Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Планирование по казахскому языку на тему "Пунктуация"

Планирование по казахскому языку на тему "Пунктуация"

Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 22 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>

библиотека
материалов

Сабақ жоспары

Тобы:ҚТӘ-141

Пән аты: Қазақ тілі практикумы

Оқытушы: Содикова Ч.Ж.

Сабақтың тақырыбы: Пунктуация .

Сабақтың түрі:тәжірибелік

Оқыту әдісі:Түсіндіру,сұрақ-жауап, «Брейнг-ринг» ойыны .

Пәнаралық әдіс: әдебиет,тарих, жаңа педагогикалық технология

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: Пунктуация туралы толық түсінік беру

2.Тәрбиелік: Студенттер өзін- өзі бағалай білуге ,өзара сыйластыққа, педагогикалық шеберлікке,адамгершілікке,өз пікірін еркін айтуға,әрбір істі саналы түрде орындауға тәрбиелеу.

3.Дамытушылық:Білім,білік,дағды,іскерлікті қалыптастыру,сөздік қорын,тіліндамыту.Сабақта қолданылатын көрнекі құралдар:оқулық,стиккерлер,жетондар,конверттер,слайдтар.

Сабақтың құрылымы мен мазмұны.

I.Ұйымдастыру кезеңі:

I.Ұйымдастыру

II.Тексеру.

III.Үй тапсырмасын сұрап,бағалау.

IY.Өткен сабақты қорытып,жаңа сабақты бастау.

II.Оқушылардың өткен тақырып бойынша білімін тексеру:

Сұрақ-жауап,проблемалық-ситуациялық сұрақтар ,өздігінен пікір айту

«Брейн - ринг» оқыта үйрету ойыны.

1-топ І деңгей. Төл сөз бен автор сөздерді ажырат

1.«Өзі күйіп жүрген жанымды күйдірме,» - деді. 
2.«Табылған ақыл, Мұқа!» - деп, Жарқын айналасына қарады

3.Құнанбай оларға мынаны айтты: «Бөкенші Шыңғыстың бұл тұсындағы бар қыстауыды береді» 

4. – Ондай жаман, сұмдық жерге Абайды несіне апардың – деп кейіді Ұлжан.

5. Балалар қуанып, өздерінің әлі де көп жаңалықтар табатындығын айтты.

6.–Е, біз қайда кетеміз?! – деп, Жетпіс күйіп кетті.

2-топ.І деңгей .Төл сөз бен автор сөздерді ажырат

  1. «Жасу, жабырқау – халық мінезі емес, - деп ойлады Ыбырай, - ерлік, ізгілік қана халық мінезі»

  2. Осының бәрі рас, Абай. Жігіт қадірі өнерімен өлшенсін! – деді, әдейі ойнақыланып, серпе сөйлеп.

  3. «Қазақ тілі – бай тіл. Оралымды, ырғақты, теңеу – бейнелеулері ерте туған тіл» - деген Ғабит Мүсірепов 

  4. «Еңбек адамды биікке жетелер,» - деді Ақнұр.

  5. «Бұл үйдің жаны нешеу?» - деп сұрады Итбай.

  6. Ол бірде маған шынын айтты: «Сенімен сапарға шықсам, көңілім бір түрлі көтеріңкі болады».

1-топ.ІІ деңгей .Төл сөздерді төлеу сөзге айналдыр.

1.Абай Шәкеден:

-Көңілі қалай?-деп сұрады.

2.-Мұндай да сұрау болады екен!-деп, Рабиға күлді.

3. «Партизан жолдас ,сіз екеуміз бір жерде кездескен секілдіміз,сіз мені танымайсыз ба?»-деді.

2-топ.ІІ деңгей .Төл сөздерді төлеу сөзге айналдыр.

1.Жүсіп тамағын кенеп алып :

-Ендеше, Ильястың өлеңін айтайын,-деді.

2.Сол әйел әлденеге елегізіп басын көтеріп алды да:

-Отағасы,бері қараңызшы!-деді.

3.Ие, ол кім екен ?- деді Ушаков.

ІІІ деңгей .

Кез-келген ақын –жазушының диалогқа құрылған өлеңін айту немесе диалог құру.

ІІІ.Жаңа сабақ : Пунктуация

Пунктуация – бір нәрсені жазғанда, оқығанда, айтқанда ойды басқаға түсіндіру, сондай-ақ бөгде біреудің ойын түсіну үшін қолданылатын тыныс белгілері ережелерінің жиынтығы.Тыныс белгілерін дұрыс қолданудың негізгі жолдарын, сөйлемнің синтаксистік ерекшеліктерін және сөйлемдегі кейбір сөздердің мағынасын, сөйлемнің интонациясы тақырыптарын оқытқанда, тыныс белгілерін жете меңгеру үшін, біріншіден, қандай грамматикалық заңдылықтарға байланысты қандай тыныс белгілерінің қойылатындығын және соған байланысты ережелердің барлығын; екіншіден, қандай тыныс белгілердің мазмұнға байланысты қойылатындығын; үшіншіден, қандай тыныс белгілерінің интонацияға ғана негізделетіндігін білгізу қажет.

Нүкте ,біріншіден ,сөйлемнің аяқталғандығын білдіріп,оны басқа сөйлемдерден бөліп тұрса ,екіншіден ,ол сөйлемнің хабарлы сөйлем екендігін байқатады.Мысалы: Жанат-осы үйдің ер жеткен жалғыз баласы.Нүкте сөздің басында келетін санамалы цифрлардан кейін жақша келсе, одан кейін қойылмайды. Белгілі бір автордан цитата алынғанда, сол автордың аты-жөні жақшаға алынса, нүкте жақшаның ішіне қойылады.

Сұрау белгісі де негізгі екі түрлі мағынада ,екі түрлі функцияда қолданылады:біріншіден ,сөйлемнің аяқталғандығын білдіріп,оны басқа сөйлемдерден бөліп тұрады,екіншіден сөйлемнің мағыналық жағынан сұраулы екендігін аңғартады.Мысалы:Сабаққа бүгін кім келмеді?Кейде сөйлем бірыңғай сұраулы ғана болмай ,оның үстіне лепті мағынада болуы да мүмкін .Мұндай жағдайда сұрау белгісіне қабаттаса леп белгісі де қойылады, яғни екі түрлі тыныс белгі тіркесе қойылады.Мысалы:

-Е,үйтіп жібермек пе едің?!

Леп белгісі лепті сөйлем деп айтылатын (қуанышты,күйінішті,өкінішті,қорқынышты,өктем бұйрықты,тілекті,таңдануды,түңілуді,кекесінді,қарғысты) сөйлемдердің соңында қойылады. Лепті сөйлем адам бойында түрлі психологиялық процестерді берудің құралы болады. Мысалы:Жеңіліп барып, жеңіп қайт!

Үтір негізінде грамматикалық ерекшеліктерді ғана емес, сонымен қатар сөздер мен сөз тіркестерінің мағыналық жақтарын да туғызатын белгі. Бұл жай сөйлемдерді бір –бірімен бөлу үшін де,сөйлемдегі сөздерді немесе сөз тіркестерін бір-бірінен бөлу үшін қолданылады.Мысал:Арылма,өлең, арылма.Домбырам күйден жаңылма!

Нүктелі үтір-хабарлы сөйлемдерден кейін қойылатын нүкте мен үтірдің аралығындағы тыныс белгісі.Мұның мәні, нүктеден дәрежесі төменірек те, үтірден жоғарырақ.

Қос нүкте -түрлі жағдайда қойылады.Төл сөзден бұрын келген автор сөзінен кейін қолданылады.

Көп нүкте-пікірдің аяқталмағанын ,әлдеқандай себептен сөйлемнің бірер сөзінің түсіп қалғандығын білдіреді.

Сызықша-сөйлеудің белгілі бір бөлшектерін басқа бөлшектерден бөлу үшін де ,жақындастыру,қосу үшін де,сөздердің арасындағы мағыналық қатынастарды айқындау үшін қолданылады.

Тырнақша ,жақшалар түрлі жағдайларда қолданылады.

IY.Жаңа сабақты қорытындылау,пысықтау : (қойылған сұрақтар мен тапсырмалар)

Тақырыпқа байланысты диктант жаздыру:

Сұратқан хан ақымақ па,сұраған сен ақымақ па?

Баяғыда Жиренше деген өзі кедей бір шешен болыпты.Ол асқан ақылды,сөзге ұста ,шешен адам екен.Жиреншенің шешендігіне қызығып ,хан шақыртып алып, оны өз қасына ертіп жүреді екен .Бірақ Жиренше ханды жақтамапты ,елдің сөзін сөйлепті.Ол ханның алтындаған сарайына тұрақтамай,өзінің кішкене күркесіне келіп жатады екен.Өз үйіне келгенде ,ол мың жасап ,бой жазып қалады екен.Үйі өте кішкентай болса керек .Киізі қырық жамау күркесіне келіп: "Қайран менің өз үйім , кең сарайым-боз үйім» деп келгенде , Жиреншенің екі аяғы тізесіне дейін күркеден сыртқа шығып жатады екен. Бір күні хан нөкерлерін ертіп,серуенге аттаныпты. Еріккен ханға ермек керек .Хан Жиреншені шақыртып алып , ертіп шығыпты. Хан сампылдап , әңгімені соғып келеді . Күн желдеу болса керек . Бір адырдан аса бергенде , ханның алдынан жел қуған бір түп қаңбақ домалап ,ұшып бара жатады.

-Уа, Жиренше , анау қаңбақ қайдан келеді , қайда барады екен? Сұрап келші!-дейді хан . Жиренше шауып ала жөнелді.Жетіп барып ,қаңбақты қамшысымен ұрып тоқтатады да , біраз бөгеледі.Аздан кейін қоя беріп,ханға қайтып келеді.Жел қуған қаңбақ бөгелсін бе , домалай жөнеледі.

-Уа ,Жиренше , сөйлестің бе , не айтты қаңбақ? Қайдан келеді екен, қайда барады екен, делегейленіп?-дейді хан.

-Сөйлестім, тақсыр ! Сөгіп салды өзімді, -деп жауап береді Жиренше.

-Ал айт, қаңбақ не деді?

-Тақсыр, соны сұрап не қыласыз? «Желдің өтінен шықтым, ығына қарай шығып барам , желге ұшам , сайға қонам , оның несін сұрайсың? Білмеуші ме едіңдер? Ұшарымды жел біледі , қонарымды сай біледі.Осыны сұрата жіберген хан ақымақ па , сұрай келген сен ақымақ па?» деді де ,қаңбақ ұша жөнелді, тақсыр,-дейді Жиренше.

Хан ұялғанынан еш нәрсе дей алмай қалады.

Ү.Қорытындылау(білім бағалау)

________________________________________________________

YI .Үй тапсырмасы:

Тыныс белгілер туралы толық оқу.Наурызға байланысты мәтін құрау және тыныс белгілерін анықтау.

Оқытушы қолы:

Пән бірлестігінің төрайымы:











Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 22 ноября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru


Общая информация

Номер материала: ДБ-057739
Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 22 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>