Инфоурок / Классному руководителю / Рабочие программы / Планирование «Әлемнің әміршісі-еңбек» 4-класс
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

ПРИЁМ ЗАЯВОК ТОЛЬКО ДО 21 ОКТЯБРЯ!

Конкурс "Законы экологии"

Планирование «Әлемнің әміршісі-еңбек» 4-класс

библиотека
материалов

hello_html_4ec33896.gifhello_html_7c1e5f63.gifhello_html_5a1ca22f.gifhello_html_1a92cdc1.gifhello_html_677b2c0b.gifhello_html_37e138d4.gifhello_html_66295aa0.gifhello_html_m16b082b.gifhello_html_66295aa0.gifhello_html_m51eb1d11.gifЕ. Өмірбаев атындағы орта мектебі











Мектепішілік семинарда өткізілген ашық тәрбие сағатының жоспары


Тақырыбы: «Әлемнің әміршісі-еңбек»





Өткізген: Тажигулова Батырхан



















05 ақпан 2015 жыл



Тақырыбы: «Әлемнің әміршісі-еңбек»

Мақсаты:

1.Оқушыларға тек еңбек арқылы барлық жетістікке жетуге болатындығын түсіндіру.

2. Оқушыларды адал еңбекке баулу , «еңбек» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.

3. Адам еңбегін бағалай білуге, еңбек адамдарын сыйлай білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, компьютер, слайдтар, нақыл сөздер, домбыра,доп,қалам.

Жүрісі

Ұйымдастыру.

Қонақтарды таныстыру

Топқа бөлу «Басқару»,«Білім», «Өнер» «Спорт» .

«Еңбек» сөзіне топтастыру жасау

Еңбек туралы мұғалім сөзі

Топтық жұмыс Постер қорғау

Жұмбақ шешу;

Әдеби монтаж.

Cыр-сұхбат «Көріңіз.Тыңдаңыз.Ой бөлісіңіз!

Сыр-сұхбат «Еңбек қана бар қиындықты жеңбек»

Нағыз еңбек неден басталады? /Сынып тынысы/

Қорытындылау


Мұғалім:   Құрметті аудан басшылары, мұғалімдер бүгінгі «Әлемнің әміршісі-еңбек» деп аталатын тәрбие сағатымызға қощ келдіңіздер. Оқушылар бүгінгі тәрбие сағатымыз бұрынғыдан өзгеше өткелі отыр. Тәрбие сағатымызға ауданымыздың Форт-Шевченко қаласын, білім,өнер, мәдениет саласын басқарып отырған аудан басшылары келіп отыр.

Олар

Қала әкімі Аманғали Сүлейменұлы Нұрдәулетов

Білім саласын басқарып отырған Утесбаева Айбаршын Қуанышқалиқызы

Спорт саласын басқарып отырған Қанат Қошқарбайұлы Жұмабаев

Мәдениет саласын басқарып отырған Алмагүл Жұмажанқызы Ордабаева

Гүл өсірсең, терлеп,

Мұның аты ― еңбек.

Кесте тіксең зерлеп,

Мұның аты ― еңбек.

Сабағыңды жөндеп,

Әзірлесең еңбек

Қиындықтың бәрін

Еңбек қана жеңбек. демекші, «еңбек»» сөзін естігенде ойларыңа не келеді?


Оқушылар өз бетінше ойларын жазып, қорғап шығады.Слайд арқылы «еңбек» деген сөзге топтастыру жасау.

Сүйікті іс күш,жігер береді.

Жарқын болашақ

Еңбек

Қуаныш,

ләззат алу ақша


пайдалы өмір сүруге үйретеді.

ауыр

шынықтырады жеңіл

Итальяндық ғалым, суретші Леонардо да Винчидің «Көп еңбек еткенге бақыт басын иеді» деген екен. Еңбектің пайдасы – тәрбиелейді, жігерлендіреді, күш береді, қуантады, бақытты етеді, өмір сүруге үйретеді, үнемшіл болуға үйретеді, ширатады, шынықтырады. Адам ерінбей еңбек ету арқылы қуанышқа, шаттыққа бөлінеді. Еңбексүйгіштік, еңбекқорлық және еңбекті бағалай білген адам өмірде құрметке бөленеді. Еңбек адамның денесін шынықтырып, мінез-құлқын қалыптастырады. Еңбек ету адам баласынан тапсырылған іске деген табандылық пен ынта-жігерді, құндылықты, тындырымдылық пен жауапкершілікті талап етеді

Сұрақ -Адамды адам еткен- не? Ол туралы қай пәнде айтылған.

Адамның адам болуында еңбек шешуші роль атқарған. Адамзат еңбекті, еңбектің құралдарын жетілдіре отырып, өзі де жетіліп кемелдене берген. Сондықтан қоғамның даму тарихын еңбек пен еңбек құралдарының өзгеру, жетілу тарихы деуге де болады. Тіршілік жағдайының қиындауы еңбекті күрделендірді. Еңбектің арқасында табиғат заттарын еңбек құралы етіп, отты сөндірмей пайдаланды, топтасып аң аулады, бір-біріне көмектесті. Жануарлар да дамыл таппай еңбектенеді ғой. Жануарлар қалай еңбектенеді екен?


Мысалдарың тамаша! Жануарлар да еңбектенеді екен. Бірақ қанша еңбектенгенмен адам еңбегінің олардан зор айырмасы бар ғой.Қандай айырмасы бар?

Адам еңбегі оймен, санамен, ақылмен істеледі. Табиғат заттарын өңдеп, өзіне қажет, табиғатта кездеспейтін бұйымдар жасайды. Адамнан басқа қандай жануар арнай шам жасап қараңғыны жарық етеді?

          Адамның еңбегі- саналы еңбек, оған мысал келтіріп айтуға болады.Демек, адам табиғатта кездеспейтін алуан түрлі күрделі заттарды, бұйымдарды ақылмен ойлап жасайды екен. Дегенмен оны алғашқыда табиғаттан көріп үйреніпті. Адам табиғаттан үйреніп кейбір заттарды ойлап тапқан. Қандай нәрселерді табиғаттан қарап жасағанымызды айтып өтейік


  Аспанда қалықтап ұшқан құсқа қарап ұшақты ойлап шығарды.

Бал арасының ұясын, ағаш жапырақтарының діңі, бұтақтарының орналасуын, құрылымын т.б зерделеп, алуан түрлі ғимараттар салды.Құмырсқа илеуіне негізделген қалалар тұрғызды.

 Тағы да қандай нәрселер жасағанын оқушылар өздері айтып көрсін

Малика

Ұзын құйрық инелік

Инелікке тимелік

Тікұшақты жасадық

Инеліктен үйреніп

Гаухар

Суда жүзер балықты

Бақыладық байыпты

Соған қарап жасмадық

Біз сүңгуір қайықты

Айзада

Ұзын мойын, сирақты

Бңлесіңдер жирафты

Соған қарап ағалар

Крандарды жасапты

Орынбек

Аққұмамнның қақапағы

Бүлкілдейді қақапағы

Соған қарап белгілі

Паровозды тапқаны

Асыланбек

Бұлбұл үнін қаншалық

Тыңдап жүрдік тамсанып

Ақырында үйрендік

Тамылжыта ән салып

Алихан

Аяз шебер суретші

Салады әсем суретті

Терезені оюлап

Өрнектеуді үйретті

Ақерке

Осы отырған аға - апаларға

Ұқсап мен де өсемін

Ол үшін маған керегі

Тынымсыз еңбек дер едім.

  Осы айтылған аз мысалдан-ақ адам еңбегінің жасампаздығын байқаймыз. Еңбектің арқасында адам жетіліп дами бермек.

Постер қорғау

1- топқа.«Еңбектің наны тәтті, жалқаудың жаны тәтті» деген мақалды қалай түсінесің?

2- топқа Өздерің қандай еңбекпен айналысқанды ұнатасыңдар?

3- топқа «Еңбектің жемісі» дегенді қалай түсінесіңдер?

4 - топқа. Еңбекқор деп қандай адамды атауға болады


Түйіндеу:Еңбекқор адам айналасына да сыйлы, беделді болады. Еңбекқорлық адамды шыдамдылыққа, табандылыққа, ұқыптылыққа, мақсат қоюға, адамдармен дұрыс қарым - қатынас жасай білуге және шығармашылыққа жетелейді

Кім болам?

-Жұмбақ шешу;

-әдеби монтаж.

Келешекте өз орнымызды , мақсатымызды , таңдайтын мамандығымыз жайлы қазірден бастап ойлануымыз керек! Әрбір мамандықтың біз білмейтін қыр-сыры бар.Жұмбақтар шешіп көрелік

 Ала таяқ ұстаған,

Жол тәртібін нұсқаған.

Өміріңді күзеткен,

Ысқырығы күшті адам.

/милиционер/

Бал тамған мәзір,

Ол бар жерде әзір.

/аспазшы/

Оқу-білім бағдары,

Заманының бағбаны.

/мұғалім/

Өскен шашты жаратпайды,

Қайшысы бар жалақтайтын

/шаштараз

Келіп баған қасына,

Өрмеледі басына.

/монтер/

Еңбек орны-танабы,

Сүйікті ән- дала әні.

Егін салып, мәпелеп,

Асырайды қаланы.

/дихан/

Өңкей сығай екі топта

Таласып жүр бір допқа.

Бұл кім ?

/футболшы/

Күміс қанат сұңқары,

Көкке еркін сүңгиді.

Бұлттан да тым әрі

Кеткен жанды кім дейді?

/ұшқыш/

Жалтылдап қалағы,

Салатын кiм қаланы?

(құрылысшы)

Дабылға тез жететін,

Жалынға сүңгіп кететін.

Қақалса да түтiнге,

Тайсалмайтын батыл кiм,

Жасқанбайтын батыр кiм?

(Өрт сөндiрушi)

Сынып оқушыларының өнерін де тамашалаңыздар. Дәрібай Іңкәрдің орындауында «Қ осалқа»күйін тыңдаңыздар.

Мен таңдайтын мамандық. /Әдеби монтаж/

   1.Нұрахмет   Ай-һой, ғажап қандай бұл,

                     Ал, кәне, кәсіп таңдай біл.

                     Аламын қандай мамандық,

                     Алдымда толған таңдау тұр.

  2.СалтанатӘлемге ән боп жалғанар,

                     Әйгілі небір тарландар.

                     Әуелей ұшқан аққудың

                     Әсерлі үнін салған дәл

                     Әміре менен Күләштай

                     Әнші болсам не арман бар?!

    3.Айбол : Кәсіпкер болсам егер де,

                     Бар әлемді кезем де.

                     Бар пайданы ойламай,

                     Барымды берем мен елге.

     4.Асылбек Велосипед мініп одан да,

                     Велоспортшы болам ба?

Вело жарыс жолында

Великпен желден озам да

 5.Іңкәр  Геолог болып тегі мен,

                     Гүл жайнаған өңірден

                     Гуілдеп күн-түн тынбайтын,

                     Газдың ашам кенін мен.

      6. Орақ Ғылымға құмар қалпыммен,

                     Ғарышкер болам бәлкім мен:

                     Ғұмырлы қазақ елінің

                     Ғарышқа жаяр салтын кең.

      7. МерейЕс көретін өз елі,

                     Ер мінезді, беделді,

                     Ел мен елді дос етер

                     Елші болғым келеді.

8. Камшат Ғалымның жолы ғажайып,

                     Ғибрат сабақ алайық.

  Ғұмыр бойы ізденіп,

                     Ғанибет – ашу жаңалық

Алдарыңызда 4- сынып оқушылары «Жайдарман» тобы

Қонақтармен сыр бөлісейік «Көріңіз.Тыңдаңыз.Ой бөлісіңіз»

Тапсырма 1-топқа «Жақсылардың жақсысы».

Баяғыда бір адам өзі жалғыз қызымен бірнеше бөлмелі жарық, биік, өте әсем үйде тұрыпты. Үйдің айналасы бау - бақша екен. Бір күні оның кішкентай қызы бақшаны, барлық бөлмелерді аралайды.

Кірмеген жалғыз бөлме қалыпты. Ол ылғи жабық тұрады екен.

Сонда әкесіне қызы:

- Әке маған жабық тұрған бөлмеге кіруге рұқсат етіңіз. Осы бөлме басқа бөлмелерге қарағанда жақсы ғой деп ойлаймын, - деді.

- Оның дұрыс қызым. Жақсылардың ең жақсысы сонда. Бірақ сен әлі жассың, өскенде бұл бөлмені саған беремін. Сен оған өмір бойы риза боласын, - деп жауап қайтарды әкесі.

Ай өтеді, жыл өтеді, қыз есейіп бой жетеді. Әкесі қызына жабық бөлменің кілтін ұсынады. Қыздың қуанышы қойнына сыймай, жүгіріп келіп, есікті ашып жібергенде, ол тек ұршық пен өрмек және кітапты көреді. Қыз әкесіне келіп, көз жасын, бұлап тұрып:

- Әке, сен сабақ бөлмеде «Жақсылардың жақсысы бар» деген едің. Мен одан ұршық, өрмек, кітаптан басқа еш нәрсе таппадым, - дейді.

Осы аңыздың түйінді ойын айтып берсеңіз

2-топқа

Атасы он жасар баласымен далада келе жатып, баласынан сұрады:

- Анау өрмекшіні көремісің, не істеп жүр?

- Көремін. Өрмек тоқып жүр.

- Анау құмырсқаны көремісің?

- Көремін, аузында бір нанның уағы бар, жүгіріп кетіп барады.

- Жоғары қара аспаннан не көрдің?

- Жоғарыда қарлығаш ұшып жүр, аузында тістеген шөбі бар.

Сонда атасы былай деп түсіндірген екен. Атасының ойы қандай?

3-топқа «Өнер» тобына видеоролик « Адамдарды таңқалдырды»

4-топқа «Басқару» тобына видеоролик «Құмырсқаның ынтымақтастығы»

« Өзіңе сен, өзіңді алып шығар еңбегің мен ақылың екі жақтап» деген екен ұлы Абай .Еңбек пен ақылды ұштастырсаң, талантың ұшталады,өйткені адам баласына алла тағала ана сүтімен, атасының қанымен табиғи дарын береді. Барлық адамдарда 1 пайыз дарын болады екен де, соны ары қарай ұштап дамыту үшін қалған 99 пайыз еңбек ету Әлемде 40 мыңға жуық әр түрлі мамандықтар бар.

Мамандық- қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі.Мамандық таңдау- өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек.

Бүгін осы мамандықтарын адаспай тауып, төккен тер мен ерінбей еңбектенудің арқасында басшылық қызмет жасап, ұжымдарды басқарып отырған ауданымыздың басшылары уақыт тауып біздермен ой бөліскелі келіп отыр.

Енді оқушылардың сіздерге қояр сұрақтары бар екен. Сол сұрақтарға кезек берейік.

1. Өзіңізді еңбекқормын деп санайсыз ба?   Еңбекқорлық адамды қандай қасиеттерге баулиды?

2.    «Адал еңбек» деген ұғым нені білдіреді?

3.    «Еңбектің жемісі»  дегеніміз не?

4.    Адамның бойында қандай қасиеттер болғанда жетістіктерге жетуге болады?

5. Қандай мамандық таңдауға кеңес берер едіңіз?

  1. Осы мамандықты таңдауыңызға не себеп болды?

7.Бүгінгі таңда жастардың көбі ұстаз болуды   қаламайды, керісінше заңгер, банкир, экономист  т.б мамандықтарды құрметпен бағалайды. Мұның себебі неде деп ойлайсыз? -

8. Жетістікке жету өз қолыңда деген сөзді қалай түсінесіз?

9. Бала кезіңізде кімге еліктедіңіз?

  1. -Қай уақытта адам өз еңбегінің жемісін көре алады?

  2. Жұмысыңызда әттеген-ай деген шақтарыңыз болды ма?

Енді оқушыларымыз мамандық түрлері туралы қаншалықты білетінін тексеру үшін «Ең жақсы» деп аталатын ойын ойнап көрейік. Қазір сендерге мамандықтардың кейбір ерекше мінездемелері ұсынылатын болады, ал сендер берілген мінездемеге барынша сәйкес келеді деген мамандықтарды атауыңыз керек. «Ең жақсы» ойыны.

  • Ең ақшасы көп- бухгалтер, экономист.

  • Ең жасыл- эколог, географ, бақташы, гүл өсіруші.

  • Ең тәтті-аспазшы, кондитер.

  • Ең күлкілі- клоун, карикатурашы.

  • Ең жауапты- сот, бухгалтер.

  • Ең бала мамандығы -мұғалім,тәрбиеші

  • Ең қарым-қатынасы күшті-бизнесмен

Нағыз еңбек неден басталады? /мектеп,сынып тынысы/

«Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады: біреуі –ішсем,жесем, ұйықтасам деп туады. Бұлар тәннің құмары. Біреуі білсем, көрсем екен, үйренсем екен деп туады., Мұның бәрі-жанның құмары деген екен Ұлы Абай атамыз.

Сабақ оқу да – еңбек. Шын мықтыға тұсау жоқ дегім келеді. Бізде қарап жатқан жоқпыз , сынып оқушылары да қоғамдық еңбектерге, дене еңбегіне өте белсенді қатысады. /Сынып фоталары/ слайдпен таныстыру

Қуанғали Салтанаттың орындауында «Ұстазым» әні -

Біздің ең бірінші еңбегіміз ол біліміміз. Міне көп оқып, тәртіпті болып, сабақты жақсы білгеннің арқасында еңбегіміздің жемісін жейміз екен. Сондықтан тек білімді болып денсаулығымызды күтіп, алға қойған мақсатымызға жетуге тырысуымыз керек.

Сұрақ – жауап. Не үйрендің? Не түйдік?Адам өмірінде өзіне ыңғайлы, өзі қызығатын, қолынан келетін істі істесе, еңбегінің өзіне де, өзгеге де пайдасы мол, жемісті болып, еліне, халқына пайдасы берекелі болады.

Қонақтарға естелік ұсыну

Қорытындылау


Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 25 октября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Краткое описание документа:

1.Оқушыларға тек еңбек арқылы барлық жетістікке жетуге болатындығын түсіндіру. 

2. Оқушыларды адал  еңбекке баулу , «еңбек» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.

3. Адам еңбегін бағалай білуге, еңбек адамдарын сыйлай білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі:  интерактивті тақта, компьютер, слайдтар, нақыл сөздер, домбыра,доп,қалам.

Жүрісі

Ұйымдастыру.

Қонақтарды таныстыру

Топқа бөлу  «Басқару»,«Білім», «Өнер» «Спорт» .

 «Еңбек» сөзіне топтастыру жасау

Еңбек туралы мұғалім сөзі

Топтық жұмыс Постер қорғау

Жұмбақ шешу;

Әдеби монтаж.

Cыр-сұхбат «Көріңіз.Тыңдаңыз.Ой бөлісіңіз!

Сыр

 

Общая информация

Номер материала: 469701

Похожие материалы