Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Музыка / Другие методич. материалы / Планирование "Ноталар" 3 класс
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Музыка

Планирование "Ноталар" 3 класс

библиотека
материалов

hello_html_450aecd2.jpg


Теңелова Ләззат Мақсатқызы

Музыка пәні маманы

Ақтөбе облысы

Байғанин ауданы

Жарқамыс ауылы

Жарқамыс орта мектебі



Сиқырлы ноталар

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыта отырып, музыка арқылы әсемдікке, әдемілікке тәрбиелеу.

Білімділік: Ноталардың айтылу, дыбысталу, орналасу тәртіптерін меңгерту.

Дамытушылық: Ән айту, жұмбақ шешу, ойын ойнау арқылы музыкалық және шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Мәдениеттілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Ойын сабақ.

Сабақтың әдісі: Ән айту, жұмбақ шешу, ойын ойнау, түсіндіру, сұрақ – жауап.

Сабақтың жоспары:

1. Шаттық шеңбері.

2. Ұйымдастыру кезеңі

3. Ноталар айтысы

4.Музыкалық жұмбақ

5. Музыкалық ойын

6. Сөзжұмбақ шешу

7. Қорытындылау

1. Шаттық шеңбері:

«Сен қалайсың?» Оқушылар бір – біріне бүгінгі сабақтағы көңіл – күйлерінің қалай екендігін сұрайды.

2. Ұйымдастыру кезеңі.

Бүгінгі сабағымызда музыка пәнінде үйренген жеті нотаның орналасу тәртібі мен дыбысталуын қалай меңгергенімізді дәлелдейтін боламыз.

Нота латын тілінен аударғанда «белгі» деген мағынаны білдіреді. Нота белгісі дөңгелек, іші боялған немесе боялмаған болып келеді. Дөңгелек нота белгісіне тіке түсірілген таяқшалар (штиль), оларға жалғастырылған жалаушалар дыбыс ұзақтықтарын білдіреді.

«Ақ дәптерге мына біз,

Бес жол сызық сызамыз»,- деп бес сызық сызамыз. Оны нота арқауы (стан) немесе желісі деп атайды. Негізгі нота сызықтардан басқа ноталар қосымша сызықтарға да орналасады. Ал ноталарды таңбалауда кілт деп аталатын белгі болады, ол «скрипка кілті» деп аталады.









До Ре Ми Фа Соль Ля Си

Осы жеті дыбыстан барлық әуен шығады.

Ендеше, ноталар айтысын ұйымдастырып көрелік.

Мұғалім:

Ноталармен қауыштырып біздерді,

Ортамызға ханшайымдай қыз келді.

Музыканы ноталармен көркемдеп,

Ән боп ұшқан дыбыстар мен үндері, - деп ортаға «Музыка ханшасын» шақырамыз.

Музыка ханшасы:

Мен әдемі ханшамын,

Барлығыңа да ұнадым.

Сондықтан да ноталардың айтысын,

Тыңдамаққа мен осында бет алдым.

3.Ноталар айтысы:

ДО нотасы: Мен отырмын бақылап,

Бірінші сызық жақын – ақ.

До нотасы болған соң,

Көтерілем сатылап.

РЕ нотасы: Мен ре, ре, ремін,

Ре ретін де білемін.

Бірінші сызық астында

Қатарласып келемін.

Ми нотасы: Бірінші сызық үстіне,

Шығып алдым, күш міне!

Ми нотасы боламын,

Естеріңе түсті ме?

Фа нотасы: Мен фа, фа нота болғасын,

Екі сызықтың ортасын

Иеленіп жатырмын

Меншігімді қорғасып.

Соль нотасы: Сольмін, сольмін тұз деме,

Төменнен де іздеме.

Екінші сызық үстінде

Тұрмын түспей, түс десе.

Ля нотасы: Мен ля, ля биікпін, биікпін.

Көңілдімін сүйіктім!

Аяғым екінші сызықта.

Төбем үшке тиіп тұр.

Си нотасы: Си нота деп аталдым,

Рас, біраз мен қиналдым.

Үшінші сызыққа шыққанда

Қасыма бәрің жиналдың.

Ханша: Жарайсыңдар ноталар,

Ризамын сендерге.

Бәріміз енді көңілді

Қосылайық әуенге.

Ән: «Біздің ән»

4. Музыкалық жұмбақтар

1. Бір сатыда жеті бала тұрады,

Ойнағанда әр түрлі әуен шығады. (7 нота)

2. Көңіл құсын ұшырдым,

Досқа шаттық ұсындым.

Бар ұлтқа ортақ бір тілді,

Аудармасыз түсіндім. (Музыка)

3. Түзу бес жол бойында

Ұқсас бейне оюға

Ноталарды қырағы

Дәу күзетіп тұрады. (Скрипка кілті)

4. Қос таяқты қарны мықты.

Дұрыс соқсаң, әуен шықты. (Барабан)

5. Ақ, қара көздері бар,

Созсаң не бір әуені бар (Баян)

6. Қос құлақты,

Белін буған.

Өнер қуған. (Домбыра)

7. Қарны қабақтай,

Бұты таяқтай.

Тиіп кетсе жылайды,

Жыласа да ұнайды. (Домбыра)

5.Музыкалық ойындар

1.Ойынның тақырыбы: «Кім жылдам?»

Ойынның барысы: Ойынға екі оқушы шығады. Музыка басталғанда екі оқушы музыканың ырғағымен би қимылдарын жасайды. Ал музыка тоқтап қалғанда шашылған ноталарды тез жинай бастайды. Қай оқушы ноталарды көп жинаса сол жеңімпаз болады. Ойын осылайша жалғасын табады.

2. Ойынның тақырыбы: «Адасқан ноталар»

Ойынның барысы: Бұл ойынға да екі оқушы шығады. Шашылған бірнеше ноталарды бес сызықтың бойына тез орналастыру керек. Кім тез және дұрыс орналастырып, қандай ноталар екенін атаса сол оқушы жеңімпаз болады. Ойын оқушылардың қалауы бойынша жалғасады.

6. Сөзжұмбақ шешу

Мына сөзжұмбақты шешкенде «Нота» сөзі шығады


1. Әнші даусы (тенор)

2. Әншілердің үлкен тобы (Хор)

3. Асық пайдаланатын аспап (Жетіген)

4. Абайдың бес асылының бірі (Ақыл)

7. Қорытындылау.


























Автор
Дата добавления 14.05.2016
Раздел Музыка
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров130
Номер материала ДБ-080731
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх