Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Планирование урока "Құстардың қысқы тіршілігі "

Планирование урока "Құстардың қысқы тіршілігі "

  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

hello_html_m31af9568.gifhello_html_m31af9568.gifhello_html_m1c12c98a.gifhello_html_m1c12c98a.gifhello_html_m1c12c98a.gifhello_html_27bda324.gifhello_html_m1c12c98a.gifhello_html_243cb2a8.gifhello_html_m1c12c98a.gifhello_html_m1c12c98a.gifҚоршаған ортамен таныстыру

Уақыты:

Кабинет: 216

Мұғалім: Каленова Шолпан

Сабақтың атауы

Құстардың қысқы тіршілігі

Сілтеме

Ғаламтор сайттары, «Қоршаған ортамен танысу» әдістемесі

Сабақтың жабдығы

Интерактивті тақта,қысқы орман көрінісінің суреттері, құстардың, табиғат көріністерінің суреттері, құстарға жасалған ұя, жемшашар, талдың макеті

Жалпы мақсаттар

Оқыту  нәтижесі

1.Қыс мезгіліндегі табиғатта болатын өзгешеліктер туралы түсінік беру. Құстардың қысқы тіршілігі туралы білімдерін толықтыру.

2.Балалардың қыс мезгілінде құстарға қамқорлық жасау белсенділігін арттыру, сөздік қорын молайту, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

3.балалардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру, қоршаған ортаны қорғауға, аялауға тәрбиелеу.


Топқа бөлу

Қима қағаздарды құрастыру арқылы топтардың атын шығару

І топ «Қарлығаш»

ІІ топ «Тоқылдақ»

ІІІ топ «Торғай»

Мұғалімнің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Ынтымақтастық атмосферасы

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Балалар шаттық шеңберіне тұрып бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.



Оқушылар мұғаліммен қосылып тақпақты айтады




Өткен сабақты еске түсіру

Қыс.

  1. Тыныштық сәті: балаларды көздерін жұмғызып, қысқы табиғат көрінісі туралы айту. Қыс мезгілінің ерекшелігі, қызығы, жаздада қыстада өз түсін өзгертпейтін ағаш жайлы айту.

  2. Балаларға қыс мезгіліне арналған тақпақтарын айтқызу

  1. Балалар көздерін ашып, көз алдарына келген табиғат көрінісін сұрақ-жауап әдісі арқылы әңгімелейді.

  2. Балалар өздерінің білетін тақпақтарын айтады

Сергіту сәті

  Боран соғар оң жақтан,

Боран соғар сол жақтан.

Қар лақтырып ойнасақ,

Суық өтер қолғаптан.

Балалар қимылмен көрсетеді




Қызығушылықты ояту

Ой шақыру.

Интерактивті тақтадан орманның әсем көрінісінен қысқаша бейнеролик көрсетіп, құстардың дыбысының әуенін тыңдату.

Балалар бейнероликті көріп, әуенді тыңдайды. Ненің дыбыс екенін айтады. Құстардың.


Мағынаны тану


  1. Балалардан ненің дыбысын естігенін сұрау.

  • Балалар, бұл ненің дыбысы?

  • Құстардың.

  • Ал олай болса балалар бүгінгі біздің жаңа сабағымыз «Құстардың қысқы тіршілігі» деп аталады.

  • Біз өткен сабақтарымызда құстарды неше топқа бөлдік?

  • Екі топқа бөлінеді.

  • Қандай болып бөлінеді?

  • Үй құстары және жабайы құстар.

  • Жарайсыңдар балалар өткен сабақтарымызды ұмытпапсыңдар, естеріңе жақсы сақтапсыңдар. Біз бүгін жабайы құстардың қысқы тіршілігімен танысамыз.

Күн суытып қыс түскен соң, үй құстары адамдардың қамқорлығында болады, ал жабайы құстар табиғатта өздігінен тіршілік етеді. Олар далада, орманда, таулы жерлерде, су жаларында мекен етеді. Қыс түскен соң құстардың азығы азаяды, олар кешікпей жылы жаққа ұшып кетеді. Күзде жылы жаққа кетіп, көктемде қайтып оралатын құстарды «жыл құстары» деп атайды, ал туған жерінен ұшпай, кетпей қалған құстарды «отырықшы құстар» немесе қыстап қалатын құстар деп атайды. Ала қарға, шымшық, торғай, қарға, суықторғай, аққу өз туған жерлерінде қыстайды. Адамдардың мекеніне жақын келіп мекендейді. Қыс мезгілінде құстардың тіршілігі, тамақ тауып жеуі қиындай түседі. Сондықтан адамдар құстарға көмек көрсетіп, қамқор болу керек. Жемшашармен таныстырып жем, нан қиқмын, кептірілген жемістерді үйшіктерге, жемшашарға салып көсету.


Сергіту сәті

Қане қанат жазайық,

Қарлығаш боп ұшайық.

Ұшып-ұшып алайық,

Орнымызды табайық.

Балалар қимылмен көрсетеді


Кітаппен жұмыс

1.Әліппе –дәптердегі «Құстар қалай қыстайды?» ертегісін оқып беріп, ертегі не туралы екенін балалардан сұрау. Ертегіде қандай құстар туралы айтылғаны, тоқылдақты не үшін орман дәрігері деп атайтынын сұрап өту.

2. «Ұшты-ұшты» ойнын ойнату.

Құстарды аңдардан ажырата білу қабілетін дамытуға арналған.




Балалар ертегіден түсінгендерін айтып, ертегідегі құстардың түрлерін айтады, тоқылдақты не үшін орман дәрігері атағанын айтып береді.

Балалар ойынды бірге ойнайды.

Ой толғаныс

Венн диаграммасы. Отырықшы құстар мен жыл құстарын салыстыру.

Құстар


Балалар жыл құстары мен отырықшы құстардың суреттерін тауып салыстыру арқылы жапсырады

Сабақты қорыту

«Топтастыру» стратегиясы сызбасы бойынша. Бүгінгі сабақта құстардың қысқы тіршілігі туралы үйренгендерін сұрап, топтастыру.




Құстар








Балалар үйренгендерін сұрақ-жауап арқылы топтайды.

 Бағалау

Мадақтау. Смайликтер үлестіру.

Смайликтерді жабыстыру



Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 11.02.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров90
Номер материала ДВ-442200
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх