Инфоурок Директору, завучу Рабочие программыПланирование на тему "Оқу-тәрбие үрдісінде жаңа технологияларды қолдану-сапалы білім берудің тиімді жолы"

Планирование на тему "Оқу-тәрбие үрдісінде жаңа технологияларды қолдану-сапалы білім берудің тиімді жолы"

Скачать материал

Оқу-тәрбие  үрдісінде жаңа технологияларды қолдану-сапалы білім берудің тиімді жолы

 

          Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Келер ұрпақ алдында зор жауапкершілік жүгін арқалап келеміз», - деген сөзі ұстаз қауымына үлкен тапсырыстарды артып отыр. Еліміздің болашағы көркейіп, өркениетті елдердің қатарына қосылуы бүгінгі ұрпақ бейнесімен көрінеді. Дүниежүзілік озық тәжірибелерге сүйеніп, жаңа типті оқыту, яғни әр баланың табиғи қабілетін дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасай отырып, оны жан-жақты дамыту керек

 Қазіргі білім беру мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас пайда болып, оқытудың жаңа технологиясы өмірге келді. Яғни педагогикалық технология ұғымы іс-әрекетімізге кеңінен еніп, қолданылуда. Білім саласындағы міндеттерді жүзеге асыру үшін, мектеп ұжымында әр мұғалім күнделікті ізденіс арқылы барлық жаңалықтар мен өзгерістерді сабақтарында енгізіп отырады. Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше жан-жақты сауатты маман болу мүмкін емес.

 

Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік және көптеген адами қабілеттің қалыптасуына игі әсерін тигізеді. Өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Нәтижесінде тұтас педагогикалық үрдістер өзгертіліп, білім берудің тиімді деп танылған жаңа технологиялары дүниеге келді. Кез-келген оқыту технологиясы мұғалімнен терең теориялық, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік білімді, үлкен педагогикалық шеберлікті, шәкірттердің жан дүниесіне терең үңіліп, оны ұғына білуді талап етеді. Сондықтан оқушының рухани өсуіне жағдай туғыза алатын, жаңалықтарды қабылдауға даяр, өз әрекетіне өзгеріс енгізе алатын педагогтар ғана бүгінгі қоғамның мүддесімен әр баланың үрдісінен шыға алады. Ойы жүйрік, ақылы жетік, бәсекеге қабілетті, өзгерістерге бейім, жеке тұлғаны тек қана педагог қалыптастыра алады

  Білім беруді дамыту, оқыту үрдісін жетілдіріп, оны аса жауапкершілікпен ұйымдастырып отыру керектігі туралы ойларды А. Байтұрсынов, Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев сынды алаш арыстары сол кездің өзінде-ақ айтып кеткен. Қазіргі таңда педагогикалық жаңаша үрдістерде білім мен тәрбие берудегі  ізгілендіру, жариялылық, педагогикалық ынтымақтастық, ғылыми-әдістемелік тың ізденістерге сүйене отырып, жаңашылдыққа талпыну қажет екендігін айтады. Сабақты жаңашыл үрдіспен өткізу - оқушылардың білім сапасын арттырып, олардың шығармашылық және ойлау қабілеттерін дамытып отырады, ал педагогтар үшін кәсіби шеберліктерінің өсуіне жәрдемдеседі. Оқушылардың ой еркіндігін жетілдіру, ғылыми шыгармашылыққа баулу - білім беру ісін демократияландырудың негізі болып табылады.  Сондықтан оқытушылардың алдында өмірге жан-жақты дайындалған, еңбексүйгіш, ынталы, шығармашылықпен ойлайтын, интеллектуалдық және адамгершілік тұрғысынан бай, жоғары білімді жеке тұлғаны оқытып, тәрбиелеу қажеттігін дамыту мәселесі тұр. “Сабақ беру үйреншікті жай шеберлік емес, ол үнемі жетілдіруді қажет ететін, үнемі жаңаны табатын өнер”,- деп Ж. Аймауытов айтқандай, сабақ беруді өнер деп бағалау тегін емес. Сабақ үрдісінде берілетін мазмұнд бүгінгі күннің өзекті проблемасының байланыстыра өту – балаға ой салу, ойланту, өмір сабағы.

 

Оқыту - арнайы танымдық іс-әрекет. Ол – негізгі ойдың, ақылдың жұмысы. Оқыту арқылы балаға қоғам өзінің ғасырлар бойы жинаған асыл мұрасын, дағды, тәжірибесін береді. Оқыту процесінің жүйелі, түсінікті, нақты қалыптасуы танымдық іс-әрекеттің маңыздылығын арттырады. Олай болса, “Білімдендіруді жүзеге асыратын - мұғалім”, – дейді Ж. Аймауытов. Ендеше, мұғалім оқушыларды білім жүйесімен, іскерлікпен, дағдымен қаруландырып қана қоймай, олардың танымдық, шығармашылық қабілетін дамытады.

 

Мұғалім өз білім-білігін, оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыруы және жаңа педагогикалық технологияны меңгеруі тиіс. Оқытудың жаңа технологиясын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық, ғаламдық  коммуникациялық желілерге шығу - XXI ғасырдың басты талабы.

 

Технология - қарапайым тілмен айтқанда, жүзеге асатын, нақты мақсаттардың алдын ала ойластырылған нақты жобасы, ягни, белгілі педагогикалық жүйенің тәжірибеде жүзеге асатын жобасы. Оқытудың жаңа технологиялық әдістерін пайдалана отырып, өздіктерінен ойлана алатын, ізденгіш, шығармашалықпен жұмыс істейтін тұлғаны тәрбиелеу тиімді. Бүгінгі танда технологиялар өз қолдауларын тауып, оқу үрдісінде қолданылуда. Технология – бұл қандай да бір жұмысты, өнерді шеберлікпен іске асыру жиынтығы

Қазіргі білім беру мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас пайда болып, оқытудың жаңа технологиясы өмірге келді. Яғни педагогикалық технология ұғымы іс-әрекетімізге кеңінен еніп, қолданылуда.

 

Сын тұрғысынан ойлау технологиясы

Деңгейлік саралау технологиясы.

Деңгейлеп оқыту технологиясының мақсаты: әрбір оқушы өзінің даму деңгейінде оқу материалын меңгергенін қамтамасыз етеді.

Жекелеп оқыту технологиясы.Жекелеп оқыту – оқу процесін ұйымдастырудың мына түрлері мен үлгілерін қарастырады.

Оқытудың ұжымдық

Топтық технология

Оқытудың компьютерлік технологиясы.

Презентациялар технологиясы.

 Кезеңдеп оқыту технологиясы.

Дамыта оқыту технологиялары.

Модульдік оқыту технологиясы.

 

   Қазіргі білім беру мазмұнындағы  өзгерістердің мәніне үңілсек, дәстүрлі технология мен жаңа технологияның айырмашылығы бар: дәстүрлі технологияда басты тұлға — мұғалім. Яғни, «мұғалім-оқулық-оқушы» әрекеті  іске асса, қазіргі технологияда «оқушы-оқулық-мұғалім» әрекеті қалыптасуда. Репродуктивті білімнен конструктивті білімге көшудің  ұтымдылығы күн санап артуда. Ал, оқушыны бағалауда да басты құндылық бағада емес, балада екенін ұғыну мұратымыз.

