Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Планирование по когнитивный конкуренция на тему "Жеті атаңды білесің бе?"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Планирование по когнитивный конкуренция на тему "Жеті атаңды білесің бе?"

библиотека
материалов

Қашаған Күржіманұлы атындағы орта мектебі











(Танымдық сайыс 3 – 4 сыныптар)





















Бастауыш сынып мұғалімі: Мәтікова Роза Сарықызы



2014 жыл



Сайыстың тақырыбы: «Жеті атаңды білесің бе?»

Мақсаты: Оқушылардың жеті аталары туралы түсініктерін кеңейту, ұлттық салт – дәстүрді бағалай білуге үйрету.

Өнерде, өмірде кездесетін ұлттық нақыштарды сақтап, тілді сүюге құштарлығын арттыру.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд.

Сайыстың өткізілу барысы:

  1. Таныстыру.

  2. «Өнерлі өрге жүзер» (Өнер сайысы)

  3. «Мен атамменен мақтанамын». (Ұрпақ сабақтастығы туралы шығармашылық)

  4. «Тапқыр болсаң тауып көр» (Мақал ішіндегі сөздер беріледі. Сол сөздер бойынша мақал құрастырып мағынасын түсіндіру.)

1.Жүргізушінің сөзі: Қазақпыз қыз өсірген іңкәр ғылып,

Қазақпыз ұл өсірген шырқап жүріп,

Қазақпыз құс та салып, ат жаратқан

Сайысқа түскен және тұлпар мініп.

Жалғастырған мұраны,

Ел жұртының қорғаны

Сегіз қырлы, бір сырлы

Қазақтың сұлтан ұлдары!

Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар дегендей, бүгінгі «Жеті атаңды білесің бе?» атты танымдық сайысымызға қатысушы жігіттерімізді ортаға шақырамыз.

Сайыста бақ сыналар, бап сыналар,

Бас жүлдені өнерлі тапқан алар,

Кім өнерлі, қім тапқыр шешу қиын,

Қазылар алқасы болмаса нақ сыналар.

Кез келген сайыс бағалануы тиіс. Олай болса, әділқазылар алқасымен таныстырып өтейін.

Гүл көңілдер қуаныштан өрілді,

Жанарыңнан жалын нұры төгілді.

Жыр ұшқындап тұр ғой әне, үніңнен,

Көпшілікке таныстыршы өзіңді.

Сайысымыздың 1 бөлімі «Таныстыру» деп аталады.(Жігіттер өздерін таныстырады).

Қандай жақсы жақсылықта көріскен,

Жігіттер тұр, алдарыңда келіскен.

Қанша өнер білсең де, көптік етпейді,

Дейтін қазақпыз өнерлі өрге жүзер, - дей келіп, келесі бөліміміз «Өнерлі өрге жүзер» деп аталады. (Өнер сайысы)

Біле білген білімді зерек дейміз,

Білімімен ел – жұрттан ерек дейміз.

Жеті атасын білгені ұл балаға,

Өміріне мәні бар сабақ дейміз.

3 – бөлім. «Мен атамменен мақтанамын» (Ұрпақ сабақтастығы туралы шығармашылық қорғау.)

Қазақ халқы – сөз қадірін білген, қасиетті сөзді қастерлеп аузынан тастамай, өнеге ретінде данышпандығын өлең өрнектерімен өрнектеп, терең мағыналы сөздермен зерделеп келе жатқан халық. Ендеше келесі сайысымыз мақал – мәтелдер туралы болмақ. «Тапқыр болсаң тауып көр» деп аталады. (Мақал ішіндегі сөздер беріледі. Сол сөздер бойынша мақал құрастырып мағынасын түсіндіру.)

1.Ақыл, мейір.(Әкеден – ақыл, анадан – мейір)

2.Кітап, білім. (Кітап - білім бұлағы, білім өмір шырағы)

3.Ата, бала.(Ата – бәйтерек, бала – жапырақ)

4.Бала, немере. (Бала – қымбат, немере – ыстық)

5.Аттан, атадан. (Аттан тай озады, атадан бала озады)

6.Құрмет, қызмет. (Ана алдында – құрмет, ата алдында – қызмет)

7.Білім, ақыл. (Білім тозбайды, ақыл азбайды)

8.Қалса игі, қуса игі. (Атадан бала қалса игі, ата жолын қуса игі)

9.Отан, ел. (Отан – елдің анасы, ел – ердің анасы)

10.Әке, ана, бала. (Әке – асқар тау, ана – етегіндегі бұлақ, бала – жағасындағы құрақ)

11.Өзі қалғаны, ізі қалғаны. (Атадан ұл қалса – өзі қалғаны, қыз қалса – ізі қалғаны)

12.Әдепті бала, әдепсіз бала. (Әдепті бала – арлы бала, әдепсіз бала – сорлы бала)

Қазылар әділдікті орнықтырар

Кімдердің жауаптары кәміл шықты.

Білім мен тапқырлықтың сайысында,

Жеңіске жеткен болар нағыз мықты, - деп, ендігі сөз кезегін әділқазылар алқасына береміз.

Марапаттау.

Бойларыңда от бар екен байқадық,

Жүректерде шоқ бар екен байқадық,

Әрқашанда осы шоқты өшірмей,

Жалындатып шырақтаңдар әрдайым, - деп бүгінгі сайысымызды аяқтаймыз.

Ақыл, мейір.



Кітап, білім.



Ата, бала.



Бала, немере.



Аттан, атадан.



Құрмет, қызмет.



Білім, ақыл.



Қалса игі, қуса игі.



Отан, ел.

Әке, ана, бала.



Өзі қалғаны, ізі қалғаны.



Әдепті бала, әдепсіз бала.







Автор
Дата добавления 21.04.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров75
Номер материала ДБ-046899
Получить свидетельство о публикации

Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх