Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Иностранные языки / Конспекты / Планирование внеклассного мероприятие на тему ЖАСАЙ БЕР, АНА ТІЛІМ – ҚАЗАҚ ТІЛІ!
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Иностранные языки

Планирование внеклассного мероприятие на тему ЖАСАЙ БЕР, АНА ТІЛІМ – ҚАЗАҚ ТІЛІ!

библиотека
материалов


Тақырыбы: ЖАСАЙ БЕР, АНА ТІЛІМ – ҚАЗАҚ ТІЛІ!

Мақсаты: Оқушылардың ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру, ана тілін қастерлеуге баулу.

Жүрг:

Ана тілі – атаңның, анаңның тілі, туған халқыңның тілі. Ана сүтіндей бойымызға біртіндеп сіңіреміз. Өнерлі, білімді, мәдениетті қоғамның белсенді азаматы болуды біз тіл арқылы үйренеміз. Жеке бір адам ұлт тілін жасай алмайды. Тіл бүкіл халықтың игілігі, халықпен бірге жасап, бірге дамиды. Ол әр халықтың жазуы жоқта кітабы, мектебі жоқта ұстазы болған. Әр азамат өз ойын ана тілінде білдіріп, білімнің жемісін сол тілде таратады.

Ой қозғау: «Тіл не үшін керек?»

(оқушылардың ойын білу)


Жүрг:

Ана тілім – бала шағым өркенім,

Ана тілім – болашағым, ертеңім,

Ана тілім – сайын далам, жер, көгім,

Ана тілім – арман, ойым, өрнегім – дей келе, кезекті әдеби монтаж бөліміне береміз!

(оқушылар ортаға шығып тақырыпқа қатысты өлеңдерді жатқа оқиды)

Настя:

Ана тілің арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте.

Сабина:

Жырлатқан қазақтардың қазақтығын,

Жырлатқан елдік, ерлік азаттығын.

Жұлдызды құдіреттің туы болған,

Жауынгер ана тілім – қазақ тілім

Руслан:

Ана тілім, дана тілім, бақ тілім,

Сенсіз бақыт дүниеден тапты кім?

Сенсің менің қасіретім, шаттығым,

Сенсің менің тазалығым, пәктігім.


Жүрг: Балалар, біз қазір қызықты ойын ойнағалы тұрмыз! Ойын: «Адасқан әріптер», шарты былай: сіздерді үш топқа бөлемін. Әр топқа көп әріптер таратылады. Сол әріптердің көмегімен сөз құрастырамыз!

(оқушылар топ болып берілген тапсырманы 3 минут ішінде орындап шығуға

тиісті)

1 – топ: «Жасай бер» сөзі

2 – топ: «ана тілім» сөзі

3 – топ: «қазақ тілі» сөзі


Жүрг: «Сұрақ – жауап» айдары!

1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі қандай тіл? Қазақ тілі

2. Қазақстан Республикасының тұңғыш Конституциясы қашан қабылданды? 1993ж

3. Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алған жыл? 1991 жыл

4. 22 қыркүйек қандай мереке?


Жүрг: «Жалғасын тап» ойынын ойнайық. Ойынның шарты бойынша мақал-мәтелдің, қанатты сөздердің жалғасын табу керек. (Әр топқа таратылып беріледі. Дайын болғанда кезек кезек оқып шығады)

1. Тіл – адам ойының...(айнасы)

2. Аңдамай сөйлеген...(ауырмай өледі)

3. Ойнап сөйлесең де...(ойлап сөйле)

4. Тисе терекке, тимесе...(бұтаққа)

5. Айтылған сөз, ...оқпен тең (атылған)

6. Бал тамған тілден...тамар (у)

7. Көп сөз - ...(бос сөз)

8. Көп сөз – күміс, аз сөз - ...(алтын)

9. Жасыңда қылжаң болсаң, өскенде...боласың. (мылжың)

10. Таза сөйлеу – биік...(мәдениеттілік)

11. Тіл ...... жарады, (тас)
Тас жармаса, бас жарады.

12. ІІІешеннің ........ — мерген, (сөзі)
Шебердің көзі — мерген.

( тапсырма мұқият тексеріледі, және уақыт жағынан алға шыққан топ аты аталынады, әр топқа қошемет көрсетіледі )


Жүрг: Балалар, ортаға «Қазақ тілім» тақпағымен Айсананы шақырамын

Жанын сап, халқың сүйіп, баққан тілім,

Жалықпай құпиялар ашқан тілім.

Жаһанның төрт бұрышы түгел танып,

Жат жұрттан да достарын тапқан тілім.


Бұл жанды тіл – менің азат тілім,

Жадымда талмай самғар қанат тілім.

Жыр-қуат, сөзі – ана уызындай,

Жасай бер, Ана тілім – Қазақ тілім!



Жүрг: Балалар, 12 қыркүйек пен 22 қыркүйек аралығында «Тілдер мерекесі»

қарсаңында ұйымдастырылған «ЖАСАЙ БЕР, АНА ТІЛІМ – ҚАЗАҚ ТІЛІ!» атты шығармалар жарысында «Ең үздік шығарма» наминациясын жеңіп алған және бүгінгі кешке белсене қатысқан оқушыларды 27.09. күні мерекенің жабылу салтанатында міндетті түрде мақтау қағаздарымен марапаттаймыз!


Балалар, бүгінгі кеш өте қызықты өтті. Осылай, ойынға белсене араласып, қатысып, өз өздеріңізді көрсете білгендеріңіз үшін рахмет!!!


Жүрг: Ал, балалар, тіл туралы көптеген өлеңдер оқып, ойларыңды ортаға салдыңдар, көп рахмет. Халқымыздың бай тілін меңгеру, көркейту, қыр-сырын танып білу әр азаматтың қолынан келетін дүние. Тілді қорғап, қастерлеу, әрқайсымыздың міндетіміз, парызымыз екенін ұмытпайық! «Тіл не үшін керек?»


Автор
Дата добавления 10.05.2016
Раздел Иностранные языки
Подраздел Конспекты
Просмотров69
Номер материала ДБ-074896
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх