321851
столько раз учителя, ученики и родители
посетили сайт «Инфоурок»
за прошедшие 24 часа
+Добавить материал
и получить бесплатное
свидетельство о публикации
в СМИ №ФС77-60625 от 20.01.2015
Дистанционные курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации для педагогов

Дистанционные курсы для педагогов - курсы профессиональной переподготовки от 5.520 руб.;
- курсы повышения квалификации от 1.200 руб.
Престижные документы для аттестации

ВЫБРАТЬ КУРС СО СКИДКОЙ ДО 70%

ВНИМАНИЕ: Скидка действует ТОЛЬКО сейчас!

(Лицензия на осуществление образовательной деятельности № 5201 выдана ООО "Инфоурок")

ИнфоурокДругоеКонспектыПланирование конкурса "Учитель года - 2015"

Планирование конкурса "Учитель года - 2015"

библиотека
материалов
Скачать материал целиком можно бесплатно по ссылке внизу страницы.

Жыл мұғалімі-2015

 

Сайыстың тақырыбы:     «Білім – адам баласының ортақ қазынасы»

 

Сайыстың ұраны:           « Нәтижеге бағытталған білім беруді қолдаймыз »

 

Сайыстың мақсаты:           Кәсіби білімі жоғары, шығармашылықпен жұмыс   

 істейтін мектептің талантты педагогтерін анықтау.

 

Сайыстың көрнекіліктері:   Интерактивтік тақта, шарлар, нақыл сөздер

 

Барысы:

 

І. Ұйымдастыру кезеңі. 

ӘНҰРАН

ІІ. Негізгі бөлім:

 

 І-жүргізуші:

 Армысыздар аяулы   ұстаздар, әділ қазылар  мен  патша  көңіл  көрермендер!

  Мектеп әкімшілігінің ұйымдастыруымен, бүгінгі шуақты күндерінде біздің мектепте үлкен  мереке. Бұл мерекеде бала жүрегіне жол таба білген, білім нәрімен сусындатып қана қоймай, бала бойына тәлім-тәрбиенің асыл қазынасын құя білетін, жас та болса ұстаз деген атқа лайық жас ұстаздарымыз сайысқа түскелі отыр.

Құрмет пен қошемет көрсетіп,сайыскерлерімізді ортаға шақырайық.
  «Жыл мұғалімі -2015» сайысына қош келдіңіздер!

 

 ІІ-жүргізуші:

 Сайысты бастамас бұрын, 14 орта мектебінің -сынып оқушысы --- орындауында «--» әнін қабыл алыңыздар.

 

І-жүргізуші:

     Болса байқау нәрі бар,

    Жадымызда жазылар.

    Аттарына заты сай,

    Болсын әділқазылар-дей отырып. Құрметті қауым, бүгінгі байқауды бақылап, қатысушыларға әділ бағасын беретін,қазылар алқасымен таныстыруға рұқсат етіңіздер.

1.______________________________________________________

 

2.______________________________________________________

 

3.______________________________________________________

 

ІІ-жүргізуші:

 Енді байқауымызды ашық деп жариялаймыз!

Байқаудың бағдарламасымен таныс болыңыздар.

1.     Өзін-өзі таныстыру. (3-5 минут)

2.     Үй тапсырмасы  «Жаңа формация мұғалімі»(5-7 минут)

3.     Панорамалық сабақ (үзіндісі)  (5-7 минут)

4. Педагогикалық жағдаяттар (3-5 минут)

5. Пән бойынша тест (15 минут)

6. Хобби (өнер)

7. Шығармашылық лаборатория, портфолио.

 

І -жүргізуші:

  Талаптыға табыс көп,

  Көтеріп ал еңкей де.

  Осы байқау қызықты,

  Өтсін биік деңгейде.

 

 ІІ-жүргізуші:

   Көңіліміз жадырап,

   Нұрлы сәтті құшты ғой,

   Танытайық, ұстаздар

   Белсенділік, ұшқыр ой.

 

 І-жүргізуші:

   Армысың асыл халқым, дана халқым,

   Жанбыз ғой берік ұстар қазақ салтын.

   Сол салттың бір тармағы сәлемдесу,

   Аман ба, үлкен- кіші, барша жалпың?-деп, ортаға сайыскерлерді шақырайық.

 

ІІ-жүргізуші:

     Жанып түсер шәкірт десе жанары,

      Қалампырдай сүю керек баланы.

      Араласып, қоғамдық сан жұмысқа,

      Мектебінің қамқоршысы болады.

(14 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі -------)

 

І-жүргізуші:

    ---- шеберлігіңіз ғажап неткен,

    Соңынан ізін басқан шәкірт ерткен.

    Жыл сайын жарыстарға қатысып,

    Мектебінің атағын дүркіреткен.

(№ 14-----)

 

ІІ-жүргізуші:

    --------- ,қош келіпсіз ортаға,

     Жақсы ұстаз жарыстардан қалама?

     Келесіз ұзақ жылдар тер төгіп,

     Білім  үйретуден балаға.

( -----)

 

І-жүргізуші:

     Таңғы шықтай мөлдіреген тұп-тұнық,

     Шәкірт үшін қызмет еткен тік тұрып.

     ------- мәртебесі биікте,

     Бар білімді ұрпақтарға ұқтырып.

(-----)

 

ІІ- жүргізуші:

       Абыроймен өтеп ұстаз парызын,

       Шәкіртіне шашқан жүрек жалынын.

       -------- әрбір сөзі-тағылым,

       Маманы ---------сыныптың

(-------)

І-жүргізуші:

        Ұстаз болып енші алған бұл өмірден,

        Сабағына күн сайын күле кірген.

        Бар білімін  үйреткен шәкірттерге.

--------- іскерлігін білеміз біз.

 (-------)

ІІ-жүргізуші:

Сайысқа қатысушылар ды реттік номерін алуға шақырамыз!

 

І-жүргізуші:

Көңілдерде тәтті үміт,

Қарайтындай бақ күліп.

Тілегіміз баршаңа,

Табыстылық, сәттілік!

 

ІІ- жүргізуші:

Бұл біздің тілегіміз. Бүгінгі сайысты тамашалауға біздің мектептің ұстаздары мен қонақтар келіп отыр. Соның ішінде сайысқа қатысушы мұғалімдерге өз тілегін беруге біздің мектебіміздің ұстаздардың ұстазы, жоғарғы санатты мұғалім --сөз береміз. Келесі құттықтау сөз кезегін 14 орта мектебінің директоры Мухаметжанова Кенжегул Слямбековнаға  береміз.

 

І-жүргізуші: Тілегіңіз қабыл болсын! Сайысымызды бастаймыз.

І-кезең. Өзін-өзі таныстыру.

 3-5 минут

(Мұғалім өз нөмірі бойынша шығып таныстырады. Қазылар алқасы бағалайды.) 

 

ІІ- жүргізуші:

                    Білімнің нәрімен сусындатқан,

                    Жүрегі мейірімнің нұрын жаққан

                    Ұстаздар – шәкірттердің қамқоршысы,

                    Қысылған оқушылар мұңын шоққан демекші.

                    Шәкірттің орындауында ән  орындалады.

------ 

  1. І-жүргізуші:  

ІІ- кезең: Үй тапсырмасы  «Жаңа формация мұғалімі» (5-7 минут)

                 Біздерде әншілер бар, ақындар бар,

                  Білімділер, талантылар, ақылдар.

                  Әр қырынан танылатын дарындар

                  Шығармашыл дарынды педагогтар

----

 

ІІ-жүргізуші:

                Берекелі заман болсын

                 Шәкірттерің аман болсын!

                 Жиырма бірінші ғасырда

                 Сіз жасайсыз сансыз шәкірт қасында демекші



ІІІ-кезең   Панорамалық сабақ (үзінді)  (5-7 минут)

 

IV кезең «Педагогикалық жағдаят»

І-жүргізуші: Қане достар пікірлесіп қарайық,

Қилы - қилы ойды ортаға салайық.

Сан - салалы асыл ойлар тоғысып,

Толғандырған жайды шешіп алайық.

Талас тусын жарқын ойлар жарқылдап,

Шағылыссын найзағайдай шартылдап.

Бойда қайрат, алда арман шақырған,

Қолдан әсем жалын атқан жастық шақ – дегендей сайысымыздың келесі кезеңін бастайық. Сынып ұжымымен, жалпы баламен жұмыс жасау барысында кездескен психологиялық жағдаяттардан шығу тапқырлығы мен ақылдылығын сынайтын сәт те келіп жетті.

(Сайыскерлер интерактивті тақтадан қажетті нөмірді таңдап, таңдаған нөмірге сәйкес сұраққа жағдаятты шешу ұсынылады. Ойлануға 3 минут.)


Ситуациялық сұрақтар:

1. Сіз сабақты слайд түрінде дайындап келдіңіз. Оны бір оқушы интерактивті тақтаны қосамын деп жүргенде бәрін өшіріп алады, не істер едіңіз?


2. Үй жұмысын тексеру үшін дәптер жинап алдыңыз. Бір оқушы дәптеріне сіздің суретіңізді салып мазақ етіп жазып қойған. Не істер едіңіз?


3. Бір оқушыға мықтап ұрысып алдыңыз. Ал ол үйіне барып апай басымнан ұрды деп арыз айтып, ата - анасын ертіп әкелді. Сіздің әрекетіңіз қандай?

4. Бір оқушы журналды бүлдіріп тастайды. Сіз әрине мықтап сөгіп алдыңыз. Сізді сол күні кешке қонаққа шақырады, жаңағы оқушы да сол үйге атасымен еріп келген. «Ата, мынау менің апайым, бүгін маған ұрысты» деп есіктен кірер кірместен айқайлап жібереді? Сіз өзіңізді қалай ұстар едіңіз?

5. Алдыңғы қатарда отыратын оқушының басында бит өріп жүргенін көріп қалсаңыз не істер едіңіз?


6. Сіз сыртқа шығып кеткен кезде бір бұзық оқушы сөмкеңе бақа салып қояды. Сіз білмей сумкаңызды ашып қалған кездегі жағдай. Не істер едіңіз?

7. Сізді бір жоғарғы кластың оқушысы ұнатып қалғанын айтып, дос болуға шақырады, не істер едіңіз?

8. Мұғалім сабаққа кірген кезде, тақтадан өзінің карикатурасын көреді. Балалардың ойынша мұғалім кінәлі оқушыны іздеп, сабақ өткізбейді. Не істеу керек?

9. Ата-аналар кеңесуге мұғалімге келді. Олардың 13 жасар қызы өте көп оқиды, үлгерімі жақсы, соңғы кезде қыз бен ата-ана арасында кейбір мәселелер туындап жүр. Ескертулерге қыз: - сендер мені жақсы көрмейсіңдер, үйден кетемін, - дейді. Ата-ана бұдан қорқып, қыздың барлық жағдайын жасайды. Ол жиі қайталанып жүр. Ата - анаға кеңес.


10. Мұғалім оқушыларға математика оқулығын таратуда. Самат үндемей кітапты апайға қайтарып берді. Мұғалім: Самат не болды? Неге қайтардың?

- Ол жыртық.

- Ол таза, әдемі болу үшін не істеу керек?

- Оны түптеп, желімдеп күтіп ұстау керек.

- Мұны кім істеу керек?І-жүргізуші: 

«Таза мінсіз асыл тас, су түбінде жатады,

Таза мінсіз асыл сөз, ой түбінде жатады»,-демекші ұстаздарымыздың жан-жақтылығын, біліктілігін бағалайтын  әділқазыларға сөз береміз.

Әділқазылар ұпай санын шығарғанша концерттік номер

 

І-жүргізуші:  ал, енді әділқазылар сөз кезегі өздеріңізде

 

                    Қорытынды: 

               

                 Бас жүлде « Жыл мұғалімі -2015»

            1. Жаңашыл мұғалім

 2. Эрудит мұғалім

            3. Зерттеуші мұғалім

            4. Әдіскер мұғалім

 5. Шебер мұғалім

 6. Көрермендер көзайымы.

 

ІІ жүргізуші: -----------------------  атты

«Жыл мұғалімі 2015 » сайысын жабық деп жариялаймыз.

Келгендеріңізге көп рахмет.!!!!

 










Общая информация

Номер материала: ДВ-421371

Вам будут интересны эти курсы:

Курс профессиональной переподготовки «Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе»
Курс профессиональной переподготовки «Клиническая психология: организация реабилитационной работы в социальной сфере»
Курс повышения квалификации «Управление финансами: как уйти от банкротства»
Курс повышения квалификации «Применение MS Word, Excel в финансовых расчетах»
Курс повышения квалификации «Правовое регулирование рекламной и PR-деятельности»
Курс профессиональной переподготовки «Организация менеджмента в туризме»
Курс повышения квалификации «Финансы: управление структурой капитала»
Курс повышения квалификации «Финансы предприятия: актуальные аспекты в оценке стоимости бизнеса»
Курс повышения квалификации «Использование активных методов обучения в ВУЗе в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Организация маркетинга в туризме»
Курс повышения квалификации «Источники финансов»
Курс повышения квалификации «Психодинамический подход в консультировании»
Курс профессиональной переподготовки «Организация технической поддержки клиентов при установке и эксплуатации информационно-коммуникационных систем»
Курс профессиональной переподготовки «Управление информационной средой на основе инноваций»
Курс профессиональной переподготовки «Стратегическое управление деятельностью по дистанционному информационно-справочному обслуживанию»

Благодарность за вклад в развитие крупнейшей онлайн-библиотеки методических разработок для учителей

Опубликуйте минимум 3 материала, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную благодарность

Сертификат о создании сайта

Добавьте минимум пять материалов, чтобы получить сертификат о создании сайта

Грамота за использование ИКТ в работе педагога

Опубликуйте минимум 10 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную грамоту

Свидетельство о представлении обобщённого педагогического опыта на Всероссийском уровне

Опубликуйте минимум 15 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данное cвидетельство

Грамота за высокий профессионализм, проявленный в процессе создания и развития собственного учительского сайта в рамках проекта "Инфоурок"

Опубликуйте минимум 20 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную грамоту

Грамота за активное участие в работе над повышением качества образования совместно с проектом "Инфоурок"

Опубликуйте минимум 25 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную грамоту

Почётная грамота за научно-просветительскую и образовательную деятельность в рамках проекта "Инфоурок"

Опубликуйте минимум 40 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную почётную грамоту

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Онлайн-конференция Идет регистрация