Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Химия / Другие методич. материалы / Планирование по химии на тему «Алкадиендер»
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Химия

Планирование по химии на тему «Алкадиендер»

библиотека
материалов

 Бекітемін________ оқу ісінің меңгерушісі.

Өтілетін күні_________ Сыныбы_____ Пәні__________

Сабақтыңтақырыбы: Алкадиендер. Жалпы сипаттамасы, изомериясы, номенклатурасы. Табиғи каучук және синтетикалық каучук. Резеңке.

Сабақтың мақсаты: 

1.Білімділік:  Алкадиендердің  құрылысы, изомерленуі,  номенклатурасын, физикалық және химиялық қасиеттері, алыну жолдары мен   қолданылуы туралы түсінік қалыптастыру

 2.Дамытушылық:  Оқушының теориялық білімдерін тереңдету, тез ойлауға, шапшаңдыққа, өз бетімен ізденуге үйрету, ой – өрісін, шығармашылық мүмкіндігін, ғылыми көзқарасын қалыптастыру, танымдық қабілеттерін дамыту

  3.Тәрбиелік: Оқушыларды ізденімпаздыққа,шапшаңдыққа тәрбиелеу.

 Сабақтың түрі: жаңа  сабақ

Сабақтың өту әдісі:СТО, сұрақ-жауап.тест жұмыстары

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивтік тақта, кестелер мен  сызбанұсқалар Д.И.Менделеевтің  периодтық кестесі,

Пәнаралық байланыс: биология, география

Сабақтың барысы:

 I.Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушыларды түгендеу

Сабақтың мақсатын түсіндіру

Сабақтың ұраны: 

«Сын тұрғысынан ойлаймыз,

Білімнің терең жеріне бойлаймыз»

  1. Оқушылардың үй тапсырмасы бойынша білімін тексеру .

  • 4.2Этиленді көмірсутектердің қасиеттері мен оны алу жолдары. Марковников ережесі.

Ойқозғаусұрақтары:    

1.Қандайкөмірсутектералкендердепаталады?
2.Алкендердіңортақформуласықандай?
3.Алкендердіңбіріншігомологтыққатарыныңструктуралықформуласықандай? Оныатаңыз.
4.Алкандарғақарағандаалкендертабиғаттапрактикажүзінденегекездеспейді?
5.Алкендердіңқандайалужолдарынбілесіз? Алкендердіқандайлабораториялықжолменалуғаболады?
6.Алкендермолекуласыныңқұрамындақанықпағанқосбайланысболуынабайланыстықандайхимиялыққасиеттән?
7.Алкендернеүшінқолданылады?

«Алкендер. Сипаттамасы. Изомериясымен номенклатурасы. Этиленді көмірсутектердің қасиеттері» - тақырыбы бойынша оқушылар тест тапсырмаларын орындайды.

Тест тапсырмалары

1.Қанықпаған көмірсутектерге тән реакция:

А. Қосылу                                                                   С. Орын басу

В. Алмасу                                                                    Д.Айырылу

2.Органикалық қосылыстардың химиялық құрылыс теориясын кім ашты:

А. А.М.Бутлеров                                                       С. С.Аррениус

В. Д.И.Менделеев                                                    Д. М.В.Ломоносов

  1. Көміртек пен сутектентұратынорганикалықзаттар:

А. Көмірсулар                                                            С. Спирттер

В. Көмірсутектер                                                       Д. Альдегидтер

  1. C2H4қандай зат:

А. Метан                                                                     С. Этан

В. Пропан                                                                   Д. Этен

5.Мына заттың: CH3-CH= CH- CH3аты:

А. 2- метил бутен                                                      С.бутен -2

В. 2-метил пропан                                                    Д. 2-метил этан

6.Құрамыбірдей, құрылысыәртүрліболғандықтанқасиеттерідеәртүрліболатынзаттар:

А. Гомологтар                                                            С. Мономерлер

В. Полимерлер                                                          Д. Изомерлер

7.Сутекті бөліне жүретін айрылу реакциясы:

А. ДегидротациялауС. Дегидрлеу

В. Гидрлеу                                                                  Д. Қосылу

8.трансбутен -2 формуласы:

  А.  СН3-СН=CH- СН3                                      С.  Н3С-СН2-СН3

 В.     Н3С-С≡CH-СН3                                        Д.  СН3-СН2-СН=СН-СН3

  1. Бірдеймолекулаларқосылып, үлкен молекула түзілупроцесі:

А. Гидрлеу                                                                С.Полимерлену

В.Дегидрлеу                                                            Д.Димерлену

10.Этиленнің формуласы:

А.СН3-СН3В. HC ≡ СН

С.Н3С=CH-CH2Д.Н2С= СН2

III.Жаңа сабақты түсіндіру.

  • «Қызығушылықты ояту» кезеңінде оқушылар жаңа тақырып алкадиендердің құрылысы, алынуы мен қолданылуы, физикалық және химиялық қасиеті туралы  ББҮ кестесін толтырады

Мағынаны ашу: жаңа сабақты түсіндіру, оқушылар мәтінмен жұмыс жасайды

Алкадиендер — қанықпаған көмірсутектердің маңызды түрлерінің бірі.

Алкадиендер — құрамында екі қос байланысы бар, жалпы формуласы СnН2n-2 болатын қанықпаған көмірсутектер.

Алкадиендерді кысқартып диен көмірсутектері деп те атайды. Диен көмірсутектерінің бірінші мүшесі пропадиен (аллен) СН2 = С = СН2. Диендерде қос байланысьътардың өзара орналасуы әр түрлі болуы мүмкін.

H2C = C = CH — CH2 — CH3

Жоғарыда келтірілген атауларына қарап, алкадиендердің номенклатурасы алкендерге ұқсас екенін, бар айырмашылығы — қос байланыстың саны екеу болғандықтан, -ен жұрнағының алдына оның саны көрсетіліп, -диен деп аталатындығын және бір кос байланыстан кейін үтірден соң екінші қос байланыстың орны көрсетілетіндігін өздерің де байқаған шығарсыңдар.

Молекулаларында қос байланыстарды бір жай байланыс бөліп тұратын алкадиендердің практикалық маңызы зор. Олардың ең маңызды өкілдері: бутадиен-1,3 (дивинил) С4Н6, ықшамдалған құрылымдық формуласы Н2С=СН — СН=СН2 жәнө 2-метилбутадиен-1,3 (изопрен).

Физикалық қасиеттері

Диендердің физикалық қасиеттерінің өзгеру заңдылықтары алкендердің қасиеттеріне ұқсас.

Атауы

 

Температуралары, 0C

Тығыздығы, г\см3

Балқу

Қайнау

СН3-СН=C= СН2

СН2=СН- CH= СН2

СН3-СН-CH=СН- CH= СН2

Бутадиен -1,2

Бутаден -1,3 (дивинил)

Пентадиен -1,3

-136,2

-108,9

 

-87,5

+ 10,8

-4,5

 

+ 43,0

0,6940

0,6270

 

0,6760

Алкадиендердің химиялық қасиеттері

Молекулаларында қос байланыстары болғандықтан, диендердің химиялық қасиеттері алкендерге ұқсас, бұларда қосылу және полимерленуоңай түседі.

ҚосылуреакцияларыАлкадиендергалогендерді,  галогенсутектіқосыпалады. 

СН2═ СН-СН═СН2 +Вr2 → СН2Вr-СНBr - СН═СН2(3,4-дибромбутен-1)

Полимерленуі. Диендер полимерлену реакцияларына оңай түседі. Реакция нәтижесінде каучук тәрізді жоғары молекулалы заттар түзіледі. Бутадиен-1,3-тің полимерлену реакциясы:

СН═ СН- СН ═ СН2 + СН2  ═ СН- СН ═ СН2 …→

СН═ СН- СН ═  СН2   -  СН2  ═ СН- СН ═ СН2…`полибутадиен молекуласының үзіндісі

Алкадиендердің жеке өкілдері және олардың қолданылуы. Дивинил (бутадиен-1,3) Н2С = СН — СН = СН2 өзіне тән өткір иісі бар түссіз газ. Мұнайды өңдегендетүзіледіжәнетабиғи газқұрамындағы бутан мен бутилендікатализдікдегидрлепалады. Синтездіккаучуктар (бутадиен, бутадиен-стирол, бутадиен-нитрил) латекс, пластмасса, т.б. заттарөндірісініңмаңыздымономерлерініңбірі.

Алкадиендерді полимерлеп көксағыз алынады.  Көксағыздар табиғи және синтездік болып бөлінеді. Табиғи көксағыз кейбір өсімдіктердің сүтті шырынында болады. Табиғи көксағызды, негізінен, Бразилияда өсетін гевея ағашынан алады.

Көксағызды күкірт қосып вулканизациялап, резеңкеге айналдырады. Көксағызбен  резеңке күнделікті тұрмыс пен техникада кең қолданылады

Лебедев Сергей Васильевич

Лебедев Сергей Васильевич (1874-1934) Орыс химигі, академик. Негізгі ғылыми жұмыстарықанықпаған көмірсутектердің полимерлену, изомерлену, гидрогендену реакцияларын зерттеуге арналған. Мырыш-алюминий араласқан катализатор қатысында этил спиртін дегидроген деп және дегидратациялап бутадиенді өнеркәсіпте алу жолынтапты. Металл натрий қатысында бутадиен-1,3-ті полимерлеп, синтездік каучук (1928 жылы) алды. Каучуктан резеңке және резеңкеден жасалған бұйымдар алу әдісін ашты (1930 жылы). Дүниежүзінде алғаш реет бұрынғы КСРО-да 1932 жылы Лебедев тәсілі бойынша синтездік каучук өнеркәсіпте өндіріле бастады.

ІV. Жаңа сабақты бекіту үшін есептер мен жаттығуларды орындаймыз     Алкадиендер тақырыбына есептер мен жаттығулар

1. Изомериясы және номенклатурасы (атауы)

1.С5Н8 диенкөмірсутектің барлық изомерлерін жазып ,аттарын атау керек.
№2. Мына көмірсутектердің формуласын жазу керек: а) пропадиен; б) 1,3-бутадиен; в) 2-метил-1,3-бутадиен; г) 2,4-гексадиен; е) 2,3-диметил-1,3-бутадиен. Қайсылары өзара изомер болады? Қай қосылыста кумурленген, қосарланған және оқшауланған қос байланыс бар? Қай қосылыс изопрен, дивинил, диаллил, алленболады?

2.Химиялық қасиеттері

 а) 1,4-пентадиенге; б) 2-метил-1,4-пентадиенге;

в) 1,5-гексадиенге;г) 3,3-диметил-1,4

пентадиенге бромның бір молекуласының қосылу реакцияларының теңдеулерін жазу керек. Түзілген заттарды атау керек. Осы заттарға сутегінің сатылап қосылу реакциялары теңдеулерін жазып, алкендер мен алкандарды атау керек.

3.Алуәдістері

  1. а) бутанды; б) 2-метилбутанды дегидрлеп диенкөмірсутектерін алу, ортада түзілген және соңғы түзілген заттардың атауы.

  2. V. Бағалау. Үй тапсырмасы мен жаңа сабақ барысында белсенділік танытқан оқушылар бағаланады.
    VI. 
    Үйге тапсырма

Ғаламтордан «С.В.Лебедевтің ғылыми еңбектері» туралы мәлімет қарау





М. Әбдіхалықов атындағы мектеп-гимназиясы





hello_html_m7b061357.jpg



Тақырыбы: «Алкадиендер. Жалпы сипаттамасы, изомериясы, номенклатурасы. Табиғи каучук және синтетикалық каучук. Резеңке»





Өткізген: Арапаева Гүлсім









Ақшұқыр 2014-2015



Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 31.05.2016
Раздел Химия
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров130
Номер материала ДБ-104829
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх