Инфоурок Другое Рабочие программыПланирование подготовка к ЕНТ

Планирование подготовка к ЕНТ

Скачать материал

Тақырыбы: Мәңгі лаулап жану үшін ғаламда,

Үлкен арман керек екен адамға

Мақсаты: оқушылардың арман туралы өз ойларын мен түсінігін қалыптастырып, арман-қиялдарына жету үшін күш беру, әдістерін үйрету.

Көрнекілігі: стикер, маркер, А4 қағазы.

Түрі: тренинг-сабақ

Барысы:«Қара жорға » биімен бастау

«Қане, амандасайық!» ойыны.

Шарты: Үлкен шеңбер, кіші шеңбер болып екіге бөлінеміз.

1- қадам қол алысады, 2- қадам құлақ үйкеді, 3- қадам иық ұқалайды, 4- қадам арқаларын түйістіріп үйкейді.

Бүгінгі сабағымызда біз, арман деген не, қиялдау деген не және арманыңа жету үшін қандай мақсат қою керек екенін айтамыз. Ең алдымен,мына әңгімені тыңдайық...

«Тыныштық сәті »

Қатысушылардың барлығы көздерін жұмып, тамаша әуен тыңдайды. Сол арқылы жүйкемізді тыныштандырып, барлық шарашағанымызды сілкіп тастап, ішкі жан дүниемізге үңілеміз.

Арманыңыз асқар таудай болсын немесе мақсат қалай орындалады?

Табысы миллиондап саналатын, өз ақшасын өзі табатын жандардың ең бірінші құпия кілті: ұлы армандарды бағындыруында, армандай білуінде! Сол себепті армандай білуді өзіңізге өзіңіз рұқсат етіңіз. Мына өмірді қалай көргіңіз келеді, қалай өмір сүргіңіз келеді, солай елестетіп көріңіз. Қиялыңызды тежемеңіз. Мысалы, нақты қанша ақша тапқыңыз келеді, банктегі есеп шотыңызда қанша қаржы тұруы тиіс? Жалпы, сіздің кім болғыңыз келеді, неге қол жеткізгіңіз келеді,немен айналысқаныңыз жөн, яғни қиялыңызда ешқандай шекара болмасын.ең болмаса бір сәтке ғана мынаны ойыңызбен түзіп шығыңызшы: сіздің барлық нәрсеге қол жеткізуге мүмкіндігіңіз бар, ақшаңыз бар,білім -біліктілігіңіз бар, тәжірибеңіз бар, достарыңыз бар, тамыр -таныстарыңыз бар, қысқасы жетістікке жетуге барлық ресурс жеткілікті деп есептелік. Енді сіздің қалауыңыз биікте. Осы қалауыңыз бойынша өз болашағыңызды суреттеп шығыңыз. Бұл «болашақтан бүгінгіні жасау» деп аталады, біле білсеңіз өте керемет тәсіл. Ой -өрісті осылай ширату арқылы көптеген адамдар үлкен табысқа жете білген. Мұның сыры ақыл-ой мен көзқарастың оңтайлы жағына қарай өзгеруінде!

«Болашағым өз қолыммен» сурет салу сәті

Сонымен болашақта сіз қандай боласыз? Иә, өміріңізде тамаша өзгерістер болыпты! Қандай өзгерістер екен білесіз бе? Қанеки, қараңыз... Немен айналысып жүрсіз? Қай жерде жұмыс істеп жүрсіз? Өзіңізді қалай көріп тұрсыз? Қанша ақшаңыз бар болып шықты? Банктегі есепшотыңыз ше? Қаншалықты табысқа қол жеткізіпсіз? Үй-жайыңыз қандай, көлігіңіз қандай екен? Көріп шықтыңыз ба? Көңіліңіз толды ма?

Неғұрлым қиялыңыздаы көрініс айқын, нақты, жарқын болған сайын, оның орындалуы айқын, нақты болады. Егер ойыңыз күмән мен бұлыңғырдан құрылса, бұның іске асуы неғайбыл. Атүсті шарпып өтетін болсаңыз, расында оның орындалуы да екіталай, бұлыңғырлау болып келеді. Әлгінде айтқандай, қиялыңызда алдағы өміріңіз туралы әсем картина болса, сіз өзіңізді жағымды жаққа бұрғаныңызды байқамай да қаласыз. Әсіресе, белсенді боп аласыз, шапшаң әрі шешімді тез қабылдай бастайсыз. Өйткені сізді жоғарыда айтқан картинаға қол жеткізсем деген талпыныс бар.

Соның арқасында қимылдай бастайсыз, онымен қоса оған қалай қол жеткізуге болады деген сұраққа жауап беретін идеялар бірінен соң бірі толастамай басыңызды қаумалай жөнеледі. Әрине, бұл сіздің арманыңызға жақындай түсетін баспалдақ.

Әр адамның өз арманына жету жолы әртүрлі. Биік армандарды армандаудың жақсы тұсы, сіздің өзіңізге деген бағаңыз артады, яғни мақсатыңызды ойға алған сайын өзіңізге деген құрмет пайда болады, өзіңізді сыйлай бастайсыз, өзіңіздің жаңа қырларыңызды аша түсесіз және өзіізді жақсы көруді білесіз.бәрінен пайдалысы өзіңіздің күшіңізге, осылардың барлығы өзіңіздің қолыңыздан келетініне көз жеткізуіңізде, соған сене алатынызды! Өзін сыйлайтын, өзінің жақсы қасиеттерін бағалай білетін, бақытқа қол жеткізуіне болатынына сенетін адам ғана бақытты, табысты бола алады. Ал, егер сіз оның орындалатынына сене алмайтын болсаңыз, онда табиғат заңына сәйкес, өз «таңдауыңызды» аласыз, демек сіз табысшылдан гөрі күйреуік, батылсыз жан болғаныңыз. Жеңісті таңдасаңыз жеңіс, жеңілісті таңдасаңыз жеңіліс! Біреулер өмірде үлкен арман-мақсаттарға қол жеткізе білсе, онда оның арман-мақсаттары бір кездері өздері ойлағандай үлкен арман-мақсаттар болғаны!

Егер өмірді жақсы жағына бұрудың бір ғана тәсілі тұрған жеріңізде армандауды бастау және орындау екеніне көз жеткізе білсеңіз ,сіз бір сәтте болса да сәтсіздіктерге төзе білмес едіңіз! Әттең өмірде сәтсіздіктер сізді айналып өтетінін білсеңіз және оның сізбен кездеспейтініне сенсеңіз ғой... егер ӨМІР сіздің табысты болатынызға, қандай ұлы мақсаттар болсын, жоқ, мейлі, үлкен бе, кішкентай ма, қысқа мерзімдегі ме, әлде ұзақ жылдардан кейін бе, әйтеуір орындалатынына кепілдік берсе не істер едіңіз? Нені қолға алар едіңіз? Соған дайынсыз ба?

Қолыңызға ақ парақ алыңыз да, әлгі айтқан арман-мақсаттарыңыздың орындалған кезін жазып шығыңыз. Ол орындалды! Қалай орындалды, соны жазыңыз, бәлкім жоғары жалақылы қызметке орналасқан боларсыз, мүмкін өз алдыңызға кәсіп бастадыңыз, не болмаса бүгінгі күні айналысып жүрген бизнесіңіз одан әрі дами түсті, қалайда сіздің арманыңыз жүзеге асты. Қазір не істеп жүргеніңіз, жалақы немесе табысыңыздың аздығы маңызды емес! Енді қайтадан «бүгінгі күнге» қайтып келіңіз де, қағаз бетіне не жазғаныңызға үңіліңіз. Түсінікті болған шығар, әлгі жазған армандарыңызға иек арту үшін не істеуге болады? Қандай қадамға баруыңыз керек? Неден бастау керек және неден арылу керек? Неден бас тарту керек? Қандай қабілетіңізді іске қосып, қандай олқылықтан арылуға тиіссіз? Армандарыңыз орындалған жаңағы шақта қасыңызда кім бар еді? Керісінше, қасыңыздан кімдерді көрмедіңіз, кімдерді ұмытып кетіпсіз? Қалайда қазірден бастап бұрынғыдан басқаша қадам жасайтыныңызды біле беріңіз және оны қазірден бастап, қазірден сезіне алыңыз.

Тұрмыстық жағынан үлкен жетістіктерге қол жеткізбеген адамдардың солай болу себебі өздігінен оның байи алатыны еш уақытта ойына кіріп шықпайтыны. Нәтижесінде, ондай жандар табысты болуға талпынбайды, тырысып та көрмейді. Дегенмен, ақшаның айналасында жүреді. Өз деңгейінше ақшаны таба біледі.

Ал, сізде ұлы армандарды бағындырсам деген ұшқын ояна білсе, дереу өзгере бастайсыз, сізден қозғалыс байқалады, бірте-бірте қолға аласыз, алға ұмтыласыз, сенесіз! Сенім- ол бәрінен алға жетелеуші, тығырықтан алып шығушы КҮШ!

Күш ұлы армандарда жатыр...

«Арктика» ойыны

Мақсаты : Арадағы сыйластық пен құрмет тұту сезімдерін нығайту.

Шарты : Әуен ойнап тұрады. Шапалақ ұрған кезде , кім кіммен кездессе сонымен қол алысады, 2-ші де құшақтасады, 3- ші де арқаларын түйістіреді .

«Неге жеткім келеді ?» жаттығуы.

Мақсаты : жетістікке ұмтылдыру, актерлік талантын дамыту.

Нұсқау: Бір сәт тыныштықта отырып, неге жеткіңіз келетінін ойлаңыз. Нені үйренгіңіз келеді? Құрметті оқушылар ! Сіздердің міндеттеріңіз не туралы айтып тұрғанын аңғару.

«Құрметтім, саған не тілейін » жаттығуы

Мақсаты: Сабақ туралы топ қатысушылармен қайтымды байланыс алу . «Алақанда алақан» жаттығуы арқылы бір –бірлеріңізге бір ауыз сөзбен тілек тілеу .

Үйге тапсырма: «Менің ең үлкен әрі керемет арманым!»

тақырыбына эссе жазып келу



Тексерілді: С.Қартабаева

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Планирование подготовка к ЕНТ"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Электронный архивариус

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 765 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 24.02.2016 646
    • DOCX 20.7 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Абилдаева Айнур Абдихаликовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Абилдаева Айнур Абдихаликовна
    Абилдаева Айнур Абдихаликовна
    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 51422
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой