Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Планирование "Тәжірибе алаңы-2016" (для учителей)

Планирование "Тәжірибе алаңы-2016" (для учителей)


  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:



«Бекітемін»

Мектеп директоры:

Д.Айтмамбет



«Тәжірибе алаңы-2016» мектепішілік байқауының

Е Р Е Ж Е С І


І. Жалпы ережесі

1.Әдістемелік кеңестің 2015-2016 оқу жылына арналған жоспарына сәйкес өткізіледі.

2.Байқауға мектептің педагог-кадрлары қатысады.

3.Осы ереже байқаудың мақсатын және міндеттерін,өткізілу,қатынасу тәртібін анықтайды.



ІІ. Мақсаты мен міндеттері:

Мақсаты:Оқу жұмысын жетілдіру,мұғалімдердің шығармашылығын ынталандыру,оқу мен тәрбие беру мазмұнын қазіргі талаптарға сәйкес дамыту.


Міндеттері:

  • Мұғалімдердің теориялық және практикалық даярлық деңгейлерін көтеру

  • Үздік іс тәжірибелерді анықтау, тарату

  • Инновациялық технологияларды ендіру,жетілдіру жолдарын қарастыру.


ІІІ. Қойылатын талаптар:

1.Қатысушыларға қойылатын талаптар

Қатысушы бірнеше бағытта өз жұмыстарын көрсетеді. Сонымен қатар, топ жетекшілерін әдістемелік кеңес белгілейді, олар секция жұмыстарын басқаруға тартылады.

Барлық қатысушылар жинақы шығармашылық портфолио алып келуі керек.

2.Қорғалатын жұмыстарға қойылатын талаптар

Кез келген жұмыстың мазмұнында теориялық негізі мен тәжірибелік қолданыстары көрініс табуы керек. Мұғалімнің рефлексиясы (өзіндік талдауы) басты назарға алынады.

Бірінші кезекте, мұғалімнің қашан қандай жетістіктерге жеткені емес, қандай нақты мақсаттар қойып, оған қалай және не арқылы жеткені ескеріледі.

Қатысушылардың жасап жатқан жұмысы ғана емес, жинақтаған жұмыстары мен шығарған еңбектері есепке көбірек алынады.

3. Ұйымдастыру жұмыстарына қойылатын талаптар

Алаң жұмысы кезінде аралас топтар құрылып, барлық қатысушылар үлкен топтарға біріктіріледі.

Шығармашылық шеберханалар ұйымдастырылып, онда практикумдар мен тренингтер арқылы қызықты шеберік сыныптары өткізіліп, онда шебер ұстаздар өзінің озат тәжірибелерімен бөлісуге жағдай жасалады.

Алаң жұмысы кезінде білгірлік байқаулары өткізілетін болады. Көпшілігі бір мезгілде қатар өтеді.

Алаң жұмысы кезінде қызықты тақырыптар бойынша танымдық таластар, сұқбаттасу сәттерін ұйымдастыру жиірек қолға алынады.

Алаң жұмысы кезінде поэзия кештерін, спорттық сайыстар ,психологиялық тренингтер өткізуге уақыт бөлінеді.

ІҮ.Байқауды өткізу : 2016 жылдың 5,6 қаңтары



«Бекітемін»

Мектеп директоры:

Д.Айтмамбет



«Тәжірибе алаңы-2016» мектепішілік байқауының

ж о с п а р ы


1-күн

Оқу-тәрбиенің өзекті мәселелері

Жұмыс мазмұны


күні

уақыты

1

«Тәжірибе алаңы» байқауының ашылуы


5 қаңтар

930

2

Топтардың таныстыруы


5 қаңтар

1000

3

Панорамалық сабақтар байқауы


5 қаңтар

1130

4

Идеялар аукционы


5 қаңтар

1230

5

Қазіргі білім берудегі өзекті мәселелер

Пікірталас алаңы

5 қаңтар

1400

6

Ұжымды топтастыруға арналған тренинг


5 қаңтар

1530

7

Спорттық сайыс


5 қаңтар

1630

2-күн

Педагогикалық шеберлікті жетілдіру жолдары


8

Шығармашыл ұстаздар байқауы,әдістемелік кешендер,ғылыми жоба қорғау


6 қаңтар

1000

9

«Адами қарым-қатынас ізгіліктері» психологиялық тренинг


6 қаңтар

1200

10

Мұғалімдердің кәсіби олимпиадасы


6 қаңтар

1500

11

Қорытынды кеш


6 қаңтар

1600






Оқу ісінің меңгерушісі: М.Рахмет



























Шығармашыл мұғалімдердің тәжірибе алаң жұмысына дайындық жобасы

Қатысушыларға қойылатын талаптар

Қатысушы бірнеше бағытта өз жұмыстарын алып келуі керек. Сонымен қатар, топ жетекшілерін білім бөлімі белгілейді, олар секция жұмыстарын басқаруға тартылады.

Келетін ұстаздар шығармашылықпен жұмыс жасайтын мұғалім болғаны дұрыс. Олардың педагогикалық өтілдері негізінен, бес жылдан кем болмағаны жөн.

Барлық қатысушылар жинақы шығармашылық портфолио алып келуі тиіс.

Қорғалатын жұмыстарға қойылатын талаптар

Кез келген жұмыстың мазмұнында теориялық негізі мен тәжірибелік қолданыстары көрініс табуы керек. Мұғалімнің рефлексиясы (өзіндік талдауы) басты назарға алынады.

Бірінші кезекте, мұғалімнің қашан қандай жетістіктерге жеткені емес, қандай нақты мақсаттар қойып, оған қалай және не арқылы жеткені ескеріледі.

Қатысушылардың жасап жатқан жұмысы ғана емес, жинақтаған жұмыстары мен шығарған еңбектері есепке көбірек алынады.

Ұйымдастыру жұмыстарына қойылатын талаптар

Алаң жұмысы кезінде аралас топтар құрылып, барлық қатысушылар үлкен топтарға біріктіріледі.

Шығармашылық шеберханалар ұйымдастырылып, онда практикумдар мен тренингтер арқылы қызықты шеберік сыныптары өткізіліп, онда шебер ұстаздар өзінің озат тәжірибелерімен бөлісуге жағдай жасалады. Бірінші кезекте, марапаттауға осылар ұсынылады.

Алаң жұмысы кезінде тапқырлар турнирлері, білгірлік байқаулары өткізілетін болады. Көпшілігі бір мезгілде қатар өтеді.

Алаң жұмысы кезінде қызықты тақырыптар бойынша танымдық таластар, сұқбаттасу сәттерін ұйымдастыру жиірек қолға алынады.

Алаң жұмысы кезінде поэзия кештерін, оқырмандар конференциясын, психологиялық тренингтер өткізуге уақыт бөлінеді.

Кешкі уақыттарда суырып салмалық сынақтарын, мини-жоба жарыстарын өткізу жоспарланып отыр.















Шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдердің тәжірибе алаңы жұмыс жоспарының жобасы

Әр күн сайын:



Түске дейін панорамалық сабақтар, идеялар аукционы, жоба қорғау сияқты шығармашылық сайыстар мен кәсіби байқаулар өткізіледі. Түсте жеке ерекшеліктерді анықтау мақсатында психологиялық тренингтер өткізіледі. Түстен кейін секциялық жұмыстар өткізіліп, конференциялар, проблемалық семинарлар түрінде оқу-тәрбие үрдісінің өзекті мәселелері талқыланады.

1 күн: Оқу-тәрбиенің өзекті мәселелері



Бұл күні түстен кейін жалпы алаң жұмысымен жан-жақты таныстырылып, сынақ кітапшалары мен күнбе күн шығарылып отыратын рейтинг жүйесі жайлы толық мағлұмат беріледі. Бұдан соң 3 секция бойынша Шығармашылық ізденістен ғылыми зерттеуге қарай” тақырыбында теориялық конференция өткізіліп, ғылыми зерттеу жүргізіп, шығармашылық топ жетекшілері секцияларда баяндама жасайды, қазіргі білім берудегі өзекті мәселелерді айқындап, оларды шешудің тиімді жолдарын қарастырылады. Содан соң барлығы бірге ұстаз шығармашылығын арттыруға байланысты өз ойлары мен ұсыныстарын ортаға салады. Сосын ашық пікір алмасып, ортақ шешім түйінделеді. Кешке футбол ойналып, танысу кеші өткізіледі.

2 күн: Педагогикалық шеберлік жетілдіру жолдары



Түске дейін “Кәсіби біліктілікті арттыру жолдары” тақырыбында шеберлік сыныптары өткізіліп, шығармашыл ұстаздар өз тәжірибелерін ортаға салып, негізгі идеяларын бейнелеп көрсетеді. Мұнан соң «Шығармашыл ұстаздардың сайтына» байқау ұйымдастырылады. Түстен кейін идеялар аукционы өткізіледі, шығармашыл ұстаздардың озық идеялары көпшілікке ұсынылады. Мұнан соң таным сағаты өткізіледі. Кешке волейбол ойналып, сахналық қойылымдар көрсетіліп, би кеші өткізіледі.

3 күн: Оқытудың тиімді технологиялары мен интерактивті әдістері



Түске дейін «Мұғалімдердің кәсіби пән олимпиадасы» ұйымдастырылады. Шығармашыл ұстаздардың әдістемелік нұсқаулықтар мен құралдардың байқауы ұйымдастырылды. Шығармашыл ұстаздардың арасында өз әдістемелік нұсқаулықтарын шығарған авторлардың еңбектерін бағалап, тарату мақсатында «Әдістемелік құралдар мен нұсқаулықтар « байқауын ұйымдсырылады. Түстен кейін “Менің шығармашылық шеберханам» тақырыбында көрме жұмыстары өткізіледі. Құрылымдық дискуссияда ортақ ұсыныс ой пікірлер ортаға салынды. Сонымен бірге “ХХІ ғасырдың көшбасшысы” және “Брейн-ринг” ойындары ойналады. Кешке «Поэзия кеші» өткізіледі.









. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕ

1. Облыстық «Жыл әдіскері» байқауын (одан әрі Байқау) «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ өткізеді.

2. Байқау тақырыбы «12-жылдық мектептің - әдіскері».

3. Байқау ҚР 2011-2020 жылдарға арналған Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыруда 12-жылдық мектеп жұмысына педагогтарды дайындау аясында өткізіледі.

4. Байқау оқу үдерісінің ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету және 12-жылдық оқытуға көшу жағдайында педагогтың кәсіби-тұлғалық дамуын ғылыми-әдістемелік қолдауғабағытталған.

5. Байқау Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің әдіскерлерінің шығармашылық әлеуетін,жүзеге асыру мен кәсіби деңгейін арттыруға бағытталған тәжірибелік бағдарлама болып табылады.

6. Байқау келесі деңгейде өтеді:

- мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру ұйымдарының әдіскерлері арасында;

- жалпы орта білімге жетекшілік жасайтын аудандық (қалалық) әдістемелік кабинеттерінің әдіскерлері арасында;

- техникалық және кәсіптік білім беру әдіскерлері арасында;

- қосымша білім беру ұйымдарының әдіскерлері арасында;

- ЖОО әдістемелік бюросының мүшелері арасында;

- «Өрлеу» БАҰО» АҚ Инновациялық дамуды әдістемелік қамтамасыз ету бөлімі мамандарының арасында.

2. БАЙҚАУ МАҚСАТТАРЫ

- барлық деңгейдегі әдіскерлердің инновациялық кәсіби-мәнді тәжірибесін айқындау, тарату және олардың кәсіби шеберлігін көтеру;

- білім беру жүйесінде әдіскерлердің жағымды әлеуметтік және кәсіби келбетін қалыптастыру мен мәртебесін көтеру;

БАЙҚАУДЫҢ НЕГІЗГІ МІНДЕТТЕРІ

- шығармашылықпен шұғылданатын әдіскерлердің үздік әдістемелік тәжірибесін айқындау және тарату;

- заманауи әдіскер маман және әдіскер мамандығының беделін арттыруда қоғамдық пікір қалыптастыру;

- әдіскердің құзыреттілігін қалыптастырып, дамытуда әдістемелік жұмыс жүйесінің бірегейлігін сақтау;

- әдістемелік жұмысты ұйымдастыруда менеджмент технологиясының нәтижелігінің формасы мен әдістерінің қорын қалыптастыру;

3.БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУШЫЛАР

7. Байқауға облыстық «Үздік жыл әдіскері» сайысының тиісті деңгейдегі жеңімпазы (осы Ереженің 6 –тармағы) қатыса алады.

3. БАЙҚАУ ӨТКІЗУДІҢ ТӘРТІБІ МЕН МЕРЗІМІ

8. Байқау үш кезеңде өтеді:

а) аудандық кезеңі – 26 наурыздан - 1 сәуірге дейін 2014ж.

б) облыстық кезеңі – 26 мамырдан - 1 маусымға дейін 2014 ж.

в) республикалық кезеңі – 30-31 қазан күндері 2014 ж.

8.1. ЖОО әдістемелік бюро әдіскерлері арасында да үш кезеңде өтеді:

а) ЖОО ішінде – 26 наурыздан - 1 сәуірге дейін (сырттай) 2014 ж.

б) ЖОО арасында (іріктеу) – 26 мамырдан - 1 маусымға дейін (іштей) 2014 ж.

в) республикалық кезеңі – 30-31 қазан күндері 2014 ж.

9. Республикалық байқау 2 турда өтеді.

- бірінші тур – сырттай (әдіскер портфолиосын (гиперсілтемесін) электрондық сараптық бағалау 30- қыркүйегіне дейін, 2- қосымша);

- екінші тур – бетпе-бет (бағдарлама бойынша тиісті деңгейдегі әдіскерлер үшін 3 қосымша);

10. Байқаудың республикалық кезеңіне қатысуға өтініштер мен материалдар 2014 жылдың 20-маусымына дейін қабылданады.

11. Байқау материалдары А-4 форматта электронды нұсқада тапсырылады(4 қосымша).

Байқауға ұсынылған материалдар байқаудың мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес әдіскер жұмысының соңғы 3 жылдық шынайы нәтижелерін көрсетуі керек.

12. Байқауға ұсынылған материалдарға пікір берілмейді және қайтарылмайды.

13. Көрсетілген мерзімнен кейінгі материалдар байқау комиссиясымен қаралмайды және қайтарылмайды.

14. Байқауға қатысушылар құрамы өтініштер негізінде құрастырылады.

15. Байқауға қатысушылардың бетпе-бет кезеңдегі тапсырмаларының орындалу сапасы 5-балдық жүйемен бағаланады.

16. Байқауға қатысуға негіз:

- облыстық байқаудан I-орынға ие болу;

- үміткер белгіленген мерзімге байқау материалдарын (қатысуға өтініш, жеке куәлікке сәйкес деректер (1 қосымша), талапқа сәйкес рәсімделген әдіскердің гиперсілтемелері бар электронды портфолиосы (2 қосымша)) болады.

4. Байқауды өткізу мен ұйымдастыруға басшылық

17. Байқауға жалпы басшылықты Ұйымдастыру комитеті жүзеге асырады.

Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы: Тараз қаласы, Жамбыл даңғылы, 121,«Өрлеу»БАҰО» АҚ ПҚ БАИ Жамбыл облысы бойынша филиалы.

5. Байқаудың жалпы критерийлері

18. Байқау бағалауының нысаны Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдарға арналған білім беру дамытудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру жағдайында әдістемелік жұмысты ұйымдастырудың қазіргі әдістеріне сәйкес әдістемелік жұмыстың мазмұны мен түрлерін жобалау, құрастыру, яғни әдістемелік құзырлылықтың ең маңызды бөлігі болып табылады.

19. Осыған байланысты байқаудың жалпы критерийлері:

- білім беруді жаңғыртудың модернизациясының негізгі бағыттарын әдістемелік қамтамасыз ету;

- әдістемелік жұмысты ұйымдастыруда қазіргі технологияны пайдалану;

- әдістемелік ұсыныстар беру және оны жүзеге асыру;

- тәжірибелік-эксперименттік жұмысты ғылыми-әдістемелік қолдау;

- білім беру жүйесінде технологиялық деңгейде педагогикалық тәжірибені анықтау, зерттеу және жинақтау;

- білім беру ұйымдарының басшылары мен педагогтарының біліктілігін үздіксіз арттыру жүйесін ұйымдастыру;

- білім беру үдерісін бағдарламалық-әдістемелік өнімдермен қамту, оларды пайдалану тиімділігін сараптау;

- әдістемелік материалдарға пікір беру;

- ғылыми-практикалық конференциялар, педагогикалық оқу, білім беру ұйымының педагогикалық қызметкерлерінің кәсіби педагогикалық шеберлігінің байқауын дайындап, өткізуге қатысу;

- технологиялылығы, жұмыстың нәтижесін басқа әдіскерлер, мұғалімдердің пайдалану мүмкіндігі;

- байқау материалдарының мәдени және эстетикалық рәсімделуі.

6. МАРАПАТТАУ ЖӘНЕ БАЙҚАУДЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАУ

20. Байқаудың әрбір деңгейінен Жеңімпаздар мен жүлдегерлер және номинация бойынша лауреаттар анықталады.

21. Жеңімпаз «Үздік жыл әдіскері» І дәрежелі дипломмен және ақшалай сыйлықпен, жүлдегерлер ІІ, ІІІ дәрежелі дипломмен және ақшалай сыйлықтармен марапатталады.

22. Байқауға қатысушылар сертификаттар, «Көшбасшы-әдіскер», «Жаңашыл -әдіскер», «Креативті әдіскер», «Шебер-әдіскер», «Ең жас әдіскер» номинациялары бойынша Құрмет грамотасымен марапатталады.

23. Байқауға қатысушыларға жеке тұлғалар, түрлі ұйымдар мен демеушілер өздерінің жеке сыйлықларын тағайындай алады.












Автор
Дата добавления 13.01.2016
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров218
Номер материала ДВ-333147
Получить свидетельство о публикации


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх