Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / География / Другие методич. материалы / Планирование на тему "Атмосфера тарауын қайталау"

Планирование на тему "Атмосфера тарауын қайталау"


  • География

Поделитесь материалом с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Атмосфера тарауы.

Қорытынды сабақ.

Туечиева Ивагүл Қадірқызы

Құрманғазы Сағырбайұлы атындағы орта мектеп. Шардара қаласы

. Оңтүстік Қазақстан облысы.


Сабақтың мақсаты: Шығармашыл тұлға тәрбиелеу.

Білімділігі: Географиялық тапсырмаларды

орындауды үйрету,дағдыларын жетілдіру.

Дамытушылық: Ойлау,есте сақтау, есеп шығару

қабілетін дамыту.

Тәрбиелік мәні:Табиғатты аялауға,өзара көмек және ұжымшылдық дағдысына тәрбиелеу. География пәніне қызығушылық пен

сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Пән аралық байланысы: Дүниетану,математика

, химия, биология,тарих,әдебиет,музыка.
Сабаққа қажетті құрал жабдықтар: Компьютерленген сынып,презентациялар, атлас, кескін карталар.
Сабақ өту әдісі: “ Оқытудың үшөлшемді әдістемелік жүйесі”пед.технологиясының элементтері. Тренинг әдісі.
Сабақ түрі: Білім тексеру,қорытындылау сабағы .
Оқушылармен жұмыс түрі: Жеке,топтық,ұжымдық.

Сабақтың өтілетін орны: Мультимедиялық сыныбы.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру сәті.

Оқушылармен амандасу ,түгендеу.

«Ой ояту» сұрақтарын қою:

Қандай сабақ?

Не үйретеді?

Жердің дәл үлгісі не?

Жердің ішкі құрылысы қандай?

Экватордың ұзындығы қанша?

Неше материк бар?

Ең үлкені?

Неше мұхит бар?

Ең кішісі?

Неше планета бар?

Ең үлкені?

ІІ. Өткен тақырыптарды қайталау сәті.

Бұл кезеңде әр түрлі тапсырмалар орындалады.

Тапсырма орындауға жақсы қатысқан,дұрыс жауап

берген оқушылар қазақ халқының ұлттық ойыны

«Күміс алу» ойыны негізінде күміспен марапатталады.

Күміс картонға күмістің химиялық формуласы жазылып

дайындалады.Ұлттық ойында күміс топырақ арасында

жатса,сабақта күміс сұрақтар астында жатқандығы

ескертіледі.Сабақ соңында күміс саналады.Көп жинаған

жеңімпаз аталады.

Тренинг әдісі: «Ата- бабаларымыз ауа райын қалай болжаған ? »-деген сұрақ қойылады.Үш айналымнан тұрады.Үшінші айналымнан өткендер «Күміс» алады.

Слайд. Жер қабықтары

Киіз үй суреті көрсетіледі . Оқушылар жер қабықтарын

осы суретпен байланыстырады.Оның түрлі болуы

оқушылардың шығармашылығына байланысты.


Литосфера, атмосфера, гидросфера, биосфера

.


hello_html_m3dc6482b.jpg


Слайд.Атмосфера қабаттары.

Атмосфераның жоғарғы қабаттары.

Стратосфера

Озон қабаты

Тропосфера

Бұл қабаттар туралы кім ,не білсе айтып, оқушылар өз ойларын жеткізеді.

Мұғалім оқушылардың ойын толықтырып,қазіргі кездегі

ғаламдық экологиялық мәселелерге тоқталады.Осы

жылдың желтоқсан айының 7-жұлдызында Копенгагенде

Жер планетасын сақтап қалу мақсатында «Жер шарының ауасының жаппай жылынуының алдын алу» атты тақырыпта Дүниежүзілік ғылыми конференция өткізілді.Бізде жер планетасының жағдайын ойлап,оның аман сау туруына кішкене үлес қосуымыз қажет.

Ол үшін не істей аламыз,қолымыздан не келеді?-деп,оқушыларға сұрақ қойылады.Олар өздерінің ойын баяндайды.


  • Алдымен ауа райының үш элементі ( атмосфералық қысым,температура,ылғалдық) көрсетіліп,бұл нені білдіреді деген сұрақ қойылады. Кейін осы үш сөзді қатыстырып ,бір сөйлем құрау тапсырылады.

Атмосфералық қысым

Ауаның температурасы

Ылғалдық

Слайд.Ауа қысымы.

Шаршы ішіндегі өлшемдер нені білдіреді?Үшеуін бірі – бірімен байланыстыру қажет.

1кг 33 г

1 мм

760 мм с б.


Слайд.Ауаның температурасы

Мәтін құрау қажет.Ауаның температурасы тәулігіне 4 рет термометр мен өлшенеді.Тәуліктегі ең жоғарғы температура мен ең төмен температураның айырмасы тәуліктік амплитуда деп аталады.Температура 100 метр биікке көтерілгенде 0,6 с төмендейді.

Қайталау тапсырмаларын қорытындылау тестін орындау.

1.Жер шарының ауа қабаты?

  1. Гидросфера

  2. Литосфера

  3. Атмосфера

  4. Биосфера

2.Ауа құрамындағы 78℅ үлесі бар газ?

  1. Оттегі

  2. Азот

  3. Көмірқышқыл газы

  4. Басқа газдар.

3.Атмосфераның төменгі қабаты?

  1. Тропосфера

  2. Озон қабаты

  3. Стратосфера

  4. Ионосфера

4.Ауаның белгілі бір жерге тән қысқа мерзімдегі жай күйі?

  1. Климат

  2. Ауа картасы

  3. Жылу белдеуі

  4. Ауа райы

5.«Климат » сөзі не деген мағына береді.

  1. Таяу

  2. Еңкіш

  3. Ауа

  4. Ендік

6.Негізгі климаттық белдеу нешеу?

  1. Екеу

  2. Үшеу

  3. Төртеу

  4. Бесеу

7.Көктемгі күн теңелуі?

  1. 23-қыркүйек

  2. 22 –желтоқсан

  3. 21-наурыз

  4. 22-сәуір

8.Қыс мезгілі болмайтын климаттық белдеуі?

  1. Полярлық

  2. Қоңыржай

  3. Тропиктік

  4. Экваторлық

9.Ылғалсыз барометр қайсы?

  1. Анероид

  2. Гигрометр

  3. Сынап барометрі

  4. Оқу барометрі.

10.Ауаның көлденең бағытта бір жерден басқа бір жерге ауысуын --------- дейді.

  1. Ауа қысымы

  2. Жылу белдеуі

  3. Жел

  4. Муссон.

ІІІ.Сарамандық жұмысты орындау.

І-деңгей. 5 ұпай

Мына әріптермен ауа райының құбылыстары мен элементтері берілген:

А.Атмосфералық қысым.

Ә.Ауа температурасы.

Б.Ылғалдық

В.Жел

Г.Қар

Д.Жауын – шашын.

Келесі сұрақтарға жауап берің:

1.Ауа райын бақылауға арналған құрал-жабдықтарды табың.Жауапты төмендегі кестеге жазың.

С1.Флюгер

С2.Шаш гигрометрі

С3.Жауын-шашын өлшеуіш

С4.Барометр.

С5.Термометр

С6.Сырық.

2.Құрал жабдықтардың өлшем бірліктерін анықтаң.Төмендегі кестеге жазың.

К1.Сантиметр

К2.Грам/литр

К3.Метр/сек

К4.Миллиметр

К5. Милиметр сынап бағанасы

К6.Градус . С ْ

Жауаптарды толтыруға арналған кесте.


Ауа райының

жай-күйі

А

Ә

Б

В

Г

Д

Өлшейтін құрал

С4

С5

С2

С1

С6

С3

Өлшем бірлігі

К5

К6

К2

К3

К1

К4


ІІ-деңгей. 4 ұпай.

1.Қысым мен температура биікке көтерілген сайын қалай өзгереді?

Жауабы:Қысым әр бір 10 метр биікке көтерілген сайын 1 миллиметр төмендейді.Температура 100 метр биіке көтерілгенде -0,6 С төмендейді.

2.Теңіз деңгейінде ауаның температурасы +36С.4 км биіктегі температура қандай болады?

Шешуі:36-24=12. Жауабы 12 С.

3.Мына келтірілген мысалдан тәуліктік орташа температураны шығарыңдар.Ауаның температурасы

Сағ 1-де -4С)

Сағ7-де (-5С)

Сағ13-де +4С

Сағ 19-да +1С

Шешуі: -4 / 4=1.Орташа температура 1С

4.Атмосфералық қысым А нүктесінде 790 мм,Б нүктесінде 810 мм.Екі нүктенің абсолют және салыстырмалы биіктіктерін табыңдар.

Шешуі:Қалыпты атмосфералық қысым 760 мм сынап бағанасына тең. Атмосфералық қысым 10 метр биікке 1 мм төмендейді.

А нүктесі 790-760=30. 30*10=300метр

Б нүктесі 810-760 =50. 50*10 =500метр

Салыстырмалы биіктіктері 500-300 = 200метр

ІІІ-деңгей.(3 ұпай)

1.Жел өрнегін құру.Солтүстік-шығыстан 7 күн,

шығыстан 4күн,

оңтүстік – шығыстан 2 күн,

оңтүстіктен 1 күн,

оңтүстік – батыстан 3 күн,

батыстан 2 күн,

солтүстік –батыстан 4күн,

солтүстіктен 3 күн жел соқты.

(1күн=0,5 см) С

hello_html_m5add9c6a.gifhello_html_m77170f53.gifСШ

hello_html_m5210e7f1.gifhello_html_7d82b473.gifhello_html_7a5729ae.gifСБ

hello_html_m14270666.gifhello_html_m3237170e.gif

hello_html_22b27977.gifhello_html_5b2c7014.gifhello_html_m67747f51.gifБ Ш

hello_html_mb60b119.gif


ОБ ОШ


О

2.Суретке қарап қарама –қайшылықты пікір айту.

А)Пайдасы Ә) Зияны


ІҮ.Сарамандық жұмыс тапсырмаларын қаншалықты орындағанын тексеру.

ҮІ.Сабақтың қорытындысын жасау.

  1. Оқушылардың танымдық белсенділіктеріне талдау жасауКүміс алған оқушылар күмістерін санайды.Ең көп күміс алғандар сабақтың лидері болады.

  2. Үй тапсырмасы.Деңгейлі тапсырмаларды орындап үлгермеген оқушыларға үйде орындап жалғастырып келу тапсырылады.Су туралы мақал-мәтелдер жинақтап келу.

  3. Бағалау:

5 ұпай-бағасы- 3

9 ұпай –бағасы -4

12 ұпай –бағасы-5

Бағалау парағы


Оқушының

аты-жөні

І

деңгей

ІІ

деңгей

ІІІ

деңгей

Ұпай

Бағасы














Брейн- Ринг

«Не? Қайда ? Қашан?» 7-сынып.

Пән мұғалімі: Туечиева Ивагүл Қадірқызы.

Ойын сабақты ұйымдастыру кезеңі мынадай ретпен жүргізіледі.

1.Сыныпқа оқушылар кіргенде екі түрлі ленталар таратылады.(Сары және көк)

2.Сары лента алғандар бір топқа, көк лента алғандар екінші топқа біріктіріледі

3.Топ мүшелері өздерін таныстырып,топ атын,топ капитанын анықтайды

4.Әділқазы мүшелерін таныстыру:

.1)--------------------------------------------

2)-------------------------------------------

3)-------------------------------------------

5.Топтар атын атап,капитандарын таныстыру.

Жүргізуші ойын ережесімен таныстырады.

Ойын ережесі:

І тур- «Не? Қайда ? Қашан?»

ІІ тур- «Ең, ең, ең,.......»

ІІІ тур- «Жұмбақ сауалнама»

ІҮтур«Логогрифтер,метаграммалар,анаграммалар»

Ү тур-«Географиялық есептер»

ҮІ-«Ал, қанеки кім білгір» сайысы

ҮІ тур- Капитандар сайысы.

Қорытынды.

І тур—«Не? Қайда? Қашан?»

1.Ең алғаш «География» терминін ғылымға енгізген .ғалым кім?

2.Екі дүние бөлігінен тұратын материк?

3.Жер шары бетінің ауданы қанша?

4. Солтүстк Америка жағалауындағы тау?

5.Сельвас дегеніміз не?

6.Қай таудың аты оның алтын рудасына бай екенін көрсетеді?

7.Ежелгі біртұтас материк?

8.Антарктида материгі қашан ашылды?

9.Азия менЕуропаны бөліп тұрған тау?

10.Анхель сарқырамасы қайда орналасқан ?

11.Кампос деген не?

12.Канада жалауында не бейнеленген?

13.Оңтүстік Американың байырғы тұрғындары?

1 4.Бумеранг деген не?

15.Магеллан қашан жер шарын айналып шықты?

16.Антарктида мен О. Американы бөліп тұрған бұғаз?

17.Кондор қайда өмір сүреді?

18.С.Америка ертедегі қай материктің бөлігі?

19.Антарктида ертедегі қай материктің бөлігі?

20.«Қызыл сафиян» деген не?

21.Қай ел кофенің отаны?

22.АҚШ пен Ресей арасын бөліп тұрған бұғаз?

23.Нилоттар қайда өмір сүреді?

24.«Ұлы географиялық ашылулар » заманы қашан?

25.Су атасы?

26.Таудың ана құдайы?

27.Ежелгі біртұтас мұхит?

28.Жер шарының радиусы?

29.Жер шарының ауданы?

30.Еуразияның оңтүстік шеткі мүйісі

ІІ тур –«Ең, ең, ең,....»