           Шынтуайтында, бағдарламада атап көрсетілгендей, адам баласы өз табиғатында жасырын жатқан рухани күш-қуатын дөп басып қайнар бастауына бағыттай білсе,  көңіл көкжиегіндегі шектеудің шырмауынан құтылып, рухани дүниесі қыран қанаты талатын шырқау көкке самғай алады. Сонымен қатар, Бағдарламаның күтілетін   нәтижесіне сәйкес,  еркін, өзіндік дәлел-уәждерін нанымды жеткізе алатын, ынталы, сенімді, сыни пікір- көзқарастары жүйелі дамыған, сандық технологияларда құзырлылық танытатын оқушы қалыптаспақ. Осы тұста, оқушыға нақты білім беруді мақсат тұтқан мұғалім өз сабақтарын оқушының идеясы мен білім-біліктілігін дамытуға ықпал ететін міндеттерге сай ұйымдастыруын талап етеді. Ол мұғалімнің кәсіптік құзыреттілігімен тікелей байланысты. Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі — оның жан-жақты білімінен,  ұстаздық шеберлігімен, оқытудың жаңа әдістерін меңгерумен өлшенеді.  Әрбір оқу пәні бойынша білім, білік, дағдыны ғана игеру оқушы құзыреттілігі үшін жеткіліксіз болып отыр. Қазіргі заманның талабына орай, еліміздің болашақ өкілдері ұрпақтарымызды осы талаптарға сай ету үшін оларды парасатты, білімді, дүниетанымы кең,  мәдениетті әрі отансүйгіш етіп тәрбиелеу керек. Ол үшін білім берудің жаңа әдістерін пайдалануымыз керек. Білім берудің түрлі тәсілдері әртүрлі білім жетілдіру курстарында оқытылып отырады. Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерінің педагогтарын Кембридж университетінің білім берудегі тәсілдерін үш деңгейлі курс арқылы жалпай оқыту қолға алынған.  Деңгейлік бағдарлама бойынша сабақ беру жеті модуль бойынша жүзеге асады.

 

1.Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер

Білім беру – жекелеген құбылыс немесе дағды емес, ол оқушылардың оқуға қабілетін жақсартуға мүмкіндік беретін педагогикалық тетіктердің бір тұтас кешені деп айқындалған. Бағдарламаны жалпы алғанда әлемдік дәрежеге жету мақсатын көздей отырып, жаңаша қырда қолданылатын технологияларды тиімді пайдалану.

 

2.Сыни тұрғыдан ойлауға оқыту.

Сыни тұрғысынан ойлау дегеніміз – ой қозғай отырып, оқушының өз ойымен өзгелердің ойына сыни қарап, естіген, білгенін талдап, салыстырып, реттеп, сұрыптап, жүйелеп, білмегенін өзі зерттеп, дәлелдеп тұжырым жасауға бағыттау. Өз бетімен және бірлесіп, шығармашылық жұмыс жасау.

 

3.Оқыту үшін бағалау және оқытуды бағалау

Бағалау – одан арғы білім туралы шешімді қабылдау мақсаты мен оқытудың нәтижелерін жүйелі түрде жиынтықтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданылатын термин. Мұғалімдер мен оқушылар өздерінің қандай мақсатқа жететіндерінің өлшемдерін түсіну. Осыған байланысты бағдарлама критерийлі бағалау тәсілдерін қарастырады.

 

4.Оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану

Оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану – қоғамдағы өзгерісті танып білуге және оларды тез қабылдауда мол мүмкіндік береді. Жоспарланған сабақты тиімді өткізуге көмектеседі, оқушының ой-өрісінің дамуына, зерттеулік жұмыстар жүргізуіне ықпал етеді.

 

5.Талантты және дарынды балаларды оқыту

Талантты және дарынды оқушыларға білім беруді дамытудың инклюзивті тәсілі негізінде осындай балаларды анықтау туралы ой-пікірлер мен зерттеулер жасау. Оқушылардың қабілеттерін дер кезінде анықтай білген ұстаз болашақ талантты да тани біледі.

 

6. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқу

 Белгілі бір шарттық кезеңге тән анатомиялық-физиологиялық және психиологиялық ерекшеліктерді әдетте жас ерекшеліктері деп атайды. Сондықтан педагогика және психология балалардың жас ерекшеліктігінде ширақтықты, өзгерімпаздықты айқындайды, тәрбиеленушінің және қоршаған ортамен жасайтын қарым-қатынастар жүйесіне тәуелді болатынын атап көрсетеді. Сол себепті бастауыш сынып оқушыларына сергіту сәтін жүргізуге жас ерекшеліктерін ескере отырып орындату қажет.

 

7.Білім беруді басқару және көшбасшылық

Аталған модуль білім берудің кез келген жүйесіндегі тұрақты даму мен өзгерістердің сырттан енгізілуі мүмкін емес, олар нақты сыныптардағы мұғалімдердің тәжірибесі мен түсініктеріндегі өзгерістерден бастау алу керек деген тұжырымға сияды. Қандай жағдай болмасын, өзіңіздің өмірлік ұстанымызда таңдай білу, адамдық көшбасшылыққа негізделеді.

 

Осы ретте,   сертификатталған мұғалімдермен жаңа әдістерді мектеп тәжірибесіне енгізу  мақсатында өзара ынтымақтаса қызмет жасау үшін мектебімізде «Бастау» шығармашылық тобы құрылды. Топ былтырғы оқу жылында жеті мұғалім болып жұмысын бастады. Биылғы оқу жылынды 9 мұғалім жұмыстануда, екі мұғалім І деңгейлік курсты оқып келді.  Сертификатталған мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсетіп, бағдарлама әдістеріне қызығушылық білдерген мектептегң  мұғалімдерге семинарлар,коучингтер ұйымдастырылуда. Биылғы оқу жылында бастауыш сынып бірлестігінде «Жаңаша оқыту-заман талабы» атты семинар өтті. Семинарда сертифатталған мұғалімдер сабақ өткізді. Берішбаева Ақбидай 2-сыныпта ана тілінен «Тарауды қайталау», Мұханова Клара  2-сыныпта қазақ тілінен «Мәтін», Бөпежанова Ақтүймеш 3-сыныпта математимка пәнінен «9-ға көбейту,бөлу», Тажигулова Батырхан 4-сыныпта бейнелеу пәнінен «Ашық хат жасау өнері.Құттықтау ашық хатын жаса» тақырыбында ашық сабақтарды топтық жұмыс түрінде әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып өткізді. Семинарда «Сынып жетекші қызметінің жауапкершілігі блум жүйесінде талдау» атты коучинг өткізіліп, мұғалімдер өз қызметтері туралы пікір аламасты. Семинар қорытындыланып, үлгілі өткен сабақтар таратуға ұсынылды.

Мектеп көлемінде де барлық бірлестіктерге семинарлар жэоспарланып отыр. Семинарда жаңаша оқыту әдіс-тәсілдері көрсетілу жұмысы қойылды. Сонымен бірге  аудандық әдіс алмасу семинарынларында жыл басынан бері Жолымбекова Жұлдызай ағылшын тілінен, Берішбаева Ақбидай бастауышсыныптар арасында, Қодарова Назгүл тарих пәнінен аудандық мұғалімдерге сабақтар өткізді, бұл үш мұғалімнің де сабақтары «үлгілі» деп бағаланып, аудандық білім бөлімінен алғыс хаттар алып отыр. Мұғалімдердің жаңаша сабақ өткізуге деген бет алысы жолға қойылып келеді. Мектеп мұғалімдері өз сабақтарын жаңаша үлгіде сабақ өткізу сапалы білім берудің көрінісі екенін сезініп отыр. Деңгейлік бағдарлама  бойынша білімін көтергісі келетін мұғалімдер саны артып отыр.

.

 «Сабақ беру жай ғана шеберлік емес, ол жаңадан жаңаны табатын өнер» деп Ж.Аймауытов айтқандай бүгінгі оқыту жүйесінде әртүрлі жаңа технологияларды пайдалану тәжірибеге еніп, оқушының жеке қасиетін аша отырып, азамат етіп тәрбиелеумен қатар оқушының танымдық күшін қалыптастыру және білімін кеңейтуге, тереңдетуге жағдай жасайды.

 

Ұстаз үшін ең басты мәселе – оқыту әдісін дұрыс таңдау. Жаңа педагогикалық технологиялар оқушының жеке тұлғалық күшін арттырып, шығармашылық ойынының дамуында басты рөл атқарады.

 

«Жүз рет естігеннен, бір рет көрген артық» деген сөздерді ескере отырып,сабақтарымызда мүмкіншілігіне қарай инновациялық технологияны пайдаланып отырсақ оқытушының ұтары мол деп ойлаймын. Тек оларды тиімді, жүйелі түрде қолдану оқытушының шеберлігіне байланысты әр қилы жүзеге асырылуы мүмкін.

 

Адам ұрпағымен мың жасайды» - дейді халқымыз. Ұрпақ жалғастығымен адамзат баласы мың емес миллиондаған жылдар жасап келеді. Жақсылыққа бастайтын жарық жұлдыз-оқу. «Надан жұрттың күні –қараң, келешегі тұман» ,-деп М.Дулатов айтқандай, егеменді еліміздің тірегі-білімді ұрпақ. Сусыз, құрғақ, таса көлеңке жерге дән ексең өнбейтіні сияқты, жас ұрпақтарымызды тәрбиелемесек өспейді, өнбейді. Қазіргі мектеп мұғалімдерінің алдында тұрған басты міндет- оқушылардың шығармашылық білім дағдыларын қалыптастыру. Міне, өз ұрпағының өнегелі, өнерлі, еңбексүйгіш, абзал азамат болып өсуі үшін халық педагогикасының негізгі мақсатын шығармашылықпен оқу-тәрбие үрдісіне тиімді пайдалану әрбір ұстаздың міндеті болып табылады.

Еліміздің болашағы көркейіп, өркениетті елдер қатарына қосылуы, бүгінгі ұрпақ

  Жаңа технологияның қыр-сырын меңгерген мұғалімдер білім сапасын арттыруға барынша үлес қосып, ұрпақты жаңа заманға сай біліммен қаруландыратынына сенімдімін!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Планирование на тему "Оқу-тәрбие үрдісінде жаңа технологияларды қолдану-сапалы білім берудің тиімді жолы""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Специалист по экологии

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

          Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Келер ұрпақ алдында зор жауапкершілік жүгін арқалап келеміз», - деген сөзі ұстаз қауымына үлкен тапсырыстарды артып отыр. Еліміздің болашағы көркейіп, өркениетті елдердің қатарына қосылуы бүгінгі ұрпақ бейнесімен көрінеді. Дүниежүзілік озық тәжірибелерге сүйеніп, жаңа типті оқыту, яғни әр баланың табиғи қабілетін дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасай отырып, оны жан-жақты дамыту керек

 Қазіргі білім беру мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас пайда болып, оқытудың жаңа технологиясы өмірге келді. Яғни педагогикалық

технология ұғымы іс-әрекетімізге кеңі

 

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 659 991 материал в базе

Скачать материал

Другие материалы

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 01.04.2015 1821
    • DOCX 21.9 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Тажигулова Батырхан Султансиховна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 9 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 6865
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Руководство профильным направлением (проектом) в организации библиотечно-информационной сферы

Заместитель директора (руководителя) отдела библиотеки

600 ч.

9500 руб. 4750 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 10 регионов
  • Этот курс уже прошли 42 человека

Курс повышения квалификации

Безопасная эксплуатация подъемных сооружений: эскалаторов, канатных дорог и фуникулеров

72 ч.

1750 руб. 1050 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Технологии машиностроения

36 ч. — 180 ч.

от 1580 руб. от 940 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

От романтизма к современности: шедевры и новаторство

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Современные тенденции в управлении и бизнесе

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 21 человек из 16 регионов

Мини-курс

Коррекционно-развивающая работа и оценивание в образовании для детей с ОВЗ

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 55 человек из 30 регионов
  • Этот курс уже прошли 37 человек