Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Рабочие программы / Планирование. "Түйық етістіктің емлесі"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Другое

Планирование. "Түйық етістіктің емлесі"

библиотека
материалов

Келісемін:

Мерзімі

12.01.2016ж

Сыныбы: 7«Ә»

Пәні: Қазақ тілі

Пән мұғалімі: Мухамадиева Т. Б.

Тақырыбы:

«Түйық етістіктің емлесі»

Мақсаты

Түйық етістіктің емлесі туралы түсінік беру


Міндеті

а) білімділік:оқушыларға тұйық етістік туралы түсінік, олардың жасалуы мен тұйық етістіктің емлесі жайлы толық мәлімет беру.

ә) дамытушылық:ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, сауаттылыққа баулу, олардың ой-пікірін қалыптастыру.

б) тәрбиелік;елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.


Оқыту нәтижесі

Табыс критерийлері:

Біз әр оқушыны дарынды деп есептеуіміз қажет. Әр сабақсайын оқушылардың сыни ойлауымен өз пікірін көпшілікпен бөлісуге машықтандыру.

Сабақтың түрі:

Жаңа сабақ, СТО технологиясын қолдану.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер

түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сұрақ-жауап, сөздікпен жұмыс, бағалау, бекіту, қорытындылау.

Көрнекілігі құрал жабдығы:

дид. материалдар, кестелер, кеспе қағаздары, тірек сызбалар.

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі.

1.Сәлемдесу.

2.   Кезекші мәлімдемесі.

3.   Журнал бойынша түгелдеу.

4.   Жаңа сабаққа дайындық.

ә) Үй тапсырмасын сұрау.

1.Жаттығу жұмысының орындалу барысын дәптерлерінен тексеру.

214-жаттығу. Мына тіркестерден сөйлем құрап жазыңдар. 

  Еркін дем алып,еркіндік туып тұр,масайрасып,

анасы келгелі,кері қайтқалы,сағынады,таянбады,аянбады.

2. Өткен сабақты бекіту

1.Есімше дегеніміз не?

2. -Есмшелер қандай жұрнақтар арқылы   жасалады?

2.-Есімше сөйлемде қандай қызмет атқарады?

3.-Көсемше дегеніміз не?

4.-Көсемше қандай жұрнақтар арқылы жасалады?

б) Жаңа сабақты түсіндіру.

Бүгінгі жаңа сабақта оқушыларға «Тұйық етістік. Тұйық етістіктің емлесі» тақырыбын ББҮ кестесі арқылы түсінемін.

Білемін

Білгім келеді

Үйрендім

Аты айтылып тұрғандай етістіктің ерекше түрі.Жұрнақтар арқылы жасалады.



Түйық етістік—етістіктің ерекше түрі. Мағынасы

жағынан ол қимылдың, іс-әрекеттің атын білдіреді де, шақпен де, жақпен де байланысты болмайды.сөйтіп, тұйық етістік қимылдың, іс-әрекеттің атауы ретінде қолданылады да, етістік тұлғаларына тән шақтық мағынаны да, жақтық мағынаны да білдірмейді.

Тұйық етістік етістіктің негізгі және туынды түбіріне, етіс және болымсыз етістік тұлғаларына -у жұрнағы жалғану арқылы жасалады. Мысалы: сұра-у, бар-у, кел-у, т.б. бұл сөздер қимыл, іс-әрекеттерінің атын білдіріп, солардың атауы болып түр. Сондықтан да тұйық етістік заттық мағынада, зат есім мәнінде жиі қолданылады. Тіпті тұйық етістіктердің кейбірі белгілі заттың, көбіне құралдың атын білдіріп, зат есім болып кеткен. Тілімізде көсеу (отты, шоқты көсейтін темір құрал), сабау (жүнді сабайтын шыбық), т.б. сияқты зат есімдер тұйық етістіктен жасалған. Мысалы: Көсеу ұзын болса, қол күймейді. Тұйық етістік зат есім сияқты түрленеді.

Тұйық етістік тікелей септеле де көптеле де, тәуелдене де алады. Бірақ жіктелмейді. Тұйық етістікке көптік жалғауы жалғанса, одан кейін тәуелдік жалғауы жалғанып қолданылады. Сөйтіп, зат есімдерше түрленіп, шақпен де, жақпен де байланысты болмай, қимылдың, іс-әрекеттің атын білдіретін етістіктің ерекше түрін тұйық етістік дейміз. Тұйық етістіктің емлесі.

1.Дауыссыз дыбыстарға біткен етістіктерге тұйық етістіктің -у жұрнағыдауысты
болып жалғанады: бар-у, кел-у, т.б. Дауысты дыбыстарға біткен етістіктерге тұйық етістіктің
-у жұрнағы дауыссы болып жалғанады: ойна-у, сөйле-у, т.б.

2.  Дауысты ы, і дыбыстарына біткен етістіктерге тұйық етістіктің -у жұрнағы
жалғанғанда, түбірдің соңындағы ы, і дыбыстары жазылмай, у дыбысының құрамына еніп
кетеді де ол (у) дауысты болып есептеледі. Мысалы: оқы+у—оқу, тасы+у—тасу, т.б.

3.  Қатаң п, қ, к дыбыстарына біткен етістіктерге тұйық етістіктің -у жұрнағы
жалғанғанда, түбір соңындағы п дыбысы б-ға, қ дыбысы ғ-ға,

к дыбысы г-ға айналып кетеді. Мысалы: ақ+у—ағу, кеп+б—кебу, т.б.

Білемін

Білгім келеді

Үйрендім

Аты айтылып тұрғандай етістіктің ерекше түрі.Жұрнақтар арқылы жасалады.

Ережесін ,қандай жұрнақтар арқылы жасалатынын,түрлене ма?,емлесін,


Дәптермен жұмыс:

Міне, осылайша жаңа сабақты түсіндіріп болған соң жаттығу жұмыстарын орындатамын. Алғашқы орындалатын тапсырма:

 215-жаттығу. Тұйық етістіктерді теріп жазып,түбір мен қосымшасын

ажыратыңдар.

216-жаттығу Мына сөздерге тұйық етістіктің –у жұрнағын жалғап жазыңдар.

.(оқушылар оқулықтағы жаттығу барысын орындап болған соң,оңнан солға қарай көршісіне беріп,тексертеді,бір-бірлерінін қатесін жөндейді)

Сергіту сәті:

Кім жылдам?

1.     Етістік нені білдіреді? Етістік нені білдіреді?

2.      Етістік қандай сұраққа жауап берді?

3.      Дара етістікті ата.

4.      Күрделі етістікті ата.

5.     Болымсыз етістіктің жұрнақтарын ата.

6.     Сабақты етістікке қай септік керек?

7.     Салт етістікке қай септік керек?

8.     Сабақты етістікті салтқа айналдыратын етіс түрі?

9.     Салт етістікті сабақтыға айналдыратын етіс түрі?

 1.Сұрақ қою арқылы жаңа сабақты қорытындылаймын.

 1.Тұйық етістік дегеніміз не?

2.Ол қалай жасалады?

3.Бір мысал ойла,септе.

4.Бір тұйық етістікті тәуелде.

2.Сұрақ қою арқылы жаңа сабақты қорытындылаймын.

3.ББҮ кестесін оқушылар топпен бірге талқылап түсініреді.

Білемін

Білгім келеді

Үйрендім

Аты айтылып тұрғандай етістіктің ерекше түрі.Жұрнақтар арқылы жасалады.

 

 

 

 

 

 

Ережесін ,қандай жұрнақтар арқылы жасалатынын,түрлене ма?,емлесін,

Зат есімдерше түрленіп,қимылдың,іс-әрекеттің атын білдіретін

етістіктің ерекше түрін тұйық етістік   дейміз.

Тұйық етістік бір ғана –у жұрнағы арқылы жасалады.  Етістіктің

негізгі және туынды түбіріне,етіс және болымсыз етістік тұлғаларына

жалғанады.Мысалы:бар-у,барғызба-у,ойла-у,ойна-у,қысқар-у,басқар-у,

желбіре-у,көгер-у,кел-у,келме-у,келтірме-у,қуыл-у,қуыс-у,қуыспа-у т.б

 

4.   Оқушылардың берген жауаптарына карай білімдерін бағалаймын.

5.Үйге тапсырма: 217 жаттығу Ереже жаттау









Келісемін:

Мерзімі

13.01.2016ж

Сыныбы: 5«В»

Пәні: Қазақ әдебиеті

Пән мұғалімі: Мухамадиева Т. Б.

Тақырыбы:

Ыбырай Алтынсарин «Өзен», «Дүние қалай етсенң табылады» әңгімесі

Мақсаты

Оқушыға Ыбырай Алтынсариннің «Дүние қалай етсең табылады? » өлеңі туралы түсінікберу, әңгіменің идеялық мазмұнына талдау, оқушыға ойландыратын сауал бере отырып, пікірін тыңдау, қорытынды жасау.


Міндеті

 1. Білімділік: Оқушыларды Ыбырай Алтынсариннің «Дүние қалай етсең табылады? » өлеңі туралы түсінікберу, әңгіменің идеялық мазмұнына талдау, оқушыларға ойландыратын сауал бере отырып, пікірін тыңдау, қорытынды жасау.

2. Тәрбиелік: оқушыларды еңбексүйгіштікке, мамандық таңдай білуге, ізгілікке баулу, елжандылыққа тәрбиелеу.

3. Дамытушылық: оқушылардың білімдік танымын , шығармашылық қабілетін, тілдік қорын, ізденістерін арттыру.

Оқыту нәтижесі

Табыс критерийлері:

Біз әр оқушыны дарынды деп есептеуіміз қажет. Әр сабақсайын оқушылардың сыни ойлауымен өз пікірін көпшілікпен бөлісуге машықтандыру.

Сабақтың түрі:

дәстүрлі сабақ.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер

сұрақ-жауап, баяндау, мәнерлеп оқу, әңгімелеу,талдау.

Көрнекілігі құрал жабдығы:

Ы.Алтынсариннің шығармалар 
топтамасы, портреті, еңбек туралы нақыл сөздер. 
Пәнаралық байланыс: тіл, экология, еңбек..

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:1.Оқушылармен сәлемдесу.
2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
1.Ы.Алтынсариннің өмірі туралы мәлімет жинау, жазу.
2. «Өзен» өлеңін жаттау.

ІІІ. Білім тексеру:

ІVЖаңа сабаққа дайындық
1. Сабақ мақсатын түсіндіру
V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:
* «Дүние қалай етсең табылады?» әңгімесін мәнерлеп оқу.
• Магнитофоннан әңгіменің қысқаша мазмұнын тыңдату.
• Сөздікпен жұмыс
Франк –француз ақшасының атауы.
• Мәтіннен көнерген сөздерді табу: купец, реуішті.


VІ. Түсінік тексеру:
*Сұрақ жауап
1.Әңгіменің мазмұнына зер салып оқы.
2.Еңбек етуден ерінген адам қандай болатынын аңғарту.
3.Қайыршы Антонға бейтаныс кісінің ақылы қалай әсер етті?
4.Антон бұл сөзден қандай қорытынды шығарды? Мәтіннен тауып оқы

VІІ. Жаңа сабақты бекіту:
1. Венн диаграммасы
2. Кітаппен жұмыс: оқу.
3. Қорытынды:
Әңгімеден алған әсерім Пікірім

 
VІІІ.Сабақты қорыту:
1.Бағалау 
2.Үй тапсырмасын беру
1.«Байлықтың көзі еңбекте» тақырыбында шағын шығарма жазу.
2. «Дүние қалай етсең табылады?» әңгімесін мазмұндау.



































Келісемін:

Мерзімі

12.01.2016ж

Сыныбы: 5«В»

Пәні: Қазақ тілі

Пән мұғалімі: Мухамадиева Т. Б.

Тақырыбы:

«Диалект сөздер»

Мақсаты

Диалект сөздер туралы түсінік беру


Міндеті

  1. Диалект сөздер туралы түсінік бере отырып, практикалық жұмыстар орындау арқылы оқушылардың білімдерін меңгерту.

  2. Түрлі әдістерді қолдана отырып, оқушылардың ой өрісін, есте сақтау қабілетін, шығармашылық қабілетін дамыту.

  3. Оқушыларды ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.

 

Оқыту нәтижесі

Табыс критерийлері:

Біз әр оқушыны дарынды деп есептеуіміз қажет. Әр сабақсайын оқушылардың сыни ойлауымен өз пікірін көпшілікпен бөлісуге машықтандыру.

Сабақтың түрі:

Жаңа сабақ талдау

Қолданылатын әдіс-тәсілдер

сұрақ-жауап, баяндау, шығармашылық

Көрнекілігі құрал жабдығы:

суреттер

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру

1. Оқушылармен сәлемдесу.

2.Оқушыларды түгендеу.

3.Оқушыларды сабаққа дайындау.

ІІ. Өткенді қайталау

Өткен тақырыптар бойынша сұрақтар қойылады.

  1. Лексика тіл білімінің қандай саласы?

  2. Көнерген сөздер мен жаңа сөздердің айырмашылығы қандай?

  3. Кірме сөздкердің ерекшелігі бар ма?

  4. Тұрақты сөз тіркестері неліктен бір мағынаға ие болады?

  5. Сөздік қорға мысалдар келтіріңдер.

  6. Эвфемизм мен дисфемизмнің айырмашылығы неде?

  7. Табу сөздердің қандай тәрбиелік мәні бар?

ІІІ.Жаңа сабақ

Диалект сөздер- белгілі бір жердегі (аймақ, облыс,аудан) тұрғындарының сөйлеу тілінде ғана қолданылатын сөздер.Диалект сөздер жалпыхалықтық болып есептелмейді. Өйткені олардың әдеби тілде баламалары болады. Мысалы, әдеби тілдегі тәртіп сөзі Орал облысында нұсқау, бұйрық деген мағынада қолданылады; әдеби тілдегі шалбар сөз Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарында сым деп айтылады.

Диалект сөздер түрліше болып келеді. Мысалы, тыңла-тыңда, құдағай-құдағи, бережақ-берешек, келулі- келді т.б.

ІҮ.Жаңа сабақты меңгерту

  1. 185-жаттығу, 83-бет. Шарты: жаттығуда берілген қандай диалект сөздердің әдеби тілге енгендігін біліп алыңдар.Олармен сөйлем құраңдар.

  2. 186-жаттығу,83-бет. Шарты: сөйлемдердегі диалект сөздерді табыңдар.

  3. Шығармашылық тапсырма. Диалект сөздерді қатыстырып диалог құраңдар. (ауызша)

  4. Сөздерге дыбыстық талдау жүргізу. (сым, тәте, кеуірт)

  5. Суреттерге қарап диалект сөздерді қатыстырып, сөйлем құраңдар.

Диалект сөздерді қолдана отырып, қысқа қызықты әңгіме жазады. Диалект сөздердің қолдану ерекшелігін түсіндіреді.

Оқушы жұмыс жасау барысында «Диалект сөздер» сөздігін қолданады.

Ү.Бекіту

Бүгінгі тақырып бойынша сұрақтар қояды. Мысалдар келтіреді. Бүгінгі өмірмен байланыстырады.

ҮІ. Үй тапсырмасын беру



Автор
Дата добавления 28.03.2016
Раздел Другое
Подраздел Рабочие программы
Просмотров89
Номер материала ДВ-562888
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх