Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Директору, завучу / Конспекты / Планирование на тему "Деніңе саулық, дертіңе шипа сыйлаған"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Директору, завучу

Планирование на тему "Деніңе саулық, дертіңе шипа сыйлаған"

библиотека
материалов

« Деніңе саулық, дертіңе шипа сыйлаған» дәрігерлермен кездесу кешінің сценарийі


1 - жүргізуші : Армысыздар, құрметті көрермен қауым! Бүгінгі «Деніңе саулық, дертіңе шипа сыйлаған » атты медицина қызметкерлері күніне арналған іс - шарамызға хош келдіңіздер. Іс - шара бет пердесін ашу ортаға ауылымыздың Ардақты Ақ халатты абзал жандардыортаға шақырамыз және дамыған медицинадан бөлек, таланты атадан ұрпаққа дарып келе жатқан сынықшыларымыз Қадіркүл апа мен Қалымбет ағайды да ортаға шақырамыз.

(Дәрігерлер мен сынықшылар ортаға шығып, сахнадан орын алады)

Жүргізуші: Адам өмірін ұзартуға септігін тигізіп, ажалдан арашалаушы дәрігер мамандығын халқымыз ежелден қастерлеп, құрметтеген. Әр адам өз өмір жолында ақ халатты абзал жандармен кездесіп, олардың ыстық ықыласы мен алақандарын сезінеді. Бұның бәрін «Ақ халатты абзал жандар» ғана бере алады. Олардың көмегімен тоқтаған жүрек қайта соғып, үмітімізді жалғап өмірге деген құлшынысымызды арттырады. Осы ақ халатты абзал жандарды төл мерекелерімен шын жүректен құттықтаймыз! Осы мерекені ашу үшін сөз ауыл әкімі Д. Насибековке және ақсақалдар кеңесінің төрағасы Е. Маханбетовке беріледі.

Ән: Отан. Орындайтын Өтегенова Аружан

Жүргізуші: Медицина қызметкерлерінің күні - бұл мереке барлық ғұмырын алғысқа лайықты істерге – өзге адамдардың денсаулығы мен өмірлеріне қамқор болуға арнаған жандардың еңбектері еленетін күн.

Қиналғанда көмек сұрап, ауырғанда шипа іздеп алдына барған кез келген науқасқа қолдау көрсететін, өмірлеріне қауіп төнген сәтте араша түсіп, тіпті кейде екінші рет өмір сыйлап жататын барша дәрігерлерімізді айтқанда , Қазақстан медицинасы десе, Түменбаев Найманбай есімі ойға қатар оралады. Түменбаев Найманбай секілді жүректерге өмір сыйлап өтіп кеткен алтын қолды дәрігеріміздің жатқан жерлері жарық болғай деп, аяулы да ардақты дәрігер атамызды еске алайық. (бір минут үнсіздік)


Жүргізуші:

Бүгін – өмірлерінде бірде-бір рет қателесуге қақысы жоқ мамандық иелерінің төл мерекесі.

Елімізде әлемнің бірқатар елдеріндегідей маусым айының үшінші жексенбісін дәрігерлер күні ретінде атап өту дәстүрі қалыптасып келеді. Ең алғаш рет мереке "Мереке және атаулы күндер туралы" аталатын Кеңестер Одағының Жоғары Президумының қаулысы бойынша 1980 жылдың 1 қазанында қабылданған болатын.

Аурудың жасқа да, кәріге де қарамастан, ұрымтал жерден соға беретіні ақиқат. Сондықтан ине мен пышақты өмірлеріне серік еткен ақ халатты, алтын қолды дәрігерлерлер қауымына бесіктегі баладан есіктегі қартқа дейінгі адамдардың айтар алғысы шексіз екендігіне шүбәміз жоқ. Олай болса, кезекті көрермендеріміздің Найманбай ата туралы естеліктеріне кезек берейік.

Ән: Сәбит

Жүргізуші: Бүгінгі мерекелік кешіміздің себепкерлерімен таныстырып өтейін.

  1. Халық медицинасын ұстанған сынықшы Қадіркүл апа. және Қалымбет ағай. Қалымбет ағайдың анасы Есен апа да сынықшы болған. Қалымбет ағай қазіргі уақытта сол кісінің ісін жалғастырып келеді.

  2. Ауылымыздың медициналық пунктінің қызметкері, қазіргі уақытта зейнетке шыққан Абдурахманова Райхан апай, Палымбетова Камила Құдайбергенқызы, Ергешбаева Нэлла Байхожанқызы, Дүйсенбекова Бибігүл Әбдіманапқызы, Жұмаева Айсұлу, Күншығарова Феруза Дөңесқызы, Баймұхамбетова Ақниет Кенжебайқызы. Осы кісілерді мереклерімен құттықтап, орнымыздан тұрып қол соғып, қошеметтеп қояйық.

Осы кісілердің құрметіне ән жолданады. (Дәрігер қыз.Бектұрғанов Өмірсерік)

Жүргізуші. Абзал жан деген ат алған,
Ем беріп көптен бата алған.
Сынықшы ізгі жүректі,
Сап құрған сыйлы қатардан.
Сиремесін қатарың,
Көп болсын дәмің, татарың.
Жол тартсаң жақсы ниетке,
Ақжолтай болсын сапарың,

Сөз кезегі Қадіркүл апа мен Қалымбет ағайда.

(Сұрақ- жауап жүргізіледі).

  • Апа, өзіңіздің бойыңыздағы құдай берген қабілетті қай кезде, қалай байқадыңыз?

  • Қалымбет ағай, бойыңыздағы қабілетті ең бірінші кімге жұмсадыңыз?

Бүгінгі кешіміздің қонақтарын құттықтау үшін сөз әйелдер кеңесінің төрайымы Қожахметова Рахия апайға және №228 Ш. Бәкіров атындағы орта мектеп директоры А. Қаракееваға сөз беріледі.

Ән: Әбжаппаров Сәбит

Жүргізуші: Еңбегің неткен зор еді,
Кигенің алғыс тон еді.
Құтты болсын мейрамың,
Дәрігер- өмір тірегі.
Дем берген дауа жүрегі,
Науқастың сенер тірегі.
Сыйлаған саулық әр үйге,
Өрлесін бақыт-терегі.

Сөз қазіргі таңда бейнетінің зейнетін көріп еңбек демалысында отырған Райхан апайға беріледі.

  1. Райхан апа, бір ғасырдың жартысынан астамын жасап отырсыз. Уақыт деген зымырап өтіп жатыр. Осы жасқа келгенше тағдыр жолында кездескен қаншама тосқауылға төтеп беріп қашан да жеңіске жете білдіңіз. Мұндай жетістігіңіздің де терең себебі бар деп ойлаймыз.Соның себебін айта отырсаңыз.

Ән:

Жүргізуші: Шын дәрігер адамдарға жанашыр,
Керек емес оған ақша байлығың.
Берген анты жүрегінде ол да тұр,
Қорықпайды ауруыңнан қаймығып.
Мұндай жанды кездестірсең сене бер,
Оған АЛЛА нағыз шипа бере гөр.
Бар білгенін аямаған дәрігер,
Алғыс алып, бақыт  нұрға бөленер.

(Нэлла мен Камилаға сөз беру)

Сұрақ: Нэлла апай, Ана мен бала денсаулығы үшін не пайдалы, не зиянды?

Кәмила апай, осы қызметте жүрген кездегі ең қуанышты және ең қорқынышты сәтіңізді бізбен бөліссеңіз.

«Ауру – астан»демеп пе еді халқымыз, тамақтану гигиенесы туралы не айтасыз?

Ән.

Жүргізуші: Бала біткен бәрі қорқып жүретін,
Бірақ оның қолы жұмсақ келетін.
Дәрігердей абзал жанға лайықсың,
Талай ауру-сырқауды өзі жеңетін.

Әр күніңіз жеңістерді құрасын,
Емделушің тек бақыттан жыласын.
Алғыс алып ондаған мың адамнан,
Ең соңында болсын орның шынар шың.

(Бибігүл мен Айсұлуға сөз беру)

Сұрақ: Бибігүл, жас болсаң да бір ұжымды басқарып отырсыз. Осы ұжымның жеткен жетістіктері жөнінде айтып өтсеңіз.

Дұрыс тамақтанбағаннан қандай аурулар пайда болады?

Айсұлу, Жанұяңда сенен басқа осы мамандықтың иесі болған адам бар ма?

Жұмыс барысындағы ең басты ұстанымың қандай?

Ән.

Жүргізуші: Жан ашыры баршаның,
Көңілге тыныш дем берген.
Күлім көз көзің бір күлсе,
Сырқатты жаның емделген.
Ауырмай, талмай еңбек ет,
Дәрігер атқа лайық боп.
Бақыттай атты жерге жет,
Болсыншы уайым-қайғың жоқ.

(Феруза мен Ақниетпен сұхбат жүргізу)

Феруза, осы маман иесі болғаныңа ризасың ба, әлде кейде осы мамандықты неге таңдадым деп өкінетін кездерің бола ма?

Ақниет, не себепті осы мамандықты таңдадың? Таңдау себебің не?

Ән:

Жүргізуші: Арашашы жаныңа,
Қасыңнан кетер табыла.
Ақ халатты дәрігер,
Мерекесі тағы да.
Алғыс болсын алғаның,
Мәртебең асып самғағын.
Еселесін еңбегің,
Өмірдің алып бар бағын.

Арнау мен осы мед. пункттің ардагер майталманы Н. Түменбаевтың өмір жолы жазылған естелігін тапсыру.

Ән:

Жүргізуші: Еңбегің неткен зор еді,
Кигенің алғыс тон еді.
Құтты болсын мейрамың,
Дәрігер- өмір тірегі.
Дем берген дауа жүрегі,
Науқастың сенер тірегі.
Сыйлаған саулық әр үйге,
Өрлесін бақыт-терегі.

Әр күніңіз жеңістерді құрасын,
Емделушің тек бақыттан жыласын.
Алғыс алып ондаған мың адамнан,
Ең соңында болсын орның шынар шың.

Қолың шипа, дертке дауа сөздерің,
Жылу берер күлімдеген көздерің.
Денсаулығың мықты болсын,дәрігер,
Көп болсыншы ауру жеңген кездерің.

Осымен «Деніңе саулық, дертіңе шипа сыйлаған» атты мерекелік кешіміз аяқталды.

Айпейсова Нұрипа

Қызылорда облысы

Шиелі ауданы

Ботабай ауылы

228 Ш. Бәкіров атындағы орта мектеп

Автор
Дата добавления 04.12.2015
Раздел Директору, завучу
Подраздел Конспекты
Просмотров204
Номер материала ДВ-226683
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх