Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Рабочие программы / Планирование на тему "Мен кіммін?"

Планирование на тему "Мен кіммін?"

  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Тақырыбы:Мен кіммін?

Білім беру салалары: Қатынас.
Бөлімдері: Тіл дамыту
Тақырыбы: «Біздің отбасымыз»
Мақсаты:
Білімділік: Отбасы жайлы, олардың аттарын айта білуге үйрету. Отбасы мүшелерінің түсінігімен таныстыру.
Дамытушылық: Тілдерін дамыту. Ой өрісін дамыта отырып, сөздік қорын байыту.
Тәрбиелік мәні: Үлкендерді сыйлай білуге үйрету. Инабаттылық пен адамгершілікке тәрбиелеу.
Көрнекілік: Отбасы туралы суреттер. 06 - 14.№1
Сөздік жұмыс: Отбасы, сыйласымдық, ізеттілік.
Қостілділік компоненті: Отбасы - семья
Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс - әрекеті Балалардың іс - әрекеті
Мотивациялық – қозғаушы

Ш. ш: «Табиғат» 06 - 04 «Ә» №1

Тәрбиеші, ұйымдастырылған оқу - іс әрекетін санамақтан бастайды.
Бір үйде біз нешеуміз?
Бір үйде біз бесеуміз.
Анам, әкем, апам, атам және мен.
Бір үйде біз нешеуміз?
Бір үйде біз бесеуміз. Табиғатым тамаша,
Көз тоймайды қараса.
Табиғатты аялап,
Жүрейікші жараса

Балалар санамақты тыңдап, тәрбиешінің артынан қайталайды.
Саусақтарымен санап көрсету арқылы санамақты қайталайды.
Іздену - барлау

Санамақта ата, апа, аға, әпке, бауыр туралы айтылған. Осы айтылғандардың бәрін отбасы деп атаймыз.
Отбасындағы ата мен әже, ата - баба болып келеді, әкең мен шешең, ата - ана. Ал әпке, аға, ата - ана, балалар отбасының мүшелері болады. Үйдегі үлкен кісілерге көмектесу қажет, ата - апаларға төрден орын беру керек.
Көліктердің ішінде де үлкен кісілерді көргенде орын беріп амандасып жүру қажет.

Аяжан сенің отбасыңда қанша адам бар?

Сергіту сәті: «Алақан» 06 - 04 «Ә» №24
Балалардан өз отбасы туралы әңгімелеп берулерін сұрау.
«Біздің отбасымыз»
Тақырыбында балалармен әңгімелесу, ата - аналары жайында сұрау.
Балалардың айтқандарын тыңдау. Балалар тыңдайды.

Ата, апа, аға, апай.
Көрсетілген суреттерге қызыға қарап айтылған сөздерді тыңдап отырады.
Аяжан өз отбасында қанша адамдар бар, және олар кімдер екенін айтады.

Алақаны аялы,
Анам бар жаны саялы.
Кешіре білген кінәмді,
Әкем бар менің шыдамды.

Әр бала өз отбасы туралы айтады.
Рефлексивті - қорытындылау
Балалармен бірігіп суреттерді қарау.

Біз бүгін не жайында әңгімелестік?
Отбасына кімдер кіреді екен?

Санамақ айту.
Белсене қатысқан балаларды мақтау. Балалар өз отбасы туралы айтқанға қуанады.

Бүгін біз отбасы туралы әңгімелестік.
Ата, апа, әке, шеше, аға, іні, қарындас, бауыр.

Санамақты қайталайды.
Күтілетін нәтиже:
Білуі немесе хабардар болуы: Балалар өз жанұялар жайлы айта білуге, олардың атарын айта алуға үйренеді. Үлкендерді сыйлау керектігін үйренеді. Кішілерге ізеттілік көрсетіп, төбелеспей, бірлесіп ойнау керектігі жайлы хабардар болады.
Қалыптасқан әдет: Балалар ұйымдастырылған оқу - іс әрекетіне қызығушылық танытады. Істей біледі: Балалар өз жанұяларындағы адам аттарын айта алады.

Білім беру салалары: «Таным»
Бөлімдері: Қоршаған орта мен таныстыру.
Тақырыбы: Мен кіммін?
Мақсаты:
Білімділік: Өзі туралы қарапайым түсініктерін қалыптастыру.
Дамытушылық: (Мен адаммын, менің қолым, аяғым, басым, құлағым, көзім, мұрным, аузым, бар, мен аштықты, суықты сеземін және т. б.)
Тәрбиелік мәні: Өзін - өзі құрметтей білуге тәрбиелеу.
Көрнекілік: Адамның суреті, қоян суреті.
Сөздік жұмыс: Дене мүшелері, тазалық.
Қостілділік компоненті: Мен - я, менікі - моё.
Әрекет кезеңдері. Тәрбиешінің іс - әрекеті. Балалардың іс - әрекеті.
Мотивациялық - қозғаушы. Ш. ш: «Қане біздің қолымыз» 06 - 04 «Б» №3

Біз бір - бірімізге амандасқанда, тамақ ішкен кезде қасықты қай қолымызға ұстаймыз?

Топқа ойыншық қоян келеді.
Мен кіммін?

Қоянның қолында суреті бар екен.
Қояның қолындағы суретте кім бейнеленген?

Қоян сендер кімсіңдер деп сұрайды. Армысың асыл күн!
Армысың асыл жер!
Армысың көк аспан!
Армысың досым!
Жылуыма жылу қос!
Міне менің қолым!

Қасықты оң қолымызға ұстаймыз.

Қызығушылық танытады.
Сен қоянсың.

Суретіне қарайды.
Адамның суреті бейнеленген.

Біз балалармыз.
Іздену - барлау Ойын «Кім жылдам».
Ойынның шарты қоян қолындағы суреттерден ауыз, қол, аяқ, мұрын т. б дене мүшелерінің суреттерін көрсетеді балалар тез сол суреттердегіні дұрыс атап өз дене мүшелеріннен көрсетеді.
Міне көрдіңдер ме балалар адамдар көздерімен айналаны көреді.
Танауларымен иіс сезеді, дем алады.
Ауыздарымен тамақ ішеді, бір - бірлерімен сөйлеседі.
Аяғымызбен жүреміз, құлағымызбен естиміз.

Қоян өз дене мүшелерін де көрсетіп, балалардан сол мүшелерін атауын сұрайды.
Сергіту сәті: «Ұзын құлақ» 06 - 04» «Ә» №3

Менің құлағымның сендердің құлақтарыңнан қандай айырмашылығы бар?

Сендер кімсіңдер?
Мен ше? Балалар тез өз дене мүшелерін сурет арқылы көрсетіп қоянға айтып отырады. (ауыз, көз, мұрын, құлақ) т. б.

Көз, танау, ауыз, құлақ т. б.

Ұзын құлақ сұр қоян,
Естіп қалып сыбдырды,
Ойлы қырлы жерлерден,
Ытқып - ытқып секірді
Айтып қимыл мен көрсетеді.

Біздің құлағымыздан қоянның құлағы ұзын.

Біз адамбыз, балалармыз.
Сен қоянсың.
Рефлексивті - қортындылау. Қоян балаларға дене мүшелерінің таза ұстауларын айтады.

Қоян қоштасып тағы да келетінін айтып топтан шығып кетеді.
Қоян қайда өмір сүреді?
Қояның құлағы қандай екен?

Балаларда рахмет айтып қоянға сау бол айтады.

Қоян орманда өмір сүреді.
Қоянның құлағы ұзын.

Күтілген нәтиже:
Білуі немесе хабардар болуы: Балалар дене мүшелерінің атқаратын қызметтерімен танысты.
Қалыптасқан әдет: Балалар қойылған сұрақтарға жауап бере алады.
Істей біледі: Балалар ұйымдастырылған оқу іс - әрекетіне қызығушылықпен қатысады.



Автор
Дата добавления 19.12.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Рабочие программы
Просмотров120
Номер материала ДВ-272554
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх