Инфоурок / Другое / Рабочие программы / Планирование. «Тұйық етістіктің түрленуі»

Планирование. «Тұйық етістіктің түрленуі»

Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 29 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>

библиотека
материалов

Келісемін:

Мерзімі

11.01.2016ж

Сыныбы: 7«Ә»

Пәні: Қазақ тілі

Пән мұғалімі: Мухамадиева Т. Б.

Тақырыбы:

«Тұйық етістіктің түрленуі »

Мақсаты

Тұйық етістіктің түрленуі туралы түсінік бері


Міндеті

Білімділік: Оқушыларға тұйық етістіктің түрленуінің ерекшеліктерін ұғындыру, біілім-білік дағдыларын қалыптастыру.

Дамытушылық: ауызша жазбаша жаттығулар, үлестірмелі карточкалар, сабақты пайдаланылатын мәтіндер арқылы тұйық етістікті тапқызу, жан-жақты талдау, оқушы ойын дамыту.

Тәрбиелік: сабақта пайдаланылған мәтіндер, мысалдар арқылы адамгершілік және эстетикалық тәрбие беру.

Оқыту нәтижесі

Табыс критерийлері:

Біз әр оқушыны дарынды деп есептеуіміз қажет. Әр сабақсайын оқушылардың сыни ойлауымен өз пікірін көпшілікпен бөлісуге машықтандыру.

Сабақтың түрі:

Жаңа сабақ Дәстүрден тыс, СТО технологиясын қолдану.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер

Талдау, әңгімелесу, ой қозғау, шығармашылық тапсырмалар орындау.

Көрнекілігі құрал жабдығы:

плакат, « Қазақ тілі және әдебиет журналы»,үлестірмелі карточкалар.

Сабақтың барысы.

Ұйымдастыру кезеңі:

- Сәлеметсіздер ме, оқушылар?

- Қазір бізде қазақ тілі сабағы. Оқу құралдарымызды алып, оқушы ережесіне сай отырайық.

- Бүгін сыныпта кім кезекші?

- Сабақта кім жоқ?

Үй тапсырмасын тексеру:

- Ал, балалар үйге қандай тапсырма берілді?

- 206-жаттығу. Мәтінді оқып шығып, адамдардың бейнелерін көшіріп жазыңдар. Есімшелер мен көсемшелер астын сызып, олардың адам бейнесін жасауға қалай қатысып тұрғанын түсіндіріңіздер.

( оқушылардан кезектесіп үй тапсырмасын сұрау)

Жаңа сабақ.

- сонымен оқушылар, бүгінгі жаңа сабағымызды бастайық.

- Ендеше бүгінгі күнді жазып, жаңа тақырыпты жазып қойыңдар. Жаңа сабағымыздың тақырыбы Тұйық етістіктің түрленуі.

Плакат арқылы түсіндіру.

- Тұйық етістік- етістіктің ерекше түрі. Ол етістіктің өзге түрлері сияқты емес. Етістіктің шақ және рай категориялары жақпен , шақпен байланысты болғанын көрдіңдер. Ал, тұйық етістік шақпен де, жақпен де байланысты болмайды. Тұйық етістік етістіктіңм атауы ретінде ғана қолданылады. Мәселен, бару, жүру, тұру етістіктері бару, жүру, тұру қимылдарының атын білдіріп тұр.

Жаңа сабақтың маңызды белгілерін ажырату.

- ал, балалар қандай маңызды белгілері бар екен, байқап көрейік. Барлығымыз тақтадағы плакатқа назар аударайық.

Тұйық етістіктің септелу үлгісі

1

А.с бару сөйлеу айтуы көрулері келуім

2 І.с

барудың сөйлеудің айтуының көрулерінің келуімнің

3 Б.с

баруға сөйлеуге айтуына көрулеріне келуіме

4 Т.с

баруды сөйлеуді айтуын көрулерін келуімді

5 Ж.с

баруда сөйлеуде айтуында көрулерінде келуімде

6 Ш.с

барудан сөйлеуден айтуынан көрулерінен келуімнен

7 К.с

барумен сөйлеумен айтуымен көрулерімен келуімнен

Тұйық етістіктің тәуелдену үлгісі

1

І жақ келуім келуіміз келулеріміз

2

ІІ жақ келуің келулерің

келуіңіз келулеріңіз

3

ІІІ жақ келуі келулері

- Ал осыдан нені байқап отырсыңдар? Тұйық етістік қалай жасалады екен?

Көру диктанты.

Мына сөйлемдегі көп нүктенің орнына тұйқ етістікті қойып жаз.

1. Тапсырманы уақытында ... керек.

2. Мектепте және үйде тәртіпті ... керек.

3. Үлкендерді ... керек.

4. Ұйым жұмысына ... керек.

5. Мәдениетті ... керек.

6. Сабаққа белсенді ... керек.

Оқулықпен жұмыс.

207-жаттығу.

Мәтінді түсініп оқыңыздар және абзац-абзац бойынша мазмұндаңыздар.

Мәтіндегі –у жұрнақты тұйық етістік пен зат есімді ажыратыңыздар, тұлғасына талдау жасаңыздар.

Бекіту сабағы.

- Жақсы балалар!

- ал енді қазір мен сендерге үлестірмелі карточкалар таратамын. Карточкалармен жұмыс жасаймыз.

1- карточка.

Өз бетіңмен бірнеше тұйық етістік ойла, оларға сөйлем құрап, синтаксистік талдау жаса.

2- карточка.

Мына сөйлемді сөйлем мүшесіне қарай талда.

Сол сәтте жолаушылар үлкен жолмен зымырап сырғытып келеді.

3- карточка.

Төмендегі сөйлемді сөйлем мүшесіне қарай талда.

Күнде ағаштың ағаштардың жапырақтары сарғая бастайды.

4- Карточка.

Сөйлемдердегі сөздерді түбір мен қосысшасына қарай ажырат.

Балалар ойнап жүр. Бізге сабақ болды.

5- карточка.

Кез келген тұйық етістігі бар сөйлем құрап, оған морфологиялық талдау жаса.

6-карточка.

Шегелеу сөзіне фонетикалық талдау жаса.

Қорытындылау.

- Ал, балалар сабағымызды қорытындылау үшін мынадай сұрақтарға жауап берейік.

- Тұйық етістік дегеніміз не№

- Ол қалай жасалады?

- Бір мысал ойла, септе.

- Бір тұйқ етістікті тәуелде.

Үй тапсырмасын беру.

«адамдарға сөзіңізбен ұнау үшін не істеу керек?»пікір жазу, ереже жаттау

Бағалау.

Белсене қатысып отырған балаларды бағалау.

- Сау болыңыздар!

- Сабақ аяқталды!























1- карточка.

Өз бетіңмен бірнеше тұйық етістік ойла, оларға сөйлем құрап, синтаксистік талдау жаса.

2- карточка.

Мына сөйлемді сөйлем мүшесіне қарай талда.

Сол сәтте жолаушылар үлкен жолмен зымырап сырғытып келеді.

3- карточка.

Төмендегі сөйлемді сөйлем мүшесіне қарай талда.

Күнде ағаштың ағаштардың жапырақтары сарғая бастайды.

4- Карточка.

Сөйлемдердегі сөздерді түбір мен қосысшасына қарай ажырат.

Балалар ойнап жүр. Бізге сабақ болды.

5- карточка.

Кез келген тұйық етістігі бар сөйлем құрап, оған морфологиялық талдау жаса.

6-карточка.

Шегелеу сөзіне фонетикалық талдау жаса.



Келісемін:

Мерзімі

11.01.2016ж

Сыныбы: 6«Д»

Пәні: Қазақ әдебиеті

Пән мұғалімі: Мухамадиева Т. Б.

Тақырыбы:

Ғабит Мүсірепов «Автобиографиялық әңгіме»

Мақсаты

Ғабит Мүсірепов «Автобиографиялық әңгіме»туралы түсінік бері


Міндеті

а) білімділік: оқушыларға Ғабит Мүсіреповтің өмірі, шығармашылығы, «Автобиографиялық әңгіме» әңгімесі жайлы толық мәлімет беру.

ә) дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, шығармашылық ізденіске баулу, олардың ой-пікірін қалыптастыру

б) тәрбиелік; елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Оқыту нәтижесі

Табыс критерийлері:

Біз әр оқушыны дарынды деп есептеуіміз қажет. Әр сабақсайын оқушылардың сыни ойлауымен өз пікірін көпшілікпен бөлісуге машықтандыру.

Сабақтың түрі:

қалыпты сабақ.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер

түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сұрақ-жауап, сөздікпен жұмыс, бағалау, бекіту, корытындылау.

Көрнекілігі құрал жабдығы:

 көркем әдебиеттер, бейнелі суреттер, рефераттар, бүктемелер. Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жұмыс жүргізу. Сабақтың типтері: ұйымдастыру кезеңі, үй тапсырмасын сұрау, жаңа сабақты түсіндіру, бекіту, бағалау, қорытындылау

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі.

1. Сәлемдесу.

2. Кезекші мәлімдемесі.

3. Журнал бойынша түгелдеу.

4. Жаңа сабаққа дайындық.

ә) Үй тапсырмасын сұрау.

1. М.Әуезовтің өмірі, шығармашылығы жайлы сұраймын.

2. «Біржан сал Абай ауылында» әңгімесінің мазмұнын сұраймын.

3. Қосымша сұрақтар қою арқылы өткен тақырыпты қорытындылаймын.

4. Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.

б) Жаңа сабақты түсіндіру.

Бүгінгі жаңа сабақта оқушыларға Ғабит Мүсіреповтің өмірі, шығармашылығы, «Автобиографиялық әңгіме» жайлы түсіндіремін.

Ғабит Мүсірепов 1902 жылы қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданында туған. Ауыл молдасынан хат танып, 1917 жылы Қостанай уезінің обаған болысында 2 класты орыс мектебіне түседі, белгілі ақын, талай жақсы жайсаңдарды оқытқан Бекет Өтетілеуовтен оқиды. Пресногорьковтегі жоғары бастауыш училищені бітіріп, 7 жылдық білім алады.

1923 жылы Орынбор қаласындағы жұмысшы факультетін бітірген соң, бір жыл Омбы қаласында ауыл шаруашылық академиясында оқыған. 1928-1938 жылдары түрлі жауапты орындарда баспасөзде қызмет атқарады. 1938-1955 жылдарда таза әдеби жұмыспен айналысады. 1956-1966 жылдары «Ара-Шмель» журналының бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағының бірінші хатшысы болған.

Ғ.Мүсіреповтің алғашқы әңгімесі—1928 жылы жазылған «Қос Шалқар». Туған өлкесіне ержеткенде оралған кейіпкердің өткенді бүгінімен салыстыра еске алғаны айтылады.

Міне, осылайша Ғабит Мүсіреповтің өмірі мен шығармашылығы жайлы қысқаша мәлімет беріп болған соң, «Автобиографиялық әңгімесі» жайлы түсіндіремін.

Әңгімеде XX ғасырдың бас кезіндегі ауыл өмірі, бала оқытуға жалданған молданың тұрмыс-күйі, автордың Пресногорьков жоғары бастауыш мектебін бітіргендігі жайлы әңгімеленеді.

Сабақтың қорытындысы:

1.Сабақ соңында сұрақ қою арқылы жаңа тақырыпты қорытындылаймын.

2. Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.

3. Үйге тапсырма: «Автобиографиялық әңгіме» әңгімесін оқып, мазмұнын әңгімелеу





Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 29 ноября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru


Общая информация

Номер материала: ДВ-562923
Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 29 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>