратын заттарды төмендегідей топтарға бөліп көрсетуге болады:
 1) концерогендер (латын тілінен аударғанда cancir — рак, генезис — шығу тегі) қатерлі ісіктер туғызады. Қазіргі уақытта шамамен 500 осындай заттар белгілі. Олардың ішіндегі ең күштілеріне бензо(а)пирен және басқа да полициклді ароматтық көмірсулар, ультракүлгін сәулелер, радиоактивті изотоптар, эноксидті смолалар, антриттер, нитрозаминдер, асбест және т.б. жатады;

 2) мутагендер (латын тілінен аударғанда mutasio — өзгеру) – хромосомалар саны мен құрылымының өзгеруіне әкеліп соқтырады. Оларға: рентген сәулелері, гамма-сәулелер, нейтрондар, бензо(а)пирен, колхицин, кейбір вирустар және т.б. жатады;

 3) тератогендер (грек тілінен аударғанда teras, teralos — құбыжық) — жеке дамуда кемістіктерге әкелетін, кемтарлықтардың пайда болуына әкелетін заттар. Тератогендерге әсер ететін мөлшерінен артып кететін кез келген фактор жатады. Көбінесе тератогендерге мутагендер, сондай-ақ пестицидтер, тыңайтқыштар, шу және т.б. ластаушылар жатады.

Сонымен қатар, эмбриогендерді де бөліп көрсетуге болады. Эмбриогеидер (грек тілінен аударғанда embryo – ұрық) эмбрионалдық даму кезінде зақымдануларға әкелетін заттар. Эмбриогендерге тератогендер, мутагендер және басқа да заттар (мысалы, алкогольді ішімдіктер, есірткі заттар және т.б.) жатады.

Адам қызметінің нәтижесінде жаңа, бұрын болмаған аурулар пайда болады. Мұндай ауруларды ерекше техногенді аурулар тобына жатқызады. Оларға қорғасын («сатуризм»), кадмий («ита-ита»), сынап қосылыстарымен ("минамата”) және т.б. уланудан пайда болған аурулар жатады.  Денсаулық үшін зиянды органикалық және бейорганикалық заттар. Көптеген органикалық заттар улы және жоғары дәрежеде тұрақты болып табылады. Олар көбінесе канцероген, мутаген, тератоген немесе басқа аурулардың пайда болуын күшейтеді.  Органикалық қосылыстардың ішінде, әсіресе, галогенді көмірсулар мен полициклді ароматтық көмірсулар (ПАК) қауіпті.
 Галогенді көмірсулар. Бұл топқа бір немесе бірнеше көміртегі атомдары хлор, бром, йод немесе фтормен алмасқан органикалық қосылыстар жатады. Хлорлы көмірсулар кең таралған. Олардың көпшілігі тұрақты, ағзалар оларды жеңіл сіңіреді және жекелеген мүшелер мен ұлпаларда жиналуға қабілетті. Мысалы, поливинилхлорид (ПВХ), полихлорды бифенилдер (ПХБ), ДДТ (пестицид), тетрахлорфенол және тетрахлорэтилен (еріткіштер). Бұл топқа өте улы зат — диоксиндер де жатады.  ПВХ мен винилхлорид бауырдың қатерлі ісігін, тері, сүйек пен аяқ-қолдың зақымдануынан көрінетін винилхлоридтік ауруды туғызады. Ұзақ уақыт бойы винилхлорид қауіисіз деп есептеліп келді. Оны аэрозоль баллондарында газ-тасымалдаушы және медицинада наркоз ретінде қолданып келген. Тек 70-жылдары ғана оның улы қасиеттері анықталды.  Белгілі ДДТ (дихлордифенилдихлорэтан) да хлорлы көмірсуларга жатады. 1939 жылы Моллер бұл заттың инсектицидтік қасиеттерін анықтады. Бұл препараттың 15 млн. тоннасы жер шарының барлық дерлік аймақтарында қолданылған. Антарктиданың өзінен шамамен 25 мың тонна ДДТ табылған. Кейіннен ДДТ май ұлпалары мен ана сүтінде жиналатыны белгілі болды. 70-жылдардан бастап бұл инсектицидті қолдануға тыйым салынды. Бірақ жоғары дәрежеде тұрақтылығына байланысты (ыдырау мерзімі 50 жыл) ол қоректік тізбектерде әлі де интенсивті түрде айналымда болып келеді.
 Диоксиндер қазіргі белгілі улы заттардың ішіндегі ең күштілерінің бірі. Диоксиннің канцерогенді, мутагенді, тератогенді әсері анықталған. Ол әйелдің бала туу қабілетіне әсер етеді. Диоксиннің көп бөлігі (шамамен 200 кг) қоршаған ортаға американдықтардың Вьетнамда қолданған дефолианттары түрінде шығарылды. Нәтижеде тек вьетнамдықтар ғана зардап шеккен жоқ шамамен 20 мың американдықтарды да қамтыды.
 Фенолмен улану бауырды, бүйректі, қанды зақымдайды. Ағзаның тұқым қуалау қасиетіне де әсері анықталған. Сонымен қатар канцерогенді және тератогенді әсер етеді.

 Халықтың денсаулығына метанол немесе метил спирті өте қауіпті. Түсі мен иісі бойынша оны этил спиртінен айыру өте қиын улы зат. 30—100 мл мөлшері адамның өліміне әкеліп соқтырады.

 Формальдегид химия өндірісінің маңызды өнімдерінің бірі болып табылады. Фтор альдегид аллергиялық реакциялар туғызуы мүмкін. Сонымен қатар оның канцерогендігі туралы да мәліметтер бар. Адам мен басқа да тірі ағзалар бұл затпен үнемі әсерлесуде болады (пластик, ағашты-талшықтар, консерванттар, автокөліктердің газдары, темекі түтіні т.б.). Дүние жүзінде ондаған миллион тоннасы өндіріледі. Қазір бұл затты тұрмыстық мақсатта қолдануды шектеуге бағытталған шаралар жүргізілуде.
 Ауыр металдар. Көптеген ауыр металдар ағзалардың тіршілігіне қажет және микроэлементтер тобына жатады. Оларға цинк, мыс, марганец, темір және т.б. кіреді. Сонымен қатар олар тірі ағзалар үшін улы. Ауыр металдар ақуыздармен жеңіл байланысып, майда еріп, жинақталады. Ауыр металдардың қоршаған орта мен ағзада жинақталуының негізгі көзі — отынды жағу, пестицидтер, кейбір органикалық қосылыстар, өндірістік қалдықтар және т.б.
 Белгілі мәліметтер бойынша (Вронский, 1996) антропогенді заттар есебінен қоршаған ортаға қорғасынның 94-97%-ы, кадмийдің — 84-89%-ы, мыстың — 56-87%-ы, никельдің — 66—75%-ы, сынаитың — 60%-ы шығарылады.
 Қорғасынның негізгі көзі — автокөлік жанармайы болып табылады. Қорғасынның көп бөлігі металлургия кәсіпорындары мен ауыл шаруашылығында пестицид ретінде мышьякты) қорғасынды қолдану кезінде шығарылады.
 Қоршаған ортада қорғасынның артуы, әсіресе, өнеркәсіптік революцияның басталуымен тығыз байланысты. XX ғасырдың қала тұрғындарының қаңқасындағы қорғасынның мөлшері 1600 жыл бұрын өмір сүрген адамдармен салыстырғанда 700—1200 есе артық.
 Қорғасынмен улану немесе «сатуризмнің» белгілері мынадай: тез шаршау, кешке көру қабілетінің төмендеуі, қан аздық, бүйректің зақымдануы, жүрек ауруы, уақытынан бұрын босану, түсік тастау.
 Кадмий. Ауыр металдардың ішіндегі ең улы элемент. Ортаға кадмийдің шығарылу себептері тас көмірдің шаңы, химиялық тыңайтқыштар, пластмассалардың қалдықтары мен жану өнімдері, темекі түтіні. Қорғасынға қарағанда кадмий топырақтан өсімдікке жеңіл өтеді (70%-ға дейін) де, ағзадан баяу шығарылады. Негізінен бүйректі (бүйректе жиналады), жүйке жүйесін, жыныс мүшелерін зақымдайды, тыныс алу жүйесіне зиян. "Ита-ита” ауруын туғызады.
 Сынап. Қоршаған ортада кеңінен таралған. Дүние жүзіндегі сынаптың өндірісі жылына 10 мың т. астам. Ол негізінен электротехникада, медицинада және химия өнеркәсібінде қолданылады.
 Металдық (элементарлық) сынап іс жүзінде ағзаға зиянды емес. Бірақ бу түріндегі сынаптың әсері қауіпті. Ағзаға тамақпен не тері арқылы енген сынап тұздарының қауіптілігі жоғары.

 Сынаптың металлорганикалық қосылыстары (әсіресе метил сынап) ағза үшін өте улы және қауіпті.
 Асбест. Соңғы кезде дәрігерлердің назарын өзіне аударып отыр. Ұсақ асбест шаңы — асбестоз ауруын туғызады. Өкпе ұлпаларын зақымдап, қатерлі ісіктерге әкеледі.


Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 17.01.2016
Раздел Химия
Подраздел Рабочие программы
Просмотров181
Номер материала ДВ-348560
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх