Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Планирование внеклассной работы на тему "Жолда жүру ережесін сақтаймыз!"

Планирование внеклассной работы на тему "Жолда жүру ережесін сақтаймыз!"


библиотека
материалов

Ақмола облысы Ерейментау қаласы

«Бөгенбай батыр атындағы қазақ орта мектебі» КММ













Ашық тәрбие сағаты

Тақырыбы: Жолда жүру ережесін сақтаймыз!











Сынып: 1 «А»

Сынып жетекшісі: Карсибаева Айман Нургаликызы










2015-2016оқу жылы

Сабақтың тақырыбы: Жолда жүру ережесін сақтаймыз!

Сабақтың мақсаты:

1.Оқушыларды жолда жүру ережесімен, жол ережесінің белгілерімен таныстыру

2. Жол қауіпсіздігін әрқашан біліп, есте сақтап, сақ болуға үйрету.

3.Оқушыларды көшеде дұрыс жүріп, жол ережесін сақтауға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Бағдаршам , жол белгілері салынған суреттер , жол ережесіне арналған кітаптар.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: жұмбақ шешу, ситуациялық сұрақтар, топпен жұмыс, сұрақ-жауап

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды тәрбие сағатына назар аударып, зейіндерін тақырыптың ашылуына шоғырландыру.


Ой шақыру


1.Ала таяқ ұстаған,

Жол тәртібін нұсқаған.

Өміріңді  күзеткен,

Ысқырықпен түзеткен.  (Милиционер)


2.   Көше бойлап аяңдайды,

Адам тасып аялайды. (Автобус)


3.Көліктің  қаншасын үстінен өткізген

Іргеден басталып , алысқа жеткізген. (Жол)


4.Жоқ өзінде бас та , ауызда  да  , құлақ та ,

Бақырайған  үш көзі  бар бірақ та.              (Бағдаршам)


5.Өзі сөйлей білмейді,

Бірақ «Тоқта, жүр !» дейді. «Бағдаршам»


Тұрады ескертіп, тыйым сап, міндеттеп,

Жол бойын жағалап, ереже ескертпек

(Жол белгілері)



Кіріспе

Жол заңы дұрыс жүріп , абай  болуды  талап етеді. Жол тәртібін  бұзба , ол  қатер  тудырады. Жолдың қалыпты қозғалысы көбінесе балалардың жол бойында қалай болса солай жүріп, доп  қуалайтыны , шаңғы  тебетіні , жүріп  бара жатқан машинаға  жабысатыны ,қалтарыстан жолға  шығып  келетін салдарынан бұзылады. Жол тәртібін бұзғандықтан  кейбіреулер машина  дөңгелегіне ілініп қаза тауып , кейбіреулері  жарақат алады . Ал кейбіреулері өмірлік  мүгедек болып қалады.

Сондықтан әрбір оқушы мектепте оқылатын » Жолда жүру ережесі » тақырыбындағы сабақты мұқият тыңдап, әр сабақтан қорытынды жасап отыруға міндетті .Үлгілі , тәртіпті оқушы көшеде, жолда  жүру ережесін ,заңын бұзбайды.

Мағынаны тану

Топпен жұмыс

Балалардың алдына мозайка құрастыру арналған суреттер беріледі. Бұл суреттерді құрастырып жинап болған соң балалар бұл суреттердің мағынасын ашады.

1-сурет- жол полициясы және бағдаршам

2-сурет- жаяулар жүретін жол

3-сурет- жиек жол


Бағдаршам әні

Қызыл көзін ашқанда,
Сынық сүйем баспа алға.
Сары көзін ашқанда
Қарап қалма аспанға.
Жасыл көзін ашқанда,
Жүре бергін, жасқанба!


Жол полиция қызметкері

Оңға солға жүр деймін.

Орыныңда тұр деймін.

Ережені бұзба деп,

Қолмен нұсқап сілтеймін.


Жаяулар өтетін жол

Осы жолмен жүреді жаяу адам,

Бұл белгі жоқ болса баспа қадам.

Ережесін жолдың бәрің сақтаңдар

Әр белгіні еш мүлтікпей жаттаңдар


Жиек жол

Әр жолдың шетінде бар жиек жол,

Тек сол жолмен жүріп бәрің абай бол.

Жиек жолмен жүріп дайым сен сақтан

Өміріңді қысқыртпа, күліп шаттан



Жол белгілерінің топтарымен танысу

Сақтандыру , ескерту белгісі:

Қып – қызыл  үшбұрыш,

Қауіптен сақ бол деп сәт – сапар  жолдаған.

Аман – сау жүреді  жаяу да , көлік те ,

Мен берген белгіні  сақтаған , қолдаған.


Тыйым салу  белгісі:

Қызылмен боялған , шеңбермін аумақты,

Тыйымшыл белгімін , қаталмын  салмақты .

Мен тұрған жерлерде  хақың жоқ жүруге,

Қауіп  бар , бағдарла  көз салып  жан – жақты.


Міндеттеу белгісі:

Белгімін  көрсетер  жылдамдық бағытты,

Міндетті  бұрылыс , әйтпесе  қауіпті.

Барлығын анықтап тұрамын жолыңда,

Абай бол , шартыңды міндетті  орында !


Нұсқау белгісі:

Баратын жеріңнің бағытын , тұрағын,

Үн – түнсіз жол  сілтеп , жол  нұсқап  тұрамын.

Күндіз де  , түнде  де от болып жанады,

Көк  түске боялған төрт бұрыш шырағым.



Қызмет көрсету белгілері

Керегің, тұрағың, киімің, тамағың.

Бәрінде көрсетем не барын алдағын

Телефон, радио, ауыз су, дәмхана

Көрсетем біліп қой жалғыз мен тек қана


Жол белгілерімен танысу және мағынасын ашу

Тыйым салу  белгісі:

темекі тартуға, жаяу жүруге тыйым салынады.

Міндеттеу белгісі:

велосипедпен жүруге және жаяу жүргіншілерге арналған жол

Нұсқау белгісі:

жаяулар өтетін жер және автобус аялдамасы

Қызмет көрсету белгілері:

аурухана және дәмхана

Сақтандыру , ескерту белгісі: жолда жөндеу жұмыстары және алда темір жол





Ситуациялық сұрақтар

1.Бұл оқиға шық бермес Шығайбайдың бала кезінде болған екен.Ол бір күні су жаңа добын далаға ойнауға алып шығады. Келе жатқанда доп ойнау алаңындағы балалар кел бірге доп ойнайық деді. Сонда шық бермес Шығай бай жоқ, мен сендермен ойнамаймын, менің добым жап-жаңа ал сендердікі ескі деді де барлығы менің жаңа добымды көрсін дегендей жол ортасына келіп доп ойнай бастады. Бірер уақыттан соң добы жолда келе жатқан көлік жаққа қарай ұшып кетті. Добын аламын дегенде көлікке соқтығып аяғын сындырды. Сынған аяғын емдеймін деп 3 ай жазғы демалыста доп ойнай алмай үйінде жатты.

Қожанасыр қандай қателік жіберді? Қателіктің соңы неге әкеліп соқты? Сендер оның орнында болсаңдар не істер едіңдер?

2. Жаздың қызықты демалыс күндері болатын. Алдар достарын ертіп велосипед тебуге далаға шықты. Алдар мен Дымбілмес екеуі кімнің велосипеді мықты және тез жүреді деп сөзге таласып қалады. Екеуі біраз уақыт таласып тартысып болған соң, велосипедпен жарысып кімнің велосипеді мықты екенін сынамақшы болады. Сөйтіп екеуі де велосипедтеріне отырып жиек жол бойымен ешқандай жол белгісіне қарамай зулап жөнеледі. Қатты жылдамдықпен келе жатқан Алдар алдында келе жатқан әжейдің қолын қағып, сөмкесіндегі заттарды шашып кетеді. Әжейге Дымбелмес те көмек көрсетпейді. Жол тәртібін бұзған балаларды көрген жол полиция қызметкері оларды тоқтатады. Оларға ескерту жасайды.

Алдар мен Дымбілмес қандай жол ережелерін бұзды? Оларға жол полициясы неліктен ескерту жасады?

3. Қыстың аязды күндерінің бірінде анасы Қожанасырға інісін мектепке алып баруды айтты. Қожанасыр жалқауланып әрең дегенде орнынан тұрып, інісіне жаман көзімен қарап киіне бастады. Мектепке бара жатқанда жаяулар өтетін жерге дейін өте алыс,сен осы жерден тез өтіп кет деп інісіне дауыс көтеріп, жол жиегінен жолға қарай итере бастайды. Інісі жолдан өтпекші болып алға жүре бастайды. Ал Қожанасыр тез тез алға басып үйіне қарай бет алады. Інісі жолды тез жүгіріп өтпекші болғанда мұзға аяғы тайып құлап түседі. Оны көрген көлік жүргізушілері бірінен соң бірі тоқтай бастайды. Інісін көлік жүргізушілері ауруханаға алып кетеді.

Қожанасыр қандай қателік жіберді? Інісіне қандай қателік айтты? Бұл оқиға қай мезгілде болды? Қыс мезгілінде адамдарға қандай қауіп төнеді?







Қорытынды:

Қай ауыл, қай қалаға барсаңыз да.

Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да

Жолда жүру ережесі заңды тәртіп,

Ол ортақ үлкен кіші баршамызға.


Оқушылар бірге:

Жол тәртібін білейік!

Аман-есен жүрейік!



Әрқашан күн сөнбесін

Күн әдемі, көк әлемі,
Бұл суреті жас баланың.
Ақ қағазға салған өзі,
Жазылған бар сөзі.

Қайырмасы: Әрқашан күн сөнбесін,
Аспаннан бұлт төнбесін,
Қасымда болсын мамам,
Болайын мен де аман.






















Только до конца зимы! Скидка 60% для педагогов на ДИПЛОМЫ от Столичного учебного центра!

Курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации от 1 400 руб.
Для выбора курса воспользуйтесь удобным поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВЫ).

Московские документы для аттестации: KURSY.ORG


Общая информация

Номер материала: ДВ-270613

Похожие материалы



Очень низкие цены на курсы переподготовки от Московского учебного центра для педагогов

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 60% скидки (только до конца зимы) при обучении на курсах профессиональной переподготовки (124 курса на выбор).

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: KURSY.ORG