Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Технология / Другие методич. материалы / Планирование по технологии"Сымтемір туралы түсінік"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Технология

Планирование по технологии"Сымтемір туралы түсінік"

библиотека
материалов

hello_html_m2fe013a2.gifhello_html_m2fe013a2.gifhello_html_7ddf494d.gifhello_html_m3256abe6.gifhello_html_m4b9e05ab.gifhello_html_m30f41790.gifБекітемін: _______________ Күні:

249 мектеп-лицейдің оқу-тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары: Ж. Жарылқаған

Сабақ жоспары

Сыныбы: 4в

Пәні: Еңбекке баулу

Мұғалімнің аты - жөні: Жулдаякова Инкар

Сабақтың тақырыбы: «Алтын күз» панносы.



Сабақтың мақсат-міндеттері:


А) білімділік:

Оқушыларға еңбекке баулу сабағында табиғи материалдарды пайдалана отырып «Алтын күз» панносының жасалу жолын үйрету.



Ә)дамытушылық:

Оқушылардың ой-өрісін кеңейту, қол икемін,үйлестірушілік қабілетін дамыту.



Б) тәрбиелік:

Оқушыларды сабақ барысында ұқыптылыққа, жинақылыққа, тазалыққа, әдемілікке, эстетикалық тәрбиеге баулу


Сабақта қолданылатын педагогикалық технология:

СТО технологиясы


Сабақтың типі:

Жаңа білімді меңгерту


Сабақтың түрі:

Аралас сабақ


Сабақтың әдістері:

Түсіндіру, сұрақ-жауап


Сабақтың формасы:

Жеке, топтық


Сабақтың пәнаралық байланысы:

Бейнелеу өнері, дүниетану



Сабақтың көрнекілігі мен қажетті құралдар:

Күз мезгілінің суреті. Арнайы дайындалған паннолар.

Асқабақтың тұқымы, тары, желім, күріш, түсті қағаз, қарындаш, өшіргіш, акварель бояуы, қылқалам.



Сабақ барысы:


І. Ұйымдастыру бөлімі

-амандасу;

-түгелдеу;

-оқушылардың назарын сабаққа аудару;

-оқу құралдарының

дайындығын тексеру



ІІ. Жаңа материалдарды түсіндіру кезеңі


- Балалар, не себепті күз мезгілін алтынға теңейді?

- Табиғи материалдарды қай мезгілде жинайды?

- Қандай дәнді – дақылдардың түрлерін білесіңдер?

(мұғалім оқушыларды 3 топқа бөледі)

1-топ «Береке»

2-топ «Ырыс»

3- топ «Байлық»

Психологиялық дайындық: «Ой қозғау»

  • Балалар, бүгінгі тақырыбымызға қажетті құрал-жабдықтарымызды жұмбақ арқылы тауып көрейік. Егер қайсы топ көбірек жұмбақтың шешімін тапса,сол топқа әрбір жұмбақ үшін 1ұпайдан беріледі.(интерактивті тақтадағы жұмбақтарды мұғалім оқиды)

1.Естіртпе деп ине, жіптің күңкілін,

Бүтіндейді қағаз, қалам жыртығын ( желім )

2. Өзгені бақытты етем деп,

Өзі қажалып бітеді ( қарындаш )

3.Жұқа тақтай бөлшегі,

Ұзындықтың өлшемі ( сызғыш )

4.Төрт қырлы аппақ,

Тақтадағы ізі аппақ ( бор )

5. Ілулі тұр кең алаң,

Керегімді мен одан.

Жазып алам көшіріп,

Сүртем сосын өшіріп (тақта )

6.Екі семсер айқасқан,

Оқта – текте шайқасқан ( қайшы )

а) мұғалімнің түсіндірмесі:

- Балалар, күзде жеміс - жидек пісіп, ағаш жапырақтары сарғайып, жерге түседі. Құстар жылы жаққа ұшып кетеді. Күн қысқарып, түн ұзарады. Күн сәулесі де азаяды. Күз көрінісін өзімізше бейнелеп панно жасап көрейік. Панно дегеніміз – қабырғаның бір бөлігін немесе үйдің ішін әсемдеу үшін жасалатын жұмыс түрі. Ол пайдаланған материалына ағашқа, тасқа, әйнекке, матаға,қағазға т.б. қарай әшекейленеді. Біз панноның алдыңғы сабақтарымызда 2 түрімен жұмыс жасап үйрендік:

1. Матамен жасалатын панно

2. Түрлі- түсті қағазбен жасалатын панно

Енді бүгін осы панноның 3ші түрі дәнді – дақылдармен жасалатын панноның түрін жасап үйренеміз.

  • Күзгі дәнді - дақылдардан панномызды жасамас бұрын жұмыс жасау барысындағы қауіпсіздік ережесін есімізде сақтайық.

Қауіпсіздік ережесі:

  1. Арнайы жұмыс киімін үстіңе киіп ал.

2. Қайшыны ұсынарда сабымен ұсын.

3. Желімді пайдаланған соң аузын бекітіп,

қолыңды мұқият жу.

4. Жұмыс соңында үстеліңді тазалауды ұмытпа.




Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі













































































V.Қорытындылау:



VІ.Бекіту кезеңі:






VІІ. Үйге тапсырма:

Практикалық жұмыс.

Қажетті құрал - жабдықтар:

1. Дәнді дақылдар

2. Желім

3. Қарындаш

4. Ақ қағаз

5. Акварель бояуы

(мұғалім 3 – топқа алдын ала бейнеленген күз мезгілінің бейнесін таратып береді.

Жұмыстың орындалу реті:

  1. Ақ қағазға күз мезгілінің бейнесін саламыз

2. Жұмысқа қажетті табиғи материалдарды дайындап аламыз. Күріш, тары, жүгері, бидай, арпа дәндерін панно жасауға пайдаланамыз.

3. Дәнді - дақылдарымызды түсіне қарай дайын бейнемізге желімдейміз.

4.Табиғи материалдарды желімдеп болған соң, акварель бояуын қолданып, панноға қосымша өң береміз.



- Осылайша «Алтын күз» панносын табиғи материалдарды қолдану арқылы жасап шығамыз. (мұғалім әрбір топтың жұмысын топ басшысы қорғауын өтінеді, жасаған панноларын салыстырып ұпай береді)

Бекіту сұрақтары:

- Жұмыс жасау барысында табиғи материалдарды қалай пайдаландың?

- Акварель бояуын не үшін қолдандың?

Сергіту жаттығуы:

(мұғалім оқушылармен бірге сергіту жаттығуын жасайды)

Сәйкестендіру тесті ойыны:

Мақалдың жалғасын табыңдар:

(мұғалім интерактивті тақтадан тапсырманы оқиды, мақалды дұрыс тапқан әрбір топқа 1 – ұпай беріледі)

А) Ас тұрған жерде нәрсе жоқ

Астан үлкен ауру тұрмайды

Аурудың бәрі астан

Ә) Достары көпті ертеңі таусылмас

Еріншектің инемен құдық қазғандай

Білім дау алмайды



(мұғалім әрбір топтың жинаған ұпайларын санап, ұпайы көп топты марапаттайды)


Бекіту сұрақтары:

- Сонымен балалар, бүгінгі сабағымызда біз нені үйрендік?

- Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?

- Несімен ұнады?

1. Жасаған панноларыңның жиегін түсті қағазбен жақтауша жасап, безендіріңдер.

2. Барқыт мата, қатты қағаз, желім, бор ала келіңдер.



ІІХ. Бағалау:

Оқушылардың еңбегін салыстыра отырып, сабаққа қатысу белсенділігіне қарай бағалау.





















Бекітемін: _______________ Күні: 10.02.2015ж

249 мектеп-лицейдің оқу-тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары: Ж. Жарылқаған

Сабақ жоспары

Сыныбы: 4г

Пәні: Еңбекке баулу


Сабақтың тақырыбы: Сымтемір туралы түсінік.Сымтемірлерді түзету.


Сабақтың мақсат-міндеттері:


А) білімділік:

Оқушыларға еңбекке баулу сабағында сымтемір туралы түсінік беру.Және сымтемірлерді түзетудің жолын үйрету.


Ә) дамытушылық:

Оқушылардың ой - қиял қабілетін,шығармашылығын дамыту.



Б) тәрбиелік:

Оқушыларды сабақ барысында ұқыптылыққа, жинақылыққа, тазалыққа, еңбек, өнер сүйгіштікке тәрбиелеу


Сабақта қолданылатын педагогикалық технология:

Дамыта оқыту технологиясы


Сабақтың типі:

Жаңа білімді меңгерту


Сабақтың түрі:

Аралас сабақ


Сабақтың әдістері:

Түсіндірме-көрнекілік, сұрақ-жауап


Сабақтың формасы:

Жеке,ұжымдық


Сабақтың пәнаралық байланысы:

Бейнелеу өнері,математика



Сабақтың көрнекілігі мен қажетті құралдар:

Сымтемір түрлерінің суреті және түрлі-түсті қағаз,қайшы,желім,сызғыш,қарындаш,өшіргіш.



Сабақ барысы:


І. Ұйымдастыру бөлімі

-амандасу;

-түгелдеу;

-оқушының назарын сабаққа аудару;

-оқу құралдарының

дайындығын тексеру


ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі


Ағаш кесіндісінен орындық жасаудың жолын сұрау.



ІІІ. Жаңа материалдарды қабылдауға дайындық


- Балалар, сымтемір дегеніміз не?

- Сымтемір қандай заттан дайындалады деп ойлайсыңдар?

- Сымтемірдің қандай түрлерін білесіңдер?





  • Балалар,сымтемір-диаметірі 10мм-ге жетпейтін металдан жасалған ұзын жіңішке материал.Зауытта сымтемірді балқытылған металды арнайы қондырғымен жіңішкерте созу арқылы дайындайды.

  • Зауытта сымды темір,болат,мыс, алюминийден жасайды.Олардың жуандықтары әр алуан болады.

  • Болат сымнан шеге,бұранда, бұрамашеге және тұрмысқа қажетти заттар жасаса алюминий мыстан дайындалған сымдар жұмсақ,пайдалануғы ыңғайлы болғандықтан радио, телефон-телеграф байланысымен жарық беру үшін қолданылады.Сымтемір әдетте түзу болмайды,онымен жұмыс істемес бұрын түзетеді.Оларды түзетудің қарапайым және күрделі тәсілі бар. Ол үшін жұмыс жасау барысындағы реттілікті анықтап алайық.

Сымтемірлерді түзетудің түрлері:

1.Жіңішке жұмыр материалды пайдалану арқылы түзету.

2.Ағаш материалы бетіне бір сызық бойына қағылған шегелер арасынан өткізіп түзету.

3.Есіктің тұтқасына ысқылап түзету.

4.Шеберханадағы іскенжеге жұмыр материалды қысып қойып,ысқылау арқылы немесе екі жалпақ материал арасынан тартып өткізіп түзетеді.

Ереже:

1.Сымтемір ұшын өзіңнен аулақ ұста

2.Сымтемірді лақтырма,аузыңа салма

3.Ағаш балғамен жұмыс істегенде саусақтарыңа абай бол

4.Сымтемірді тек мұғалімнің көмегімен ғана түзете аласың


Балаларға өз бетінше жұмысты аяқтату





- Сонымен,сымтемірді қандай материалдардан жасайды екен?

- Оны түзетудің қандай тәсілдері бар?

- Сымтемірдің басқа қандай тәсілдерін білесіңдер?


VІ. Үйге тапсырма.

Түрлі –түсті қағаз бен әр түсті қарындаштар, желімі,қайшы ала келіңдер.


ҮІІ.Бағалау

Сабаққа қатысу белсенділігіне қарай бағалау.









Бекітемін: _______________ Күні: 05.01.2015ж

249 мектеп-лицейдің оқу-тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары: Ж. Жарылқаған

Сабақ жоспары

Сыныбы: 4г

Пәні: Еңбекке баулу


Сабақтың тақырыбы: Диван құрастыру.


Сабақтың мақсат-міндеттері:


А) білімділік:

Оқушыларға еңбекке баулу сабағында ағаш кесіндісінен диван құрастырудың жолын үйрету.


Ә) дамытушылық:

Оқушылардың ой - қиял қабілетін,шығармашылығын дамыту.



Б) тәрбиелік:

Оқушыларды сабақ барысында ұқыптылыққа, жинақылыққа, тазалыққа, еңбек, өнер сүйгіштікке тәрбиелеу


Сабақта қолданылатын педагогикалық технология:

Дамыта оқыту технологиясы


Сабақтың типі:

Жаңа білімді меңгерту


Сабақтың түрі:

Аралас сабақ


Сабақтың әдістері:

Түсіндірме-көрнекілік, сұрақ-жауап


Сабақтың формасы:

Жеке,ұжымдық


Сабақтың пәнаралық байланысы:

Бейнелеу өнері,математика



Сабақтың көрнекілігі мен қажетті құралдар:

Тақтайшадан жасалынған диванның суреті және түрлі-түсті қағаз,қайшы,ағаш,сызғыш,металл қақпақша,шеге,балға,қарындаш,өшіргіш.



Сабақ барысы:


І. Ұйымдастыру бөлімі

-амандасу;

-түгелдеу;

-оқушының назарын сабаққа аудару;

-оқу құралдарының

дайындығын тексеру


ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі


Ағаш кесіндісінен орындық жасаудың жолын сұрау.



ІІІ. Жаңа материалдарды қабылдауға дайындық


- Балалар, диванды қалай тақтайшадан жасауға болады деп ойлайсыңдар?

- Диванның қандай түрлерін білесіңдер?

- Диванды басқа неден жасайды?

- Ал желімді бүгінгі жұмысымызға не үшін пайдаланамыз?




  • Балалар,диванды жасауға ағаш кесінділерінің өлшемі өз қалауларыңша алынады.

Құралдарымызды дайындап алсақ, ағаш кесіндісінен диван жасап көрейік.Ол үшін жұмыс жасау барысындағы реттілікті анықтап алайық.

Жұмысты жасау барысындағы реттілік:

1.Диван құрастыратын материалды дайындаймыз.

2.Диванның негізі мен арқасын желіммен бекітеміз.Ол үшін ағаш кесіндісінің бір бөлігіне желім жағып, біршама уакыт қысып ұстап тұрамыз.

3.Диванның бір жақ таянышын желіммен бекітеміз.

4.Диванның екінші жақ таянышын да бекітіп, пішінді құрастыруды аяқтаймыз.


Балаларға өз бетінше жұмысты аяқтату (Оқушылар жасаған орындықтарын өз беттерінше сәндейді).





- Сонымен,диванды тағы қандай материалдардан жасайды?

- Диванның бетін желімнен басқа немен екітуге болады деп ойлайсыңдар?

- Өңделмеген тақтайшаны қолмен ұстауға бола ма?


VІ. Үйге тапсырма.

Түрлі –түсті қағаз бен әр түсті қарындаштар, желімі,қайшы ала келіңдер.


ҮІІ.Бағалау

Сабаққа қатысу белсенділігіне қарай бағалау.

















Бекітемін: _______________ Күні: 05.03.2015ж

249 мектеп-лицейдің оқу-тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары: Ж. Жарылқаған

Сабақ жоспары

Сыныбы: 4г

Пәні: Еңбекке баулу


Сабақтың тақырыбы: Ыдыс - аяқтар. Қағаздан ыдыс - аяқ жасау.


Сабақтың мақсат-міндеттері:


А) білімділік:

Оқушыларға еңбекке баулу сабағында қағаздан ыдыс-аяқ жасаудың жолын үйрету.


Ә) дамытушылық:

Оқушылардың ой - қиял қабілетін,шығармашылығын дамыту.



Б) тәрбиелік:


Оқушыларды сабақ барысында ұқыптылыққа, жинақылыққа, тазалыққа, еңбек, өнер сүйгіштікке тәрбиелеу


Сабақта қолданылатын педагогикалық технология:

Дамыта оқыту технологиясы


Сабақтың типі:

Жаңа білімді меңгерту


Сабақтың түрі:

Аралас сабақ


Сабақтың әдістері:

Түсіндірме-көрнекілік, сұрақ-жауап


Сабақтың формасы:

Жеке,ұжымдық


Сабақтың пәнаралық байланысы:

Бейнелеу өнері,математика



Сабақтың көрнекілігі мен қажетті құралдар:

Қағаздан жасалынған ыдыстың үлгісі,50мл су,2 ас қасық ұн,қағаз немесе газет,кез-келген ыдыс,қайшы.



Сабақ барысы:


І. Ұйымдастыру бөлімі

-амандасу;

-түгелдеу;

-оқушының назарын сабаққа аудару;

-оқу құралдарының

дайындығын тексеру


ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі


Оқушылардан киізден қуыршақ жасау туралы түсінгендерін сұрау,жасаған қуыршақтарын тексеру.



ІІІ. Жаңа материалдарды қабылдауға дайындық


- Балалар,ыдыстың қандай түрлері бар?

- Оны неден жасайды?

- Қағаздан ыдыс жасауға бола ма?







  • Балалар,ыдыстың металдан,қыштан,шыны,пластмассадан жасалған түрлері бар.Қағаздан ыдыс жасау шыдамдылық пен төзімділікті талап етеді.

  • Оны жасау үшін жұмыс жасау барысындағы реттілікті анықтап алайық.

Жұмыстың жасалу реттілігі:

1.Газет парағын қиып аламыз.

2.50мл суға 2 ас қасық ұн салып,араластырып,желім дайындап аламыз.

3.Таңдаған ыдысымызды төңкеріп қойып,ыдысқа газет қиындылары жапсып қалмауы үшін вазелин майын жағамыз.

4.Газет қиындыларын ұннан жасалған желімге малып,ыдысқа айналдыра желімдейміз.

5.Осылайша 3-4 рет қабаттап,ыдысты бөлме температурасында кептіреміз.

6.Кепкеннен кейін қағаздан қабатталып жасалған қалыпты ыдыстан түсіріп аламыз

7.Дайын кесеге ою-өрнек желімдейміз..

Ереже:

Жұмыс кезінде қауіпсіздік ережесін есіңе түсір.


Балаларға өз бетінше жұмысты аяқтату





- Сонымен,қағаздан қандай ыдыс жасалады екен?

- Жасағанқағаз ыдысыңа не салуға болады?

- Жасаған ыдысыңды қалай әшекейледің ?


VІ. Үйге тапсырма.

Келесі сабаққа түйме,бау,жіп,ілгек,қайшы ала келіңдер.


ҮІІ.Бағалау

Сабаққа қатысу белсенділігіне қарай бағалау.




















Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 17.12.2015
Раздел Технология
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров333
Номер материала ДВ-267054
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх