Инфоурок ОБЖ Рабочие программыПланирования по казакском языку на тему Экологиялық жағдай және адам денсаулығы(Баяндама)

планирования по казакском языку на тему Экологиялық жағдай және адам денсаулығы(Баяндама)

Скачать материал

Кіріспе: «ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ ЖӘНЕ АДАМ ДЕНСАУЛЫҒЫ»

Табиғатты бабамыз ала берген секілді,

Дархандықты қазаққа дала берген секілді.

Еркелікті, ерікті желден алған секілді,

Мөлдірлікті көгілдір көлден алған секілді.

           Қазақтар - тумасынан табиғатты сүйіп өскен, қоршаған ортаға үлкен ілтипатпен қараған халық. Бұған, күні кешеге дейін, туған өңіріміздің табиғатының таза болғандығын айтсақ та жеткілікті сияқты. Біздің халық - "экология" деген сөзді естімей өскен ұрпақ. Бір кездерде бізді И. Мичуриннің "Адамзат табиғаттан рахым күтіп отыра алмайды, одан керектіні жеңіп алуымыз керек",- деген ұранымен оқытты. Қаһарман халқымыз тауды бұзып, тасты жарып, жерді терең қазып, өзен-көлді бұғалықтап, ел үшін біраз игі істерді жүзеге асырды. Ғылыми-техникалық революция болды. Көптеген көп тонналық өнеркәсіптер іске қосылды. Сол кездерде мұның қызығын да көрді. Өкінішке орай, ғылым мен техниканың ғаламат жетістіктері және шапшаң дамуы, адамзаттың барған сайын аш көздікпен табиғатты тонауы, биосферадағы жаратылыстың тепе-тендік заңдарын бұзды. Осылардың нәтижесінде жеріміздің ауасы тарылып, өзен-көлі бүлініп, жайылымдардың топырағы тілініп, қоршаған ортамыз көз алдымызда азып-тоза бастады. Мұның соңы азынаған желге, ащы және улы жаңбырға, ормандардың мезгілсіз қурауына, ауа райының бұзылуына, қоршаған ортаның әр түрлі улы қосылыстармен ластануына әкеліп соқтырды. Қоршаған ортадағы тепе-теңдіктер бұзылды. Адамдардың денсаулығы нашарлап аурулардың түрлері және саны көбейді.
Мінеки енді осы экологиялық апаттан қалай құтылуға болады? Табиғатты қалай сауықтыруға болады. Бұл өте күрделі мәселе. Бұл үшін ең алдымен, адамдардың табиғатқа деген көзқарасын өзгертіп, дұрыстау керек, тәрбиелеу керек. Ол үшін балалар бақшасынан бастап, мектептерде, жоғары оқу орындарында, адамдардың табиғатқа, қоршаған ортаға деген көзқарасын өзгертіп, қалыптастыру керек. Қазіргі заманға сай экологиялық идеология қажет. Егер біз, жас ұрпақты кішкентай кезінен бастап табиғатты сүюге тәрбиелемесе көп нәрседен үтылатынымыз хақ. Әрбір тәрбиеші, мүғалім, маман, басшы, экология негіздерін жақсы білуі қажет. Сонда ғана, әрбір адамның миында, қанында, көз қарасында қоршаған ортаны бүлдірмеу керектігі туралы негіз қалыптасады. Адамдар сонда ғана туған өңір табиғатын қорғауда белсенділік көрсете алады. Газет-журналдарға мақала жазу, баяндама жасау, теледидардан мәліметтер беру, жазушылармен, ғалымдармен кездесулер өткізудің нәтижелері мол болады. Адамдардың көздерін, адамды табиғаттың бір бөлшегі екендігіне жеткізу өте маңызды.

          Экология - жаңа, жас ғылым саласы. Бұған соңғы он-жиырма жылға дейін тіптен көңіл бөлінбей келген. Әбден табиғатымыз азып-тозғанда ғана, бұл ғылым саласына бет бұрдық. Енді болашақта, экология саласында білім берудің аясын кеңейте түсу қажет. Ең негізгісі, "экология" пәнін бала бақшаларынан бастап барлық мектептерде, орта және жоғарғы оқу орындарында ашылуын қамтамасыз ету қажет. Сонда ғана ертеңгі күннің белсенді табиғат корғаушыларын дайындауға мүмкіндік аламыз.
Қазақстанның көптеген аудандары, бүгінгі күнде де экологиялық мүшкіл хал кешіп отыр. Қоршаған ортаны қорғау шараларына, республикамыз біршама мөлшерде мемлекеттік және орталықтандырған түрде күрделі қаржы бөліп отыр. Алайда, мұның бәрі, республиканың ұлттық табысының 1%-на де жетпейді.
Табиғат корғау шараларына бөлінген қаржының 50-60%-дық игеру үлесі, Қазақстанның ірі кәсіпорындарына тиесілі. Экожүйелердегі тұрақсыздық, табиғи-шаруашылық қорларының интенсивті түрде игерілуі (мысалы тау-кен өндірісі), жер-су қорларына үсті-үстіне келіп жатқан антропогенді салмақтың жаншып езуі, қоршаған орта  жағдайын барған сайын нашарлатуда.
Қоршаған ортаны зиянды заттармен, техногенді қалдықтармен ластауда Қазақстанның мына кәсіпорындары ерекше "үлес қосып" отыр: Батыс Қазақстан мұнай, газ, конденсат кең орындары, Өскемен қорғасын-мырш комбинаты, Өскемен титан-магний комбинаты, Лениногор полиметалл комбинаты, Зыряновск полиметалл комбинаты, Жамбыл суперфосфат заводы, Жамбыл фосфор заводы, Балқаш тау-кен комбинаты, Жезқазған тау-кен комбинаты, Павлодар алюминий заводы, Ақтөбе хром қосылыстары мен химия заводы. Екібастұз энергетикалық кешені, Қарағанды металлургия заводы, "Фосфор" Шымкент өңдірістік бірлестігі, Шымкент қорғасын заводы, т.б.
Адамның денсаулығының төмендеи, ауруға шалдығуын ағзаның ортаға толық бейімделе алмауымен, қолайсыз әсерлерге берген теріс жауабы ретінде қарастыру керек. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ВОЗ) анықтамасы бойынша, денсаулық дегеніміз — бұл тек аурудың болмауы емес, ол толық физикалық, психологиялық және әлеуметтік қолайлылық. Ғалымдардың есептеулері бойынша адамдардың денсаулық жағдайы 50—52%-ы — өмір сүру салтына, 20-25%-ы — тұқым қуалау факторларына, 18—20%-ы — қоршаған орта жағдайларына, ал 7—12% ғана денсаулық сақтау саласының деңгейіне байланысты болады. Антропогенді факторлар бұрын болмаған, жаңа техногенді ауруларды туғызады.
Адамның денсаулығына зиянды әсер ететін факторлардың ішінде әр түрлі ластаушы заттар бірінші орын алады. Адамның іс-әрекеті нәтижесінде биосфераға, оған тән емес 4 млн.-нан астам заттар шығарылады. Сонымен қатар, жыл сайын қоршаған ортаға мыңдаган жаңа заттар шығарылады. Олардың көпшілігі ксеиобиотиктер (грек тілінен аударғанда хеnos —бөтен) адам мен басқа да тірі ағзалар үшін бөтен заттар.
           Аурулардың көбеюі сонымен қатар табиғи ортаның әр түрлі трансформацияларымен, оның толық бұзылуы, өнеркәсіптік кешендерге, бір типті тұрғын жерлерге және т.б., яғни «үшінші табиғатқа» айналуына байланысты. Денсаулыққа әлеуметтік және экономикалық жағдайлардың әсері артып отыр. Табиғи және физико-химиялық тұрғыдан алғанда таза орта болса да, қолайсыз әлеуметтік-экономикалық жағдай ауру мен өлімнің артуына әкелетінін өмір көрсетіп отыр. Әлеуметтік-экономикалық жағдайдың нашарлауы адамның психологиялық күйі мен стресстік құбылыстар арқылы әсер етеді.  Қазіргі кездегі адамның экологиялық ортасы – қала. Ол ең ірі және табиғи ортадан өзгеше, көптеген параметрлері бойынша экстремалды деуге болатын орта. Қалада техногенді қуаттың орасан   зор концентрациясы жиналады.
Дүние жүзінің қалаларында қазір ғаламшарымызды мекендейтін халықтың шамамен жартысы шоғырланған. Соңғы 45 жылда қала халқының саны 729 млн-нан 2540 млн. адамға дейін өсті, яғни 3,5 еседей, ал олардың халықтың жалпы санындағы үлесі 29-дан 44%-ға дейін артқан. Сонымен қатар, қалалардың іріленуі жүріп отыр. 1995 жылдың соңына қарай дүние жүзінде халқының саны 1 млн.-нан астам халқы бар 320 қала және 5 млн.-нан астам халқы бар 48 қала болған.
Бірақ урбанизация (латын тілінен аударғанда urbanus - қалалық) процесі тек қала халқының немесе қалалардың мөлшері мен санының артуымен ғана шектелмейді. Сонымен қатар, бұл процесс қоғам өміріндегі қалалардың рөлінің артуынан, көптеген адамдардың өмір сүру салтының өзгеруінен де көрінеді.
Қалалардағы адам экологиясына тән нәрсе — бұл табиғи экологиялық факторлардан оқшаулану болып табылады. Қажетті мөлшерде өсімдіктер, тірі топырақпен, сумен қамтамасыз етілген. Адамның биологиялық табиғаты мен оның табиғатқа қарсы іс-әрекетінің нәтижелері арасындағы қайшылық, әсіресе қала жағдайында шиеленісе түседі.
Қазіргі кездегі қала — күрделі әлеуметтік-экономикалық ағза. Ол демографиялық, экономико-географиялық, инженерлік-құрылыс, сәулеттік факторлардың әсерінен, қоршаған экономикалық кеңістік пен табиғи ортаның алуан түрлі өзара әсерлері нәтижесінде қалыптасады. Көбінесе, қалалармен қоғамдық процестің көптеген белгілерін байланыстырады. Бірақ, қала өркениеті — қолайлы жағдайлар, тұрмыстың жеңілдеуіне әкелгенмен, коммуникация тығыздығы, әр түрлі қажеттіліктерді қанағаттандыру мүмкіндіктері — тек барлық жағынан қолайлы орта емес.
Қала ортасы адамның басты сапасы — оның денсаулығына қолайсыз әсер етеді. Атмосфераның, судың, азық-түлік өнімдерінің, күнделікті қажетті заттардың өнеркәсіп пен транснорттың қалдықтарымен ластануы, электромагниттік өріс, вибрация, шу, ауаның дезионизациялануы, тұрмыстың химияландырылуы, шектен тыс көп ақпараттардың ағыны, уақыттың жетіспеуі, гиподинамия, эмоциогенді қысым, дұрыс тамақтанбау, зиянды әрекеттердің кеңінен таралуы — осылардың барлығы қосылып адамның денсаулығын нашарлатады.
Қала халқының басым бөлігі демалатын қаладан тыс, табиғи жағдайда өткізуге тырысады. Бірақ, мұндай жерлерде мүмкін болатын рекреациялық (рекреация латын тілінен демалу, сауығу) қысым артады да, олар: қаланың жалғасына айналады.
         Бүкіл жер бетіндегі адамзатты қатты ойландыратын және кезек күттірмейтін мәселелердің бірі — табиғи ортаны қорғау, табиғатты тиімді пайдалану керек. Соңғы кезде қоршаған ортаның ластануы барынша көкейкесті мәселелерге айналып отыр, өйткені техникалық прогрестің және адамның ойланбай жасаған әрекетінің салдарынан өмір сүруге қажетті нәрселердің бәрі ластануда.Экология – ол қоршаған орта, ал қоршаған орта дегеніміз – табиғат. Адам өзіне керектің бәрін табиғаттан алады. Алайда қазіргі кезде дүние жүзінде экологиялық апаттар көбейіп кетті. Соның бірі ауаның көп ластануы. Ауаны ең көп ластайтын — өнеркәсіп орындары мен зауыт, фабрикалар, әр түрлі көлік түрлері. Ластау көздері — ауаға түтінмен бірге күкіртті және көмірқышқыл газын шығаратын жылу электр станциялары, химия өнеркәсібі және цемент зауыттары. Өнеркәсіп және өндіріс орындарында пайдаланылған сарқынды судың да келіп қосылуына байланысты су көздері ластануда.  Топырақтың ластануы оның құнарлы қабатын жояды, топырақта жүретін табиғи процестерге кедергі келтіріп, онда өмір сүретін микроорганизмдерге зиян шектіреді. Топырақтың бүлінуінің салдарынан адамның денсаулығы нашарлайды. Ол адамға ластанған топырақта өскен өсімдіктер мен онымен қоректенетін жануарлар арқылы тарайды.

Экологиялық көліктер

Әлемдік автоиндустриядағы қазіргі басты бағыттардың бірі - экологиялық таза көліктер шығару болып тұр. Оның түрлі жолдары бар. Еуропа арнайы стандарттар (Еуро-3, Еуро - 4) белгілеп жатса, үздік көлік шығарушы компаниялар жанар-жағармайдың экологиялық таза түрлеріне (спирт, табиғи газ) көшуде.

Күн сәулесінен қуат алатын, электр тоғы арқылы жүретін көліктермен қатар, бензинді тұтынса да, жоғары сапалы нейтрализаторы болғандықтан, ауаға тым аз мөлшерде зиянды қалдықтар бөлетін автомобильдер де шығарылып жатыр. Жалпы жаман емес десек те, күні кеше ғана Алматы қаласында өткен қазақстандық автобизнес қауымдастығының жиынында «Toyota Motor Kazakhstan» автоорталығының меңгерушісі Марчел Рудик бір пікір айтып қалды. «Жалпы, әлемдік автоөндірістегі экологиялық бағыт негізгілердің бірі болып табылғанымен, Қазақстанды былай қойғанда, батыстың өзінде де өте жай дамуда», - деді ол. Демек, біздің шенеуніктердің «экологиялық таза автокөліктер ғана мінеміз» деген уәдесі әзір орындала қоймасы хақ...

Жыл сайын америкалық энергия үнемдеу экономикасы жөніндегі кеңес экологиялық таза көліктердің үздіктерін анықтап отырады. Соңғы шығарылған тізім бойынша ең таза көліктер көшін Honda Cіvіc GX көлігі бастап тұр. Атап өту керек, бұл көлік маркасы соңғы он жыл ішінде бұл рейтингтегі тұғырды бермей келеді. Мамандардың айтуынша, Honda Cіvіc GX табиғи газбен қозғалады. Алғаш 1998 жылы шыққан болса, сол уақыттан бері сарапшылар экологиялық таза көлік ретінде дәл осы көлік маркасын ұсынып келеді екен. Екінші орында - Toyota Prіus көлігі тұр. Бұл автомобиль түріне Алматы қаласында өткен қазақстандық автобизнес қауымдастығының жиынында «Toyota Motor Kazakhstan» автоорталығының меңгерушісі Марчел Рудик түсініктеме беріп өткен еді. Оның айтуынша, Toyota Prіus гибрид машиналар тобына жатады. Бұл көліктің басты артықшылығы - зарядталған батареялар арқылы, яғни электр энергиясы арқылы қозғалысқа түседі. Ал батарея шамасы азайған кезде, екінші отын түрі бар. Ол - кәдімгі бензин, алайда 100 шақырым жолға бар болғаны - 2,82 литр бензин жейтін көліктің атмосфераға бөлетін зиянды қалдығы да өте аз болады ғой. Халықаралық сарапшылардың Toyota Prіus-ке үздік екінші орынды беруінің де сыры осында жатыр. Келесі орындарды төмендегі тізімде көрсетілген көлік маркалары иеленіпті: 3. Honda Cіvіc Hybrіd 4.Smart Fortwo Convertіble, Coupe 5.Honda Іnsіght 6.Ford Fusіon Hybrіd, Mercury Mіlan Hybrіd 7.Toyota Yarіs 8.Nіssan Altіma Hybrіd 9.Mіnі Cooper 10.Chevrolet Cobalt Xfe, Pontіac G5 Xfe 11.Hyundaі Accent Blue 12.Honda Fіt. Бұл жерде үздік 12-ліктің ішінде үш бірдей Хонда көлігінің барын ерекше атап өту қажет. Жапон автокөлік шығарушы компанияның өнімдері әлем бойынша ең экологиялық таза көліктер тобын бастап тұр.

Біздерде мынадай бар, мынадай бар» деп мақтанарлық жай жоқ. Қазақстан - өзге елдердің көліктерін тұтынушы ел ғана. Көлік құрастыру ісінің өзі өткен жылы ғана тәжірибеге ене бастады. Әзірге Қазақстанда құрастырылған «SsangYong» көлігімен ғана мақтанып жатқанда, экологиялық бағыт туралы әңгімелеудің өзі артық. Дегенмен Қазақстан үшін шетелден экологиялық нормаларға сай келетін көліктерді әкелудің де маңызы зор. Бұл бағытта үстіміздегі жылдың 1 шілдесінен бастап «Еуро-3», «Еуро-4» стандарттарына сай келмейтін көліктерді шекарадан кіргізбеу жөнінде қатаң талап та бар.

Қазақстанда отандық көлік жоқ болғанымен, отандық жобалар, өнертапқыштар бар. Таяуда «Алаш айнасы» басылымында жарық көрген «Қазақ инженерінің арқасында әлем моторсыз машина мінетін болады» мақаласы дәлел. Ақтөбелік өнертапқыш Аманкелді Шортанбаев көліктерді жанар-жағанмайсыз-ақ жүргізудің жаңа әдісін ойлап тапқан. Ең қызығы, ол үшін тек қана жанармай емес, мотордың да қажеті жоқ. Бар керегі - екі бағыттағы 50 шақты магнит екен. Өзінің бұл идеясын өнер-тапқыш: «Жабысқыш қасиетке ие металдар пластик дискіге орналастырылады. Магниттегі әсерлер қазіргі көліктің күшінен де мықты екпін береді. Демек, қазіргі жеңіл көліктердің жүру жылдамдығы да біршама артады деген сөз. Сосын көліктердің қоршаған ортаға ешқандай залалы болмайды. Содан кейін магнит өрісімен қозғалатын техника жанармайды да қажет етпейді. Басқару қондырғылары рет-ретімен тізбектелсе, көліктің сапасы да жақсара түседі. Көлікке қосалқы бөлшектерді жиі алмастырудың қажеті болмай қалады» деп түсіндірген. Егер қазақстандық өнертапқыштың бұл жобасы жүзеге асса, отандық қана емес, әлемдік автоиндус-трияға да үлкен серпін берер еді. Алайда Аманкелдінің қолын байлайтын нәрсе - өз жобасын тәжірибе жүзінде сынап көруге қаржысының жоқтығы. Әйтпесе компьютерінде жобаның түпнұсқасы мен сызбасы дайын-ақ тұр. Айтуынша, жобаны жүзеге асыруға үшбұрышты магниттер қажет екен, ал оларды тек Ресейдің Магнитогорск қаласына барып, тапсырыспен алуға болады екен.

Қорытынды:

Түзде болсын, бізде болсын, жанар-жағармайдың балама түрлерін тұтынатын, экологиялық жағынан таза болып табылатын транспорт түрлерін шығару жүйесіне көшу - міндетті іс болуы тиіс. Бұл бір болса, екінші мәселе - экологиялық таза отын. Мамандар таза отын ретінде - табиғи газды ұсынып отыр. Алайда өкініштісі, Қазақстанда көгілдір отынды көлігіңізге «құйып» беретін бекеттер санаулы ғана. Десек те, экологияны ойлайтын болсақ, біз үшін дәл қазір көліктерге осындай қондырғыны орнатудан тиімдісі жоқ. Қондырғы орнату құны - 200 мың теңге көлемінде.

Қоршаған ортаны ойлайтын жүргізушілерге жеті кеңес:

1.     Егер ауа райы аса салқын болмаса, көлігіңізді қозғалыссыз тұрғанда қыздырмаңыз. Қозғалтқыш көлік жүрген кезде тезірек қызады әрі бұл жағдайда атмосфераға бөлінетін зиянды газдардың көлемі де азаяды.

2.     Мүмкіндігінше тежегішті сирек басуға тырысыңыз. Әсіресе, бағдаршамы көп қалалық жерде өте жоғары жылдамдықпен жүрудің қажеті жоқ...

3.     Қала ішінде жүргенде мүмкіндігінше бағдаршамы аз көшелермен жүруге мән беріңіз. Өйткені жиі тоқтап, қайта жүргенде көлік қозғалтқышы әрі көбірек жанармай жейді, әрі экологияға да көбірек зиян келтіреді.

4.     Бағдаршамсыз, бос көше болса, 1 және 2 жылдамдықпен қозғалып, дереу 4-жылдамдыққа көшкен пайдалырақ. Жанармай да шығын болмайды, жасыл желектің «өкпесіне» де қалмайсыз.

5.     Көлігіңізде бүкіл затыңызды тасудың қажеті жоқ. Артық салмақ - көлікке артық күш те түсіреді. Тиісінше, артық зиянды газдар ауаға бөлінеді.

6.     Көлік дөңгелегіндегі қысымды да жиі тексеріп тұрған жөн. Төменгі қысым да көлік жүрісініе артық күш түсіреді. Ар жағы белгілі...

7.     Көлікті орнына қозғаған кезде жылдамдықты бар күшіңізбен басудың қажеті жоқ. Бұдан атмосфераны көбірек ластауыңызбен бірге қозғалтқыш жұмысын да нашарлатасыз.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Планирования по казакском языку на тему Экологиялық жағдай және адам денсаулығы(Баяндама)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Эксперт по взаимоотношениям

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 661 339 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 26.02.2015 1685
    • DOCX 27.1 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Такенова Жаннат Есентемировна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Такенова Жаннат Есентемировна
    Такенова Жаннат Есентемировна
    • На сайте: 9 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 3195
    • Всего материалов: 3

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Особенности преподавания безопасности жизнедеятельности в профессиональном образовании

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 40 человек из 25 регионов
  • Этот курс уже прошли 373 человека

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (предмет "Физическая культура и основы безопасности жизнедеятельности")

Учитель физической культуры и основ безопасности жизнедеятельности

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 41 человек из 26 регионов
  • Этот курс уже прошли 68 человек

Курс профессиональной переподготовки

Экология и основы безопасности жизнедеятельности: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель, преподаватель экологии и основ безопасности жизнедеятельности

500/1000 ч.

от 8900 руб. от 4450 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 110 человек из 41 региона
  • Этот курс уже прошли 347 человек

Мини-курс

Практические навыки трекинга и менторства

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Профессиональное развитие педагога: успехи и карьера в образовании

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Wildberries: от управления заказами до продвижения товаров

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 56 человек из 26 регионов