І Топ сұрақтары:

1.Ең биік шың

2.Ең үлкен арал

3.Ең кіші мұхит

4.Ең үлкен теңіз

4.Ең лас теңіз

5.Ең мол сулы өзен

6.Ең үлкен құс

7.Ең биік сарқырама

8.Ең терең көл

9.Ең кең бұғаз

10.Ең халқы көп мемлекет

ІІ топ сұрақтары

1.Ең үлкен түбек

2.Ең ұзын тау жүйесі

3. Ең үлкен көл

4.Ең суыққа төзімді құс

5.Ең үлкен жел

6.Ең ұзын бұғаз

7.Ең үлкен шөл

8.Ең терең шұңғыма

9.Ең кішкентай құс

10.Ең кішкентай мемлекет

ІІІ тур. «Жұмбақ сауалнама»

1.Жер шарында көкжиек тұстары байқалмайтын аймақтар .барма?

2.Жер шарының солтүстік ,оңтүстік, батыс,шығыс шеткі .мүйістері болама?

3.Экватордан оңтүстікте поляр жұлдызын көруге болама?

4.Саяхатшылар дүние бөліктеріне барған кезде .«Юкатан»,«Кенгуру» деген сөздерді естіді.Бұл қай жер . . .және сөздердің мағынасы?

5. Ресейдің Тюмень облысында өзен,сол өзен аттас қала және сол өзеннің үлкен сағасы бар.Бұл өзен Обь өзенінің сағасына құяды. Осы өзеннің атымен қазақта ру бар.Бұл қандай ат?

ІҮ тур-«Логогрифтер,метаграммалар,анаграммалар»

Логогриф-бір әрібін алып немесе қосқандаа алынатын .жұмбақ сөз.

1.Куб- Куба

2.Іл-Іле

2.Кит –Кито

4.Ер-жер

5.Әсел-сел

6.Ора- Орал

7.Ара-Арал

8.Алқаш – Балқаш

9.Ана- Гана

10.Атыс- Батыс

11.Азан-сазан

12.Ығыс-шығыс

13.Жыр-жыра

14.Метр-метро

15.Барыс-Арыс

Метаграмма-бұл бір әрібін ауыстыру арқылы жаңа сөз шығару.

1.Жерді ортасынан бөліп тұрады

Т - әріпін д-ға ауыстырсаң

Латын Америка елі болады(Экватор,Эквадор)


2.Бұл қауіпті газдың аты

У-әріпін и-ге ауыстырсаң

Таяу Шығыс елдің аты(Уран,Иран)

3.Балық тың атындағы

К-әріпін Н-ға ауыстырсаң

Африканың ең үлкен елі болады.(Судак,Судан)

4.Еуропада екі ел бар,

Аттарының айырмашылығы

С және Р әріпінде(Исландия,Ирландия)

Анаграмма-бұл керісінше оқып немесе әріптерін ...ауыстыру арқылы басқа мағынадағы сөз алу.

Куба , булка , нева , пенал

салат, Киото, малина.

Мысалы: Куба-Баку,Булка-Кабул

Ү тур-«Географиялық есептер»

1.1:1000 000 масштабты картада 1мм қашықтық жер .бетінде қаншаға тең?

2.1000 о азимут көкжиектің қай тұсын көрсетеді?

3.Жер бетінде 12 о,4км биіктегі температураны .анықтаңдар?

4.Қазақтсан халқының орташа тығыздығын есептеп шығарың.

5. 1 градус доғасының қаншаға тең екенін есептеп шығар.

ҮІ-«Ал, қанеки кім білгір» сайысы

Географиялық нысанның аты аталады,оқушылар оның не екенін айтады.

Америка( дүние бөлігі) Ключи шоқысы

Марабу Анхель

Калахари Амракайбо

Вельвичья Атакама

Конго Пампа

Нигер Бискай

Нигерия Дрейк

Суэц Тар

Отты жер Памир

Магеллан Колумбия

Виктория Миссисипи

Гольфстрим Оттава

Ине Дежнев

ҮІ тур- Капитандар сайысы.

Әр топтың капитаны 30 секунт ішінде физикалық картадан .географиялық нысандарды көрсетеді.Қарсы топ санап .отырады.

Қорытынды.Әділ қазылар алқасына сөз беріледі.

Топтар марапатталады. «Ең үздік географ» деген .номинациямен жақсы қатысқан үш оқушы марапатталады.

Қорытынды: Қазылар алқасы ұпайларын санап ,қорытындылағанша , оқушылар термин санау тренингіне кіріседі.








Автор
Дата добавления 10.10.2015
Раздел География
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров677
Номер материала ДВ-049080
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх