Инфоурок Другое Другие методич. материалыПланирование "Сұраулы сөйлем" по предмету казахский язык

Планирование "Сұраулы сөйлем" по предмету казахский язык

Скачать материал

 

        Келісемін

                                                                  Директордың оқу ісі жөніндегі

                                                                                     орынбасары:            М.Дүйсебекова                             

 

Қысқа мерзімдік жоспарлау

 

Пәні:  қазақ тілі

 

Сабақ тақырыбы: Сұраулы сөйлем

Мектеп:№16 жалпы орта мектеп

Күні: 15.09.2016ж.

Мұғалімнің есімі: Байкісі Ұлдаш Өсерқызы

Сынып:8 «А»

Қатысқандар саны:18

Қатыспағандар саны:2

Сабақ негізделген оқу мақсаты: (мақсаттары)

Сұраулы сөйлемнің жасалу жолын ажыратады. Сұраулы сөйлемді хабарлы, лепті, бұйрықты сөйлемге айландырып, өмірде қолдана алады.

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар:

  • Сұраулы сөйлемді құрай алады. Тыныс белгісін ажыратып, жасалу жолын біледі.

Оқушылардың басым бөлігі:

  • Өмірден мысал келтіреді. Сұраулы сөйлемді хабарлы, лепті, бұйрықты сөйлемге айландырып, өмірде қолдана алады.

Кейбір оқушылар:

  • Сұраулы сөйлемді қатыстырып, шығармашылық тапсырмаларды орындайды.

 Тілдік мақсат:

Оқушылар орындай алады:

  • Мәтін ішінен сұраулы сөйлемді тауып жазады. Эссе жазады.

 

Негізгі сөздер мен тіркестер:

 

Сұраулық шылауды болымсыз етістіктің жұрнағынан ажыратады.

 

Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер: көнерген сөздерді теріп жазады.

 

Талқылауға арналған тармақтар:

 

Сұраулы сөйлем дегеніміз не?

 

Сіз сұраулық шылау мен болымсыз етістіктің жұрнағын ажырата аласыз ба?

 

«Ертең ауылға баратын шығарсың? Енді сенің арманың жоқ шығар?» деген сөйлемдер  қандай сөйлем? Сұраулы сөйлем екенін  қалай дәлелдей аласыз? Сөйлемнің соңынан қандай жағдайда қабаттасып тыныс белгі (?!) қойылады?

 

Жазылым бойынша ұсыныстар:  Сұрау есімдіктерін қатыстырып сөйлем құрап жаз. Сұраулы сөйлемді хабарлы, лепті, бұйрықты сөйлемге айландыр.

Бағалау критерийі:

Сұраулы сөйлемді жасалу жолына қарай ажыратады. Сұраулы сөйлемді хабарлы, лепті, бұйрықты сөйлемге айналдыра алады. Шығармашылық тапсырмалар орындайды.

Дескриптор:

Жаттығу орындайды, талдайды. Шығармашылық тапсырмалар орындату кезінде диалогтік қатынасқа тусіп, сұраулы сойлемді қатыстырады.

Алдыңғы оқу

Сөйлем. Хабарлы сөйлем және оның жасалу жолы.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз)

Ресурстар

Басталуы (Ұйымдастыру кезеңі – 3-5 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Үй тапсырмасы: 10мин)

А).Оқушылармен амандасу, түгелдеу;

Ә).Оқушы назарын сабаққа аудару.

- Психологиялық ахуал:

Күн көзіндей күлімдеп

 Көңілді болып жүрейік.

Қазіргі болар сабаққа

Жүректен ақ жол тілейік,- деп бүгінгі сабағымызда барлықтарыңызға сәттілік тілеймін.

-          Топқа бөлу (Түрлі түсті стикерге жазылған сөздер арқылы топқа бөлінеді)

І топ: Негізгі сұрақ

ІІ топ: Жетек сұрақ

ІІІ топ: Анықтауыш сұрақ

 

1.Хабарлы сөйлем дегеніміз не? Хабарлы сөйлемнің жасалу жолын түсіндір Мысалмен дәлелде.
2. Өткен сабақты пысықтау барысында «Жедел тест» жұмысын орындату. Жұптасу арқылы ақылдасып тест шешіп, бір оқушы жауабын айтады.

 Қазак тілі оқулығы 8-сынып, Арман -ПВ 2016ж.

 

 

АКТ.

 

 

 

 

 

 

Стикер

 

 

 

АКТ.

 

Ортасы (Сабақ кезеңдері -25 мин)

   Описание: buket_v_  Жаңа сабақ: Қызығушылығын ояту (Жаңа сабақты бастамас бұрын оқушыларға жұмбақ жасырып ой тастау арқылы бүгінгі сабақтың тақырыбын таптырамын)

Жұмбақ: Ойды аяқтап орақ тұрады,

                Жауап сөз қалап тұрады (Жауабы: Сұраулы сөйлем)

Жаңа сабақты өздігінен түсіндіруге бағыттау:

Топтық жұмыс: «Ойлан. Жұптас. Бөліс» әдісі арқылы оқушылар өздеріне берілген тапсырманы өз топтарымен ақылдасып талқылайды. Үлгерімі төмен оқушыларға үлгерімі жоғары оқушылар көмек көрсетеді, соңында баяндамашы топтың шешімі бойынша түсіндіреді.

Қолдану.     38-жаттығу. «Кім ұтқыр?»  Жұмбақтың шешуін тауып, сұраулы сөйлемді ажыратады. (Жауабы 5 жыл)

39-жаттығу. 1.Мәтінді топ бойынша оқиды. Мәтін ішіндегі хабарлы сөйлемді сұраулы сөйлемге айналдырады. 2.Көнерген сөздерді табады.

Бағалау критерийі:

1.Топ мүшелері түгел қатысу – 3балл;

2.Сұраулы сөйлемнің саны және стильдік байланысы – 3 балл;

3.Көнерген сөздерді табу -3 балл;

- Сергіту сәті: «Құбыр жасау»

Талдау.   «МИКС» жаттығуы. Әр топ бір-бірін топтың жұмысын орындалуына орай «басбармақ» әдісімен бағалайды.

-          Қазақ елі тәуелсіздігіне жиырма бес жыл!

Тірек сөздер: Туған ел, рухы асқақ, Алаштың ұландары, көгілдір ту, күн, ынтымақ, еркіндік, боданына бұғаулану, бабалар аманаты, арман, тарих, желтоқсан. (Тірек сөздермен байланысқан сұраулы сөйлем құрай білу керек)

  – АКТ –мен жұмыс: Әр топ ұялы телефоннан «Алдар көсенің» немесе қазақша бір мултьфильмді тауып, ролге бөліп 2-3 минуттық қойылым көрсетеді. Топ мүшелері сұраулы сөйлемді қаншалықты пайдаланғанын түсіндіреді.

Үйге тапсырма: Сұраулы сөйлемді қатыстырып шағын әңгіме құрау.

 

 

 

АКТ.

 

 

 

 

 стикер,

 

 

 

плакат, түсті қағаз, клей,  стикер, маркер, пломастер,  плакат, түсті қағаз, клей,  

 

 

 

А4 парағы

 

 

 

 

стикер, маркер, пломастер, түрлі- түсті қағаздар.

Аяқталуы

(Қорытынды -5 мин)

«Өрмекші торы» әдісі арқылы сабақты қорытындылаймын.

-         Кері байланыс:

Оқушылар біліміне кері байланыс арқылы  қорытынды жасалды.

1.Сіз бүгін нені білдіңіз?

2.Сіз үшін не құнды болды?

3. Қандай тапсырманы орындау қиынға соқты?

Оқушылар өз пікірлерін айтып,сабақ қорытындыланады.

Оқушылардын кері байланысы : «Бағдаршам» әдісімен стикерді жабыстырады

Жасыл: Бүгінгі тақырыпты жақсы меңгердім.

Сары: Бүгінгі тақырыпты ой елегінен өткіземін.

Қызыл: Тақырыпты мүлде түсінбедім

жіп

Қосымша ақпарат : 

Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау – оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс. Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері. АКТ-мен байланыс. Құндылықтардағы байланыс

  • Шығармашылық жұмыспен шұғылдану арқылы оқушы жан-жақты ізденісте болады. Оқулықтан тыс жаңа дүниемен таныса отырып, шығармашылық қабілеті артады.
  • Кері байланыс арқылы білімін тексеріп, қалыптастырушы бағалау арқылы бағалаймын.
  • Тарих пәнімен, АКТ-мен байланыс.

Рефлекция. Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтаға жауап беріңіз.

Сабақ мақсаттары мен міндеттері оқушылардың деңгейлеріне байланысты Блум таксономиясы арқылы білу, түсіну, қолдану, талдаудағдылары орындалды.Сабақ барысында оқушылар түрлі  әдіс- тәсілдер арқылы сұраулы сөйлемнің жасалу жолы мен сөйлемнің түрлерін ұғынды. Мәтіннің мазмұны бойынша сурет салдырдым және оны талдап түсіндірді.  Топтық және жеке жұмыстар жүргізу сәтінде уақытты ұтымды пайдалана алмадым.Себебі, тапсырмалар көп әрі оқушылар топтық жұмысқа, бағалау әдістеріне әлі дағдыланбағандықтан болса керек.

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

  1.  Сұраулы  сөйлемді өз дәрежесінде меңгерді.
  2. Мазмұндап айтуда өз ойларын жеткізе білді.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

  1. Сұрақты түрлендіріп, ойлау қабілетін арттыратын сұрақтар қоя білу.
  2.   Сыни тұрғыдан ойландыратын тапсырмалар

Сабақ барысында мен барлық сынып немесе жекелеген оқушылар  жөнінде  келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпарат  білдім?

       Оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай тапсырмаларды күрделендіру әрі уақытты тиімді пайдалану.

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Планирование "Сұраулы сөйлем" по предмету казахский язык"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Директор детского оздоровительного лагеря

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 264 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 07.06.2018 692
    • DOCX 60.2 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Байкісі Улдаш Осеровна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Байкісі Улдаш Осеровна
    Байкісі Улдаш Осеровна
    • На сайте: 5 лет и 10 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 1968
    • Всего материалов: 3

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 284 человека из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 849 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 35 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 153 человека

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Мини-курс

Готовимся к ЕГЭ по литературе

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Основы работы в After Effects

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Современные инструменты инвестирования и управления затратами

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе