1647725
столько раз учителя, ученики и родители
посетили официальный сайт проекта «Инфоурок»
за прошедшие 24 часа
Добавить материал и получить бесплатное
свидетельство о публикации
в СМИ №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок Другое Другие методич. материалыПланирование на тему "Алтын күз"

Планирование на тему "Алтын күз"

библиотека
материалов

Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Ақшұқыр ауылы,

М. Әбдіхалықов мектеп-гимназиясының

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Курмашева Жумагул Нурлыбаевна

Ұялы тел:87759381381



«Алтын күз» - 2016» атты күз шара

1-жүргізуші

Уа халайық, халайық,

Мұнда назар салайық.

Мерекесі халықтың,

Алтын күзге арналған

Кешімізді бастайық.

2-жүргізуші

Аққудай әдеміміз, сұлу жанбыз,

Әр үйден шығатұғын жаңа таңбыз.

Жан сұлуымен тән сұлуын тепе-тең ғып,

Еріксіз өзімізге қаратамыз.

Ызғырықты жел өтіне,

Шыдап баққан тербетіле.

Ағаш біткен шашып жатыр,

Алтын теңге жер бетіне.(осы кезде 4 бұрыштағы шар жарылуы керек)

(кенеттен дауылдың, желдің, бұршақтың дауыстары естіледі. Жерге аспаннан дүрс етіп, бір нәрсе түседі. Ол нәрсе ханзада мен ханшайымның алтын тәжі болады)

2-жүргізуші Бұл не деген дауыс, бұл не болды.

1-жүргізуші

Расымен де бұл не нарсе, қане іздейік- деп (айналасын іздеп шығады да сахна төрінен алтын тәжді тауып алады.

-Мен «Алтын тәж» тауып алдым. Енді мен Ханшайыммын деп басына киіп, айналады.

2-жүргізуші

-Маржан, сен асығыс танытпа мында бір хат жатыр- деп хатты оқиды.

Хатта:

Құрметті бүгінгі кештің ханшалары мен ханзадалары! Бұл «Алтын тәж» сіздердің біреулеріңізге тиісті. Егерде кімде кім осы алтын тәжге өзін лайықтымын деп санаса, бүгінгі кеште өз өнерлерін ортаға салын. Өзін жақсы қырынан көрсеткен ханшалар «Ханшайым» атансын, ал ханзадалар «Ханзада» атансын.

1-жүргізуші

Ендеше, іске сәт ханшалар мен ханзадалар!

Көңіл қойып, құлақ салыңыздар!

Үнсіздік орнатып тына қалыңыздар.

Бүгінгі біздің бағдарламамыздан

Көрерсіздер қызықтың неше түрін.

Алтын күз біз бен сізге шуақ шашсын,

Көңілді серіппелі күйін ашсын.

Бақ пен шаттық бірге қатар қонып,

Береке бірлікпенен ортақтассын.

2-жүргізуші:

Құрметті ұстаздар мен бүгінгі кештің иегерлері. Бұл кешке жиналған мақсатымыз осы жылымыздың Ханзадасы мен Ханшайымын іріктеп шығару. Ханшайым мен ханзаданы іріктеп таңдайтан әділқазылар мүшелерімен таныс болыңыздар.

1-жүргізуші

Төлепова Амангүл төрайым

Құлмырзаева Айгүл мүше

Бекова Гүлмира мүше

Әділханова Мадина мүше

Қошанова Айнұр мүше


2-жүргізуші

Біздерде ойын сауық басталады,

Тамаша күй тартылып, ән салады.

Қошеметтеп қол соғып отыралық,

Ұмытарсыз күні бойы шаршағанды.

1-жүргізуші

Ендігі кезекте ханшалар мен ханзадалардың флешмоб өнерін тамашалайық

Мың бұралып, билеген

Өнерді кім сүймеген

Аққудайын қалықтап,

Түрлі ұлт биін билеген –деп 9б сыныбының бишілерін шақырамыз

-----------------------------------------------------------------------------------

2-жүргізуші

Қазақтың мың бұралған биі қандай,

Әсемдік әлеміне құйылғандай.

Сахнаға шыққанда сұлу қыздар

Тағаты көрерменнің тиылғандай деп

2- кезекте өнер көрсететін 9 ә сыныптың бишілерін қошеметпен шақырамыз.




3 - шығатын 10а сыныптың ханшалары мен ханзадалары


4- 10 ә сыныбының мың бұралған бишілерін шақырамыз


5- 9а сыныбының ханзалары мен ханзадаларын қошеметпен ортаға шақырамыз


1-жүргізуші:«Күзгі вальс» Ханзадалар Ханшаларды биге шақырамыз

2-жүргізуші: Әр сыныптың сыналатын кезі де жеткендей. Әр сыныптың ханзадалары мен ханшаларына заттық бұйымдар беріледі. Берілген бұйымдардан бір нәрсе жасап шығару. Шығарған туындыны қорғау керек. Ендеше , іске сәт!

1-жүргізуші: Өте керемет! Бір – бірімізге қошемет көрсетейік.

2-жүргізуші:Маршал ауылыныңәншісі Іңкәр ханшайымның өнерін тамашалаймыз.

Қазақстан мен Рессей жұлдыздарына саяхат. Әр сыныптан бір жұптан ортаға шақырамыз. (Жеребе таратылып, қай дуэт түссе, сол дуэттің әніне пародия жасалады.)

1. Қыдырәлі мен Қарақат «Бағым сен» өлеңі

2. Бүркіт пен Айша «Бәрі , бәрі жақсы болады»

3. Филлип Киркоров и Маша Распутина «Роза Чайная»

4. Төреғали Төрәлі мен Ерке Есмахан «Алло»

5. Қайрат пен Нюша «Алматының түндері-ай»

6. Қайрат Баекенов пен Маржан Арапаева «Қыздарай»

1-жүргізуші: Өте жақсы! Бір бірімізге қошемет көрсетейік.

2-жүргізуші:Ендігі кезекті бейнебаянға береміз.

9а,ә,б10а,ә кезекпен өнерлерімізді көрсетеміз.

1-жүргізуші: Әр адамның өзінің бойына ерекше біткен талантты болады. Соның бірі – өнер. Әсем әуенмен ән айту, тал шыбықтай мың бұрала би билеу, немесе нақышына келтіріп өлең оқып, күй - тарту кез келген жанға бұйыра бермейтін қасиет. Ханшалар мен Ханзадалардың өнерлерін тамашалайық. Ендеше, кезек өздеріңде.

Сіздер ойланғанша Айберік пен Назымның өнерін қабыл алыңыздар.

2-жүргізуші:Жеңістер мен жеңілістен тұратын

Өмір –күрес, жеткіземе мұратын.

Жеңбедім деп, жеңілдім деп ренжімең,

Қатысу да бір жеңіс, жан болсаң сен ұғатын – дей келе Әділқазылардың да қорытынды шығарып, алтын тәжді тапсыратын кезде келіп жетті.

«Әділқазылар Алтын тәжде тапсырады. Марапатталады

1-жүргізуші:

Құрметті ханшалар мен ханзадалар бүгінгі жеңістерін құтты болсын!

Қош демейміз, әлі талай сайыстар бар,

Өнерлерің өрлей берсін, қайыспаңдар.

Ойлы орта кеңейсін күннен-күнге

Өскен елдің жұртынан қалыспаңдар деп

Жүргізушілер бірге Кешіміздің соңы би кешімен жалғасады.




hello_html_372d702e.jpghello_html_m60479f1b.png







































Найдите материал к любому уроку,
указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:
также Вы можете выбрать тип материала:
Общая информация

Вам будут интересны эти курсы:

Курс профессиональной переподготовки «Маркетинг: теория и методика обучения в образовательной организации»
Курс повышения квалификации «Основы местного самоуправления и муниципальной службы»
Курс профессиональной переподготовки «Организация логистической деятельности на транспорте»
Курс повышения квалификации «Введение в сетевые технологии»
Курс повышения квалификации «История и философия науки в условиях реализации ФГОС ВО»
Курс профессиональной переподготовки «Организация деятельности экономиста-аналитика производственно-хозяйственной деятельности организации»
Курс повышения квалификации «Маркетинг в организации, как средство привлечения новых клиентов»
Курс профессиональной переподготовки «Управление ресурсами информационных технологий»
Курс повышения квалификации «Методы и инструменты современного моделирования»
Курс профессиональной переподготовки «Риск-менеджмент организации: организация эффективной работы системы управления рисками»
Курс профессиональной переподготовки «Уголовно-правовые дисциплины: теория и методика преподавания в образовательной организации»
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.