Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы:
«Тұрлаусыз
мүшелер»
Сабақтың
мақсаты: Тұрлаусыз мүшелерді
ажырату, сөйлемде атқаратын қызметіне түсінік беру, бастауыш пен
баяндауыштың байланысын меңгеру. Оқушылардың сөз, сөйлем, сөйлем мүшелері туралы
білімдерін кеңейте түсу. Міндеттері:
білімділік: таза, сауатты жазу дағдысын
жетілдіру. Пәнаралық және өмір мен байланысты іске асыру,функционалдық
сауаттылығын арттыру; дамытушылық:Оқушылардың ой – өрісін дамыту,
өз ойын тез әрі жүйелі жеткізуге дағдыландыру; тәрбиелік: Оқушыларды
өз ана тілін сүюге, халқымыздың ұлағатты, ғибратты сөздерінен үлгі – өнеге алуға,
сол арқылы кішіпейілділік, қайырымдылық, кеңпейілдік қасиеттерінің қалыптасуына
ықпал ету.
Сабақтың әдіс
- тәсілі:
Топтық жұмыс, сұрақ - жауап, ой қозғау.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер
(төрттүлік), слайд.
Сабақтыңбарысы:
1.
Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық дайындық.
Оқушыларды тыныштатып,
зейіндерін сабаққа аудару.
2. Үй тапсырмасын
тексеру: 65-жаттығу
3. Өткен сабақты
қайталау
1. Сөйлем дегеніміз
не?
2. Сөйлемнің қандай
мүшелерін білесіңдер?
3. Бастауыш
дегеніміз не?
4.Баяндауыш
дегеніміз не?
4.
Қызығушылықты ояту: «Ой қозғау» Суретпен жұмыс.
Төрт түлік туралы сөйлемдер
құрастыру.
5. Жаңа сабақ:
«Тұрлаусызмүшелер»
ЕРЕЖЕ:
Сөйлемдегібастауыш,баяндауыштардан басқа сөйлем мүшелерін тұрлаусыз мүшелер деп атайды.
Оларға
қандай?
Кімге? Неге? Нені? Қашан? қайда? т. б. сұрақтар қойылады.
Мысалы:
Айгүл гүлді суарды.
Қонақтар төрге отырды.
Біз ұшаққа міндік.
Арман жұмысқа кірісті.
66 -
жаттығу “Ой қозғау”
Ауызша орындалады.
Екі бағанадағы сөйлемдерді салыстырып оқу.
1 - топ: Жадыра келді. /
Жадыра
қалаға келді.
2 - топ: Қоңырау соғылды. /
Қоңырау
қайта
– қайта
соғылды.
3 - топ: Мал
өседі. / Мал төлден өседі.
Су ақты. / Су
арықпен
ақты.
67 - жаттығу “Ой
шақыру”
Сөйлемдерді
көшіріп жаз. Қарамен жазылған сөздерге сұрақ қою.
Қарамен жазылған сөздер бастауышқа қатысты ма,баяндауышқа қатысты ма?
6. Сергіту сәті
7.«Өз
бетіменжұмыс»
68 – жаттығу.
Жаңылтпашты оқып,
жатқа
жаз.
8.«Шығармашылық
жұмыс»
1 - топ: Өтірік сөз жанға қас
2 - топ: Ашу –
ақылдың
дұшпаны
3 - топ: талапты ерге нұр жауар
Әр топ өздерінің мақал –
мәтелдерін
оқып,
мазмұнын
ашады.
9. Қорытынды.
Семантикалық карта толтыру.
Сөздер
----------------- Тұрлаулы мүшелер --------------- Тұрлаусыз мүшелер
қызық
таза
жүгірді
жақсы
күз
гүлді
10.
Бағалау
11. Үйге тапсырма
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.